Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата22.12.2016
өлшемі2,09 Mb.
#135
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 
Ұзынбұлақ 
Жуалы  ӛлкесінде  «Ұзынбұлақ»  -  аталатын  екі  бұлақ  бар. 
Біріншісі, қазіргі Қоңыртӛбе (бұрынғы Успеновка) елдімекенінің 
солтүстік  батысынан  басталып  Теріс  ӛзеніне  құяды.  Екіншісі, 
Қошқарата  ӛңіріндегі  Боралдай  тауының  етегінен  басталып 
Қостӛбеге қарай созылып жатқан ұзын бұлақ. 
Жазушы  Еркінбек  Тұрысов  ӛзінің  «Нұржаудың  нұрлы 
түндері»  атты  повесінде  ашаршылық  жылдарындағы  ел 
басындағы  қиын  кезеңді  осы  Ұзынбұлақпен  байланысты  былай 
жазады: 
«Талдыдағы  ауылдың  жиырма  шақты  түтінінің  қайраты 
қайтқан  кәрі  –  құртаңы  күні  ертең  кӛш жолы  кеткен Боралдайға 
қарап  аузын  ашып  азық  күтетін  әлжуаз  бала  –  шағадан  ӛзге  тік 
тұрар  барша  жаны  арқаланып,  ұбап  –  шұбап  Ұзынбұлақ 
жотасының жалғыз аяқ соқпағымен жолға шыққан. 
Ұзын  бұлақтың  тауып  қойған  атына  қарай,  оның  сонау  кӛз 
ұшындағы  ӛркештенген  Қостӛбеге  қарай  сұлай  созылған  құба 
жотаны  ӛрлеп  ішектей  созылған  жолы  да  ұзақ»  (138бет). 
Жазушының  берген  бұл  анықтамасына  біздің  қосарымыз  жоқ, 
бұлақ  Боралдай  ӛзеніне  дейін  құба  жотаны  жағалай  ұзақ  жол 
жүріп барып қосылғандықтан осылай «Ұзынбұлақ» - делінеді. 
 
 
 

194 
 
Үндемес бастау  
Оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  созылған  Құлан  тауының 
шығыс  бӛктерінен  кӛптеген  бұлақтар  басталып  Шақпақ  және 
Теріс  ӛзендеріне  құяды.  Сондай  бұлақтардың  бірі  Шақпақ 
ауылының  батыс  жағындағы  «Кӛксарай»  -  аталатын  жерден 
(баздың  шатыры  кӛк  шатырмен  жабылғандықтан  солай  аталып 
кеткен)  400  метр  оңтүстігіндегі  бұлақ  «Үндемес  бастау»  - 
аталады.  Бұл  бұлақ  қалың  қара      долана      мен      шеттік      ӛскен  
аңғардың   жоғарғы  жағындағы  
жартастан  басталады.  Бір  құлақ  бұлақ  суы  жартастың  қуысынан 
үн  шығармай  қайнап  шығып  жатады.  Бұлақтың  «Үндемес 
бастау»-    аталуына  осы  құбылыс  себеп  болған,  яғни  бұлақ 
ешқандай  дыбыс  шығармай  тас  қуысынан  лықсып  кӛтеріліп 
тастардың арасымен тӛмен қарай ағады. 
Бұлақ  суын  жаз  кезінде  тӛменгі  жақтағы  егісті  алқаптарды 
суғаруға пайдаланады. Бұлақ бірнеше бастау суларымен қосылып 
Шақпақ  ауылының  шығыс  жағындағы  Шақпақ  ӛзеніне  барып 
қосылады. 
 
Үшқоспа 
Қазіргі  Ақтасты  (бұрынғы  Некрасовка)  ауылының  шығыс 
жағындағы  Қошқарата  ӛңірінің  ең  шұрайлы  жері  бұрынырақта 
«Үшқоспа  жайлауы»  немесе  «Үшқоспа»  деп  аталады.  Бұл  жер 
кезінде  ұлы  жүздің  ханы  Жолбарыстың  да  жайлауы  болған.  Ол 
қайтыс  болған  соң  Үшқоспаны  жоңғардың  қонтайшысы  Қалдан 
Серен де иеленген. 
Бақтияр Әбілдаұлының дерегінде Үшқоспа жайлауы туралы: 
«Шіркін  Үшқоспа  Қаратаудың  ең  құйқалы  жайлауы  ғой. 
Жоңғарлар  лайлау  болғандықтан  Боралдай  атап  кеткен  ӛзенге 
қоса  Қошқарата  суы,  тағы  бір  бұлақ  түйіскен  соң  осылай 
Үшқоспа  аталған.  Шыжыған  қырық  күн  шілдеде  суы  сап  – 
салқын,  ішсең  балдай,  тамағыңнан  тас  тӛбеңе  бір  –  ақ  шығады. 
Жаз бойы ызыңдаған шыбын – шіркей ұшып, малды да, жанды да 
мазаламайды.  Кӛктемде  шыққан  балауса  шӛп,  жеміс  –  жидек 
қоңыр  күз  түскенше  қалпын  ӛзгертпей  тұнып  тұрады».  (Рысбек 
батыр. Алматы, 1994, 70 бет). 

195 
 
Бұл  жердің  «Үшқоспа»  -  аталуы  Боралдай,  Қошқарата 
ӛзендерімен Ұзынбұлақтың қосылуына байланысты  «үш ӛзеннің 
қосылған жері» - деген мағынаны беретін атау.    
 
 Үштӛбе 
Шақпақата  елдімекенінің  солтүстік,  Тәттібай  ауылының 
батыс  жағында,  Түркісіб  темір  жолынан  5  шақырым  жерде 
«Үштӛбе» - аталатын жер бар. 
Үштӛбе,  Шақпақ  беліне  жақын,  Алатаудың  етегінде 
оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  қаз  қатар  орналасқан.  Анықтап 
қараған кісіге ол тӛбелердің саны жеті - сегіз екендігі байқалады, 
бірақ  соның  ішіндегі  үшеуі  басқаларына  қарағанда  биік  алыстан 
кӛзге шалынады. 
Үштӛбе  табиғи  тӛбеге  емес  қолдан  үйілген  оба  тәріздес 
тӛбелер  тобына  жатады.  Олардың  биіктіктері  мен  диаметрлері 
шамалас.  Қариялардың  айтуынша,  «бұл  жаудан  қорғану  үшін 
үйілген тӛбелер» деген болжам айтады.  
Бұл  жердің  «Үштӛбе»  -  аталуы,  «үш»  тӛбенің  санын 
білдіретін және «тӛбе» сӛздерінен қалыптасқан атау.                  
 
Шақпақ  
Жуалы ауданының Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас 
ауданына  ӛтер  жеріндегі  Құлан  тауының  шығыс  жақ 
аймағындағы  Шақпақпен  байланысты  елдімекен  Шақпақ 
елдімекені,  Шақпақ  тауы,  Шақпақ  ӛзені,    Шақпақ  темір  жол 
станциясы,  Шақпақ  ортағасырлық  қаласы,  Шақпақ  құстарға 
сақина  салу  орталығы,    Шақпақ  әулие,  Шақпақ  желі  аттары 
аталады. Осы атауларға байланысты қысқаша мәлімет келтірейік: 
1.  Шақпақ  ата  елдімекені.  Жуалы  ауданының  аудан 
орталығы  Бауыржан  Момышұлы  ауылынан  батысқа  қарай  12 
шақырым жердегі елдімекен, Шақпақата – ауылдық әкімшілігінің 
орталығы.  Батысында  Құлан  тауы  бар.  Шақпақ  ата  бұрын 
Кременевка  аталып  келген,  одан  кейін  1992  жылы  ӛзінің  тарихи 
атауына қайта ие болды. 1966 – 1998 жылдар аралығында Шақпақ 
ата  елдімекенінде  Б.Момышұлы  атындағы  тұқым  ӛсіретін  Қазақ 
КСР  Мемагроӛндіріс  Жамбыл  облысының  ауыл  шаруашылығы 

196 
 
тәжірибе станциясының орталығы болды. 
2.  Шақпақ  темір  жол  станциясы.  Жуалы  ауданындағы 
бесінші  дәрежелі  темір  жол  станциясы.  Жамбыл  –  Түлкібасы 
темір  жолы  аралығында  Шақпақ  елдімекенінен  2  шақырым 
жерде. Жуалы және Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданының 
шекарасында  орналасқан.  Кӛнекӛз  қариялар  бұл  жерді  бұрын 
«Ақтам»  деп  атаған.  Оның  себебі  бұл  жерге  темір  жол  бекеті 
салынған  кезде  оның  іші  –  сырты  әктелгендіктен  аппақ  болып 
тұрады екен. 
«Шақпақ»  -  атауы  осы  маңдағы  Шақпақ  тасты  жынысты 
тауғап байланысты қойылған. 
3. Шақпақ қалашығы. Шақпақ (Кременевка) елдімекенінің 
оңтүстігіне  қарай 500 метр жерде орналасқан VIII – X ғасырлар 
аралығында  болған  қалашық.  Теңіз  деңгейінен  1123  метр 
биіктікте орналасқан. Қалашық Шақпақ белінің үстінде Алматы – 
Ташкент автомобиль жолының дәл іргесінде. Қалашықтың орнын 
В.А.Каллаур, 
Г.И. 
Пацевич, 
К.М.Байпақовтар 
зерттеу 
жұмыстарын  жүргізгенімен  онда  қазба  жұмыстары  әлі 
жүргізілмеген.  
Шақпақ қалашығының орнын жергілікті жұрт «Қалмақтӛбе» 
- деп те атайды. Ол жерде ескі қорым бар. 
4.  Шақпақ  әулие.  Шақпақ  ата  елдімекенінің  600  метрдей 
оңтүстігінде,  Шақпақ  қалашығының  шығыс  беткейінде,  шоғыр 
тау жыныстарындағы үңгір. 
Оның  тереңдігі  5,5  –  6  метрдей  де  биіктігі  2,5  метрдей 
болады.  Осы  аймақтағы  жұрт  оны  «Шақпақ  әулие»  -  атап,  ол 
жерге  барып  зиярат  етеді.  Шақпақ  әулие  үңгірінің  маңындағы 
тастарда  шақпақ  тасты  жыныстар  кӛп.  Шақпақ  әулиеге 
байланысты әртүрлі аңыз әңгімелер айтылады. 
Тарихшы Әділбек Байбатша: «Б.д.д заманның соңында ӛмір 
сүрген  Шақпақ  әулие  мекендеген  жер  Шақпақ  ата  болды»  -  деп 
кӛрсетеді.  (Ә.Байбатша.  Қазақ  даласының  ежелгі  тарихы. 
Алматы: Санат, 2002, 170 бет). 
5.  Шақпақ  тауы.    Оңтүстік  Қазақстанның  Түлкібас 
ауданына ӛтер жердегі Құлан тауының бітер жеріндегі Жабағылы 
сілемімен  жапсарласып  жатқан  тау  жотасы.  Мұны  кейде 

197 
 
«Шақпақ белі» - деп те атайды. 
Бұл  жерден  Құлантаудың  шығыс  бӛктері  арқылы  жүріп 
Шақпақ белінен асып, Арыс ӛзенін жағалап, Ұлы Жібек жолының 
желісі ӛткен. 
Ұлы  Жібек  жолының  бойындағы  елді  мекендер  мен  жер 
бедерін  арнайы  зерттеген  Араб  –  Иран  саяхатшыларының 
жазбаларында:  «Мыңбұлақ  пен  Арыс  алабын  бӛліп  тұрған 
Шақпақ асуы б.д. басында, Түрік хандығы кемелденген  VI – VIII 
ғасырларға  дейін  қазіргідей  биік  емес,  аласа  бел  еді»  -  деп 
сипаттаған.  (Ә.Байбатша.  Қазақ  даласының  ежелгі  тарихы. 
Алматы: Санат 2002, 177 бет).  
Шақпақ  асуының  айналасын  бұталы  ағаш  ӛскен  жерлер, 
егістік  алқаптар,  бұлақтар  мен  ӛзендер  қоршап  жатыр.  Осы 
асудан  Жуалы  мен  Түлкібас  аудандарының  кӛз  жетер  аймағы 
алақандағыдай айқын кӛрінеді. 
  6.  Шақпақ  желі.  Құлан  тауының  оңтүстік  –  шығысында, 
теңіз деңгейінен 1100 – 1350 м биіктіктен соғатын жел «Шақпақ 
желі»  -  деп  аталады.  Ол  әсіресе  кӛктем  мен  күз  айларында 
кӛбірек  байқалады.  Кӛршілес  Түлкібас  ауданының  шығысынан 
бұл жел қатты соғады.  
  Шақпақ  желінің  жылдамдығы  секундына  25  –  40  метрге 
дейін жетеді. 
  7. Шақпақ  ӛзені.  Шақпақ ӛзені Жуалы ауданындағы басты 
ӛзендердің бірі саналады. 
 Ол  ежелгі  Мыңбұлақ  қалашығының  шығыс  жағындағы 
бірнеше  бұлақтардан  бастау  алып  Шақпақ,  Ынтымақ,  Қарасаз, 
Зыковка  елдімекендері  арқылы  ағып  ӛтіп,  Теріс  ӛзеніне 
қосылады.  
 Шақпақ ӛзені 36 шақырым ұзындықты құрайды. Шақпақата, 
Ынтымақ,  Қарасаз  елдімекендерінің  тұрғындары  ӛзен  суын 
тӛңірегіндегі егін алқаптарын суғаруға пайдаланады. 
 Шақпақ  ата  елді  мекенінің  оңтүстік  жағындағы  тау 
беткейінен соғыстан кейінгі жылдары канал қазылып, құламадан 
аққан суға шағын электр станциясы орнатылған. Ол станция 1959 
жылдарға дейін маңайындағы ауылдарға ток кӛзін беріп тұрды. 
8.  Шақпақ  құстарға  сақина  салу  орталығы.  Жуалы 

198 
 
ауданының  Шақпақата  асуындағы  құстарға  сақина  салу 
ортпалығы  Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  зерттеу  орталығы 
болып  саналады.  Ол  орталық  1966  жылы  қазақстандық  зоолог 
ғалым  И.А.Долгушиннің  басшылығымен  ұйымдастырылды. 
Шақпақ  асуы  күзде  құстар  жылы  аймаққа  ұшар  кездегі  ең 
қолайлы  жер  болып  саналады.  Себебі  шығыстан  батысқа 
созылып  жатқан  1000  шақырымға  созылған  Тянь  –  Шань  тау 
жоталарынан  құстар  аса  алмағандықтан  Шақпақ  асуы  арқылы 
асады.  Биік  екі  жотаның  арасында  тор  құрылады  да  оған  түскен 
түрлі құстарға сақина салынады. Сақина салынған құстар арқылы 
олардың қайда ұшып барғандығын, жасын т.б. анықтайды.  
Бұл Шақпақтағы құстарға сақина салу орталығында бірнеше 
мемлекеттің ғалымдары жұмыс істейді.    
9.Шақпақ  ауылы.  Шақпақ  ата  ауылдық  округіне  қарасты 
Шақпақ  аталатын  шағын  елдімекен,  аудан  орталығы  Бауыржан 
Момышұлы ауылының солтүстік батысында 18 шақырым жерде, 
Құлан асуының шығысында орналасқан. 
Шақпақ  ауылының  аймағындағы  жер  астында  1912 жылдан 
1940  жылдар  аралығында  кӛмір  кені  ӛндірілген.  Бұл  жерді 
ескіліктегі қариялардың «Шахта» - деп атауы да сондықтан. 
1932  –  1935  жылдары  сол  шахтерлер  соққан  барақтарға 
жетімдер  үйі,  1940  жылы  депортацияланған  поляк  халқының 
ӛкілдері орналастырылды. 
Соғыс  жылдарынан  1958  жылдардың  аралығында  Жуалы 
ауданының  ауыл  шаруашылығы  техникалары  мен  тракторларын 
жӛндейтін  МТС  жұмыс  істеді.  Ол  1958  жылы  Бурноеға  (Б. 
Момышұлы)  қазіргі  КСХТ  –  ға  кӛшірілді.  Сонан  кейін  1958 
жылдан бастап ол жерде УМСХ (училище механизации сельского 
хозяство)  ашылып  1983  жылға  дейін  тракторист,  комбайнер, 
автомобиль 
жүргізушісі, 
электромонтер 
сияқты 
ауылшаруашылығына  қажетті  мамандар  даярлап  келді.  1983 
жылы  ОКТУ  (орта  кәсіптік  техникалық  училище)  Ақбастау 
ауылында салынған жаңа типтік кешенге кӛшірілді. 
Елдімекеннің  Шақпақ  атауы  сол  Шақпақ  ата  (бұрынғы 
Кременевка)  ауылдық  әкімшілігіне  қарасты  болғандықтан 
қойылған атау.  

199 
 
«Шақпақ»  -  атауының  шығуына  байланысты  әртүрлі 
деректер бар. 
Шақпақ әулие Жүсіп Баласағұнидің шәкірті болған деген де 
дерек  бар.  Ол  Қашқариядан  шығып  Бұхара,  Самарқанд  жерінен 
ӛтіп осы ӛңірге келгенде қайтыс болыпты. Оның жерленген жері 
(моласы) тәңірлік нанымға байланысты «әулие» аталған. 
Жазушы, тіл маманы С.Дүйсебайұлының айтуына қарағанда 
«Шақпақ»  -  сӛзі  қазақтың  архаизм  сӛзіне  жатады.  Шақпақ  сӛз 
тіркесі  «биік»,  «шоқтықты»  дегенді  білдіреді.  Бұрынғы  ат 
баптаушы  сыншылар  «аттың  үш  шақпағы  болады»  -  дейді  екен; 
басы, шоқтығы, сауыры. Осы белгілеріне қарап аттың жүйріктігін 
болжаған - деп түсіндіреді. 
Демек «шақпақ» - сӛзі сол жердің басқа жерлерге қарағанда 
биік екендігі, биікке орналасқандығы туралы мәлімет беріп тұр - 
деп болжам жасауға болады.  
«Шақпақ  түркі  тілдеріндегі  шоқпақ  тұлғасымен  байланысты 
сияқты  (чоқтал  пара  -  пар),    орнитологиялық  әдебиеттерде 
кездеседі.  Қалай  болғанда  да  Шақпақ  атауын  Ш.Уәлиханов  та, 
С.М.Абрамзон да түркі этнонимі деп біледі» - деп кӛрсетілген.  ( 
Е.  Қойшыбаев.  Қазақстанның  жер  –  су  атауларының  сӛздігі. 
Алматы: Мектеп, 1986,  23 бет).  
 
Шаңлақты 
Тарихшы  Мұхаметжан  Тынышбаев:  «Кӛшпелілерде;  әсіресе 
қазақтар  мен  қырғыздарда  ӛте  жақсы  бір  қасиет  бар  –  ол  сол 
жерде болған оқиғаға байланысты етіп атау беріп отырған» - деп 
жазады. 
Әсіресе  осындай  үлкен  тарихи  оқиғалар  болған  жерлер 
Жуалының  Қошқарата  аймағында  кӛптеп  кездеседі.  Соның  бірі 
«Шаңлақты»  -  оқиғасы.  Бұл  жер  Қошқарата  елдімекенінің 
оңтүстік, ал Ақтасты ауылының батысындағы Боралдай тауының 
етегіндегі  беткей. 
Бұл  ел  мен  жердің  тағдыры  найзаның  ұшы  мен  білектің 
күшіне,  ердің  нарқы  мен  парқы  сын  талқысына  түскен  жоңғар 
қалмақтарының  шапқыншылығына  қарсы  азаттық  күресінің 
Жуалы жерінде қалған ӛшпес белгісі. 

200 
 
Шаңлақты  шайқасы  туралы  қысқаша  мәліметті  жазушы 
Мырзахан  Ахметов  «Жуалы»  атты  тарихи  танымдық  кітабында 
келтірген:  
«Қошқарата  маңында  қалмақтармен  кӛп  күндерге  созылған 
шайқаста  қазақ  жауынгерлерінің  жеңісімен  аяқталғаны  белгілі. 
Оған  кейін  Кантемировка  атанып  кеткен  Шаңлақты  ауылының 
ӛткені туралы халықтың аузындағы әңгімелер куә. Осы ұрыстың 
әйгілі Куликово шайқасынан бірде – бір кем болмағаны сонша, ат 
тұяғымен  тапталған  сол  аймақта  кӛп  жылға  дейін  шӛп  шықпай 
қалған» (154бет).  
Соғыстың  сондай  жойқын  болғаны  «Шаңлақты»  -  деген 
атауынан – ақ кӛрініп тұр. Орыс кулагы Кантемировтың есімімен 
аталып  келген  бұл  жердің  бұрынғы  аты  «Шаңлақты»  -  деп 
аталады  екен.  Бір  ӛкініштісі  осы  Шаңлақты  шайқасы  туралы 
ешқандай тарихи мәліметтер кездеспейді. Тек қана ел аузындағы 
сақталып қалған ауызекі әңгімелер ғана бұл оқиғалар туралы там 
– тұмдап қана хабар береді. 
Жазушы  Еркінбек  Тұрысовтың:  «Арада  табандатқан  алты 
жыл  тӛрт  ай  ӛткенде,  кешегі  «ақтабан  шұбырандының»  азапты 
жолында  жанкешті  ұрыс  жүргізіп,  ел  жұртын  біржола  құрып 
кетуден сақтан арыстанша айқасқан қазақ қосындары 1729  – шы 
тауық  жылының  жазында  ата  жаумен  алыса  жүріп,  бүгінде  жау 
табында  қалған  Балабӛген,  Қошқаратадағы  ата  мекенінің  шетіне 
де жеткен» - деп жазуына қарағанда, бұл Шаңлақты шайқасы осы 
Отан  соғысында  бетбұрыс  жасалынған  1730  –  шы  жылдардың 
шамасында болған деп болжам жасаймыз.  
Осы  қанды  шайқастың  куәсі  ретінде  Шаңлақты  оқиғасы 
болған жерден осы уақытқа дейін кейбір қару – жарақтардың тат 
басқан,  сынған  қалдықтары  табылып  жатады.  Қошқарата 
елдімекеніндегі  Абай  орта  мектебінің  ӛлкетану  мұражайында, 
қалмақ  және  қазақ  жауынгерлерінің  сол  жерден  табылған 
жебелері бар.  
  
  Шегір қамал 
 Амангелді  (қазіргі  Тәттібай)  елдімекенінің  оңтүстігінде 
шамамен  10  -  11  шақырым  жерде  жоғарғы  Алатаудың  Жуалы 

201 
 
асуының Кӛктал және Кӛкше арасындағы аңғарда «Шегір қамал» 
- аталатын жер бар.  
  Кӛнекӛз қариялар ол жерді «Шегір қырған» - деп те атайды. 
Олардың  айтуынша  Жаныстан  тарайтын  Шегір  руының  Итаяқ 
атты батыры тастан қамал салдырып, жұрт оны «Шегір қамал» - 
атаған.  Шегірден  шыққан  мерген  садақшылар  қалмақтарға 
тұтқиылдан  шабуыл  жасап  жауына  алдырмай  қояды.  Түн 
мезгілінде  олар  бір-біріне  от  жағып  белгі  беріп  жаудың  бет 
алысын қай жерде екенін білдіріп отырған. 
  «Ақпан батыр» - атты тарихи дастанда: 
Қаратау мене Алатау, 
Түйісетін жерінде. 
Кӛктал, Кӛкше жерінде, 
«Шақпақ ата» дейтұғын, 
Құтты қоныс ӛңірде 
Итаяқ батыр салдырған, 
Қорғаны еді Шегірдің. 
Сондықтан да бұл қорған 
«Шегір қамал» атанды – делінген. 
  Бір  күні  Шегір  жасақтары  әр  тұста  қарауыл  қойып  түнгі 
ұйқыға  кеткенде  Жолдыбай  атты  қарауыл  сатқын  «Бала  құлан» 
сайында  жатқан  қалмақты  бастап  келіп,  тӛмендегідей 
баяндалады: 
             Кешегі түні қарауыл, 
Болуды соған береді. 
Түбіне тартып бұл жауыз, 
«Бала құлан» сайында, 
Тығылып жатқан қалмаққа, 
Жұлдыздай ағып жӛнелді. 
Хабар беріп жауларға, 
Қамалға бастап келеді... 
Арғысын ӛзің кӛрдің ғой 
Қырылды   Шегір ӛрені  – деп келтіреді. 
  Бұл  оқиға  кезінде  Шегірдің  атақты  батыры  Ақпан  жорықта 
болады.  Келгесін,  жаудан  кек  алуға  серт  беріп,  ӛлген 
жасақтардың  басына  оба  орнаттырады.  Содан  бұл  қамал  «Шегір 

202 
 
қамал» - атанады. 
  Аталған  дастан  Шегірдің  Назар  ұрпағынан  тарайтын 
Сүлеймен  ұлы  Уәлиханның  айтуы  бойынша  Хамзе  Амандықов 
ақын  қағазға  түсірген.  «Шегір  қамал»  немесе    «Шегір  қырған»  - 
атты осы тарихи жердегі тастан салынған қамалдың орнын қазіргі 
кезде жобалап байқауға болады. 
  Ескерту:  тарихи  дастандағы  оқиғалар  негізінен  1723  -  1759 
жылдар аралығындағы қазақ - қалмақ соғысын қамтиды. 
 
Шыбықбел 
Жуалы  ауданының  солтүстік  жағындағы  Қостұра  аталатын 
жердің  батыс  тұсындағы  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  жеріне 
асатын  асу  «Шыбықбел»  -  деп  аталады.  Оның  жанында  іргелес 
Мұзбел аталатын  жер де бар. 
Шыбықбел  асуының  ерекшелігі  сол  ол  асумен  асқан 
жолаушының  ешқандай  оңға  немесе  солға  бұрылуға  мүмкіндігі 
жоқ  жіңішке  иілген  жотамен  жүріп  отырады.  Жіп  –  жіңішке 
шыбықтай  болып  иілген  осынау  табиғи  ерекшелік  жұрт  кӛзінен 
таса  қалмаған.  Оның  географиялық  орналасуына  қарай  ел  ӛте 
тапқырлықпен «Шыбықбел» - деп атау берген.  
Шыбықбел асуында талай тарихи оқиғалар ӛткен. Бұл асуда 
«Ақтабан шұбырынды» кезінде Ұлы жүздің кӛшін бастаған Тӛле 
би  секілді,  туған  жерді  жаудан  қорғаған  Қойгелді,  Қарабатыр, 
Ӛтеген, Сәмен т.с.с. батырлардың, Кіші жүз Есет батыр бастаған 
жасақтарының сол сұрапыл дәуірде қалған ізі жатыр.      
 
Шымырбай сай 
Кіші 
Қаратаудың 
шығыс 
жағындағы 
шұрайлы 
шатқалдардың  бірі  «Шымырбай  сай»  -  деп  аталады.  Бұл  жерде 
кезінде  сол  аймаққа  аты  мәлім  Шымырбай  датқа  мекен  еткен.  
Шымырбай  датқа  туралы  жергілікті  жердің  қариялары  ел 
қамқоршысы  болған,  қиянат,  барымтаға  мейлінше  қарсы  тұрып, 
әділ билік айтқан тұлға ретінде әңгімелейді.  
Шатқалдың  «Шымырбай  сай»  -  аталуы  кісі  есімімен 
байланысты антропонимдік атау. 
 

203 
 
 Шыңбұлақ 
 Жуалы  ауданындағы  Жетітӛбе  ауылдық  әкімшілігі  округіне 
қарасты  елдімекен.  Аудан  орталығы  Бауыржан  Момышұлы 
ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде тау баурайында 
орналасқан. 
 Шыңбұлақ  елдімекені  1993  жылға  дейін  Братск  аталып 
келген,  кейін  ӛзінің  тарихи  атауын  қайта  иемденді.  Шыңбұлақ 
елдімекенінің  жанындағы  таудан  бұлақтар  ағып  шығып  Теріс 
ӛзеніне қосылады. 
 Жердің  бұлай  аталуына  келетін  болсақ,  ол  терең  шатқалдар 
арқылы ағатын бұлақтарға байланысты пайда болған атау.  
Түркі тілінде чың сӛзі – «терең», «тік шатқал» деген ұғымды 
береді.  Яғни  «Шыңбұлақ»  -  атауы  «терең  шатқалдағы  бұлақ» 
мағынасын беретін гидронимиялық атау болып табылады. 
 
Шілікті 
«Шілікті»  -  Боралдайдың  орта  тұсынан  батысқа  қарай 
асатын асудың аты. Жергілікті жұрт оны, «Шіліктің асуы» -деп те 
атайды. 
Тӛскейінде қалың жабайы мәуе ағаштар, бұталар ӛсетін осы 
асу туралы Еркінбек Тұрысов еңбегінде: 
«Тау  десең  тау,  су  десең  су.  Жан  аяғы  баспаған  таза  жер. 
Кӛркем  шыңдары  кӛгілдір  мұнар  құшқан  Боралдайға  Шіліктінің 
тұсынан  асып,  тӛскейін  жабайы  мәуе  ағаштары  кӛмкерген  құзар 
шоқы баурайында, тау ӛзені жағасында ат басын тартты. Шілікті 
жолымен  Боралдайға  түссе,  ел  –  құзсыз,  шатысып  –  бұтысқан 
тоғай,  аяқ  алып  жүрер  жол  жоқ»  -  деп  суреттеледі.  (Нұржаудың 
нұрлы түндері. Алматы: Нұрлы әлем, 1998, 195 бет). 
Бұл  асудың  Шілікті  аталу  себебі  беткейлерінде  қалың 
жыныс,  шілік  ӛсетіндіктен,  «шілік»  сӛзіне  «ті»  -  жалғауы 
жалғанып «Шілікті» - болып туындаған атау. 
 
  Ынтымақ 
Жуалы  ауданының  орталығы  Бауыржан  Момышұлы 
ауылынан  батысқа  қарай  14  шақырым  жерде  орналасқан 
Шақпақата ауылдық әкімшілігіне қарасты елдімекен атауы. 

204 
 
Ынтымақ  елдімекенінде  Жаныстан  тарайтын  Шегір  руы 
мекендейді. Ауыл ортасынан Шақпақ ӛзені кесіп ӛтеді. 
Бұл жердің «Ынтымақ» - аталуы ол социалистік құрылыстың 
алғашқы колхоздастыру кезінде қойылған әлеуметтік топоним. 
 
Жуалы  ауданының  жері,  суы,  тауы,  ӛзені,  кӛлі,  ойы,  қыры, 
даласы барлығы да сан – салалы табиғат кӛрінісінің әрбір аттамы 
атсыз  емес.  Есімсіз  адам  болмайтын  сияқты  бұл  ӛлкенің  атсыз 
ӛңірі  жоқ.  Ол  атауладың  әрқайсысы  ӛз  кезінде  ел  қалауынан 
туындаған.  Сондықтан  да  осы  атаулардың  барлығы  да  қоғам 
ризығы, табы сіңген тарихтың ұшқыны десек болады. 
Жуалы  жер  –  су  атауларын  халық  жасаған  үлкен  қазынаға 
немесе  кӛнеде  жазылған  шежіреге  балауға  болады.  Осы 
атаулардан    аймақта  ӛткен  түрлі  мәдени  және  басқа  да  қарым  – 
қатынастар  ру  –  тайпалардың  миграциялық  жолдары  этностық 
жақындықтар, түрлі тарихи оқиғалардың ізі байқалады. 
Гректің ономастика аталатын ілімін – атаулар ілімі десек ол 
кӛп  жағдайда  лингвистикалық  деректермен  бірге  тарих, 
география,  этнография  т.б.  ғылымдардың  деректерінен  тұрады. 
Ал  топонимика  болса  жер  бетіндегі  нысанның  тілдік  құрамын 
және оның мән – мағынасын зерттейтін топонимиканың үлкен бір 
саласы. 
Топонимика  туралы  А.М.Попов  «Географические  названия 
Введение  в  топонимику»  атты  еңбегінде:  «Топонимдердің 
жасаушысы  иесі  де,  пайдаланушысы  да  халықтар  болғандықтан, 
ол тек географиялық себептерден пайда болған құбылыстар емес, 
қайткен  күнде  де,  тарихи  себептерден  туған  тілдік  құбылыстар 
болып  табылады»  -  деп  жазған.  Қарапайым  түсінігі  жағынан 
топонимиканы:  «жер  тілі»  -  деп  айтуға  болады,  демек  ол  халық 
сӛзі. 
Жуалы  ауданының  топонимикалық  жер  –  су  атауларын 
зерттеген кезде оның құрылысы мен құрамы жағынан біз оны бес 
топқа бӛлдік: 
1  топ:  Жалпы  есімдерден  пайда  болған  кӛптеген  Ӛзен, 
Бұлақ, Бастау, Тӛбе т.б. елді мекен атаулары. 
2  топ:  Туынды  түбір  тұлғалы  Жосалы,  Құлан,  Шілікті, 

205 
 
Алмалы,  Бақалы,  Қақты,  Жыланды  т.б.  бойынша  жасалған  жер, 
елдімекен атаулары. 
3  топ:  Біріккен  тұлғалы  жалқы  есімдер  арқылы  жасалынған 
атаулар:  Қоңыртӛбе,  Сарықайқаң,  Қарамұрын,  Жолбарысқамал, 
Кәріқорған, Шегірқамал және т.б. 
4  топ:  Қос  тұлғалы  жалқы  есімдерден  тұратын:  Ақсу  – 
Жабағылы, Теріс – Ащыбұлақ сияқты атаулар. 
5  топ:  Сӛйлемнен  қалыптасқан  жалқы  есімдер:  Кӛсегенің 
кӛк  жоны,  Қыз  құлаған,  Теке  қамал,  Қалмақ  қырған,  Қыдыр 
қонған сай, Марының сазы т.б. аталатын атаулар. 
Қазіргі Жуалы ӛлкесінде сақталған Бұлақ, Қайнар, Бел, Ӛзен, 
Бастау, Ӛзек, Тӛбе т.б. атау тұлғалардың барлығы ӛткен дәуірдің 
елесін  беріп  тұрғандай.  Бұл  тұлғалар  келе  –  келе  күрделеніп 
оларды үстемелейтін: ақ, қара, кӛк, сары, қызыл, биік, терең, кіші, 
бала,  кең  т.б.  анықтауыштардың  жалғауы  арқылы  ӛзгеріске 
ұшырағанын  кӛреміз.  Мысалы:  Ақбастау,  Қоңыртӛбе,  Кеңбұлақ, 
Қостӛбе,  Жетімтау,  Айнакӛл,  Ирекасу,  Қарабастау,  Кӛктӛбе  т.б. 
атаулар. 
Аудан  аймағында  3,  7,  9, 10,  40,  1000  т.б.  ӛзекті  сандардың 
топоним  құрамынан  орын  алуы  арқасында  кӛптік  белгіге  ие 
болған  атаулар  да  жеткілікті.  Үштӛбе,  Үшқоспа,  Жетітӛбе, 
Тоғызтарау,  Мыңжылқы,  Мыңбұлақ  т.б.  сияқты  атаулар  осы 
топқа жатады. 
Атамекен  жеріміздегі  сырттан  енген  ерте  ғасырларда 
қалыптасқан  топонимикалық  атаулар  –  Тұран  елі  мен  парсы, 
жұрты  арасындағы  қарым  қатынастары  кезінде,  Ұлы  Жібек 
жолының  кезінде,  Араб  халифаттарының  түркі  халықтарын 
жаулап алуы, монғол, кейінірек қалмақ шабуылы дәуірінде ӛткен 
қанды оқиғалардың тарихи ізі ретінде қалыптасқан географиялық 
жер  –  су  атаулары.  Ӛлкеміздегі  Абарадж,  Баджахт,  Баркуаб, 
Шауғар, Тұра, Боралдай, Қалмаққырылған, Садырқамал, Торлан, 
Орда қонған т.с.с. атаулар осы оқиғалардың куәсі. 
Жуалы жеріндегі топонимикалық жер атауларының ең жасы 
Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы  әрқилы  қарым  –  қатынаспен 
байланысты  пайда  болған  жер  –  су  атаулары.  Оның  алғашқы 
кезеңі  отаршылдықтың  әсерімен  «Жаңа  низам»  ережесіне  сай 

206 
 
1868  –  1917  жылдар  аралығында  пайда  болды.  Бұл  атауларға: 
Самсоновка,  Кантемировка,  Успеновка,  Петровка,  Столыпинка, 
Некрасовка т.с.с. кӛптеген атаулар тізбегі жатады. 
Атақты  ғылым  Мекемтас  Мырзахметовтың  «Қазақ  қалай 
орыстандырылды?» 
атты 
еңбегінде 
республикамыздың 
топонимикалық ахуалын тӛмендегідей деректермен кӛрсеткен: 
«Қазіргі  күнде  республикамызда  (1992  жылдың  1 
қаңтарындағы  дерек)  83  қаланың  28  -  і; 222  ауданның  107-сі;  ал 
35  қалалық  аудандардың  32-сі;  222  аудан  орталығының  126-сы; 
204 жұмысшы поселкесінің 72-сі, әсіресе 2418 селсоветтің 1197-
сі; 8369 елді мекеннің 3567-сі тек қана орыс орыс тілінде аталады 
екен.  Бұлардың  қатарына  мектеп,  колхоз,  совхоз,  мекеме,  кӛше, 
оқу орындары сияқты сан мыңдаған атауларды қоспа отырмыз» - 
деп жазады.  
Әнуар 
Исмайловтың 
«Страны 
историцы 
Южного 
Казахстана»  (1864  –  1917  г.г.)  атты  еңбегінде  Оңтүстік 
Қазақстандағы  орыс  переселендерінің  1887,  1910,  1914 
жылдардағы  қоныстануы  туралы  «Сведения  о  русских 
поселениях  в  Сыр  –  Дарьинской  области»  деген  кестесінде 
келтірілген. (Источник: Обзор Сыр – Дариньской области за 1896 
–  1914г.г  Ташкент.  1914г.  162  –  164с).  Онда;  Оренбург,  тӛменгі 
Поволжье, Оңтүстік Россия, солтүстік россия, Харковь, Воронеж, 
Курск,  Самара  т.с.с.  губернияларынан  Әулие  ата,  Шымкент 
уездері бойынша келіп қоныстанған орыс переселендерінің саны 
туралы  нақты  мәліметтер  келтірілген.  Мысалы:  1894  жылы  бір 
ғана  Әулие  ата  уезіне  1128  адам  қоныс  аударса,  1910  жылы 
олардың саны 12938 - ге ӛскенін кӛрсеткен. 
Орыс  переселендерінің  1906  –  шы  жылқы  жылының 
кӛктемінде  Жуалы  ауданының  Қошқарата,  Талдыбұлақ,  Алмалы 
аймағына  келуі  туралы  Е.Тұрысбеков:  «Темірлан  жағынан 
шыққан  бірер ояз шенеуніктері келіп, осында Сиқымның атақты 
Рысбек  батырының  немересі  Тӛребек  датқаның  баласы  Шерім 
болыспен  кездесіп,  патша  ағзамның  жарлығымен  ішкі  Ресейден 
келе жатқан переселен кӛштері осында  «Загорная» деп аталатын 
аймаққа, екі Бӛген, Алмалы, Қошқарата, Талдыбұлақ ӛзендерінің 
бойына  қоныстана  бастайтынын  жария  етіп  кеткен  –  ді. 

207 
 
Мелкенбурцев  пен  Бекжанов  бастап,  арнайы  сапармен  шыққан 
уездік  жерге  орналастыру  бюросының  ӛкілдері  келді... 
Мелкенбурцев  «Карта»  дейтін  туырлықтай  қағазын  жайып 
сӛйлей берген.  
-  Бұл  переселен  мәселесі  талқылауға  жатпайтын,  ұлы 
мәртебелі  патша  ағзамның  айрықша  жарлығымен  және  сол 
жарлықтың  негізінде  биік  мәртебелі  жер  министрі  Столыпиннің 
жоспарымен  белгіленген  мемлекеттік  іс.  Мынау  осында 
орнайтын  жаңа  селение.  Оған  бұл  атраптың  топографиясын 
жасаған  жер  инженері  Леонтевтің  есімі  берілген.  Значит, 
келешектегі  Леонтьевке,  мына  Алмалинка  ӛзенінің  сағасында 
Черняев  полкінің  ержүрек  офицері  Орлов  атындағы  селение 
орнайды, ал енді мынау Малая Бугунька, жаңа селение танысып 
қойыңыздар,  губерния  жандармының  офицері  есаул  Китаев 
Григорий Степановичтің атында – Китаевка... 
Солай,  бұл  ӛлке  ұмытпайтын  жылқы  жылы  мамыр  айының 
орта  тұсында  Қаратаудың  Шыбықбел,  Қосағаш  –  Шоқан 
асуларын  асып  ағылған  переселен  кӛштері  күнді  –  күнге  жалғап 
жатты.  Қосарлап,  үштеп  ат  жеккен,  парлап  қызыл  қасқа,  кӛк 
қасқа  ӛгіздерін  жеккен  арбалы  кӛштер  иттерін  ілестіріп, 
шошқаларын  шыңғыртып,  құстарын  қиқулатып  жаз  ӛтіп,  сары 
күз  сарқылғанша  толассыз  ағылды»  -  делінген.  (Е.Тұрысов. 
Бәйдібек Алматы, Нұрлы әлем 1998, 52 – 55 б). 
Екінші 
кезеңде 
ӛлкемізде 
революциялық 
рухтағы 
дүниетанымды  білдіретін    социалистік  негіздегі  қоғамның  саяси 
талаптарына  сай  жүргізілген  жаңа  топонимиялық  атаулар  пайда 
болды.  Олар:  Қызыл  Жұлдыз,  Орақ  балға,  Бірлік,  Красный 
пахарь,  Ынтымақ,  Талапты,  Жаңа  талап,  Кеңес,  Қайрат,  Дихан 
т.с.с.  толып  жатқан  атаулар.  Елдімекендеріміз  бен  кӛше 
атауларында 
Кеңестік 
қоғам 
қайраткерлері 
мен 
ӛнер 
саңлақтарының  есімдері  күштеп  таңылды.  Ол  атаулар  тізбегіне 
ауданымыздағы:  К.Маркс,  Ленин,  Сталин,  Молотов,  Чапаев, 
Толстой,  Ордженекидзе,  Герцен,  Октябрьский,  Большевик, 
М.Горький, Чкалов сияқты атаулар куә болады. 
1990  жылдары  қоғамымызда  болған  әлеуметтік  –  саяси 
ӛзгерістердің  әсерінен  Жуалы  жерінің  жер  –  су  және  елдімекен 

208 
 
атаулары тарихи атауларына қайта ие болды. Ол туралы жазушы 
М.Ахметовтың Жуалы кітабынан толық мағлұмат алуға болады. 
Қазіргі  жаңа  ұрпақтың  санасына  Қошқарата,  Ақтасты, 
Рысбек  батыр,  Кӛлтоған,  Күреңбел,  Қарасаз,  Шақпақата, 
Кӛктӛбе,  Тасбастау,  Шыңбұлақ,  Кӛлбастау  т.с.с.  атаулар  қайта 
қалыптаса бастады. 
1990  жылдарға  дейін  Жуалы  ауданындағы  елдімекендердің 
90%  -  дан  астамы  Ресейден  алып  келген  орыс  кулактары  мен 
мұжықтарының,  онан  кейінгі  кезеңде  социалистік  негіздегі 
атаулар еді. 
Сол  кездегі  ауылдық  кеңестердің  атауларына  тоқталатын 
болсақ  олардың  ішінде  бірде  –  бір  қазақша  атау  жоқ  екендігіне 
кӛз жеткіземіз. Олар: Бурный, Большевик, Бурно – Октябрьский, 
Евгеньевка,  Кременевка,  Казанка,  Петровка,  Луначарка, 
Самсоновка селолық советтері еді. Ал шаруашылықтың атаулары 
да  100%  -  орысша  атаулардан  құралатын:  Бурненский, 
Октябрьский,  К.Маркс  атындағы  совхоздары  мен  Большевик, 
Ленин атындағы, М.Горький атындағы, Чапаев атындағы, Путь и 
коммунизму, ХХІІ партсъезд атындағы колхоздар. 
Қазіргі  кезде  Жуалы  ауданында  15  әкімшілік  –  аумаққа 
бӛлінген  барлығы  52  елдімекен  бар.  Енді  осыған  тоқталайық: 
(Мұндағы  жақшаның  ішіндегі  елдімекендер  олардың  бұрынғы 
атаулары) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет