Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет26/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Шығындар 
Табыстар 
Табыстар 
Шығыстар 
Салықтар 
Шығындар 
Активтер 
Пассивтер 


106 
«Байлардағылардың барлығын тартып аламыз!»,- деген салық 
ӛмірге енгенде, мемлекет қазынасына ақша құйыла бастайды. Бас 
кезінде барлығы да риза болады. Сӛйтіп, ақша мемлекеттік 
қызметшілерге және байларға түсе бастайды. Қызметшілер ақшаны 
еңбекақы және зейнетақы түрлерінде, ал байлар ӛздерінің заводтары 
мен фабрикаларының мемлекетпен келісімшарт жасау түрінде.
Мемлекет үлкен кӛлемдегі ақшаның иегері болады, бірақ бұдан 
қаржыны қазыналық басқару қиындығы туындайды. Бұл ақша 
ағымының қолайлығын тоқтатқандаймен бірдей болады. Басқа сӛзбен 
айтқанда, 
мемлекет 
шенеуніктерінің 
тарапынан ақша 
артықшылығынан қашқақтау, деген сӛз. Егерде Сіз бӛлінген қаржыны 
игере алмасаңыз, онда келесі бюджетте ол Сізге берілмеуі де мүмкін. 
Мұндай экономика үшін Сізді ешкімде мақтамайды. Ал бизнесмендер 
болса мұндай жағдайға қуанышты болады, себебі: егерде оларда артық 
пайда болса, ӛндірістері одан әрі тиімді жұмыс істейді. Дегенмен, 
мемлекетке кӛп ақша жұмсауға тура келеді, сондықтан ақша 
сұранымы арта түседі, сӛйтіп «Байлардағылардың барлығын тартып 
аламыз!» деген идея, енді қоғамның аз табысты бӛлігіне де тарала 
бастайды, ақырында осы идеяны қолдаған кедейлер мен орта класс 
ӛкілдеріне де жетеді.
Нағыз капиталистер ӛздерінің қаржылық білімдерін епті 
пайдалана отырып, бұдан шығу жолдарын тапқан. 
Олар 
корпорациялық қорғау тәсіліне қайта оралған. Сӛйтіп, ӛз мүдделерін 
қорғау мақсатында корпорациялар құрған. Жұрттың кӛпшілігіне 
корпорацияның не екені белгісіз бұл шындығында ӛмірде жоқ кӛрініс. 
Еш мемлекеттік тіркеу агенттігінен ӛтіп, бір заңгердің кеңсесінде 
жатқан бірнеше парақ қағаздардан тұратын жәй папка ғана. 
Маңдайшасына корпорация аталымы ілінген кішкене бір ғимарат, не 
фабрика немесе адамдар тобы емес. Бұл тек қана занды құжат арқылы 
құрылған жансыз -заңды тұлға.
Тұрақты салық туралы Заңның пайда болғанынан бастап, 
корпорацияны құру кең тарала бастайды, оның себебі: корпорация 
табысынан алынатын салық жеке тұлғалардан алынатын салық 


107 
кӛлемінен кем. Оның сыртында жоғарыда айтылғандай, кейбір 
шығындарды салық тӛленгенше ӛз ішінде жабуға болады. Байлар, 
сӛйтіп тағыда ұтымды жағдайда қалады.
Байлар мен кедейлердің арасындагы бұл соғыс 100 жылдан бері 
жалғасуда. «Байлардағылардың бәрін аламыз!», деп айғайлаушы 
тобыр, байлармен әлі күресуде. Жаңа Заң қабылданғанда, соғыс 
әрқашан болады, бұл ғұмыр бойы солай болады. Мұның проблемасы 
сол: кімнің қолында нақтылы ақпарат жоқ. сол қашанда ұтылады. Ал, 
олар: азаннан тұрып, жұмысқа барып, содан кейін салық тӛлеушілер. 
