Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет34/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Бесінші себеп. Менмендік.
Менмендік-бұл надандық. «Менің білетіндігім маған ақша 
әкеледі, білмейтіндігім ақшаны жоғалттырады. Әрқашанда, әсіресе 
менмендікке салынғанымда, шығынға ұшыраймын. Орынсыз 
менмендік тасқа соғады», -дейді бай әке.
Кейбірулер бүркемелі менмендікпен ӛздерінің нандандықтарын 
жасырады. Әсіресе, мен мұндай жағдайды, бухгалтерлермен тиісті 
инвесторлармен қаржы есептерін талқылағанда байқаймын.
Олар құр мақтаншақтықпен, бос айғай-шуға бой ұрады. Маған 
олардың не айтып отырғандарын ӛздері де түсінбейтіндіктері белгілі. 
Олар ӛтірік айтпайды, бірақ шындықтан да аулақ. Ақша мен 
инвестиция әлемінде, ӛздерінің не айтып тұрғандарын білмейтін 
адамдар кӛп кездеседі. Мылжынға салынып, ӛздерін дәріптеумен 
болады. Егерде Сіз бір саладан түк білмейтіндігіңізді аңғарсаңыз: ӛз-
ӛзіңізді оқытуды бастаңыз, кажетті маманды іздестіріңіз немесе 
арнайы оқулық сатып алыңыз.


170 
Бірінші қадамдар
 
 
 
 
 
ІХ ТАРАУ 
Мен тез және оңай байыдым деп айтқым келеді. Бірақ, бұл оңай 
емес. «Неден бастау керек?» деген сұрақка жауап бергенімде, маған 
күнделікті қаншама ойлау процесстерін басымнан ӛткізуіме тура 
келетіндігін айтамын. Тамаша мәмілелерді (сделкаларды) тез табуға 
болады, ол туралы маған сеніңіз. Ал, іс қаржыға тірелгенде, оған 
батылдық керек. Ӛмірдегі «ең жақсы» миллиондаған долларлық 
мәмілені табу үшін, қаржылық тапқырлық керек. Ол барлық 
адамдарда бар деп есептеймін.
Мұның проблемасы: ол адам ойының ең бір терең түкпірінде 
жатып, ұйқыда болып ӛз сағатын күтушілікте болады. Себебі: біздің 
санамызда ақшаға деген құнығушылықтың барлық жаман істің-түп 
тамыры деген ұғым қалыптасқан.
Бізді ақша табу үшін кәсіби мамандық алуға оқытқан, ал 
ақшаның ӛзіңе қалай жұмыс істетуді ешкім кӛрсетпеген. Бізге 
келешекте қаржы туралы алаңдамай-ақ қойыңдар: зейнетке 
шыққаннан кейін, мемлекет немесе компаниялар қамқорлық жасайды, 
-деп айтатын.
Мұның зардабын келешекте балаларымыз шегеді, себебі: оларды 
да нақ осы жүйе бойынша оқытамыз. Сол баяғыдай ынталы жұмыс 
істеуге, табыс табуға, тапқандарын жұмсауға, ол біткенде қарыз алуға 
үйретумен боламыз.
Батыс әлемі ӛкілдерінің 90 проценті осы қағиданы ұстанумен 
болады, оньщ себебі: ақша табу үшін жұмысқа орналасу жеңіл. Егерде 
Сіз 
басқалардан 
ӛзгеше 
болғыңыз 
келсе, 
қаржылық 
дарындылғыңызды ояту үшін, Сізге оның он қадамын ұсынамын. 
Бұлар менің қолданатын тәсілдерім. Егерде бұлардың біреуі ұнаса, 
онда тамаша, ал ұнамаса, ӛзіңіздікін ойлап табыңыз. 
Бірде Перуде 45 жастағы алтын іздеушімен кездесіп, одан алтын 
бар жерлерді қалай тез табатындығын сұрадым, Оның айтқаны: 


171 
«Алтын барлық жерлерде бар. Бірақ, кӛпшілік оны кӛрмеуге 
дағдыланған»-деді. Мен онымен келісемін. Жылжымайтын мүлікпен 
жұмыс істеу барысында, күніне 4-5 жақсы мүмкіншілігі бар 
мәмілелерді (сделкаларды) таба аламын, ал жұрттың кӛпшілігі 
бұларды жанай ӛтіп, байқамайды. Себебі: олар ӛздерінің қаржылық 
ой-ӛрістерін дамытумен айналыспайды. Осы бағытта мен Сізге 10 
ұсыныс беремін. Оны жетілдіру тек қана Сіздің, ӛзіңізге ғана 
байланысты және ӛз қолыңызда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет