Бақыттың кілті


«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы - әйеліне



Pdf көрінісі
бет69/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   184
«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы - әйеліне 
жақсы мәміледе болғаны және пайдалы болғаны» 
делінген. (Нәсаи)
2) Жасалуы қиын болған нәрселерді де “иншаллаһ 
жасаймын!” деп сөз беріп, көңілін алу керек. Өйткені ол 
- өмірлік досы, дертінің ортағы, тамағын дайындайтын, 
балаларын тәрбиелейтін адал жары. 
3) Бала тәрбиесінде оған көмектесу керек. Бала күндіз 
түні жылап, анасына тыныштық бермей, еш аяусыз 
мазасын қашырып оны күйзелтуі мүмкін. Олай болса, оған 
көмектескен адамға Аллаһу та’ала көмектеседі.
4) Шамасы жетіп жатса әйеліне сол қалада әдет болған 
киімнің, әшекейлердің ең құндысын сатып алып беру керек. 
Әйел көшеге шыққан кезде бұларды да жауып (жасырып) 
жүруі керек, бөтен еркектерге көрсетпеуі керек. Халалдан 
болған ең жақсы азықтарды алып беру керек. Тамақты 
жалғыз өзі жемеуі керек. Бала-шағасымен бірге отырып 
жеген сауап. Үйге нафақа (тамақ, киім, тұратын жер) алған 
кезде сараңдық етпеу керек және ысырап та етпеу керек. Бала-
шағаға берілген ақшаның сауабы садақа сауабынан да көп. 
Жанұясын нафақамен қамтамасыз ете алмайтын адамның 
үйленуі харам болады.
5) Әйелімен жақсы мәміледе болу керек. Оған ұрысып
дауыс көтермеу керек. Мал-мүлкіне және ар-намысына 
қиянат жасамайтын әйелдерді ұрмақ түгіл ренжіту де жаиз 
емес. Дүниелік істеріндегі кемшіліктері үшін ұру былай 
тұрсын, ауыр сөз де айтпау керек. Әйелдердің жүректері 
(көңілдері) өте нәзік сезімтал болғандықтан бір-бірлерін көре 
алмай, қызғанатындары, күндейтіндері де бар. Сондықтан


ЖАНҰЯ
- 99 -
әсіресе жаңа үйленген жастардың бұл тұрғыда көздері ашық 
болуы керек. Анасының, әпке-қарындастарының және басқа 
да әйелдердің өз әйелін жамандағандарына алданбауы керек. 
Мұндай әңгімелерге жол бермеу керек. Мұндай сөздерге 
еріп, әйелін ренжітуден сақтануы керек. Анасы және әпке-
қарындастарына қарсы әйелінің айтқан сөздеріне де сақ 
болуы керек. Ата-анаға қорлық көрсетілуіне жол бермеуі 
керек. Ата-анасына өзі, әйелі және бала-шағалары міндетті 
түрде құрмет көрсетуі керек. Ата-анаға және қайын атамен 
қайын енеге құрмет, қызмет етуді бірінші міндет деп білу 
керек. Үлкендердің разылығын, дұғасын, батасын алуға 
тырысу керек. Олардың игі дұғаларын алуды үлкен олжа деп 
білу керек.
6) Әйелінің жаман мінезіне жұмсақ, сабырлы мәміле 
жасау керек. Онымен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысу 
керек. Ақылды ерлі-зайыптылар бір-бірлерін ренжітпейді. 
Өмірлік досын ренжіту ақымақтықтың белгісі. Жаман 
мінезді адамның әйелі үнемі ренжи беріп, жүйке жүйесі 
тозады. Жүйке ауруына шалдығады. Түрлі ауруларға душар 
болады. Әйелі ауру болған адам бақытсыз болады. Әйелінің 
қызметінен, көмектерінен махрұм қалады. Бүкіл өмірі оның 
дертіне дауа іздеумен өтеді. Ал негізінде бүкіл бұл дерттеріне 
өзінің жаман мінезі себеп болған. Қанша өкінсе де, бұл 
өкінішінен ешқандай пайда болмайды. Олай болса, әйеліңе 
көрсеткен жаман мінезіңнің зияны өзіңе тиеді. Сондықтанда 
оған үнемі жылы жүзді, жұмсақ тілді болуға тырысу керек!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет