Бақыттың кілті


сендерге дүние-мүлік және бала-шаға беріп жәрдем етуі



Pdf көрінісі
бет172/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   184
сендерге дүние-мүлік және бала-шаға беріп жәрдем етуі 
үшін, сендер үшін бақтар мен өзендер беруі үшін өте 
кешірімді болған Раббыларыңа истиғфар етіңдер.» 
(Нұх 10-12)
Балаларын басқаруда қиналып жүрген бір сахабаға 
пайғамбарымыз ”саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Неге 


ЖАНҰЯ
- 249 -
истиғфар айтпайсың? Мен күніне жүз рет истиғфар 
айтамын» деді. Истиғфар айту дегеніміз - «Әстағфируллаһ 
мин күлли мә кәрихаллаһ, Әстағфируллаһ әлазим әлләзи 
лә илаһә иллә һуәл һаййәл қайиумә уә әтубу иләйһ» деп 
айту. Мағынасын түсініп айту керек. Мағынасы мынадай: 
«Сен разы болмаған нәрселерден істегендерімді кешіре 
гөр және әлі істемегендірімді істеуден сақта. Одан басқа 
тәңір болмаған, Хай, Қаййум, Азыйм болған Аллаһқа 
истиғфар етемін және жасаған күнәларыма өкініп, Оған 
сиынамын.» (Азыйм: заты және сипаттары кәміл. Хай: әзәли, 
яғни ежелден бастауы жоқ және соңы жоқ, тірі. Қаййум: 
затымен бар болған, жаратқан барлық махлұқтарын бар етіп 
ұстап тұрған.)
2) Тілегіне қауышу үшін, екі рәкат намаз оқып, сауабын 
”Силсилә-и алийа” деп аталатын әулиелер шежіресінің 
рухтарына бағыштау керек, осылардың құрметі үшін деп 
дұға ету керек. 
Мысалы «Йа Раббым қайырлы (жақсы) бір бала нәсіп 
ете гөр» деп дұға етіп, «осы дұғамды “Силсилә-и алийа” 
әулиелерінің құрметі үшін қабыл ете гөр» деп айтуы керек. 
(Мәкатиб-и шәриф)
Таң және құптан намаздарынан кейін “Силсилә-и алийа” 
әулиелерінің аттарын атап, одан кейін Фатиха сүресін оқып, 
олардың рухтарына бағыштау керек. “Силсилә-и алийа” 
әулиелерін уәсилә (себеп) қылып жасалған дұға қабыл 
болады. Тәжірибе етілген.
3) Аяти хырзды білдірілгені бойынша оқып және өзімен 
бірге тұмар қылып алып жүрсе мұратына жетеді.
4) Нәзір ету керек. Мысалы «Пәлен қызбен үйленсем, 
Аллаһ разылығы үшін ясин сүресін 3 рет оқып сауабын 
хазреті Сәйидет Нәфисаға бағыштауға нәзір еттім (атадым).» 
дегенде бұл тілектің қабыл болғандығы тәжірибеден өткен. 
Тілегі орындалған кезде көп кешіктірмей нәзірді орындау 
керек болады.


ЖАНҰЯ
- 250 -
5) Бір тілегі бар адам төмендегі дұғаны оқуы керек. Көзі 
көрмейтін бір кісі пайғамбарымызға келіп: «Ей Расулаллаһ! 
Аллаһу та’алаға дұға ет, көздерім ашылсын» деді. 
Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Жақсылап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет