Бақылау өлшеу аспаптарын монтаждау Бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау бойынша жұмыстарды



бет5/11
Дата16.06.2023
өлшемі1,33 Mb.
#101846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Абубакир Нурасыл

2.1-сурет.


DIN-рейка жəне оған электр аппаратын орнату: а-монтаждау; 6-демонтаждау.

DIN-рейкалардың конфигурациясы мен өлшемдері IEC 60947-7-2 стандартында келтірілген. Əдетте DIN-рейкаларға шкафта қосылатын сымдардың қимасына байланысты үлгілік өлшемдер бойынша біріктірілген қосқыш клеммалар орнатылады. Олар сыртқы сымдарды қосуға, сондай-ақ шкафтың түрлі панелдерінде орналасқан аппараттарды (мысалы, есіктерде) қосуға арналған.


Егер жобада жеке басқару пульттері қарастырылмаған болса, алдыңғы панелдерде немесе басқару шкафтарының алдыңғы есіктерінде топтастырылады:

    • өлшеу жəне реттеу құралдары;

    • жарық сигналдық аппаратура

    • түймелерді жедел тағайындау аппаратурасы, ауыстырып қосқыштар жəне т. б.);

  • мнемосхемалар.

Аталған аппараттар əдетте технологиялық процесс барысында функционалдық топтармен құралады.

2.2-сурет


Клемма қосылыстарының түрлері: а-бұрандалы; б-серіппелі; в-жылдам
қосу үшін; г-жерге қосу үшін бұрандалы.

Еденде орындауды басқару шкафтары үшін басқарушы аппаратураны орнатудың ұсынылатын биіктігі (еденнен аспаптың төменгі жиегіне дейін мм құрайды):



  • көрсететін аспаптар мен сигналдық аппаратура: 950 - 1800;

  • өздігінен жазатын жəне тіркейтін аспаптар: 110 - 1700;

  • жедел басқару аппаратурасы: 800 - 1600;

  • мнемосхемалар: 1000-1900.

Аппараттар мен аспаптарды өзара жалғау схемасына сəйкес жүргізіледі. ҚНжЕ 3.05.07-85 бойынша 0,5 жəне 0,75 мм2 қимасы бар сымдар мен шоғырсымдарды, бір сымды мыс желілерін жəне 0,35, 0,5 жəне 0,75 мм2 қимасы бар көп сымды мыс желілерін аспаптар мен аппараттарға, қысқыштар құрастырмаларына қосу, егер олардың шықпаларының конструкциясы мұны жүзеге асыруға мүмкіндік берсе, əдетте дəнекерлеу арқылы орындалуы тиіс. Егер көрсетілген қималардың мыс желілері бұрандаға немесе болтқа қосу үшін шығыстары бар аппараттарға бекітілсе, онда осы сымдар мен шоғырсымдардың желілерінің ұштықпен аяқталуы тиіс. 2.3-суретте қосылатын аппаратты шығыс конструкциясына байланысты таңдап алынатын шоғырсым ұштарының əртүрлі түрлері жəне ұштықтарды қысуға арналған құралдар көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет