Бекіре
Бекіреде тұрақты мекен жоқ. Ол көшпелі балық. Бекіренің шабақ шағы
өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады.
Мұнда оларға азықтар
өте мол. Бұл балықтар ерекше дәмді және жұмсақ етімен атақты. Олардың
әйгілі қара уылдырығы дүние жүзінде бағаланады.
Көптеген бекірелердің дене
тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: уылдырығы, килограмға
3.
Бірінші сөйлемді жуан буынды сөздерді бір,
жіңішке буынды сөздерді екі
сызыңдар.
4.
Мәтіннен сан есімді табыңдар.
Тары
Тары – астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының
биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді.
Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары – арпа мен
бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл.
Қауызынан тазартылып және
ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан
жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді. (55 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: тұқымдастарына, қуаңшылыққа, қауызынан.
1.
Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.
Бірінші сөйлемнен тасымалданбайтын сөзді табыңдар. Астын сызыңдар.
3.
Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: