Бақыттың кілті


мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді



Pdf көрінісі
бет151/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   184
мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді (жанұяларыңды) 
тозақ отынан қорғаңдар!» деп бұйырылған.
Құран кәрімде өзімізді және жанұямызды отыны адамдар 
мен тастардан құралған тозақ отынан сақтауымыз әмір етілген. 
Елу-жүз жылдық қысқа ғана өмірімізде бала-шағамызды 
дүниелік пәлекеттерден қорғау үшін қалай тырмысып жатқан 
болсақ, мәңгілік пәлекетке душар етпеу үшін де ахиретін дәл 
солай қорғауымыз керек. 
Әкенің баласын тозақ отынан сақтауы – дүниелік оттан 
сақтаудан да маңызды. Тозақ отынан қорғау – иман, фарз, 
харамдарды үйрету арқылы, ғибадат жасауға дағдыландыру 
және жаман достардан, зиянды баспалардан қорғау арқылы 
жүзеге асады.
Бүкіл жамандықтардың басы – жаман дос. Жаман дос – 
баланың дөрекі, өтірікші, ұрлықшы және әдепсіз болуына 
себепші болады. Мұндай жаман мінездерге ұрынғандар ұзақ 
жылдар бойы бұл жаман мінезінен арыла алмайды.
Баладан жақсы қасиеттер, жақсы әрекеттер көрген кезде, 
оны мақтау керек, марапаттау керек. Кейде адамдардың 
арасында мақтау керек. “Менің ұлым сөйтті” деген секілді 
сөздермен жақсылыққа ынталандыру керек. Өрескел іс-
әрекеттер істесе немесе бір жаман сөз сөйлесе, бірнеше 
рет көрмегендей сыңай таныту керек. “Олай істеме!” демеу 
керек, жазғырмау керек. 
Жиі жиі жазғырылатын бала батылданып жасырын істеп 
жүргендерін де ашықша істей бастайды. Істеген жаман 
істерінің зиянын өзіне жұмсақ тілмен түсіндіру керек, 
ескерту керек! Істелген іс дінге қайшы болса, ол істің зиянын, 
жамандығын және нәтижесін түсіндіріп, ондай жаман іске 
тосқауыл болу керек.


ЖАНҰЯ
- 220 -
Әке - өзінің әке екендігін, үстемдігін білдіруі керек. Анасы 
баласын әкесімен қорқытуы керек!
Бала жалықпауы үшін күнде бір мезгіл ойнауына рұқсат 
беру керек. Жалығудан және ренжуден жаман мінездер пайда 
болады және адамның көңілі жүдейді. Баланың ешкімнен 
ақша сұрауына рұқсат бермеу керек. Көп сөйлемеуді, 
үлкендерге құрмет көрсетуді үйрету керек. Жақсы адамдардың 
жақсылықтарын айтып солардай болуға тырысуы керектігін 
және жаман адамдардың жамандықтарын айтып, ондай 
болмау керектігін үйрету керек.
Баланың әр қалаған нәрсесін алып беру және сәнді, 
салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету дұрыс емес. Өйткені 
бала өскенде де әр қалағанына қол жеткізе алатынын 
ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл жүзеге аспай 
қалған кезде өмірге ренжіп, қиялдары қирап ешкімді 
тыңдамайтын құлақсыз қырсыққа айналады. Өзіміз халал 
тамақ жегеніміздей балаларымызға да халал тамақ беруіміз 
керек. Хараммен қоректенген баланың денесі нәжіспен 
иленген қамырдай болады. Мұндай балалар жамандыққа, 
опасыздыққа үйір болады.
Балаға ысырап етпеуді, қанағатшыл болуды үйрету керек. 
Кейде құр нанмен де күнелтуді әдеттендіру керек. Жаман 
жерлерге баруына жол бермеу керек. Бала жаман адамдардың 
қасында жүрсе, әдепсіздікпен ұятсыздықты, өтірік айтуды 
үйренеді.
Әке үнемі қатал болмауы керек, көп еркелете де 
бермеуі керек. Сөйлегенде айбаттылығын сақтауы керек. 
Балаға әкесінің байлығымен, лауазымымен мақтанбауын 
ескерту керек. Қарапайым және сыпайы болуды үйрету 
керек. Өзгеден бір нәрсе алудың масқаралық екенін, берген 
қолдың алған қолдан үстем болатындығын түсіндіру керек! 
Сараңдықтың жаман мінез екендігін үйрету керек!
Басқа адамдардың қасында әдептілік сақтауды, аяғын 


ЖАНҰЯ
- 221 -
айқастырып отырмауды, дөрекі болған іс-әрекеттерден аулақ 
болу керектігін айту керек.
Баланы көп сөйлеуден қайтару керек. Көп сөздің 
ұятсыздыққа жол ашатынын, мылжыңдықтың жаман қасиет 
екендігін айту керек. Бала ертелі кеш сөйлеуді бәрібір 
үйренеді. Мақсат – оған қажет кезінде үндемеуді және 
үлкендердің сөзіне құлақ асуды үйрету.
Дұрыс болса да көп ант ете беруіне рұқсат етпеу керек. 
Барға да, жоққа да ант ете беру жаман әдет. Үлкендерге құрмет 
көрсетудің, оларға орын берудің және барлық адамдармен 
жақсы қарым-қатынаста болудың маңыздылығын түсіндіру 
керек.
Баланы кішкентай кезінен бастап намазға дағдыландыру 
керек. Өскен кезде намаз оқуы қиын болуы мүмкін. Өзгенің 
мал-мүлкін тартып алуды, өтірік айтуды, харам нәрсе жеуді 
көз алдына жаман, жиіркенішті қылып түсіндіру керек. 
Осындай тәрбиемен өсіріп, балиғат жасына толғанда бұл 
әдептердің ерекшеліктерін, маңыздылықтарын үйрету керек.
Әрбір істі әдет ретінде емес, игі ниетпен, ояу көңілмен, 
ықыласпен жасау керектігін түсіндіру керек. Мәселен ішіп-
жеуден мақсат – құлдың Раббысына ғибадат ету үшін, 
адамдарға, отанына, еліне пайдалы қызметтер атқаруы үшін, 
адамдардың бақыты үшін еңбектену екендігін түсіндіру 
керек. 
Дүниеден мақсат – ахирет үшін азық жинау екендігі, 
дүниенің ешкімге қалмайтынын, өлімнің кенеттен, күтпеген 
жерден келетіні айтылу керек. «Дүниеде ахиреттік азығын 
жинап, жаннатқа және Аллаһу та’алаға қауышқан адам не 
деген бақытты адам» деу керек. Кішкентайынан осылай 
тәрбие көрген баланың мінез-хұлқы тастың үстіне қашалған 
жазудай болып сақталады және оңайлықпен өшпейді.
Пайғамбарымыз былай деген: «Барлық балалар мұсыл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет