Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата22.12.2016
өлшемі2,09 Mb.
#135
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 
Ормансай  
Күреңбел  ауылдық  округіне  қарасты  Қаратас  елдімекенінің 
солтүстік  –  батыс  жағында  орналасқан  шағын  тоғайлы  сай 
«Ормансай»  -  деп  аталады.  Ол    жер    Қаратас  елдімекенінен  1,5 
шақырым жерде Теріс ӛзенінің батыс жағасында орналасқан. Жер 

182 
 
атауының  Ормансай  аталуына  сайдағы  ӛсіп  тұрған  шағын  тоғай 
себеп  болған.  Онда  жеміс  ағаштары  емес  негізінен  қаратал, 
сәмбітал, қарағаш, терек сияқты талдар ӛседі. 
Жергілікті  жердің  адамдары  Теріс  ӛзенінің  жағасында  осы 
сайдағы  ӛскен  тоғайды  орманға  балағандықтан  жер  атау 
«Ормансай» - болып аталып кеткен. 
 
Ӛгізарал 
Жуалы  ауданының  солтүстігіндегі  Оңтүстік  Қазақстанның 
Шаян ауданымен шектесер жерінде Ӛгізарал аталатын жер бар. 
Ӛгізарал  туралы  сұрастырғанымызбен  біз  ешқандай  дерек 
таба алмадық. Сол жерге жақын жердегі Қошқаратада туып ӛскен 
ақын  Бауыржан  Үсенов  «Ӛгізарал»  атты  ӛлеңінде  былай 
жырлайды: 
                            Бір жер бар Кӛсегеде Ӛгізарал, 
                            Егіз шың кӛкке ағылған – егіз анар. 
                            Ортасы жасыл ойпат, аты қызық, 
                            Дерек жоқ ақиқатқа негіз алар. 
 
                            Шоламын биігінен айналамды, 
                            Бұл атты атам қазақ қайдан алды. 
                            Қай кезде, қандай адам, не себептен? 
                            Ӛгізге арал қосып пайдаланды... 
  Жердің  Ӛгізарал  -  аталуы  туралы  Е.Қойшыбаев  пікірінше, 
«Кӛне  түркі  тайпалары  тілінде  үгіз  («ӛзен  су»)  және  арал 
сӛздерінен  қалыптасқан  атау;  «сулы  арал»  мәнінде.  ( 
Қазақстанның жер – су аттары сӛздігі. Алматы: Мектеп, 1985 199 
бет).  
  Демек      «Ӛгізарал»      -      атауы        сол     жердегі      ӛзен      мен  
оның  тӛңірегіндегі  тӛбелерге  байланысты  ӛте  ертеде  қойылған 
атау.     
  
Рысбек тӛбе  
Жамбыл 
ауданының 
бұрынғы 
«Қызыл 
Октябрь» 
колхозының  маңында,  Жуалы  ауданына    жақын  жерде  Рысбек 
тӛбе  аталатын  жер  бар.  Бұл  жердің  неге  бұлай  аталғанына  біз 

183 
 
жауапты  -  Сиқым  Рысбек  батыр  кітабынан  таптық.  (авторы 
Б.Әбілдаұлы).  Оның  «Батыр  мұраты»  аталатын  бӛлімінде  былай 
баяндаған.  
«Рысбек  батыр  1824  жылы  Жамбыл  ауданы  «Қызыл 
Октябрь» колхозына қарасты шайхана маңында кӛз жұмған. Осы 
арада  Рысбек,  Тұрыс  тӛбелер  бар.  Ӛлер  алдында  Рысбек 
балаларын  жинап,  бақұлдасады.  Сегіз  ұлының  жетіншісі   
Тӛребекке: 
-  Атам  Қарабатыр,  әкем  Шінет  жатқан  Манкенттегі  Сиқым 
зиратына  қойыңдар  -  дейді  ӛсиетін  айтып.  Қайтыс  болған  соң 
Рысбекті  осы  тӛбе  басында  жауыпты.  Сол  жер  Рысбек  тӛбесі 
аталған. (76-77 беттер). 
Рысбек тӛбенің аталу тарихы міне осындай. 
 
Садырқамал 
Боралдай  ӛзенінің  Үшашы  атты  қосылысының  жанында 
«Садыр  мүрде»,  «Садыр  сай»,  «Садыр  қамалған»  атты  жерлер 
бар.  Оны  бүгінде  «Садырқамал»  -  деп  атайды.  Бұл  жерлердің 
бұлай аталу себебін әсіресе кейінгі ұрпақ біле бермейді. 
Бұл  Садырқамал  да  «Ақтабан»  жылдарындағы  сұрапыл 
дәуірде қызыл қырғыннан қалған белгі. 
Садырқамал  туралы  Ілияс  Есенберлин  «Кӛшпенділер 
триологиясында 
біршама 
деректер 
келтіреді: 
«Найман 
тайпасының  бір  тармағы  Садыр  руы  Ақтабан  шұбырандыдан 
бұрын  Талас  пен  Арыс  ӛзендерінің    арасында  кӛшіп  жүретін. 
Бұрындай  ӛзенінің  бойында  «Садыр  мүрде»  деп  аталған  жер  – 
бұл  рудың  аталары  қойылған  зират  еді.  Ақтабан  шұбырандыда 
қалмақ  қолынан  тоғыз  баласымен  Жомарт  ӛледі.  Қырық  мың 
үйдің  он  бес  мың  шаңырағы  шұбырап  Әндижан  жеріне  ӛтіп 
кетеді». (Кӛшпенділер. Алматы: Жазушы, 1987, 418 б).  
Жазушы С.Сматаев, Жомарт батыр мен оның тоғыз ұлының 
туған      жер    үшін  жанқиярлықпен  шайқасып  мерт  болғаны 
хақында  шынайы  да  кӛркем  етіп  «Елім  -  ай»  романында 
баяндайды. 
 
М.Тынышбаевтың  пікірінше,  «Между  обоими  тура  в 
местности  Терекы  впадает  ручеек  называемый  ныне  «Садыр  – 

184 
 
қамалган  -  булак»  т.е.  ручеек,  у  которого  застряли,  т.е.  были 
окружены  и  перебиты  Садыра  в  1723  г.  здесь  раз  и  зимовал 
Джомарт  батыр  со  своими  9  сыновьями»  -  делінген.
 
(История 
казахского народа. Алма-Ата,1993, 188 стр).  
Сол  қырғын  соғыстан  25  күндік  Тасболат  есімді  жалғыз 
нәресте  ғана  тірі  қалып  одан  бір  қауым  ел  ӛсіп  ӛнгенін  М. 
Тынышбаев:  «От  этого  25  –  дневного  мальчика  –  Тасбулата  в  5 
колоне происходит автор»  - деп ӛзінің ата тегінің шығуына дейін 
баяндайды. 
Қысқасы,  бұл  «Садыр  мүрде»,  «Садыр  сай»,  «Садыр 
қамалған»  -  атты  атаулардың  барлығы  да  Садыр  руына 
байланысты туындаған. 
  
Сарықайқаң 
Теріс  ӛзенінің  шығыс  жағындағы  Еңкеден  ары  асқандағы 
жазық  күнгей  беткей.  Сарықайқаң  беткейінің  шӛбі  басқа 
ӛңірлерге қарағанда ерте сарғаяды. Сондықтан да бұл жерге егін 
егілмейді.  
Бұл жердің  «Сарықайқаң»  - аталуына екі түрлі болжам бар. 
Біріншісі  жазық  күнгей  беткейдің  сап  –  сары  болып 
жататындығына  байланысты  сары,  қайқы  бел  деген  мағынаны 
береді.  Халық  этимологиясының  «сары»  сӛзінің  түсінігін  жер 
бетінің  жаздың  ыстық  сарша  тамызынан  соң  қуаң  тартып 
сарғайған түсіне балайды.  
Егер  де  біз  «сары»  сӛзін  түстік  бір  объектінің  сарылығы 
үшін қолдансақ бұл жұтаң ұғым болар еді. Мысалы:  
                           Сары қарды теуіп жайылған, 
                           Сары аязда жусаған, 
                           Сары арқаны қыстаған. 
                           Жылқының  жайы  болмас  па?  –  деп  келетін  ӛлең 
жолдарындағы 
тіркестерде 
«сары» 
сӛзі 
алуан 
түрде 
қолданылатындығын  кӛреміз.  Мұндағы  атауларға  зер  салсақ 
бұлардың  қай  –  қайсысының  да  сары  түспен  байланысы  жоқ. 
Демек сары сӛзі түсті емес «кең байтақ» деген ұғымды береді. 
  Қорыта келе айтарымыз,  «Сарықайқаң»  - атауы «кең байтақ 
қайқы беткей» деген ұғымды білдіреді.           

185 
 
Сарытас 
Жуалы 
ауданының 
солтүстік 
шығысындағы 
Кіші 
Қаратаудың шығысқа қараған шатқалдары мен аңғар асулары ӛте 
кӛп.  Соның  бірі  Қарабастау  елдімекенінің  батыс  тұсындағы 
«Сарытас» - аталатын жер. 
Сарытастың  жоғарғы  жағындағы  шатқал  малға  ӛте  жайлы, 
онда  жабайы  жеміс  –  жидек  те  кӛп  ӛседі.  Бұл  жерді  ежелден 
Шымыр  руының  Құттық  аталатын  ұрпағы  мекендеген.  Қазан 
тӛңкерісіне  дейін  бұл  жерде  жазда  Құттықтың,  Баяанның 
байлары үйір – үйір жылқы ұстап, қысқа қарай Билікӛл жағасына 
айдап жіберіп отырған. 
Енді бұл жердің «Сарытас» - аталатындығына келетін болсақ 
ол  осындағы  шӛккен  түйедей  болып  шашылып  жатқан  сары 
тастарға байланысты қойылған атау. 
 
 Саясу 
 Билікӛл  ӛңірінен  үстірттегі  Жуалыға  қарай  кӛліксіз  атпен 
асатын  асулардың  бірі  «Саясу»  -  аталады.  Бұл  шатқалдың 
табиғаты мен ӛсімдіктер дүниесі басқа шатқалдар сияқты кӛркем.  
Бұл  шатқал  Бәйел  Мұстафа  және  Саян  сынды  атақты 
байлардың  жайлауы  мекені  болған.  Сондықтан  да  шатқалдың 
және асудың аты Саяның асуы деп аталған. Саяның асуы айтыла 
келе Саясу болып қалыптасып кеткен. 
Саясу асуының орналасқан жері қазіргі Кӛлтоған ауылымен 
тұспа  –  тұс  келеді.  «Саясу»  -  атауы  адам  атынан  тұратын 
антропонимдік атау. 
  
Сеңгір 
Боралдай тауының солтүстік батысындағы биік құз «Сеңгір» 
-  аталады.  Кӛкке  шаншыла  бой  кӛтерген  құзда  бүркіттер  ұя 
салады, табиғаты ӛте кӛркем. 
Балалық  шағын  осы  ӛңірде  ӛткізген  жазушы  Еркінбек 
Тұрысов  Сеңгідің  келбеті  туралы  жазбасында:  «Қараштың 
биігінен,  алыста  Сеңгірдің  күрең  қаздарына  ұласып,  кӛгілдір 
мұнар  құшқан  Боралдайдың  келбетіне  қарап  тұрдық.  Неткен 
сұлу, неткен кӛркем дүние еді бұл. Сол сұлулыққа тұнған сырлы 

186 
 
дүниенің нақ ортасында, кӛк торғынға оранған тау шатқалын қақ 
жарып,  тулап  ағып  жатқан  асау  ӛзеннің  арнасынан  аспан  кӛгіне 
шаншыла бой кӛтеріп келісті – кербез Нұржау тұр» - делінген. (Е. 
Тұрысов. Нұржаудың нұрлы түндері. Алматы: Нұрлы әлем, 1998, 
183 бет). 
Сеңгір  атауы  -  ӛте  кӛне  термин.  Бұрын  Тұраны  қазақтар 
«Сеңгір» - деп атапты.  
М.Қашғари  сӛздіктерінде,  Кеншек  –  Сенгир  т.б.  түрлерінде 
кездеседі.  Кӛне  түркі  тілінде  сеңңир  –  «шошақ»  деген  мәнді 
береді.  Сондықтан  біз  «Сеңгір»  -  атауы  «құз  жартас»,  «шошақ 
тау» сӛздерінен шыққан деген тоқтамға келеміз.  
  
Сулысай 
«Сулысай»  –  Жуалы  ауданындағы  Құлан  тауының  күнгей 
жағындағы екі жотаның ортасындағы сай атауы. Орналасқан жері 
Ынтымақ елдімекенінің батыс тұсында. 
Сулысайдың  айналасындағы  тау  жоталарынан  бірнеше 
бұлақтар басталып, батысқа қарай ағады. Сондықтан  да бұл жер 
кӛк майсалы, сулы болып жатады.  
Қазақ  тілінің  сулы  мәніндегі  сӛзі  кейбір  түркі  тілдерінде 
сұлу  түрінде  айтылатындары  да  бар,  бірақ  бұл  атау  орналасу 
жағынан «суы бар сай» деген географиялық атауға келеді. 
Қорытып айтқанда, жер атауы «сулы» және «сай» сӛздерінен 
қалыптасқан гидронимдік атау.  
 
Сұрым 
Жуалы  ауданының  Күркіреусу  мен  Қазбастау  темір  жол 
айырмалары  аралығындағы  темір  жол  станциясы.  Ол  аудан 
орталығы  Б.Момышұлы  елдімекенінен  шығысқа  қарай  жиырма 
шақырым жерде, Түркісіб темір жолының бойында орналасқан.  
Бұл  жердің  атауы  1930  жылдарда  темір  жол  айырмасын 
белгілегенде  сол  маңда  тұратын  Шаңышқылы  руының  Сұрым 
атасының (Сұрым Шаңышқылы) атынан қойылған. 
Сұрым станциясы арқылы сол маңдағы тұрғындарға поезбен 
тауарлар әкелінеді және сол жердің ауыл шаруашылығы ӛнімдері 
сыртқа шығарылады. 

187 
 
Сүңгі 
Жуалы  ауданының  солтүстік  батыс  жағында,  Қошқарата 
аймағындағы 
Боралдай 
тауының 
қатар 
жатқан 
терең 
шатқалдарын  жұрт  «Үш  Сүңгі»  деп  атайды.  Таратып  айтқанда; 
бас Сүңгі, орта Сүңгі және кіші Сүңгі. («кіші Сүңгіні бала Сүңгі 
деп те атайды. «бала» сӛзі «кіші» деген мағынаны береді).  
 Сүңгі  жерінің  табиғаты  ӛте  кӛркем;  белуардан  келетін 
қалың жыныс – жықпылды, кӛк торғынға оранған, жан аяғы мен 
мал аяғы тие бермейтін сұлу ӛлке. 
Бұл жердің «Сүңгі» - аталуына тоқталатын болсақ ол моңғол 
сӛзінен  пайда  болғандығына  кӛз  жеткіземіз.  А.Әбдірахманов: 
«Бұл атау моңғолдың «сүмбер» сӛзімен байланысты «биік тау» - 
дегенді  білдіруі  мүмкін.  Түркі  тілінде  сӛз  аяғындағы  «р»  - 
дыбысы  түсіп  қалуы  ықтимал.  Ӛйткені  р,  л,  н  дыбыстары  түркі 
тілдерінде  тұрақсыз  екені  белгілі»  -  деп  кӛрсетеді.  (А. 
Абдрахманов.  Топонимика  и  этимология.  Алма  –  Ата:  Наука, 
1975, 158 стр). 
Біздің  ойымызша,  бұл  атау  «таудың  бір  сүңгісі»  -мәніндегі 
ӛзгеріске  ұшыраған  Сүмбе  сӛзі.  «Сүмбе»  -  сӛзі  айтыла  келе 
жергілікті  елдің  аузында  «Сүңгі»  -  болып  қалыптасып  кеткен 
деген болжам жасаймыз.    
 
 Талдыбұлақ  
 Боралдай 
тауының 
етегінен 
басталып 
Қошқаратаға 
қосылатын  бұлақ  «Талдыбұлақ»  -  аталады.  Бұлақтың  әсіресе 
басталар  жері  мен  тӛменгі  екі  жағасын  қалың  тал  тоғай 
кӛмкерген, тіпті жабайы алма да ӛседі.  
Ӛзінің  балалығы  ӛткен  Талдыбұлақтың  кӛркем  табиғаты 
туралы  Е.Тұрысов  «Нұржаудың  нұрлы  түндері»  атты  повесінде 
тамылжыта  суреттеген:  «Бергі  беті  қоңыр  адырлы  Марқаның 
қырат  –  қырқалары  арғы  жағы  алыста  мұнарланған  Боралдай 
тауына      ұласатын      ұзын        бұлақ  –  Ордалының    жӛн  – 
жоталарыарасында  тар  аңғарда  тулап  ағатын  жіңішке  тау  ӛзені 
Талдыбұлақтың бойында шашырай   қоныс   тепкен   туған  ауыл   
бала      кӛңілге    ұжымақтай  кӛрінетін.  Ұзын  бұлақтың  ұзын 
жотасын бойлай созылған жалғыз аяқ сүрлеудің қос қапталы, қыр 

188 
 
–  қырлар  тұтас  орала  біткен  кӛк  шалғынға  тұнып  қалған. 
Талдының  тоғайына  түскесін  Бесшоқыдан  Кеңбұлаққа  ӛтетін 
қара  жол  бойындағы  қойнаудан  біздің  үйдің  қарасы  да  кӛрінді» 
(175бет). 
Талдыбұлақта  1955  жылға  дейін  жеті  жылдық  мектеп 
болған.  
Бұл  жердің  «Талдыбұлақ»  -  аталуына  оның  тамаша 
табиғаты,  қалың  тал  –  тоғайдың  мол  болып  ӛсуі  арқау  болған. 
Қысқасы,  бұл  атау  «талды»  және  «бұлақ»  деген  екі  сӛзден 
құралған гидроним. 
  
Тасбастау 
Құлан  тауының  шығыс  жағынан  басталып  Теріс  ӛзеніне 
құятын  бастау  «Тасбастау»  -  аталады.  Сол  бастаудың  тӛменгі 
жағындағы елдімекен де «Тасбастау» - ауылы деп аталады. 
Бұлақтың  Тасбастау  аталуы  тау  етегіндегі  тастардың 
арасынан арындап шығып жататындығына байланысты. 
Кӛпті  кӛрген  қария  Әшен  Айманбетұлының  айтуынша, 
бұрын  бұл  бастаудың  суы  мол  және  арыны  қатты,  кӛлденең 
келген ат белін майыстыруға дейін жететін - деп баяндайды. 
Бұлақтың және елдімекеннің «Тасбастау» - аталуы тас және 
бастау компоненттерінен құралған атау.   
 
Теке қамал 
Тура мағынасында «Теке қамалған» - деп аталатын жер Ақсу 
–  Жабағылы  қорығының  Жуалы  аймағына  қарайтын  бӛлігінің 
солтүстік  жағында  Тәттібай  ауылының  үстіңгі  жағында  12 
шақырымдай  жоғарғы  тұсында  орналасқан  үлкен  аңғар.  Сол 
аңғардың  құзар  басына  таман  бір  –  бірімен  сүзісердей  едірейген 
екі  жақпар  жартас  бар.  Осы  жартастардың  астыңғы  жағында 
үлкен  –  үлкен  үңгірлер  болған  екен  де,  онда  тау  текелер  мекен 
етіпті. Бүгінде сол үңгірлерді тас басып құлап бекітіліп қалған да, 
бір кезде Құлан тауынан асып жосып жүретін жануарлар мекенін 
тастап Жабағылы асып кеткен. 
Ескіліктегі  тау  –  тасты  кезіп  аң  аулаған  аңшылардың 
айтуына қарағанда: «Теке қамалдың құзар басындағы жартастың 

189 
 
желкесіне  шығып  талай  құлжаны,  текені  аңғарға  қамап  шиті 
мылтықпен  атып  алатынбыз,  үңгірлерде  жануарлардың  қиы 
шашылып жататын» - деп әңгімелейді. 
Соған  байланысты  аңғардың  аты  «Теке  қамалған»  -  аталып 
кеткен. 
  
Теріс ӛзені 
  Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік – шығыс баурайынан 
алып  оңтүстік  –  шығысқа  қарай  бұрыла  ағатын  ӛзен.  Жалпы 
ұзындығы 52 шақырым құрап  Терісащыбұлақ бӛгеніне құяды. 
 
Теріс  ӛзені  туралы  алғашқы  деректер  Араб    жиһангері 
Убейдаллах  ибн  Хордадбектің  846  жылы,  Х  ғасырдың  басында 
Мыңбұлақ  ӛлкесінде  болған  Кудама  ибн  Жафар  жазған 
күнделіктерінде кездеседі: «Мыңбұлақта мыңдаған бұлақтар ағып 
шығады  да  қосылып  бір  ӛзен  құрайды.  Ӛзен    шығысқа  қарай 
ағады, сондықтан оның аты Баркуаб; бұл сӛздің аудармасы (кері 
бағытта  ағытын  ӛзен)  Теріс.  Баркуабтың  (Теріс  ӛзені)  екі 
жағасындағы  тұтасқан  орман  –  тоғайлары  мен  қалың  құрақты 
шалшықтарынан  қырғауылдарды  аулайды»  -
 
  деген.  (  Kitab  al-
Kharadj. Ed.M.J. de Goeje. Lugduni Batvorum. 1889, 262 c). 
 Теріс ӛзенінің оң жағасында «Баркуаб» - атты орта ғасырлық 
Жібек жолының бойындағы қалажұрттары болған Бұл жер Тараз 
Жамбыл  облысының  энциклопелиясында 
шартты  түрде 
«Бурнооктябрь І, ІІ, ІІІ қала жұрттары»
 
(311 бет) деп берілген. 
 
Теспе 
Жуалы  ауданының  Шыңбұлақ  елдімекенінің  шығыс 
жағындағы Үлкен Қоңыртӛбе аталатын жердің жанындағы терең 
сай «Теспе» - деп аталады.  
Теспенің  орналасқан  жері  Билікӛл  аймағындағы  Саясу 
асуымен тұспа – тұс. Теспенің терең сайынан бұлақ ағып шығып 
Шыңбұлаққа  барып  қосылады.  Бұл  бұлақ  сай  табанындағы 
жынысты тіліп (жылыстап тесіп) ӛтеді. Теспенің сайында    түрлі     
бұталар     мен     жабайы     бүлдірген    кӛп ӛседі. Теспе аталатын 
сайдың ұзындығы 6,5 – 7 шақырымды құрайды, ал тереңдігі 35 – 
40 метрдің шамасында болады.  

190 
 
 
Сайдың    екі    қапталы    ӛте  тік    болып    келеді,    сондықтан  
сайға  түскен  адамның  одан  қайтып  шығуы  ӛте  қиын.  Сай 
тереңдігі  кӛрген  адамға    тіліп  ӛткендей,  (тесіп  ӛткендей)  әсер 
қалдырады.  Сол  себептен  бұл  терең  сайдың  атауы  «Теспе»  -
болып аталған. 
 
 Тесіктас 
 Біздің ата - бабамыз жер - суға, ауылға атау беруде ол жердің 
табиғи –географиялық ерекшеліктерін бет - бедерін әр кезде еске 
алып отырған. Сондай атаудың бірі «Тесіктас» -аталады. Бұл атау 
тура  ауылдың  жанындағы  үлкен  жал  таста  табиғаттың  әсерінен 
болған  адам  сиып  кетердей  тесік  бар.  Осы  тастағы  тесікке 
байланысты ауыл «Тесіктас» - аталады. 
 
 Тобшақты 
 «Тобшақты»  -  алқап  атауы.  Талас  Алатауының  үлкен 
шатқалынан  басталатын  ол  жер  Тәттібай  ауылының  шығыс 
жағында жатыр. Тобшақты алқабының («жайлау» деп те аталады) 
жоғарғы оңтүстік жағы Ақсу – Жабағылы қорығымен шектеседі. 
 Тобшақтының әсіресе жоғарғы шатқал жағында ну жынысты 
тобылғы  ӛседі.  Осы  екі  таудың  арасындағы  қалың  тобылғылы 
шатқалы  алыстан  жасыл  тоғай  сияқты  болып  кӛрінеді.  Бұл 
жердегі  тобылғы  жынысының  қалыңдығы  сонша,  ұжымдастыру 
кезінде  осы  жерді  паналағандарға  суық  ӛткізбейтін  жылы  пана 
болғандығы айтылады. 
 Ақсу  –  Жабағылы  қорығының  шығыс  жағындағы  тау 
қарауылы  осы  Тобшақты  шатқалының  аузында  тұрады.  Бұл  маң 
аң  –  құсқа  ӛте  бай.  Қамшыға  тобылғы  іздегендер  осы 
Тобышақтыға келеді. 
 Бұл  алқаптың  Тобшақты  аталуы  біздің  ойымызша  осы 
тобылғыға  байланысты.  Алқаптың  етек  жағында  тобылғы  әр 
жерде  топ  –  топ  болып  ӛседі.  Былайынша  «шоқ  –  шоқ  болып 
тобылғы ӛскен жер» - деген сӛзден тобшақты аталған. Қысқартып 
айтқанда,  тобылғы  шоғы  сӛзінен  «Тобшақты»    -атауы 
қалыптасқан.      
 

191 
 
Тоғызтарау  
Жуалы  ауданының  Билікӛл  аумағындағы  елдімекен  осылай 
«Тоғызтарау»  -  аталады.  Бұл  елдімекен  Билікӛлдің  шығыс 
жағынан  орын  тепкен.  Аса  ӛзенінің  Билікӛлге  құятын  аймағы 
тарамданып  кӛп  салаларға  бӛлініп  кетеді.  Сол  сияқты  ол  маңда 
Аса жақтан, Жуалының үстіртінен құмға қарай апаратын тарау – 
тарау  жолдар  түскен,  сондықтан  бұл  аймақ  «Тоғызтарау»  - 
аталып  кеткен.  Тоғызтарау  жері  Керімбай  Бұралқыұлының  ата 
қонысы болған. Сол жерде оның күмбезі бар. 
 
 Торлан және Қараш асулары  
 Жуалы  ауданының  батыс  жағындағы  Шаянмен  шекаралас 
Қаратаудың теріскей бетінде «Торлан» - аталатын биік асу бар. 
Бұл асу бала Торлан (кіші Торлан мағынасында) және үлкен 
Торлан деп екіге бӛлінеді.  
Жоңғар шапқыншылығынан туған ӛлкені қорғауда осы Бала 
Торлан, Үлкен Торлан, Біресек, Қараш, Шоқытас және Қанымжан 
асуларында қазақ жасақтары тастан  қамал жасап жауға  күйрете 
соққы  берген.  Осы  тарихи  деректер  Сәуірбек  Бақбергеновтың 
«Қазығұрттың  басында  кеме  қалған»  -  кітабында  жан  –  жақты 
суреттелген.  Бұл  атаулардың  бірқатары  Оңтүстік  Қазақстан 
облысының жерінде болғанымен оқиғасы ортақ.  
«Жау Түркістан жаққа ӛтуге күш жинайды. Қанымжан деген 
әйел  бастап  Шоқытас  пен  Бала  Торлан  асуының  екі  ортасынан  
тас    қамал    жасауға  кіріседі.    Садақ  оғы  жетпейтін,  бүркіт  ұя 
салатын  қия  жартастарға  орналасқан  қамалдарға  жете  алмай, 
қатты   тосқауылға кездеседі.  Жоғарыдан  құлаған,  лақтырған, 
домалаған  тастардан,  алаулаған  оттан,  садақ  оғынан  жау  кӛп 
шығынға  ұшырайды.  Ақыры  жау  Торлан  Қараш  асуларынан  ӛте 
алмайды».  (Мәтін  қысқартылып  алынды)  (С.Бақбергенов 
Қазығұрттың басында кеме қалған. Алматы: Жалын, 1984, 52 – 53 
беттер). 
Сол  күндердің  белгісі  және  құрметі  ретінде  Қаратауда  осы 
күнге  дейін  «Қатынқамал»,  (әйелдер  соққан  қамал  дегенді 
білдіреді) «Қанымсай» - деген жерлер бар. Ал боздақтар құрбан 
болған шеңгел тӛбе «Қанжуған» - аталады.  

192 
 
Ал енді Торлан асуының аталу тарихына тоқталатын болсақ, 
«Атауға  оғыз  қыпшақтарының  торо  немесе  торғо  сӛзі  негіз 
болған, қазақ   тілінде   тору   сӛзіне   мәндес  атау.   Күзет  асу  
мағынасын  білдіреді»  -  деп  түсініктеме  береді  Еркебай 
Қойшыбаев.  (Қазақстанның  жер  –  су  аттары  сӛздігі  Алматы: 
Мектеп,  1985,  223  бет).  Қараш  сӛзінің  шығуына  байланысты 
ұғым  да  Торлан  асуының  этимлогиясына  ұқсас.  «Қараш»  -  сӛзі 
қарашы  деген  сӛзден  шыққан  деп  жорамалдаймыз.  (қарауыл 
сӛзімен мағыналас) Қариялардың айтуынша үлкен асуларда, биік 
тӛбелерге  қарауылдар  (қарашылар)  тұрған.  «Олар  қара  ат  мініп 
тұрса «жау  келеді!» деген  белгі, ал ақ мініп тұрса  «бейбітшілік» 
деген белгі болатын» - деп айтады. 
Жоғарыдағы  тарихи  деректер  де,  атаудың  шығуына  негіз 
болған сӛздің тӛркіні де жоңғар шапқыншылығымен байланысты 
екендігін айқындап тұр. Жауды торуға немесе күзетуге қойылған 
асу екендігін кӛрсетеді. 
 
Тышқансай 
«Тышқансай»  -  аталатын  жер  Ақсай  аталатын  ӛзеннің 
шығыс,  Қараүңгірдің  үстіңгі  жағында.  Алатаудың  етегіндегі 
терең  шатқалдарда  әсіресе  осы  Тышқансайда  дала  суыры 
аталатын тышқандар кӛп мекендейді.  
Бұрынырақта бұл тышқандарды аулап терісінен тымақ, түрлі 
жылы киімдер тіккен. 
Бұл  жердің  Тышқансай  аталуына  осы  сай  аңғарында 
мекендейтін  тышқандардың  кӛптігі  себеп  болған,  яғни 
«тышқанды сай» сӛзінен ды жалғауы түсіп қалып, «Тышқансай» - 
атауын құрап тұрған ороним. 
 
Түркісіб 
«Түркісіб»  -  аталатын  жер  қазіргі  Жетітӛбе  ауылдық 
округіне  қарасты  Кәріқорған  ауылының  оңтүстік  батысында  6,5 
шақырым  жерде,  Құлан  тауының  шығыс  жақ  етегінде 
орналасқан.  Ол  жерде  1960  жылдары  аумағы  6  –  7  гектарды 
құрайтын үлкен алма бағы егілген. (Ол алма бағы қазір де бар). 

193 
 
Социалистік  кезеңнің  1965  –  1975  жылдары  аралығында 
Түркісібте 
Жуалы 
ауданының 
ауылшаруашылығы 
қызметкерлерінің  күні,  қойшылар  слеті  сияқты  мәдени  іс  – 
шаралар  осы  табиғаты  кӛркем  тау  етегіндегі  бақта  ӛткізіліп 
тұратын. 
Осы  Түркісіб  аталатын  жерде  1928  жылы  ұжымдастыру 
кезінде  шағын  артель  ұйымдастырылған.  Ол  кез  Түркісіб  темір 
жолының  Жуалы  аймағының  Бауыржан  Момышұлы  (Бурное) 
елдімекенінен  шығысқа  қарай  жалғастырылып  салынып  жатқан 
жылдар болатын. «Түркісіб» - сол салынып жатқан Түркісіб темір 
жолының құрметіне қойылған атау. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет