ЖАНҰЯ
- 58 -
Харамға қарамау үшін
Сұрақ: Көшеге ашық-шашық шыққан әйелдерге қарамауға
тырыссақ та кейде қарап қоямыз. Осы сияқты жағдайларда
күнә істемеу үшін не істесек болады?
Жауап: Харамға қарамау үшін мыналарды білу керек:
а) Бөтен әйелдерге
қарау көзді әлсіретеді, жүректі
қарайтады. Көзіміздің әлсіремеуі, жүрегіміздің қараймауы
үшін қарамауға тырысуымыз керек. Имам Раббани хазреттері,
«Харамдар жылтыраған нәжіс сияқты» деген. Сырты әдемі,
бірақ іші жаман. Бұны түсіне алған адам қарамайды.
ә) «Әурет жерін ашқан және оған қараған адамды
Аллаһ лағнет етсін» хадис
шәрифін ойлап, лағнеттелген
болмау үшін әрдайым осы хадис шәрифті еске түсіру керек.
б) «Аллаһтың азабынан қорқып, басын бөтен әйелден
бұрған адамға Аллаһу та’ала ғибадаттың дәмін сездіреді»
хадис шәрифін ойлап, ғибадаттардың ләззатына жете алу
үшін әйелдерге қарамауымыз керек.
в) «Бөтен әйелге шахуатпен қараған адамның көзіне
балқыған қорғасын құйылып жаһаннамға тасталады»
хадис шәрифін ойлап, көзімізге балқыған қорғасын құйылып
жаһаннамға тасталудан қорқуымыз керек.
г) Бөтен әйелге қарау арсыздық, яғни намыссыздық. Жоқ
жерден не үшін намыссыз боламыз?
д) Біз қараған әйелдер біреудің анасы, әпкесі, қарындасы,
сіңлісі, қызы немесе әйелі. Біреу біздің анамызға, әпке-
қарындасымызға, қызымызға
және әйелімізге қараса разы
боламыз ба? Намысты адам разы болмайды. Біз қараған әйел
де міндетті түрде біреудің анасы,
әпке-қарындасы, қызы
немесе әйелі. Намыссыздық болған бұл істі қалай істейміз?
Бір хадис шәрифте:
«Ей еркектер, сендер өздерің намысты
болыңдар, сонда әйелдерің мен қыздарың да намысты
болады» делінген. Өз әйелімен қызының намыссыз болуына
өзі себеп болатындай опасыздық бола ма?