Егерде олар байлардың қалай ойнайтындықтарын түсінсе, солай 
ойнауға мүмкіндіктері болған болар еді. Сӛйтіп, қаржылық 
тәуелсіздікке қол жеткізген болар еді.. Сондықтан әке-шешем 
тарапынан, мектепте жақсы оқып, тұрақты жұмыс табу керектігін 
естіген сайын, мұрнымды тыржитумен болатынмын. Тұрақты жұмысы 
бар, бірақ ешқандай қаржылық тапқырлығы жоқ қызметкердің, жаман 
шеңберден шығуға мүмкіндігі жоқ.
Бүгінгі танда Американың орта тұрғыны, мемлекетке барлық 
салықтарын тӛлеу үшін, кем дегенде 5-6 ай тегін жұмыс істейді. Мен 
мұны үлкен мерзім,- деп есептеймін. Адам қаншалықты ынталы 
жұмыс істесе, соншалықты мемлекетке тӛлейді. Сондықтан, мен 
«Байлардағылардың бәрін тартып аламыз!», деген идея, бір уақытта 
осыны қолдап дауыс бергендердің ӛздеріне қарсы болып шықты,- деп 
есептеймін. Жұрт қашанда байларды тәртіпке саламыз деп 
ұмтылғанда, байлар бағынбайды, қарсы қимыл жасайды.
Оларда ақша да, билікте бар және бірдеңелерді ӛзгертуге 
ықыластары бар. Олар қолдарын қусырып жәй отырмайды. Ӛз 
еріктерімен салықтар тӛлемейді. Керісінше, салықтарды аз тӛлеу 
тәсілдерін іздестіреді. Жақсы заңгерлерді, бухгалтерлерді жалдайды, 
саясаткерлерді заңдарды ӛзгертуге немесе бір мүмкіншілік жасауға 
үгіттейді. Бұған оларда қаржы бар.
АҚШ-тың салық Кодексінде, салықтан үнемдеушілік жасайтын, 
басқа жолдары да бар. Мұны барлық адамдар пайдалана алады, 
бірақта оны тек қана байлар қадағалайды себебі: олардың ӛз 


108 
бизнестері бар.
Мысалы, «1031-ші бӛлік» делінген ішкі табыстар кодексінің 
бӛлігі, жылжымайтын мүлікті одан да қымбат жылжымайтын мүлікке 
сатудан түскен пайдадан, сатушыға салық тӛлеуді кейінге қалдыруға 
мүмкіншілік береді, Жылжымайтын мүлік саудасы, салық тӛлеудегі 
оңтайлы тәсілдерінің бірі. Сӛйтіп, ӛзіңіздің жылжымайтын мүлігіңізді, 
одан қымбат жылжымайтын мүлікке айырбастағанша Сізден салық 
алынбайды. Осындай ашық түрдегі салық ауыртпалығын азайту 
мүмкіншілігін пайдаланбаған адамдар, ӛздерінің активтер колонкасын 
(бӛлігін) кӛбейтуді уыстарынан шығарып алады.
Кедейлер мен орта класс ӛкілдерінде мұндай ресурстар жоқ. 
Олар мемлекетке ӛз қандарын сорғызып, маңдай терлерін тӛгіп, 
жайбарақат жүреді. Үкіметтен қорыққандықтарынан, үлкен салықтар 
тӛлейтін 
кӛптеген 
адамдарды 
жиі 
қездестірем. 
Салық 
жинаушылардың қатары да белгілі. Кейбір менің достарымның 
компанияларын жауып та тастаған кездері болды, соңынан бұлардың 
барлығы да қате екендіктері анықталды. Мен мұның бәрін түсінем. 
Дегенмен, мемлектке қаңтардан мамырдың ортасына дейін тегін 
жұмыс істеу- бұл үрей үшін тӛленетін ең жоғарғы баға. Менің кедей 
әкем, мұндай ахуалға ешқашанда қарсы шықпайтын. Бай әке ол да 
мұны істеген жоқ.
Ол корпорацияны (байлардың басты ұдайы) пайдалана отырып, 
бұл ойынды ақылмен ойнайтын. Менің бай әкемнен алған, бірінші 
сабағымды есіңізге түсіріңіз. Маған, 9 жасар балаға, ол мені қабылдап 
сӛйлескенше, қаншама күтуге тура келді. Содан кейінде, мен талай 
рет, оның қашан кӛңілі түскенше қабылдауын күтумен болдым. 
Мұның бәрін ол текке істеген жоқ. Ол, маған ӛзінде қандай биліктің 
бар екенін түсіндірді, осындай билік менде де болуы керектігін 
кӛрсетті. Бай әке қашанда, білім ол күш, деп түсіндіретін. Ақша үлкен 
күш береді, ал оны ұстап және кӛбейту, тек қана тиісті білімнің 
арқасында ғана жүзеге асыруға болады. Қажетті білімсіз- ӛмір Сізбен 
футбол добы секілді ойнайды.
Бай әке, Майк екеуімізге, түбінде біздің негізгі жауымыз, 


109 
қожайын немесе бастық емес, ол салық инспекторы болатындығын 
қайта-қайта айтатын. Егерде сендер салық инспекторына мүмкіншілік 
тудырсаңдар, ол сендерден салықты қашанда кӛп алуға тырысады. 
Ақша үшін жұмыс істемей, керісінше оны ӛздеріңе жұмыс істету 
үшін, билік кімнің қолында, соны білу керек. Егер Сіз ақша үшін 
жұмыс істесеңіз, онда билікті жұмыс берушіге бересіз. Егер ақша Сіз 
үшін жұмыс істесе, онда билік Сіздің қолыңызда.
Майк екеуіміз бұл идеяны түсінгенімізде, бай әке бізге каржы 
жӛнінде білім алып, басқаларға жем болмауымызды талап етті. 
Ақшаның барлық қызмет ету жүйесін, және заңдарды білу керек,- 
деді. Сауатсызды алдап, пайдалану- оңай іс. Ал, егерде Сіз не айтып 
отырғаныңызды білсеңіз, онда Сізде табысқа жету мүмкіншілігі бар. 
Ол, сондықтан да бухгалтерлер мен заңгерлерге үлкен жалақы 
тӛлейтін. Бұл бәрібір мемлекетке тӛлегеннен гӛрі, арзанға түсетін.
Мен үшін үлкен сабақ болып есте қалғаны оның: «Ақылды бол, 
сонда ешкімге жем болмайсың», -деген сӛзі еді. Ол заңды білетін, 
себебі: ол заңдылықты қастерлейтін адам еді. Егер заңдылықты 
білмесе, ол мұндай дәрежеге жетпеген болар еді. «Егер сен, ӛзіндікі 
дұрыс екенін білсең, кімге болса да, қарсы соққы беруден 
қаймықпайсың»,- дейтін ол. Керек болса Робин Гуд және оның кӛңілді 
достарына қарсы шыға аласың,-дейтін.
Менің жоғарғы білімді әкем, қашанда маған келешегі үлкен 
корпорациядан жақ сы орын тауып алуыма кеңес беретін, сонымен 
қатар «лауазым басқышымен жоғары кӛтерілуімді» жақсы кӛретін. 
Алайда, егерде мен корпорацияға ақша үшін жұм ысқа кірсем, онда 
сауы н сиыр сияқты болатындығымд ы, ол түсінбейтін. Бұ л кең ес 
туралы, бай әкеге айтқанымда, ол мырс етті де, айтқаны:
-Ӛйткенше ол басқышты иемденсе қайтеді?»-деді.
Бала кезімде, бай әкенің «корпорация менің ӛзіме қарауы керек» 
дегенін түсінбейтінмін. Бұл идея маған ол уақытта тіпті мүмкін емес, 
әрі ӛзі қорқынышты еді. Ол мені қызықтырғанмен, балаға корпорация 
қалай қарайды және оған ересек адамдардың қалай жұмыс 
істейтіндіктерін елестету қиын болатын. Егерде, менің бай әкем 


110 
болмағанда, мен сӛз жоқ оқымысты ӛз әкемнің кеңесін қолданған 
болар едім. Егерде бай әке, анда-санда корпорацияны иемдену керек,-
деп ой салып отырмағанда, мен басқа жолмен кеткен болар едім.
Бірақ, мен 15-16 жасқа келгенімде, оқымысты әкемнің айтқан 
жолдарымен жүрмейтінімді білдім. Мен оны қалай істейтіндігімді әзір 
білмегенмен, ӛзімнің класстас достарымның кӛпшілігінің қалаған 
бағыттарымен жүрмейтіндігімді анық білдім.
Бұл шешім менің ӛмірімді түбегейлі ӛзгертті. Мен, 20 мен 30 
жастың аралығында бай әкенің берген сабақтарын нақтылы түсіне 
бастадым. Мен әскердегі қызметімді аяқтап, «Кегок» компаниясына 
жұ мысқа орналастым. Кӛп ақша таптым, бірақ әр ай сайын еңбек ақы 
чегін қолыма алғанда, кӛңілім қалатын. Тӛлемдер де жеткілікті еді, 
жұмысты кӛп істеген сайын, олар да шапшаңдықпен. Ақырында 
бастықтар қызмет бабында менің ӛсетіндігімді, жалақыға қосымшалар 
тӛленентіндігі туралы айта бастады, мұны есту, мен үшін, әрине 
қуанышты еді, дегенмен, бай әкемнің: «Кімге жұмыс істеп жүрсің?, 
«Кімді бай қылмақсың?»-деген сездері басымнан шықпай қойды.
1974 жылы «Кегог» компаниясында жұмыс істеп жүріп, мен 
ӛзімнің бірінші корпорациямды құрдым, сӛйтіп «ӛз ісімді» бастадым. 
Менің активтер колонкамда (бӛлігінде) бірнеше пункттер бар еді, енді 
мен бұлардың мӛлшерін кӛбейтуге кірістім. Еңбек ақыдан алынып 
тӛленетін тӛлемдер кӛрсеткендей, бай әкенің бізге ғұмыр бойы 
айтқандарының қаншалықты шындық екені айқынд алды. Егерде, мен 
оқымысты әкемнің кеңестерін басшылыққа алғанымда, мені не күтіп 
тұрғанын сездім. 
Жұмыс 
берушілер 
кӛп 
жағдайда, 
жұмыскерлеріне 
ӛз 
бизнестерінді ашындар, -деп кеңес бермейді“ ӛйткені бұл олардың 
ісіне зиянын тигізеді, -деп есептейді. Әрине, кейбір жағдайлар да бұл 
әділетті. Алайда, мен барлық зейінімді ӛз ісіме бағыттап, активтер 
сатып ала бастағанымда, мен жұ мысты одан да ынталы істей 
бастадым. Сӛйтіп, менің алдымда нақтылы мақсат тұрды. 
Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін, ақша жинау мақсатында, мен 
жұмысқа ерте келіп және үлкен жігермен жұмыс істеуге кірістім.


111 
Гаваяда бұл кезенде нағыз дағбырт (бум) басталып, яғни байлық 
жасауға мүмкіндіктер туған еді. Мен мұны жақсы түсінген сайын, 
кӛшірме жасайтын аппаратты кӛбірек сата бастадым. Оларды кӛп 
сатқан сайын, кӛп табыс таба бастадым , әрине менің жалақымнан 
салықта кӛп алына бастады. Бұл маған шабыт берді. Бұл тұзақтан 
шығу үшін, одан да шабытты жұмыс істедім.
1978 жылы, мен компанияның сауда агенттерінің бірінші 
бестігіне еніп, талай рет бірінші орынды жеңіп алдым. Енді 
«егеуқұйрық жүгірісі» шеңберінен шығуды армандадым. Үш жылдың 
ішінде, мен ӛзімнің жылжымайтын мүлікке мамандандырыла бастаған 
кішкентай жеке корпорациямнан табысты, «Кегог»компаниясындағы 
табысымнан 
артық 
таба 
бастадым. 
Сӛйтіп, 
менің 
жеке 
қоорпорациямнан активтер колонкасына (бӛлігіне) түсе бастаған 
ақша-бұ л ақшаның маған қызмет ете бастағанының белгісі еді. Мен 
енді әркімнің есігін қағып, кӛшірме жасайтын аппаратты сатушы емес 
едім. Бай әкенің кеңестері, нақтылы іс барысында, одан да тегеурінді 
болып шықты.
Ӛз меншігімнен түскен ақша ағымының ӛскендігі соншалықты, 
маған бірінші рет «Порше» автокӛлігін сатып алуға жағдай туды. 
«Кегогтағы»әріптестерім, мен жалақымды жұмсаудамын деп ойлады. 
Бірақ, бұ л олай емес еді. Менің жалақым активтерді сатып алуға 
кететін. Солай менін ақшаларым, ӛзіме үдемелі жұмыс істей бастады. 
Активтер колонкасындағы (бӛлігіндегі) әрбір доллар жұмыскер 
болып, «жұмыскерлердің» кӛбейулеріне ықпал етіп қожайынына 
салық алынбайтын жана «Порше» сатып алуына қолын жеткізді. 
«Кегог» компаниясына үлкен тырысушылыкпен жұмыс істедім.
Жоспар іске аса бастады, оның куәсі менің сатып алған жана 
машинам. Бай әкенің кеңестерінің нәтижесіңде «егеуқұйрық 
жүгірісінен» тезірек шығуыма жағдай туды. Мен бұларды осындай 
сабақтардан алған, қаржылық білімім негізінде жасадым.
Мұндай білімсіз, оны мен LQ деймін, мен үшін қаржылық 
тәуелсіздік жолы әлде қайда қиын болған болар еді. Енді мен алған 
біліміммен бӛлісу ретінде, басқаларды семинарларда оқытудамын. 


112 
Қаржылық LQ -бұ л барлық салаларға қатынасы бар, білім 
жиынтығы екенін оларға айтудан жалықпаймын. Біріншіден бұл 
бухалтерлік есеп. Мұны қаржылық сауаттылық,-деймін. Бұл, ӛз 
империясын құрушылар үшін, қажетті дағды болуы шарт. Кӛп ақшаға 
жауапты бола бастаған сайын, одан әрі дәлдікпен нақтылы есеп талап 
етіледі, олай болмаса салып жатқан үйіңіздін тас тапқаны шығады. 
Қаржылық сауаттылық-бұл қаржы есебін оқу және түсіну. Ол 
кӛрінген бизнестің әлді де, әлсіз де жерлерін кӛрсетеді.
Екіншіден, инвестициялар салуды білу. Мұны, мен ақша ақшаны 
қалай жасайтындығы туралы ғылым, -деймін, Ол қажетгі стратегиялар 
мен формулаларды қамтиды, творчестволық бастама керек.
Үшіншіден-ол нарық білімі туралы, Бұл ұсыныс және сұраныс 
ғылымы 
Нарықтың 
эмоциямен 
басқарылатын 
«техникалық» 
аспектілерін білу қажет. Нарықтың тағы бір факторы- бұл «негізгі» 
немесе бір сӛзбен айтқанда экономикалық тиімділігі. Ағымдағы нарық 
жағдайында, кӛрінген капиталдық салымның маңызы бар ма?
Әңгіме осында. Кӛп адамдар инвестиция тұ жырымы және нарық 
экономикасы балалар үшін, ӛте күрделі, -деп есептейді. Бірақ, олар 
балалардың мұны инстинкті түрде білетіндіктерін түсінбейді.
Жұмыс 
берушілер 
кӛп 
жағдайда, 
жұмыскерлеріне 
ӛз 
бизнестеріңді ашыңдар, -деп кеңес бермейді, ӛйткені бұл оларды ісіне 
зиянын тигізеді, -деп есептейді. Әрине, кейбір жағдайлар да бұл 
әділетті. Алайда, мен барлық зейінімді ӛз ісіме бағыттап, активтер 
сатып ала бастағанымда, мен жұмысты одан да ынталы істей 
бастадым. Сӛйтіп, менің алдымда нақтылы мақсат тұрды. 
Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін, ақша жинау мақсатында, мен 
жұмысқа ерте келіп және үлкен жігермен жұмыс істеуге кірістім.
Тӛртіншіден-ол 
Заң. Егерде Сіз, ӛз корпорацияңызды 
бухгалтерлік іс, инвестиция және нарық негізінде құрып, оған 
заңдылықты қоса білсеңіз, онда ол тез аяғынан тұрып кетеді. 
Корпорацияның тиімділігін салық тӛлеу тұрғысынан және оның заңды 
түрде қорғалатындығын жақсы білген адам, басқа қызметші немесе 
ұсақ бизнес иесінен бұрын тез байып кетуіне жағдайы мол. Бұл жаяу 


113 
жүрген адаммен, самолетпен ұшқан адамның айырмашылығындай. 
Байлықтың ұзақ мерзімді болашағы тарапынан да бұл ӛте маңызды. 
Салық тӛлеудегі артықшылығы. Корпорацияның бір адамның 
қолынан келмейтін істерді атқаратын кӛптеген мүмкіншіліктері бар. 
Мысалы, салық алынғанға дейін, шығындарды тӛлеп тастау. Егерде 
Сіздің қомақты активтеріңіз немесе ӛз ісіңіз болмаса, мұндай бӛлек 
және ӛте қызықты білім саласына онша тереңге барудың қажеттілігі 
жоқ. 
Себебі: «қызметшілер ақша табады, олардан салық ұстайды, 
сӛйтіп қалғандарына ӛмір сүруге тырысады. Корпорация табыс 
табады, мүмкіншілігінше бәрін жұ мсайды, содан кейін қа лғанынан 
ғана салық тӛлейді.
Бұл байлардың салық тӛлеудегі ең үлкен айлаларынын бірі. Егер 
Сізде жақсы табыстар әкелетін инвестициялар кӛзі бар болса, онда 
корпорацияны тез кұ рып, қолдануыңызға болады.
Сот істерінен қорғау. Біздің қоғамда соттасуды жақсы кӛреді. 
Сіздің дастарқаныңыздан әркім, әйтеуір бірдеңе алғысы келеді. Ал бай 
адамдар ӛздерінің активтерін кредиторлардан қорғау үшін, ӛз 
байлықтарының үлкен бӛліктерін корпорациялар және трестер арқылы 
жасырады. Егерде біреу байды сотқа берсе, оны толып жатқан жүйелі 
заң жүзіндегі қорғаушылықпен кезігеді, сӛйтіп байдың есебінде 
ештеңе жоқ екендігіне кӛзі жетеді. Ол бәрін басқарады бірақ ӛз 
атында, одан іліп аларлық ештеңе жоқ сияқты болып кӛрінеді.
Кедейлер мен орта класс ӛкілдері ӛздерінде барлығының 
болғанын жақсы кӛреді, бірақ олар ӛз мүліктерін мемлекеттің немесе 
сот шешімінің талаптары бойынша, бірінші кезекте-ақ пәледен аулақ, -
деп таратып беруге даяр. «Байлардан тартып алып, кедейлерге 
беріңдер», -дегенге олар Робин Гуд кезеңінен бастап үйренген. 
Бұл кітапта мен корпорацияны қалай басқару керектігіне 
топшылаймын. Бірақ, мынаны айтамын: Егерде Сізде заңды түрде 
қандай да болмасын активтер бар болса, онда корпорациядан қандай 
пайда бар екенін тезірек білуге ұмтылу керек. Бұл тақырыпқа 


114 
жазылған кітаптар жеткілікті, олардан корпорацияны қалай құруға 
болатындығы жӛнінде толық мағлұмат ала аласыз.
Қаржылық LQ бұл әдіспен дарындылықтың нақтылы қоспасы, 
кұймасы. Бұлар жоғарыда атап кӛрсетілген 4 тармақтарының 
комбинацияларын толық қамтиды. Егер Сіз бай болғыңыз келсе, оны 
білуге құлшыныс жасауыңыз керек.Сӛйтіп, корпорациялардың бай 
иелері:
1.Ақша алады.
2.Ақша жұмсайды.
З.Салықтар тӛлейді.
Корпорацияларға жұмыс істейтін тұлғалар:
1.Ақша алады.
2.Салықтар тӛлейді.
З.Ақша жасайды.
Сондықтан, біз Сізге, ӛзіңіздің активтеріңіз бойынша, ӛз 
корпорацияңызды құруға кеңес береміз. Сӛйтіп, бұл Сіздің жалпы 
қаржылық стратегияңыздың бір бӛлігі болсын.


115 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет