Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде



Pdf көрінісі
бет4/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде 
Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептеуіш 
техника негіздері» курсының енгізілуімен қатар педагогика ғылымының
жаңа саласы – информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) қалыптаса
бастады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің зерттейтін нысаны
информатиканы оқыту болып табылады. 
Ғылыми мамандықтардың ресми жіктелуі бойынша, қоғам талабына
сәйкес, қазіргі даму кезіндегі информатиканы оқу заңдылықтарын
зерттейтін, педагогиканың бҧл бӛлімі «Информатиканы оқытудың
теориясы мен әдістемесі» деген жаңа атауға ие болды. Әйтсе де
қалыптасқан, «Информатиканы оқыту әдістемесі» атауы оқулықтарда,
нормативті қҧжаттарда әлі де қоланылылуда. 
Информатиканы оқыту әдістемесі жас ғылым болғанымен, негізсіз
қалыптаспаған. Жеке ғылыми пән бола тҧра, қалыптасу кезеңінде басқа
ғылымдардан білім жинақтап, ӛз дамуында осы білімдерден алынған
нәтижелерге сҥйенеді. Ол ғылымдар – философия, педагогика,
психология, жас ерекшелік физиологиясы, информатика, сондай-ақ орта
мектептің басқа да жалпы білім беру пәндерінің жалпыланған 
практикалық тәжірибесін атауға болады [27]. 
Н.В.Софронова1 [44,16-б.] (Н.В.Софронова – профессор, т.ғ.д.,
Чуваш МПУ информатика кафедрасының меңгерушiсі, көптеген 
оқулықтардың авторы.) айтқандай, «информатиканы қазіргі деңгейде
оқыту ғылыми білімнің алуан тҥрлі салаларының мәліметтеріне сҥйенеді:
- биологияға (ӛздігінен басқарылатын биологиялық жҥйелер, 
мысалы, адам немесе басқа да тірі организм),
- тарих пен қоғамтануға (қоғамдық әлеуметтік жҥйелер),
- орыс тіліне (грамматика, синтаксис, семантика және т.б.),
- логикаға (ойлау қабілеті, формалды амалдар, ақиқат, жалған),
- математикаға (сандар, айнымалылар, функциялар, жиындар, 



белгілер, әрекеттер),
- психологияға (тҥйсікпен сезіну, ойлау қарым-қатынас)». 
Адамзат әрекетінің барлық саласы ғаламдық жағынан 
ақпараттандырылып, информатика ғылымы басқа ғылымдардың барлық 
салаларына енген заманда, информатиканы оқыту әдістемесі де кез келген 
ғылыммен байланысы бар екендігін ашық айтуға болады.
Оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес информатиканы оқыту 
әдістемесі пәні ӛзінің алдына мына негізгі міндеттерді қояды [26]:
- информатиканы оқудың нақты мақсаттарын, оның орта мектептегі
оқу жоспарында жалпы білім беру пәні ретінде алатын орнын анықтау;
- практик-мҧғалімге қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған 
оқытудың ең тиімді ҧйымдастыру формаларын және ҧтымды әдістерді 
ҧсыну;
- информатика және есептеуіш техниканы оқытудың барлық 
қҧралдарын (оқу қҧралдары, бағдарламалық қҧралдар, мультимедиалық
қҧралдар, компьютерлер, интерактивті тақталар, т.с.с) қарастыру;
- мҧғалімнің практикалық жҧмысына оларды қолдануға нҧсқаулар 
беру; ИОӘ пәнінің мазмҧны екі негізгі бөлімді қамтиды: 
- жалпы әдістемелік бөлім – онда информатиканы оқыту 
әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, бағдарламалық және аппараттық 
жасақтамалар қарастырылады;
- жеке (нақты) әдістемелік бөлімінде мектептегі информатика 
курсының пропедевтикалық, негізгі және бағдарлы оқу кезеңдеріндегі басты 
тақырыптарды оқыту әдістемесі қарастырылады. Мҧнда қоғамның алға
қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары 
анықталып, информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі. 
Оқу ҥрдісінде оқушыларды оқыту нәтижелерінің тиімділігі кӛбінесе 
мҧғалімдердің кәсіптік дайындығына, педагогикалық шеберлігіне 
байланысты. Пәнді меңгеру нәтижесінде болашақ информатика пәні 
мҧғалімі білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы мектептің жҧмысына 
толық дайындалып шығуы тиіс. 
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму
ҥстінде, оның кӛптеген мәселелері теориялық жағынан әлі де зерттеуді 
талап етеді. 
Педагогика ғылымының осы саласы тҧтас, әрі толық бір мәнді болу
ҥшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек:
мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық
типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар
ҥшін. Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы
мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ
оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды 
зерттейтін бағыт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет