Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінің тарихы



Pdf көрінісі
бет3/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінің тарихы 
Электронды есептеу машиналары 1950 жылдардан бастап білім 
саласында қолданыла бастады. Ғылыми-зерттеу жҧмыстары мен жоғары оқу 
орындарында 
ЭЕМ-мен 
орындалатын 
жҧмыстарға 
байланысты 
программалаумен айналысатын оқушы топтары пайда болды. 1960 жылдары 
Москваның математика пәніне бейімделген мектептерінде программалауға 
мамандандыру бағытында бірқатар жҧмыстар жҥргізілді. Бірақ мамандардың 
жеткіліксіздігі мен есептеуіш техника мҥмкіндігінің аздығы бҧл 
жҧмыстардың кең таралуына кедергі болды. 
1960-1970 жылдары кӛпшілік пайдаланатын ҥшінші буын ЭЕМ-дері 
пайда болғаннан бастап информатиканың сапалы даму кезеңі басталды. Атап 
айтқанда, Новосибирск қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершовтың 
басқаруымен "мектеп информатикасы" мәселелерімен айналысатын 
ғалымдар Г.А.Звенигородский, Ю.А.Первин, т.б. жҧмыс істеді. Оның ішінде 
Г.А.Звенигородский Рапира программалау тілін және Ю.А.Первинмен бірге 
мектеп информатика курсының тҧжырымдамасын жасады. Нәтижеде, 
мектепті компьютерлендіру мәселелеріне арналған мемлекеттік шешімдер 
қабылдауға толық негіз жасалды. 1970 жылдардың соңы мен 1980 
жылдардың басында информатика пәнін оқу процесіне енгізуге байланысты 
жекеленген тәжірибелер Москвада, Санкт-Петербургте,
Новосибирскіде, Прибалтикада жҥргізілді. 
1982 ж. КСРО Министрлігі шешімімен жалпы білім беретін орта 
мектептердің оқу процесіне калькуляторлар енгізілді. 
1984 жылы сәуір айында ӛткен Кеңестер Одағы Коммунистік 
Партиясының (КОКП) "Жалпы білім беретін жӛне кәсіби мектеп 
реформасының негізгі бағыттары" Пленумында "Информатика және 
есептеуіш техника негіздері" пӛнін мектептерге енгізу мерзімін 1985 жылдың 
1-қыркҥйегі деп белгіледі. 
Бҧдан кейін "Программалау - екінші сауаттылық" бағытында 
әдістемелік, дидактикалық, техникалық, әлеуметтік - 
экономикалық, психологиялық, педагогикалық тҧрғыдан 
ҧйымдастыру жҧмыстары жҥргізілді. 1985 жылы "Информатика және
есептеуіш техника негіздері" пәнінің бағдарламасы жасалып, 1985-
1986 жылдары А.Ершов, Ң.Монахов, А.Кузнецов, Я.Гольц, М.Лапчик
секілді ғалым - әдіскерлердің алғашқы информатика оқулығы шықты. 
1985 жылдың 1-қыркҥйегінен бастап, мектептерде жаппай информатика 
негіздерін оқьггу басталып, мектеп мҧғалімдері қысқа мерзімдегі дайындық 
курстарынан ӛте бастады. 
1986-1987 оку жылының басында "Информатика и
образование" журналының бірінші саны шықты. Мектептер ҥшін 



информатика оқулығына байқау жарияланды. Байқау негізінде А.Ершов,
А.Кушниренко, В.Житомирский, В.Каймин, т.б. авторлар ҧжымы
информатикадан алғашқы оқу қҧралдарын дайындады. Қазақстан
Республикасында 1992- жылдың қаңтарынан бастап, "Информатика.
Физика. Математика" журналы, кейіннен бҧл журналдың "Алгорифм", 
"Информатика негіздері" деген атпен қосымшалары баспадан шыға бастады. 
1994 жылы информатика курсы 8-9 сыныптарға кӛшірілді. Қазақстан 
Республикасында 7-11 сыныптар ҥшін Мемлекеттік білім беру стандарты 
жасалды. Информатикадан 7,8,9 сыныптарға арналған байқау оқулықтары 
шықты. 
Казақстан 
Республикасы Президентінің 2030 стратегиялық даму 
бағдарламасына сай мектептер жаңа типті компьютерлермен жабдықталды. 
Информатиканы бастауыш сыныптан бастап оқыту қолға алына бастады. 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері компьютерлік желіге 
қосылып, оны мектептер пайдалана бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет