Бақыттың кілті


дәрет ал! Сосын, Йа Раббым, Саған жалынып-



Pdf көрінісі
бет173/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   184
дәрет ал! Сосын, Йа Раббым, Саған жалынып-
жалбарынамын. 
Сүйікті Пайғамбарың Мұхаммед алейһиссаламды 
уәсилә етіп (ортаға қойып), Сенен сұраймын. Ей ең 
сүйікті Пайғамбарым Мұхаммед алейһиссалам! Сені 
уәсилә қылып, Раббыма жалбарынамын. Сен үшін 
дұғамды қабыл етуін қалаймын. Йа Раббым осы ұлы 
пайғамбарыңды маған шапағатшы қыл. Оның құрметі 
үшін дұғамды қабыл ете гөр» деп дұға етуін айтты. Ол кісі 
дәрет алып осылай дұға етті. Сол мезетте көздері ашылды. 
(Тирмизи)
Бұл дұғаны оқығандар мақсаттарына жеткен. Намаз 
оқымайтындардың, харам нәрселерді жасайтындардың 
және жүрегінде ықыласы болмағандардың дұғасы қабыл 
болмайды. Әһли сүннет ақидасында болмаған адамның 
оқығаны да пайдасыз. Аллаһу та’ала барлық нәрсені 
себептермен жаратқан. Бір нәрсеге қол жеткізу үшін сол 
нәрсенің себептерін орындау керек. Раббымыз адамға 
денсаулық, шипа беру үшін дұға етуді, садақа беруді және 
дәрі (ем) қолдануды себеп қылған. 
ЖАСАНДЫ ҰРЫҚТАНДЫРУ
Сұрақ: Жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтеру жаиз 
ба?
Жауап: Бала көтере алмаған ерлі-зайыптылардың 
“Силсилә-и алийа” деп аталатын Ислам ғұламаларының 
құрметіне деп дұға етулері және белгілі себептерге жабысуы 


ЖАНҰЯ
- 251 -
керек. Материялар (ұрықтар) некелі ерлі-зайыптылардан 
алынған болып, харам істелмей жасалатын болса, жасанды 
ұрықтандыру жаиз болады. (И. Ахлақы) 
Бұл істі еркек дәрігерге жасату жаиз болмайды, өйткені 
бала туу зарурәт емес, әрі әйел дәрігер табу мүмкіндігі де бар.
Сұрақ: Суррогатты ана болу, яғни басқа біреудің 
эмбрионын (ұрығын) көтеру жаиз бола ма? 
Жауап: Жоқ, жаиз емес. Тек некедегі күйеуінен ғана 
көтеруі жаиз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет