Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет67/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   184
адам!” дейді.» (И. Ғазали)
 
Үйленудің ауыртпалықтарынан біршамасы:
1) Халал нафақа табуда қиыншылық көрген адам харам 
жолға түсіп, өзін құрдымға итермелейді. Бойдақ болса, өз 
күнін көруі әлдеқайда жеңіл болады. Қияметте адамның ең 
бірінші дұшпаны – отбасы болады. Олар былай дейді: «Йа 
Раббым, одан біздің ақымызды ал! Біз білмеген едік. Ол 
бізге харам нәрсе жегізді.» Сөйтіп, бала-шағасының ақысы 
алынады. Тек қана мал-мүліктен емес, білім жағынан да 
отбасын сауатсыз, надан қалдырмау керек! Хадис шәрифте 
былай делінген: «Кісі өз отбасын надан қалдырудан да 
үлкен күнәмен Аллаһу та’аланың құзырына шыға 
алмайды.» (Дәйләми)
2) Әйелімен тіл табыса алмау, жаман мінездеріне сабыр 
ете алмау да пәлекет. Қойшы малдарынан, патша өзінің қол 
астындағыларынан жауапты болғанындай еркек те өз қол 
астындағы отбасынан жауапты болады. Хадис шәрифте былай 
делінген: “Кісіге қол астындағы (жауапкершілігіндегі) 


ЖАНҰЯ
- 96 -
адамға қарамауы күнә ретінде жеткілікті.”  (Нәсаи)
Аллаһу та’ала өзімізді және отбасымызды жаһаннамнан 
қорғауымызды бұйырды. Алайда адам өзін қорғаудан әлсіз 
бола тұра, қол астындағыларын қалай қорғамақ? Мінезі 
шатақ, күйгелек адамдар әйелінің жаман мінездеріне сабыр 
ете алмайтындары үшін олардың үйленбегендері жақсы 
болады.
Бала-шаға көңілді (жүректі) ғафыл етуі (қараңғылыққа 
тұмшалауы) мүмкін. Өзін ғибадат етуден махрұм қалдыруы 
мүмкін. Әбу Сүлейман Дарани хазреттері айтады: «Бойдақ-
тыққа шыдау отбасының қиыншылығына төзуден де 
қайырлы. Олардың қорлығына төзу жаһаннам отына 
төзуден де қайырлы.»
Жақсы мінезді, нафақасын халал жолдан таба алатын
әйелін ренжітпейтін, үйленуі ғибадатына еш кедергі болмай-
тын адамның үйленуінің қауіпі жоқ. Ал нафақасын халал 
жолдан таба алмайтын, ешкіммен сыйыса алмайтын, жаман 
мінезді және үйленуі қайырлы істеріне кедергі болатын 
адамның үйленуі қауіпті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет