Тасбастау
Құлан тауының шығыс жағынан басталып Теріс ӛзеніне
құятын бастау «Тасбастау» - аталады. Сол бастаудың тӛменгі
жағындағы елдімекен де «Тасбастау» - ауылы деп аталады.
Бұлақтың Тасбастау аталуы тау етегіндегі тастардың
арасынан арындап шығып жататындығына байланысты.
Кӛпті кӛрген қария Әшен Айманбетұлының айтуынша,
бұрын бұл бастаудың суы мол және арыны қатты, кӛлденең
келген ат белін майыстыруға дейін жететін - деп баяндайды.
Бұлақтың және елдімекеннің «Тасбастау» - аталуы тас және
бастау компоненттерінен құралған атау.
Теке қамал
Тура мағынасында «Теке қамалған» - деп аталатын жер Ақсу
– Жабағылы қорығының Жуалы аймағына қарайтын бӛлігінің
солтүстік жағында Тәттібай ауылының үстіңгі жағында 12
шақырымдай жоғарғы тұсында орналасқан үлкен аңғар. Сол
аңғардың құзар басына таман бір – бірімен сүзісердей едірейген
екі жақпар жартас бар. Осы жартастардың астыңғы жағында
үлкен – үлкен үңгірлер болған екен де, онда тау текелер мекен
етіпті. Бүгінде сол үңгірлерді тас басып құлап бекітіліп қалған да,
бір кезде Құлан тауынан асып жосып жүретін жануарлар мекенін
тастап Жабағылы асып кеткен.
Ескіліктегі тау – тасты кезіп аң аулаған аңшылардың
айтуына қарағанда: «Теке қамалдың құзар басындағы жартастың
127
желкесіне шығып талай құлжаны, текені аңғарға қамап шиті
мылтықпен атып алатынбыз, үңгірлерде жануарлардың қиы
шашылып жататын» - деп әңгімелейді.
Соған байланысты аңғардың аты «Теке қамалған» - аталып
кеткен.
Теріс ӛзені
Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік – шығыс баурайынан
алып оңтүстік – шығысқа қарай бұрыла ағатын ӛзен. Жалпы
ұзындығы 52 шақырым құрап Терісащыбұлақ бӛгеніне құяды.
Теріс ӛзені туралы алғашқы деректер Араб жиһангері
Убейдаллах ибн Хордадбектің 846 жылы, Х ғасырдың басында
Мыңбұлақ ӛлкесінде болған Кудама ибн Жафар жазған
күнделіктерінде кездеседі: «Мыңбұлақта мыңдаған бұлақтар ағып
шығады да қосылып бір ӛзен құрайды. Ӛзен шығысқа қарай
ағады, сондықтан оның аты Баркуаб; бұл сӛздің аудармасы (кері
бағытта ағытын ӛзен) Теріс. Баркуабтың (Теріс ӛзені) екі
жағасындағы тұтасқан орман – тоғайлары мен қалың құрақты
шалшықтарынан қырғауылдарды аулайды» -
деген. ( Kitab al-
Kharadj. Ed.M.J. de Goeje. Lugduni Batvorum. 1889, 262 c).
Теріс ӛзенінің оң жағасында «Баркуаб» - атты орта ғасырлық
Жібек жолының бойындағы қалажұрттары болған Бұл жер Тараз
Жамбыл облысының энциклопелиясында шартты түрде
«Бурнооктябрь І, ІІ, ІІІ қала жұрттары»
(311 бет) деп берілген.
Теспе
Жуалы ауданының Шыңбұлақ елдімекенінің шығыс
жағындағы Үлкен Қоңыртӛбе аталатын жердің жанындағы терең
сай «Теспе» - деп аталады.
Теспенің орналасқан жері Билікӛл аймағындағы Саясу
асуымен тұспа – тұс. Теспенің терең сайынан бұлақ ағып шығып
Шыңбұлаққа барып қосылады. Бұл бұлақ сай табанындағы
жынысты тіліп (жылыстап тесіп) ӛтеді. Теспенің сайында түрлі
бұталар мен жабайы бүлдірген кӛп ӛседі. Теспе аталатын
сайдың ұзындығы 6,5 – 7 шақырымды құрайды, ал тереңдігі 35 –
40 метрдің шамасында болады.
128
Сайдың екі қапталы ӛте тік болып келеді, сондықтан
сайға түскен адамның одан қайтып шығуы ӛте қиын. Сай
тереңдігі кӛрген адамға тіліп ӛткендей, (тесіп ӛткендей) әсер
қалдырады. Сол себептен бұл терең сайдың атауы «Теспе» -
болып аталған.
Тесіктас
Біздің ата - бабамыз жер - суға, ауылға атау беруде ол жердің
табиғи –географиялық ерекшеліктерін бет - бедерін әр кезде еске
алып отырған. Сондай атаудың бірі «Тесіктас» -аталады. Бұл атау
тура ауылдың жанындағы үлкен жал таста табиғаттың әсерінен
болған адам сиып кетердей тесік бар. Осы тастағы тесікке
байланысты ауыл «Тесіктас» - аталады.
Тобшақты
«Тобшақты» - алқап атауы. Талас Алатауының үлкен
шатқалынан басталатын ол жер Тәттібай ауылының шығыс
жағында жатыр. Тобшақты алқабының («жайлау» деп те аталады)
жоғарғы оңтүстік жағы Ақсу – Жабағылы қорығымен шектеседі.
Тобшақтының әсіресе жоғарғы шатқал жағында ну жынысты
тобылғы ӛседі. Осы екі таудың арасындағы қалың тобылғылы
шатқалы алыстан жасыл тоғай сияқты болып кӛрінеді. Бұл
жердегі тобылғы жынысының қалыңдығы сонша, ұжымдастыру
кезінде осы жерді паналағандарға суық ӛткізбейтін жылы пана
болғандығы айтылады.
Ақсу – Жабағылы қорығының шығыс жағындағы тау
қарауылы осы Тобшақты шатқалының аузында тұрады. Бұл маң
аң – құсқа ӛте бай. Қамшыға тобылғы іздегендер осы
Тобышақтыға келеді.
Бұл алқаптың Тобшақты аталуы біздің ойымызша осы
тобылғыға байланысты. Алқаптың етек жағында тобылғы әр
жерде топ – топ болып ӛседі. Былайынша «шоқ – шоқ болып
тобылғы ӛскен жер» - деген сӛзден тобшақты аталған. Қысқартып
айтқанда, тобылғы шоғы сӛзінен «Тобшақты» -атауы
қалыптасқан.
129
Тоғызтарау
Жуалы ауданының Билікӛл аумағындағы елдімекен осылай
«Тоғызтарау» - аталады. Бұл елдімекен Билікӛлдің шығыс
жағынан орын тепкен. Аса ӛзенінің Билікӛлге құятын аймағы
тарамданып кӛп салаларға бӛлініп кетеді. Сол сияқты ол маңда
Аса жақтан, Жуалының үстіртінен құмға қарай апаратын тарау –
тарау жолдар түскен, сондықтан бұл аймақ «Тоғызтарау» -
аталып кеткен. Тоғызтарау жері Керімбай Бұралқыұлының ата
қонысы болған. Сол жерде оның күмбезі бар.
Торлан және Қараш асулары
Жуалы ауданының батыс жағындағы Шаянмен шекаралас
Қаратаудың теріскей бетінде «Торлан» - аталатын биік асу бар.
Бұл асу бала Торлан (кіші Торлан мағынасында) және үлкен
Торлан деп екіге бӛлінеді.
Жоңғар шапқыншылығынан туған ӛлкені қорғауда осы Бала
Торлан, Үлкен Торлан, Біресек, Қараш, Шоқытас және Қанымжан
асуларында қазақ жасақтары тастан қамал жасап жауға күйрете
соққы берген. Осы тарихи деректер Сәуірбек Бақбергеновтың
«Қазығұрттың басында кеме қалған» - кітабында жан – жақты
суреттелген. Бұл атаулардың бірқатары Оңтүстік Қазақстан
облысының жерінде болғанымен оқиғасы ортақ.
«Жау Түркістан жаққа ӛтуге күш жинайды. Қанымжан деген
әйел бастап Шоқытас пен Бала Торлан асуының екі ортасынан
тас қамал жасауға кіріседі. Садақ оғы жетпейтін, бүркіт ұя
салатын қия жартастарға орналасқан қамалдарға жете алмай,
қатты тосқауылға кездеседі. Жоғарыдан құлаған, лақтырған,
домалаған тастардан, алаулаған оттан, садақ оғынан жау кӛп
шығынға ұшырайды. Ақыры жау Торлан Қараш асуларынан ӛте
алмайды». (Мәтін қысқартылып алынды) (С.Бақбергенов
Қазығұрттың басында кеме қалған. Алматы: Жалын, 1984, 52 – 53
беттер).
Сол күндердің белгісі және құрметі ретінде Қаратауда осы
күнге дейін «Қатынқамал», (әйелдер соққан қамал дегенді
білдіреді) «Қанымсай» - деген жерлер бар. Ал боздақтар құрбан
болған шеңгел тӛбе «Қанжуған» - аталады.
130
Ал енді Торлан асуының аталу тарихына тоқталатын болсақ,
«Атауға оғыз қыпшақтарының торо немесе торғо сӛзі негіз
болған, қазақ тілінде тору сӛзіне мәндес атау. Күзет асу
мағынасын білдіреді» - деп түсініктеме береді Еркебай
Қойшыбаев. (Қазақстанның жер – су аттары сӛздігі Алматы:
Мектеп, 1985, 223 бет). Қараш сӛзінің шығуына байланысты
ұғым да Торлан асуының этимлогиясына ұқсас. «Қараш» - сӛзі
қарашы деген сӛзден шыққан деп жорамалдаймыз. (қарауыл
сӛзімен мағыналас) Қариялардың айтуынша үлкен асуларда, биік
тӛбелерге қарауылдар (қарашылар) тұрған. «Олар қара ат мініп
тұрса «жау келеді!» деген белгі, ал ақ мініп тұрса «бейбітшілік»
деген белгі болатын» - деп айтады.
Жоғарыдағы тарихи деректер де, атаудың шығуына негіз
болған сӛздің тӛркіні де жоңғар шапқыншылығымен байланысты
екендігін айқындап тұр. Жауды торуға немесе күзетуге қойылған
асу екендігін кӛрсетеді.
Тышқансай
«Тышқансай» - аталатын жер Ақсай аталатын ӛзеннің
шығыс, Қараүңгірдің үстіңгі жағында. Алатаудың етегіндегі
терең шатқалдарда әсіресе осы Тышқансайда дала суыры
аталатын тышқандар кӛп мекендейді.
Бұрынырақта бұл тышқандарды аулап терісінен тымақ, түрлі
жылы киімдер тіккен.
Бұл жердің Тышқансай аталуына осы сай аңғарында
мекендейтін тышқандардың кӛптігі себеп болған, яғни
«тышқанды сай» сӛзінен ды жалғауы түсіп қалып, «Тышқансай» -
атауын құрап тұрған ороним.
Түркісіб
«Түркісіб» - аталатын жер қазіргі Жетітӛбе ауылдық
округіне қарасты Кәріқорған ауылының оңтүстік батысында 6,5
шақырым жерде, Құлан тауының шығыс жақ етегінде
орналасқан. Ол жерде 1960 жылдары аумағы 6 – 7 гектарды
құрайтын үлкен алма бағы егілген. (Ол алма бағы қазір де бар).
131
Социалистік кезеңнің 1965 – 1975 жылдары аралығында
Түркісібте
Жуалы
ауданының
ауылшаруашылығы
қызметкерлерінің күні, қойшылар слеті сияқты мәдени іс –
шаралар осы табиғаты кӛркем тау етегіндегі бақта ӛткізіліп
тұратын.
Осы Түркісіб аталатын жерде 1928 жылы ұжымдастыру
кезінде шағын артель ұйымдастырылған. Ол кез Түркісіб темір
жолының Жуалы аймағының Бауыржан Момышұлы (Бурное)
елдімекенінен шығысқа қарай жалғастырылып салынып жатқан
жылдар болатын. «Түркісіб» - сол салынып жатқан Түркісіб темір
жолының құрметіне қойылған атау.
Ұзынбұлақ
Жуалы ӛлкесінде «Ұзынбұлақ» - аталатын екі бұлақ бар.
Біріншісі, қазіргі Қоңыртӛбе (бұрынғы Успеновка) елдімекенінің
солтүстік батысынан басталып Теріс ӛзеніне құяды. Екіншісі,
Қошқарата ӛңіріндегі Боралдай тауының етегінен басталып
Қостӛбеге қарай созылып жатқан ұзын бұлақ.
Жазушы Еркінбек Тұрысов ӛзінің «Нұржаудың нұрлы
түндері» атты повесінде ашаршылық жылдарындағы ел
басындағы қиын кезеңді осы Ұзынбұлақпен байланысты былай
жазады:
«Талдыдағы ауылдың жиырма шақты түтінінің қайраты
қайтқан кәрі – құртаңы күні ертең кӛш жолы кеткен Боралдайға
қарап аузын ашып азық күтетін әлжуаз бала – шағадан ӛзге тік
тұрар барша жаны арқаланып, ұбап – шұбап Ұзынбұлақ
жотасының жалғыз аяқ соқпағымен жолға шыққан.
Ұзын бұлақтың тауып қойған атына қарай, оның сонау кӛз
ұшындағы ӛркештенген Қостӛбеге қарай сұлай созылған құба
жотаны ӛрлеп ішектей созылған жолы да ұзақ» (138бет).
Жазушының берген бұл анықтамасына біздің қосарымыз жоқ,
бұлақ Боралдай ӛзеніне дейін құба жотаны жағалай ұзақ жол
жүріп барып қосылғандықтан осылай «Ұзынбұлақ» - делінеді.
132
Үндемес бастау
Оңтүстіктен солтүстікке қарай созылған Құлан тауының
шығыс бӛктерінен кӛптеген бұлақтар басталып Шақпақ және
Теріс ӛзендеріне құяды. Сондай бұлақтардың бірі Шақпақ
ауылының батыс жағындағы «Кӛксарай» - аталатын жерден
(баздың шатыры кӛк шатырмен жабылғандықтан солай аталып
кеткен) 400 метр оңтүстігіндегі бұлақ «Үндемес бастау» -
аталады. Бұл бұлақ қалың қара долана мен шеттік ӛскен
аңғардың жоғарғы жағындағы
жартастан басталады. Бір құлақ бұлақ суы жартастың қуысынан
үн шығармай қайнап шығып жатады. Бұлақтың «Үндемес
бастау»- аталуына осы құбылыс себеп болған, яғни бұлақ
ешқандай дыбыс шығармай тас қуысынан лықсып кӛтеріліп
тастардың арасымен тӛмен қарай ағады.
Бұлақ суын жаз кезінде тӛменгі жақтағы егісті алқаптарды
суғаруға пайдаланады. Бұлақ бірнеше бастау суларымен қосылып
Шақпақ ауылының шығыс жағындағы Шақпақ ӛзеніне барып
қосылады.
Үшқоспа
Қазіргі Ақтасты (бұрынғы Некрасовка) ауылының шығыс
жағындағы Қошқарата ӛңірінің ең шұрайлы жері бұрынырақта
«Үшқоспа жайлауы» немесе «Үшқоспа» деп аталады. Бұл жер
кезінде ұлы жүздің ханы Жолбарыстың да жайлауы болған. Ол
қайтыс болған соң Үшқоспаны жоңғардың қонтайшысы Қалдан
Серен де иеленген.
Бақтияр Әбілдаұлының дерегінде Үшқоспа жайлауы туралы:
«Шіркін Үшқоспа Қаратаудың ең құйқалы жайлауы ғой.
Жоңғарлар лайлау болғандықтан Боралдай атап кеткен ӛзенге
қоса Қошқарата суы, тағы бір бұлақ түйіскен соң осылай
Үшқоспа аталған. Шыжыған қырық күн шілдеде суы сап –
салқын, ішсең балдай, тамағыңнан тас тӛбеңе бір – ақ шығады.
Жаз бойы ызыңдаған шыбын – шіркей ұшып, малды да, жанды да
мазаламайды. Кӛктемде шыққан балауса шӛп, жеміс – жидек
қоңыр күз түскенше қалпын ӛзгертпей тұнып тұрады». (Рысбек
батыр. Алматы, 1994, 70 бет).
133
Бұл жердің «Үшқоспа» - аталуы Боралдай, Қошқарата
ӛзендерімен Ұзынбұлақтың қосылуына байланысты «үш ӛзеннің
қосылған жері» - деген мағынаны беретін атау.
Үштӛбе
Шақпақата елдімекенінің солтүстік, Тәттібай ауылының
батыс жағында, Түркісіб темір жолынан 5 шақырым жерде
«Үштӛбе» - аталатын жер бар.
Үштӛбе, Шақпақ беліне жақын, Алатаудың етегінде
оңтүстіктен солтүстікке қарай қаз қатар орналасқан. Анықтап
қараған кісіге ол тӛбелердің саны жеті - сегіз екендігі байқалады,
бірақ соның ішіндегі үшеуі басқаларына қарағанда биік алыстан
кӛзге шалынады.
Үштӛбе табиғи тӛбеге емес қолдан үйілген оба тәріздес
тӛбелер тобына жатады. Олардың биіктіктері мен диаметрлері
шамалас. Қариялардың айтуынша, «бұл жаудан қорғану үшін
үйілген тӛбелер» деген болжам айтады.
Бұл жердің «Үштӛбе» - аталуы, «үш» тӛбенің санын
білдіретін және «тӛбе» сӛздерінен қалыптасқан атау.
Шақпақ
Жуалы ауданының Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас
ауданына ӛтер жеріндегі Құлан тауының шығыс жақ
аймағындағы Шақпақпен байланысты елдімекен Шақпақ
елдімекені, Шақпақ тауы, Шақпақ ӛзені, Шақпақ темір жол
станциясы, Шақпақ ортағасырлық қаласы, Шақпақ құстарға
сақина салу орталығы, Шақпақ әулие, Шақпақ желі аттары
аталады. Осы атауларға байланысты қысқаша мәлімет келтірейік:
1. Шақпақ ата елдімекені. Жуалы ауданының аудан
орталығы Бауыржан Момышұлы ауылынан батысқа қарай 12
шақырым жердегі елдімекен, Шақпақата – ауылдық әкімшілігінің
орталығы. Батысында Құлан тауы бар. Шақпақ ата бұрын
Кременевка аталып келген, одан кейін 1992 жылы ӛзінің тарихи
атауына қайта ие болды. 1966 – 1998 жылдар аралығында Шақпақ
ата елдімекенінде Б.Момышұлы атындағы тұқым ӛсіретін Қазақ
КСР Мемагроӛндіріс Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы
134
тәжірибе станциясының орталығы болды.
2. Шақпақ темір жол станциясы. Жуалы ауданындағы
бесінші дәрежелі темір жол станциясы. Жамбыл – Түлкібасы
темір жолы аралығында Шақпақ елдімекенінен 2 шақырым
жерде. Жуалы және Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданының
шекарасында орналасқан. Кӛнекӛз қариялар бұл жерді бұрын
«Ақтам» деп атаған. Оның себебі бұл жерге темір жол бекеті
салынған кезде оның іші – сырты әктелгендіктен аппақ болып
тұрады екен.
«Шақпақ» - атауы осы маңдағы Шақпақ тасты жынысты
тауғап байланысты қойылған.
3. Шақпақ қалашығы. Шақпақ (Кременевка) елдімекенінің
оңтүстігіне қарай 500 метр жерде орналасқан VIII – X ғасырлар
аралығында болған қалашық. Теңіз деңгейінен 1123 метр
биіктікте орналасқан. Қалашық Шақпақ белінің үстінде Алматы –
Ташкент автомобиль жолының дәл іргесінде. Қалашықтың орнын
В.А.Каллаур,
Г.И.
Пацевич,
К.М.Байпақовтар
зерттеу
жұмыстарын жүргізгенімен онда қазба жұмыстары әлі
жүргізілмеген.
Шақпақ қалашығының орнын жергілікті жұрт «Қалмақтӛбе»
- деп те атайды. Ол жерде ескі қорым бар.
4. Шақпақ әулие. Шақпақ ата елдімекенінің 600 метрдей
оңтүстігінде, Шақпақ қалашығының шығыс беткейінде, шоғыр
тау жыныстарындағы үңгір.
Оның тереңдігі 5,5 – 6 метрдей де биіктігі 2,5 метрдей
болады. Осы аймақтағы жұрт оны «Шақпақ әулие» - атап, ол
жерге барып зиярат етеді. Шақпақ әулие үңгірінің маңындағы
тастарда шақпақ тасты жыныстар кӛп. Шақпақ әулиеге
байланысты әртүрлі аңыз әңгімелер айтылады.
Тарихшы Әділбек Байбатша: «Б.д.д заманның соңында ӛмір
сүрген Шақпақ әулие мекендеген жер Шақпақ ата болды» - деп
кӛрсетеді. (Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы.
Алматы: Санат, 2002, 170 бет).
5. Шақпақ тауы. Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас
ауданына ӛтер жердегі Құлан тауының бітер жеріндегі Жабағылы
сілемімен жапсарласып жатқан тау жотасы. Мұны кейде
135
«Шақпақ белі» - деп те атайды.
Бұл жерден Құлантаудың шығыс бӛктері арқылы жүріп
Шақпақ белінен асып, Арыс ӛзенін жағалап, Ұлы Жібек жолының
желісі ӛткен.
Ұлы Жібек жолының бойындағы елді мекендер мен жер
бедерін арнайы зерттеген Араб – Иран саяхатшыларының
жазбаларында: «Мыңбұлақ пен Арыс алабын бӛліп тұрған
Шақпақ асуы б.д. басында, Түрік хандығы кемелденген VI – VIII
ғасырларға дейін қазіргідей биік емес, аласа бел еді» - деп
сипаттаған. (Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы.
Алматы: Санат 2002, 177 бет).
Шақпақ асуының айналасын бұталы ағаш ӛскен жерлер,
егістік алқаптар, бұлақтар мен ӛзендер қоршап жатыр. Осы
асудан Жуалы мен Түлкібас аудандарының кӛз жетер аймағы
алақандағыдай айқын кӛрінеді.
6. Шақпақ желі. Құлан тауының оңтүстік – шығысында,
теңіз деңгейінен 1100 – 1350 м биіктіктен соғатын жел «Шақпақ
желі» - деп аталады. Ол әсіресе кӛктем мен күз айларында
кӛбірек байқалады. Кӛршілес Түлкібас ауданының шығысынан
бұл жел қатты соғады.
Шақпақ желінің жылдамдығы секундына 25 – 40 метрге
дейін жетеді.
7. Шақпақ ӛзені. Шақпақ ӛзені Жуалы ауданындағы басты
ӛзендердің бірі саналады.
Ол ежелгі Мыңбұлақ қалашығының шығыс жағындағы
бірнеше бұлақтардан бастау алып Шақпақ, Ынтымақ, Қарасаз,
Зыковка елдімекендері арқылы ағып ӛтіп, Теріс ӛзеніне
қосылады.
Шақпақ ӛзені 36 шақырым ұзындықты құрайды. Шақпақата,
Ынтымақ, Қарасаз елдімекендерінің тұрғындары ӛзен суын
тӛңірегіндегі егін алқаптарын суғаруға пайдаланады.
Шақпақ ата елді мекенінің оңтүстік жағындағы тау
беткейінен соғыстан кейінгі жылдары канал қазылып, құламадан
аққан суға шағын электр станциясы орнатылған. Ол станция 1959
жылдарға дейін маңайындағы ауылдарға ток кӛзін беріп тұрды.
8. Шақпақ құстарға сақина салу орталығы. Жуалы
136
ауданының Шақпақата асуындағы құстарға сақина салу
ортпалығы Қазақстан мен Орта Азиядағы зерттеу орталығы
болып саналады. Ол орталық 1966 жылы қазақстандық зоолог
ғалым И.А.Долгушиннің басшылығымен ұйымдастырылды.
Шақпақ асуы күзде құстар жылы аймаққа ұшар кездегі ең
қолайлы жер болып саналады. Себебі шығыстан батысқа
созылып жатқан 1000 шақырымға созылған Тянь – Шань тау
жоталарынан құстар аса алмағандықтан Шақпақ асуы арқылы
асады. Биік екі жотаның арасында тор құрылады да оған түскен
түрлі құстарға сақина салынады. Сақина салынған құстар арқылы
олардың қайда ұшып барғандығын, жасын т.б. анықтайды.
Бұл Шақпақтағы құстарға сақина салу орталығында бірнеше
мемлекеттің ғалымдары жұмыс істейді.
9.Шақпақ ауылы. Шақпақ ата ауылдық округіне қарасты
Шақпақ аталатын шағын елдімекен, аудан орталығы Бауыржан
Момышұлы ауылының солтүстік батысында 18 шақырым жерде,
Құлан асуының шығысында орналасқан.
Шақпақ ауылының аймағындағы жер астында 1912 жылдан
1940 жылдар аралығында кӛмір кені ӛндірілген. Бұл жерді
ескіліктегі қариялардың «Шахта» - деп атауы да сондықтан.
1932 – 1935 жылдары сол шахтерлер соққан барақтарға
жетімдер үйі, 1940 жылы депортацияланған поляк халқының
ӛкілдері орналастырылды.
Соғыс жылдарынан 1958 жылдардың аралығында Жуалы
ауданының ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторларын
жӛндейтін МТС жұмыс істеді. Ол 1958 жылы Бурноеға (Б.
Момышұлы) қазіргі КСХТ – ға кӛшірілді. Сонан кейін 1958
жылдан бастап ол жерде УМСХ (училище механизации сельского
хозяство) ашылып 1983 жылға дейін тракторист, комбайнер,
автомобиль
жүргізушісі,
электромонтер
сияқты
ауылшаруашылығына қажетті мамандар даярлап келді. 1983
жылы ОКТУ (орта кәсіптік техникалық училище) Ақбастау
ауылында салынған жаңа типтік кешенге кӛшірілді.
Елдімекеннің Шақпақ атауы сол Шақпақ ата (бұрынғы
Кременевка) ауылдық әкімшілігіне қарасты болғандықтан
қойылған атау.
137
«Шақпақ» - атауының шығуына байланысты әртүрлі
деректер бар.
Шақпақ әулие Жүсіп Баласағұнидің шәкірті болған деген де
дерек бар. Ол Қашқариядан шығып Бұхара, Самарқанд жерінен
ӛтіп осы ӛңірге келгенде қайтыс болыпты. Оның жерленген жері
(моласы) тәңірлік нанымға байланысты «әулие» аталған.
Жазушы, тіл маманы С.Дүйсебайұлының айтуына қарағанда
«Шақпақ» - сӛзі қазақтың архаизм сӛзіне жатады. Шақпақ сӛз
тіркесі «биік», «шоқтықты» дегенді білдіреді. Бұрынғы ат
баптаушы сыншылар «аттың үш шақпағы болады» - дейді екен;
басы, шоқтығы, сауыры. Осы белгілеріне қарап аттың жүйріктігін
болжаған - деп түсіндіреді.
Демек «шақпақ» - сӛзі сол жердің басқа жерлерге қарағанда
биік екендігі, биікке орналасқандығы туралы мәлімет беріп тұр -
деп болжам жасауға болады.
«Шақпақ түркі тілдеріндегі шоқпақ тұлғасымен байланысты
сияқты (чоқтал пара - пар), орнитологиялық әдебиеттерде
кездеседі. Қалай болғанда да Шақпақ атауын Ш.Уәлиханов та,
С.М.Абрамзон да түркі этнонимі деп біледі» - деп кӛрсетілген. (
Е. Қойшыбаев. Қазақстанның жер – су атауларының сӛздігі.
Алматы: Мектеп, 1986, 23 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |