Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет123/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   184
Ажырасу ниетімен
Сұрақ: Бір адам әйелінен ажырасу ниетімен «әкеңнің 
үйіне кет» деген секілді астарлы сөз айтқан болса, әйелі 
«ажырасу ниетімен айтып тұрмысың?» десе, ол «жоқ, 
қыдырып қайтуың үшін айттым» деп мойындамаса әйелінен 
ажырасқан бола ма? 


ЖАНҰЯ
- 178 -
Жауап: Иә, ажырасқан болады, өйткені мұнда ниетке 
қаралады. 
Ажырасу арызы
Сұрақ: Әйеліммен бірге адвокатқа барып ажырасуға 
шешім қабылдадық деп арыз жаздық. Арызға ажырасуға 
шешім қабылдадық деп қол қойдық, діни тұрғыдан бір талақ 
берілген бола ма? 
Жауап: Иә.
Қорқытылып ажырасу
Сұрақ: Шафии мазһабында күштеп, қорқытылған 
адамның сөзімен талақ өтпейтінін білетін Ханафи талақ беруі 
үшін қорқытылғанда талақтың сахих болмауы үшін Шафии 
мазһабын тақлид етсе бола ма? 
Жауап: Иә, жаиз болады.
Иддет мерзімі ішінде талақ
Сұрақ: Ілміхал кітабының талақ бөлімінде «Рижи болса 
да, баин болса да үштен аз талақ берілген әйелге иддет 
уақыты ішінде қайтадан талақ беруге болады» делінеді. Бір 
талақ берумен онсыз да әйелінен ажырасқан күйде емес пе, 
екінші талақ беру өтпейді емес пе? 
Жауап: «Иддет уақыты ішінде қайтадан талақ беруге 
болады» делінген. Өйткені әйел әлі де болса ол адамның әйелі 
саналады. Еркек нафақа беру мәжбүрлігінде болады. Әйел де 
бұл мерзімі бітпей тұрып басқаға тұрмысқа шыға алмайды. 
Өлім иддетінде де әйел иддет мерзімі бітпей тұрып басқаға 
тұрмысқа шыға алмайды, өлген адамның әйелі саналады. Өлі 
денесіне қарай алады.
Үш талақ
Сұрақ: Ілміхал кітабында басқа басқа үш уақытта бір 
реттен ажырасудың үш талақ болатыны айтылған. Бір адам 
бір уақытта «сенен ажырастым, сенен ажырастым, сенен 
ажырастым» десе немесе бір сағат аралықпен үш бөлек 


ЖАНҰЯ
- 179 -
жерде «сенен ажырастым» десе де үш талақ бола ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет