Бақыттың кілті


дереу орындаңдар. Ертеңге қалдырмаңдар, әйтпесе



Pdf көрінісі
бет148/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   184
дереу орындаңдар. Ертеңге қалдырмаңдар, әйтпесе 
құрисыңдар» - дегенді білдіреді. Қайырлы істердің біріншісі 
және ең маңыздысы бала-шағаға Исламды үйрету. Әрбір 
мұсылман осы бірінші міндетті дереу орындауы, ертеңге 
қалдырмауы керек. 
Алма және Имам Ағзамның әкесі 
Шәмседдин Сиуасидің "Мәнаких-и Имам Аъзам" атты 
еңбегінде былай жазылған: 
Имам Ағзамның әкесі Сабит (рахметуллаһи алейһ) кіші 
жасынан бері мінезі таза, тақуа және уәра иесі еді. Жүзі өте 
нұрлы болып, зухды, халы және ілімі өте терең еді. 
Бір күні ол өзен жағасында дәрет алып отырғанында суда 
ағып келе жатқан бір алманы көрді. Дәреттен кейін, суда шіріп 
кетпесін деп алманы алып жеді. Бірақ түкірігінде қан көрді. 
Осы кезге дейін мұндай жағдай көрмегені үшін түкіріктегі 
қанның осы алмадан болғанын жобалады. Жегеніне өкінді. 
Алманың иесін тауып халалдасу (разылығын алу) үшін өзен 
жағасымен жүрді. 


ЖАНҰЯ
- 216 -
Бір кезде жеген алмасына ұқсаған алмалары бар бақша 
көрді. Бақшаның иесін сұрастырды. Сол маңайдағы адамдар 
бақша иесінің өте жомарт және ихсан иесі екенін, тіпті 
ағаштағы бүкіл алмаларды жинап алып кетсе де ештеңе 
демейтінін, бір алманың еш маңызды емес екендігін айтты. 
Бұған қарамастан Сабит (рахметуллаһи алейһ) алманың иесін 
тапты, мәселені түсіндірді, не ақшасын алуын, не халал етуін 
сұрады. 
Бақша иесі жас жігіттің жағдайын көрген кезде тақуа мен 
уәрасының дұрыс болып-болмағанын анықтау үшін былай 
деді:
- Жеген алма үшін не бересің?
- Алтын, күміс, не бар болса барымды берейін.
- Мен алтын, күміс сұрамаймын, бірақ егер қияметте саған 
шағымдануымды қаламасаң бір ұсынысым бар, соны қабыл 
етуің керек.
- Ұсынысыңыз қандай?
- Орындайтын болсаң айтайын.
- Дінімізге қайшы болмаса орындай аламын.
- Соқыр, керең, тілсіз және сал болған қызым бар, онымен 
үйленуге разы болсаң, сол кезде ғана алманы саған халал ете 
аламын.
Хазреті Сабит ахиретке құл ақысымен кетпеу үшін бұл 
ұсынысты қабыл етті. Үйлену тойының дайындықтары 
жасалды. Хазреті Сабит алғашқы түні бөлмеге кіруінен 
шығуы тез болды. Бірден қайын атасына жүгіріп: «Мырзам 
бір қателік бар, іште сіз айтқан қасиеттерге лайық болған қыз 
жоқ, толығымен терісі!» деді. Қайын атасы күлімдеп: «Балам, 
ол менің қызым, сенің халалың. Мен саған соқыр дегенім, ол 
ешқашан харам көрмеген. Керең дегенім, ол еш уақыт харам 
естімеген. Тілсіз дегенім, ол ешқашан харам сөз айтпаған. 
Сал қалған дегенім, ол ешқашан харамға аяқ баспаған. Бар, 
халалыңның жанына, Аллаһу та'ала құтты және бақытты 


ЖАНҰЯ
- 217 -
қылсын.» Міне осы некеден, яғни осындай ата-анадан Имам 
Ағзам Әбу Ханифа дүниеге келді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет