ЖАНҰЯ
- 91 -
Дініміз әдептілік діні. Әдептілік бірінші орында тұрады.
Қайбір адамға әдепті болу нәсіп еткен болса, ол адамның
мұсылмандығы да жетік деген сөз. Алайда ақыр заман
мұсылмандары, яғни замандастарымыз хиджаб пен сақалға
мән бергеніндей халық арасында мұсылмандықты жүріс-
тұрыс арқылы танытуда барынша әдеп сақтауға мән бермеуде.
Сұрақ: Ата-анам хиджаб кигенімді жақтырмайды, мұның
парыз екенін оларға қалай түсіндірсем болады?
Жауап: Жастарға үнемі айтатын кеңесіміз мынау: Адал,
жақсы, мінсіз адам болуға тырысыңыз, ата анаңызға өзіңізді
жақсы көргізіңіз.
Ешкімді ренжітпей, адамдармен жақсы мәміледе болыңыз,
көркем мінезіңізбен айналаңызға үлгі болыңыз. Әсіресе
ата-анаға жақсы мәміле жасау керек, оларды ренжітпеуге
айтқандарын сол мезетте, бұлжытпай, дереу орындауға,
олардың көңілдерін табуға тырысу керек. Адамдар жақсы
көрген адамын ренжіткісі келмейді, оған ұнамайтын
нәрселерді істемеуге, оған ұнайтын нәрселерді істеуге, сол
адамға ұқсауға тырысады.
Көптеген жас қыздар, жас жігіттер ата-аналарының күнә
болмаған айтқандарын істемейді. Аз ғана діни кітап оқып,
дереу ата-аналарына, ағайын-туыстарына уағыз айтуға
кірісіп кетеді.
Осылайша өздерін және мұсылмандарды жаман көрсетіп
алады. Соның кесірінен хиджаб киюлеріне, намаз оқуларына
ата-аналарын дұшпан қылып алады. Кейде бір қыздың
кесірінен басқа ата-аналар да бір-бірінен естіп, ұлдарының
намаз оқуларына, қыздарының хиджаб киюлеріне қарсы
шығып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: