ЖАНҰЯ
- 56 -
кейін
Нур сүресіндегі хиджаб аяттары келіп,
әйелдердің
бөтен еркектер жанында отыруына,
олармен сөйлесуіне
тыйым салынды. Осыдан кейін сүйікті пайғамбарымыз
әйелдерге білмегендерін мүбарак
жұбайларынан сұрауын
әмір етті. Хиджаб аятынан бұрынғы жағдайды айтып,
әйелдердің ашық-шашық жүруінің
зияны жоқ екенін айту,
мұсылмандарды алдау болып табылады. Расулуллаһтың
мүбарак жұбайы
Умми Сәләмә анамыз былай деген:
Мәймунамен бірге Расулуллаһтың жанында едік. Екі көзі
де көрмейтін Ибн Мәктум рұқсат сұрап ішке кірді. Расулуллаһ
бұны көргенде бізге
«Ішке өтіңдер» деді.
«Ол соқыр емес
пе, бізді көрмейді ғой» дедім.
«Ол сендерді көрмейтін
болса, сендер де оны көрмейсіңдер ме?» Яғни ол соқыр
болса, сендер соқыр емессіңдер ғой, деді.
(Тирмизи, Әбу
Дауд, И.Ахмед)
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Бөтен әйелді көрген
кезде беттеріңді одан бұрыңдар! Байқаусызда қарап қою
күнә болмаса да, қайта қарау күнә болады.» (Әбу Дауд,
Дарими)
«Балиғат жасына жеткен қыз, беті мен қолынан басқа
жерлерін намахремдерге көрсете алмайды.» (Әбу Дауд)
«Әнші әйелдің алған ақшасының харам болғаны
сияқты, оны тыңдау және бетіне қарау да харам. Хараммен
азықтанған денеге жаһаннам оты лайық.» (Табарани)
«Бір әйел иіссу себініп сыртқа шықса және иісін
сездіру үшін бір топ адамның жанынан өтетін болса, оған
қарағандарға да, оның өзіне де зина күнәсы (көз зинасы)
жазылады.» (Нәсаи)
«Көздер зина етеді, қолдар зина етеді, аяқтар зина етеді,
Достарыңызбен бөлісу: