ЖАНҰЯ
- 142 -
төсеніш тексеруі. Бұл салт әдепке де сай емес және өте жаман
әдет. Бұған жол бермеу керек. Дәрігерлер ондай қыздар аз
да болса, кейбір қыздарда “қыздық пердесінің” қасиетіне
байланысты алғашқы қосылуда қан келмеуі немесе өте аз
келуі мүмкін екендігін білдіруде. Сондықтан да жаман ойлап,
салиха қыздың обалына, күнәсына қалмау керек.
Мұндай қыздардың саны 5% секілді аз да болса, кейбір
қыздардың алғашқы жыныстық қосылуда, қыздығында
ешқандай өзгеріс болмайтындығы белгілі болуда. Бұлар
көбінесе “алқалы” қыздық пердесі болғандарда кездеседі.
Бұлардың кейбіреулері бірінші баласын босанғанға дейін
«қыз» болып қала береді. Әрине ондай қыздарда алғашқы
қосылуда көбінесе күтілетін қан көрінбейді. Мұндай жағдайда
бұл туралы хабары болмаған еркек, күткен белгіні көре алмай
түңіліп, абыржуы мүмкін. Нақты дәлелдері болмай тұрып,
намысты қызға “жезөкше” секілді кінә тағу үлкен күнә болады.
Осы айтылғандарды ескерсек белгі көрінбеді деп айқай-шу
шығару шынында да керексіз және жауапкершілігі қиын жағдай.
Не керек, алғашқы түнде жұбайын қыз деп ойлаған
адам, күткен нәтижесін ала алмағанда ең аз дегенде іштей
күмәнданып және күйініп жүреді. Бұл жаман ойдан құтылу
үшін, жоғарыдағы айтылған ықтималдықтарды ойлап “хусни
зан” етіп мәселені жабу керек немесе күмән, жаман ойдан
құтылу үшін келін-күйеу екеуі отырып сөйлесіп күмәнді
сейілтіп оңтайлы шешімге келуі керек немесе қажет деп
тапса бір әйел гинекологқа көрініп мәселені шешуге болады.
Сөйлесудің ұзауы, қосылудың кешігуі арқылы ортаның
дайын халге келуіне кеңес беріледі. Хадис шәрифте былай
делінеді:
«Сендерден ешбірің сөйлеспей, ойнаспай, сүймей
Достарыңызбен бөлісу: