ЖАНҰЯ
- 18 -
сұрау сүннет. Ата-анасы мұқтаж (кедей) болса,
олардың
рұқсатынсыз қажылыққа бару харам болып табылады. Ата-
анасы мұқтаж болмаса, парыз
болған қажылыққа олардың
рұқсатынсыз бара алады. Бірақ нәпіл қажылыққа ата-
анасының рұқсатынсыз бара алмайды.
(Рәдд-ул-мухтар)
Соғысқа баруға рұқсат сұраған
адамның ата-анасының
тірі екенін естігенде пайғамбарымыз
: «Осында қал! Оларға
қызмет ет! Оларға қызмет етуің – соғысқа қатысуың
болып саналады» деп бұйырды.
(Бұхари)
Соғысқа бару үшін рұқсат сұрап келген басқа бір адамға да
былай деді:
«Анаңның қасынан айрылма! Жаннат оның
аяғының астында» деді.
(Нәсаи)
Хижрат ету үшін шыққан бір кісі, пайғамбарымызға келіп:
«Йа расулаллаһ!
Ата-анамды жылатып келдім,» дегенінде
пайғамбарымыз бұл жағдайға ренжіп:
«Дереу үйіңе бар!
Оларды жылатқан болсаң, енді көңілдерін тап (қуант)
!»
деді. (Әбу Дауд)
Ата-ананың үйіне (қонаққа) бармау (олармен араны үзу)
үлкен күнә. Хал-жағдайларын сұрап барып тұру керек. Бара
алмаған жағдайда ең болмаса хат жазып, сәлем жолдап бұл
күнәдан құтылу керек.
8) Оларға лайықты түрде сый-құрмет көрсету керек. Хадис
шәрифте:
«Үлкенге құрмет көрсетпейтіндер бізден емес»
делінген.(Тирмизи)
«Ата-анаға құрмет бақытсыз адамды бақытты
қылады. Өмір жасын ұзартады және оны жаман өлімнен
сақтайды.» (Әбу Нуайм)
Оларды көргенде дереу түрегеліп, қастарына бару керек,
олар отырғанша түрегеп тұру керек,
олардың рұқсатынсыз
отырмау керек. Отырған кезде де әдептілік сақтау керек,
олардың алдында аяқты айқастырып немесе созып отыруға
болмайды. «Болса да маған ешнәрсе демейді»
деп мұндай
әдептіліктерді назардан тыс қалдырмау керек.