Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020



Pdf көрінісі
бет8/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
 


12 
 
1.3 Мектептегі информатика курсының мазмҧны мен қҧрылымы. 
 
2. 
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен оның 
элементтерін пән аралық байланыс негізінде оқытуды қарастыру. 
3. 
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың пәнаралық байланысы. 
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, кӛптеген
педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің 
туындауының жандана тҥсуіне мҥмкіндік береді. Информатиканың бҥгінгі 
қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тҧрғыда 
негіздеуге арналған кӛптеген ғылыми зерттеу жҧмыстары жҥргізілуде. 
Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже,
Ю.Первин, 
Е.Коган, 
О.А.Красноперова, 
А.Витухновская 
мен 
А.Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен 
Ж.Қараевтың 
тҧжырымдарымен 
Қ.Әбдиев, 
Ж.Сардарова 
және 
Г.Абдукаримованың 
зерттеу 
жҧмыстары 
бастауыш 
мектептерде
информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда, бҧл зерттелген жҧмыстарда бастауыш мектепте информатика
элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жҥзеге асыру
жӛніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зертелген жоқ. 
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы
тҥсініктері мен ҧғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып 
ҥйренуде пәнаралық байланысты жҥзеге асыру арқылы қажет болатын
біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық
қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі маңызды 
болып отыр.
Мҧндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте информатика
элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жҥзеге асыруды
теориялық, психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет
етеді. Бірақ, бҥгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық баланыс
негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігі мен оны оқу
ҥрдісінде жҥргізуге тиімді оқу-әдістемелік қҧралдардын, оқыту
бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-
қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш мектепте
информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды енгізу
арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай
қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-
педагогикалық алғы шарттарын анықтауға болады? - деген зерттеу
мәселесі туындайды.
Бҥгінгі кҥні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің
тҥрліше байқаулары ӛтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру
белгілі бір әдістерді жҥйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ
сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда ҥлкен маңызды рӛль
атқарады. 


13 
Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту әдістеріне
келер болсақ, тӛмендегі мәселелер туындайды:
- әрбір пәндер бойынша жҥргізілетін оқу материалын оқушылардың
санасына қалай жеткізу керек?
- балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеруі ҥшін, олардың
белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек?
- оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді
болуына қалай кӛмектесу керек?
- ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Дәл бҥгінгі кҥні ғылыми-техникалық ҥрдістің жоғары дәрежеде
дамуы, оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіруді талап етуде.
Оқыту әдістері дегеніміз – бҧл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған
мҧғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттерінің жҥзеге асу
тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу
емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен
сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады. 
Оқыту әдістерінің қҧрылымы - бастауыш мектепте информатика
элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне 
қатысты анықталды. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту қҧралдарының 
алатын орны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі 
техникалық қҧрал – компьютерлік техника болып есептеледі. 
Компьютерлік техниканың дидактикалық мҥмкіндіктерін педагогикалық 
мақсаттарға пайдалану, білім мазмҧнын анықтауда, оқыту әдістері мен 
формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді. Оның оқыту ҥрдісінде 
даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, ӛздік танымдық зерттеу
жҧмыстарын жҥргізуге, зор мҥмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс 
негізінде оқытуды жҥзеге асыру, оқушылардың информатика элементтерін
оқып ҥйрену бойынша алған алғашқы білімдерін, іскерліктері мен 
дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, ана тілі, қазақ 
тілі, математика мен бейнелеу ӛнері пәндерінен алған білімдерін нақтылап 
бекітуге мҥмкіндіктер туғызды. 
Информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқытуды 
орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, 
оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін, іскерліктерін және 
дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады. 
Информатиканы оқыту әдістемесінде математика мен информатика 
курстары арасында пәнаралық байланысты жҥзеге асыру ҥшін ҥлкен 
мҥмкіндіктер бар. Информатика мен математика ҥшін жалпы ҧғымдар: 
ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып 
табылады. 
Пәнаралық 
байланыс 
жҥзеге 
асыруда 
дидактиканың 
негізгі 
принциптеріне сҥйену қажет. Оқыту ҥрдісінде ӛзге пәндермен пәнаралық 
байланысты негізге ала отырып, информатиканы оқыту әдістемесінде 


14 
дидактикалық принциптер қарастырып отыру керек. Олар барлық пәндермен 
ӛзара тығыз байланысуда жалпыға бірдейлік қасиеті арқылы ӛз кезегінде 
жалпы дидактиканы ӛзінің негізгі категорияларымен байыта тҥседі. 
Пәнаралық байланыстың әр алуандығын толық ашып зерттеу-бҧл 
кҥрделі мәселе. Біздің міндетіміз: білім берудің негізін қалауда және оқу 
пәндерінің ӛзара байланысуының пегізгі бағытын белгілеп қоюдағы 
байланыстарды орнықтырудың ҥлкен мҥмкіндіктерін кӛрсету. 
Информатика пәнiн бастауыш сыныптан бастап оқытудың ғылыми-
теориялық негiзi елімізде зерттелiп жатыр. Бастауыш бiлiм жҥйесiнде 
информатика 
элементтерiн 
пәнаралық 
байланыс 
негiзiнде 
оқыту 
бағдарламасының жобасы жасалып, оны оқытудың әдiстемесi берiлсе, онда 
бастауыш сынып оқушыларының бiлiмi, iскерлiгi, дағдысы мен логикалық 
ойлау қабiлеттерi жоғары деңгейде дамып, оқу ҥрдісiнiң тиiмдiлiгiн 
арттыруға бағытталған.
Ақпараттық 
технологияның 
жеделдетiп 
дамуына 
байланысты 
информатиканың 
мазмҧны ҥзiлiссiз ӛзгерiп 
отырады. Сондықтан 
информатиканың курсын оқыту ҥрдісiн тӛменгi сыныптан бастаған тиiмдi 
екендiгi ғылыми-теориялық және практикалық жағынан негiзделген болатын. 
Олай болса, болашақта бiлiм стандарттарының мазмҧнына информатиканы 1 
сыныптан бастап оқыту мазмҧны енгiзiлуi қажет. 
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және 
табиғаттағы информациялық ҥрдістер мен факторлардың фундаментальды 
ролін мойындау болып табылады. 
Информатика ЭЕМ-ның кӛмегімен информацияны іздеу, сақтау, 
жинақтау, тарату, ӛлшеу мен ӛңдеудің әдісі тәсілдері мен заңдылықтарын 
қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат 
тек ЭЕМ-нің кӛмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны 
автоматты тҥрде жҥзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау 
информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш 
техникалар – оның материалдық базасы. 
«Ғылымның 
объектісі» 
және 
оның 
тақырыбы 
ҧғымдарының 
айырмашылықтары туралы дәл тҥсінік кез келген ғылымның мағынасын ашу 
ҥшін ӛте маңызды. Объект дегеніміз зерттеушінің іс-әрекеті бағытталған 
шын ӛмірдегі бір облыс, ал тақырып оны зерттеу объектісімен 
байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ҧғымы 
«ғылымның объектісі» ҧғымымен бірдей емес, ол танымның объективті және 
субъективті жақтарының диалектикалық бірлігін кӛрсетеді. Әр ғылымның 
ӛкілдері бір объектіні әр қырынан кӛреді, әртҥрлі міндеттер тҧрғысынан 
қарайды. Оқыту әдіскердің де, психолог және кибернетиктердің де зерттеу 
объектісі бола алады. Олардың әрқайсысы бҧл объектіден ӛзіне тән нәрсені 
ғана ажыратады, зерттеу нәтижелерін ӛздерінше тҥсіндіреді. Басқаша 
айтқанда олардың әрқайсысы ӛз тақырыбы бойынша жҧмыс істейді. 
Мамандардың бәрі бір сабаққа келіп, әрқайсысы ӛз ғылымы тҧрғысынан 
талдайды. Дидакт мҧғалімнің қандай жалпы принциптерді жҥзеге 


15 
асырғандығын ойлайды; әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материалының осы 
пәнді мектепте оқытудың міндеттері сәйкес болуына назар аударады. 
Психологты ерекше қызықтыратыны оқушылардың сабақты ҧғынуы, 
ҧғынудың жалпы заңдылықтарының кӛрінуі, ал кибернетикке оқыту тура 
және кері байланысы бар басқару жҥйесі болып кӛрінеді. 
Мектеп информатикасы программалық қамтамасыз етуді зерттейтін сала 
ретінде анықталады. Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету 
орта мектептің информациялық басқару және оқыту жҥйелерін қамтиды, 
оның қҧрамында осы жҥйелерді жобалауға арналған сериялық қҧралдар бар. 
Мектеп информатикасын оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету ҥшін ол 
курс бойынша оқу программалары, әдістемелік қҧралдар, оқулықтар жасалуы 
қажет. 
Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы – оны психологиялық 
– педагогикалық қамтамасыз ету, ол ӛзінің маңыздылығына байланысты 
алғашқы болып қарастырылатын мәселеге жатады. Қазіргі ЭЕМ-нің 
мектептегі оқу тәрбие ҥрдісіне енгізілуі компьютерлендірудің барлық 
проблемасын шеше алмайтыны анық. ЖИТ – ны пайдалану жағдайында оқу 
ҥрдісін тиімді және ӛз мақсатына жете алатындай етіп ҧйымдастыру ҥшін 
бірқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. 
Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың 
дәстҥрлі қағидалары қосымша зерттеуді талап етеді. Бҧл жерде оқытуды 
компьютерлендірудің екі тҥрлі негізгі бағыты бар екенін ескеру қажет, олар 
компьютер оқу объектісі және компьютер оқу қҧралы ретінде. 
Информатиканы орта мектепте оқыту жӛнінде қалыптасқан әртҥрлі 
кӛзқарастар бар. Мектептегі информация курсының мазмҧны мен әдістемелік 
ерекшеліктері мынадай: 
1. 
Мектептегі «Информатика» курсының мазмҧны «информация – 
алгоритм - ЭЕМ» деген ҥш іргелі ҧғымға негізделеді. Ол бір жағынан 
пәннің информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екінші 
жағынан оқушылардың теориялық дайындық деңгейін меңгеруі ҥшін 
беріледі. 
2. 
«Информатика» курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен 
тығыз байланысы. 
Информатиканы орта бiлiм беру жҥйесiнде оқытудың мақсаттары
- оқушыларға ақпараттарды беру, ӛңдеу, сақтау, жеткiзу және оны 
қолдану ҥрдістерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, 
оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру; 
- оқушылардың оқу ҥрдісiнде компьютерлiк техниканы ӛзiндiк даму 
мен оны iске асыру қҧралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге 
пайдалану дағдыларын қалыптастыру; 
- оқушының 
логикалық-қҧрылымдық 
және 
алгоритмдiк-
шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен 
шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру. 
Аталған мақсаттардан тӛмендегi мiндеттер анықталынады:


16 
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмҧнын 
анықтау; 
- информатиканы 
бастауыш 
сыныптарда 
оқытудың 
оқу 
бағдарламасын жасақтау;
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк 
жҥйесiн жасақтау. 
―Информатика‖ пәнi бойынша дайындалған стандарт бiлiм берудiң 
сәйкес сатысының базистiк оқу жоспарымен, бiлiм беру ҧйымдарының типтiк 
оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi тҥрде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет