ЖАНҰЯ
- 55 -
Дәрігер ер адам болса, одан басқа дәрігер табылмаған
кездерде әйелдердің оған барып көрінулеріне болады. Ұстап
көруді талап ететіндей зәру жағдайларда
дәрігердің қажет
ететіндей мөлшерде әйелге тиюі жаиз. Қажетті болмаған
жерлерін ашуы, ол жерлерге қолын тигізуі харам.
Намахремге қарау күнә
Сұрақ: Кейбір атеисттер: «Пайғамбар заманында әйелдер
оранбайтын еді. Қазіргідей оранып алу ол кездері жоқ еді.
Хазреті Айша басы ашық жүретін еді. Қазіргі орану түрлерінің
барлығын кейіннен діншіл фанатиктер ойлап шығарған»
дейді. Бұл жағдай хиджаб аяты келуден бұрын емес пе еді?
Тағы да атеисттердің әсерінде қалған бір досым, «Әйелдерге
қарау, олармен сөйлесу, тіпті олармен бірге отыру да күнә
емес. Әйелдердің еркектермен намаз оқуының да зияны жоқ.
Расулуллаһ әйелдердің намазда ең артқы сапта тұрып оқуын
айтуы хушу деп аталатын намазда
көңілді бір жерге жинап
тұру үшін айтылған. Әйтпесе еркек-әйел намаздарын бірге
оқуларының зияны жоқ. Ал орану деген нәрселер діннің
негізгі бұйрықтарынан емес» дейді. Әйелдердің ашық-шашық
жүруі, оларға қарау және олармен сөйлесу күнә емес пе?
Жауап: Әрине күнә. Ішкілікке тыйым салған аяти кәрима
келуден бұрын мұсылмандар
арасында ішкілік ішетіндер
бар еді. Бұны мысал ретінде көрсетіп, ішкілік харам емес еді
деу қате болғанындай, хиджаб аятынан бұрыңғы жағдайды
айтып,
әйелдермен сөйлесудің, оларға қараудың, олармен
бірге отырудың күнә еместігін айту да қате.
Хиджаб (орану) аяты келуден бұрын әйелдер оранбайтын
еді. Расулуллаһқа келіп, білмегендерін сұрап үйренетін еді.
Расулуллаһ біреудің үйіне барса, әйелдер де келіп, отырып,
тыңдап, пайдаланатын еді.
Достарыңызбен бөлісу: