ЖАНҰЯ
- 110 -
Олай болса, әке-шеше залым болып, баласына зұлымдық
етсе де, күнә істеуді әмір етсе де, оларды ренжітпеуге,
ашуландырмауға тырысу керек! Оларды ренжітетін сөз және
әрекет жаиз емес. Күнә болған, дінге қайшы болған әмірлерін
орындау керек емес. Бірақ ренжітпейтіндей жолын тауып
шығуға тырысу керек.
Әке-шеше жаман болса да, олармен жақсы мәміледе болу
керек! Олармен араны үзу үлкен күнә болып табылады.
Әкесіне қарсы шыққан
бала бақытты бола алмайды,
мұратына жете алмайды, отбасымен жақсы қарым-қатынаста
бола алмайды, үйінің дәм-тұзы, қызығы болмайды.
(Шира)
Осы насихаттарға құлақ түретін болсаңыз әке-шешенің
айтқанын да бірнеше рет ойлап көру керектігін түсінесіз.
Оның үстіне 11 сынып оқитын жігіттің бір отбасын асырай
алуы мүмкін емес. Отбасын асырай алмайтын жігіттің неше
жаста болса да үйленуі харам болып табылады.
Қыз да, еркек те болашақ жарының бойында мына үш
қасиеттің болуына мән беруі керек:
Достарыңызбен бөлісу: