ЖАНҰЯ
- 221 -
айқастырып отырмауды, дөрекі болған іс-әрекеттерден аулақ
болу керектігін айту керек.
Баланы көп сөйлеуден қайтару керек. Көп сөздің
ұятсыздыққа жол ашатынын, мылжыңдықтың жаман қасиет
екендігін айту керек. Бала ертелі кеш сөйлеуді бәрібір
үйренеді. Мақсат – оған қажет кезінде үндемеуді және
үлкендердің сөзіне құлақ асуды үйрету.
Дұрыс болса да көп ант ете беруіне рұқсат етпеу керек.
Барға да, жоққа да ант ете беру жаман әдет. Үлкендерге құрмет
көрсетудің, оларға орын берудің және барлық адамдармен
жақсы қарым-қатынаста болудың маңыздылығын түсіндіру
керек.
Баланы кішкентай кезінен бастап намазға дағдыландыру
керек. Өскен кезде намаз оқуы қиын болуы мүмкін. Өзгенің
мал-мүлкін тартып алуды, өтірік айтуды, харам нәрсе жеуді
көз алдына жаман, жиіркенішті қылып түсіндіру керек.
Осындай тәрбиемен өсіріп, балиғат жасына толғанда бұл
әдептердің ерекшеліктерін, маңыздылықтарын үйрету керек.
Әрбір істі әдет ретінде емес, игі ниетпен, ояу көңілмен,
ықыласпен жасау керектігін түсіндіру керек. Мәселен ішіп-
жеуден мақсат – құлдың Раббысына ғибадат ету үшін,
адамдарға, отанына, еліне пайдалы қызметтер атқаруы үшін,
адамдардың бақыты үшін еңбектену екендігін түсіндіру
керек.
Дүниеден мақсат – ахирет үшін азық жинау екендігі,
дүниенің ешкімге қалмайтынын, өлімнің кенеттен, күтпеген
жерден келетіні айтылу керек. «Дүниеде ахиреттік азығын
жинап, жаннатқа және Аллаһу та’алаға қауышқан адам не
деген бақытты адам» деу керек. Кішкентайынан осылай
тәрбие көрген баланың мінез-хұлқы тастың үстіне қашалған
жазудай болып сақталады және оңайлықпен өшпейді.
Пайғамбарымыз былай деген:
«Барлық балалар мұсыл-
Достарыңызбен бөлісу: