Бақыттың кілті


Экстракорпоральді ұрықтандыру



Pdf көрінісі
бет174/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   184
Экстракорпоральді ұрықтандыру
Сұрақ: Экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) жолымен 
балалы болу жаиз ба?
Жауап: Бала-шағасы болмаған ерлі-зайыптылардың 
Силсилә-и алийаны (ұлы Ислам ғұламаларын) арашы қылып 
дұға етуі және белгілі себептерге жабысуы керек. 
Ұрықтар некедегі ерлі-зайыптылардан алынып, харам 
істелмей жасалатын болса, экстракорпоральді ұрықтандыру 
жаиз болады. (И.Ахлақы) 
Бұл процессті еркек дәрігерге жасату жаиз (рұқсат) 
болмайды. Себебі, балалы болу зәрулік емес, әрі әйел дәрігер 
табуға мүмкіндік бар.
Суррогатты ана
Сұрақ: Суррогатты ана болу жаиз ба?
Жауап: Жоқ, жаиз емес. С.Әбәдийа кітабында былай 
делінеді: «Еркектің мәниін (ұрығын) түтікке немесе басқа 
бір нәрсенің ішінде бөтен әйелдің жатырына салып, баланың 
пайда болуына себепші болу харам болып табылады. Пайда 
болған бала уәләди зина (зинадан туылған бала) болады.
Жыныс анықтау
Сұрақ: Бала туылмай тұрып жынысын анықтауда, «ЭКО» 


ЖАНҰЯ
- 252 -
жолымен балалы болуда діни тұрғыдан зияны бар ма?
Жауап: Жоқ, бұл амалдардың өздері зиянды емес. Алайда 
бұларды істеген кезде күнә араластырмау керек.
Жасанды түсік (аборт)
Сұрақ: Аборттың медицинадағы және дініміздегі орны 
қандай?
Жауап: Медицина мамандарының айтуы бойынша: 
«Аборттың қауіптері мен зияндары жүктілік мерзімі өскен 
сайын арта түседі. Сондықтан қажеттілік жағдайда аборт 
алғашқы айларда жасалуы керек. Аборттың заңнамалық 
шектеуі 12 апта делінеді. Бұдан кейінгілері заңсыз. Сондықтан 
12 аптадан асырмауға тырысу керек. Басқа жолдармен түсік 
жасауға тырысқан әйелдердің түрлі ауруларға шалдығып 
жатқандығы, тіпті ажал құшып жатқандығы ащы шындық. 
Сондықтан аборт заңды, медициналық жолдармен жасалуы 
керек.»
Дінімізде үзірсіз бала алдыру харам болып табылады, 
яғни бұған тыйым салынған. Әсіресе, кедейліктен қорқып 
құрсағындағы баланы өлтіру, әділетсіз түрде баланың жанын 
қию – зұлымдық болуымен қатар, бала ақысын білмеу 
болып табылады, үлкен күнә болады. Анасының немесе сүт 
емуде болған басқа нәрестенің өліміне себеп болатындай 
үзір бар болса, дене мүшелері әлі дамымаған баланы 
алдыру жаиз (рұқсат) болады. Кутуб-и Ситтадағы «Адам, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет