ЖАНҰЯ
- 90 -
мұқият болуы талап етіледі.
Себебі хиджаб киген әйелдің
істейтін әрбір қопал қылығы және айтатын әрбір сөзі
«мұсылмандардың барлығы осындай екен» деген оймен
қарсы алынады.
Сол себепті хиджаб киген бір қыздың жұмыс орындарында,
қоғамдық жерлерде басқа
кісілермен келіспеушіліктерге,
жанжалдарға араласуы бүкіл хиджаб кигендердің
барлығының атына кір келтіреді. Сондықтан хиджапты
әйел
әркезде артықша әрекеттерден, сөздерден тиылып,
халық арасында мұсылман әйел деген атқа лайықты, үлгі
боларлықтай өмір сүруі керек.
Мысалыға кейбір оқу
орындары немесе мемлекеттік
қызметтерге хиджабты әйелдердің алынбауына көбінесе
бұрын сол қызметтерде істеп немесе сол оқу орындарында
оқып мұсылмандарды жаман көрсетіп қойған хиджабты
әйелдердің орынсыз іс-әрекеттері себеп болған.
Атеизмнен шыққан
қоғамымыздың хиджабтыларға
басқаша көзқараспен қарайтыны белгілі. Мұндай қоғамда
мұсылмандардың олармен конфликтке апаратын әрқандай
сөз, қимылдан ұзақ тұрулары
тек қана жеке басының
емес, күллі мұсылман әлемінің абыройын қорғап қалуды
қамтамасыз етеді. Бүгін кейбір жерлерде,
кейбір орталарда
мұсылмандарға қарсы жаман мәміле көрсетіліп жатқан
болса бұған тағы да өзіміздің “мұсылманмын” деп жүрген
қызба және шаласауат қыз-жігіттердің себеп болғанын көріп
отырғанымыз қандай өкінішті.
Пайғамбарымыз “алейһиссалам”:
«Адами қасиеттерді
Достарыңызбен бөлісу: