салалы стильдік тармақтарда кеңінен қолданылатын шын мәніндегі
мемлекеттік тілге айналдыра аламыз.
Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері.
Астана, 2002. 28-35 бб.
ҚАЗАҚ ТЕРМИНДЕРІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАЖЕТ!
(Мемтерминкомға ашық хат)
Құрметті Мемлекеттік комиссия мүшелері! ҚР Үкіметінің жанындағы
Мемлекеттік
терминологиялық
комиссияның
Бюллетенін
«Терминологиялық хабаршы» деген атпен шығарған екенсіздер (Астана,
2002 жыл, маусым), оның 1-ші нөмері біздің қолымызға тиді. Өйту керек,
бүйту керек деген көп сөзден гөрі бір іс тындырыпсыздар. Сіздерге көп
рахмет!
Бюллетеннің құрылтайшысы – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі екен. Басталған іс енді аяқсыз қалмас деп, оған да
қуандық. Аталған «Терминологиялық хабаршы» (бюллетень) біз үшін шын
мәнінде
терминге, терминологияға деген жылы лептің хабыршысындай
көрінді. Оған сол «Хабаршының» мазмұны дәлел бола алады. Онда ҚР
Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның
нормативтік-құқықтық құжаттар (Терминком мүшелерінің қызметтік
нұсқаулары,
комиссия шешімдері, бекітілген терминдер т.б.), қазақ
терминологиясының жай-күйі мен болшағы туралы мақалалар аударма
тәжірибелері беріліпті.
Мамандар үшін мұндағы маңызды материалдар – ҚР Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-мұхаммедтің
«Терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жайы туралы» ойлары мен
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің басқарма
бастығы,
филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Ш.Құрманбайұлының «Қазіргі қазақ терминологиясының міндеттері» атты
мақаласы.
Министр өз сөзін «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын мейлінше
кеңейту үшін, оның жан-жақты дамуына қажетті алғышарттарды туғызу
үшін, бірінші кезекте жүйесіздікке ұрынған терминдерімізді
105
реттеп алуымыз керек» деп бастап, терминология
мәселесіне жаңаша
көзқарас пен жаңаша серпінді қимылдың қажет екендігін, терминжасам
мен термин сөздерді қолданысқа ендіру үдерісін (процесін) бей-
берекеттікке жібермеу керектігін айтады.
Ш.Құрманбайұлы болса, бүгінгі қазақ терминологиясының көптеген
мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешудің қажеттілігін тілге тиек ете
отырып, кеңестік дәуірде қалыптасқан
терминологияға жаңаша қарау
керектігін, бұған дейін негізінен батыс еуропа мен орыс тілдерінен
өзгеріссіз қабылданып келген терминдерімізді ендігі жерде ұлт тілі
негізінде қалыптастыру қажет екендігін сөз етеді. Өзге тілдерден енген
терминдер өзі кірген тілдің заңдылықтарына бағынуға тиіс, - дейді ол.
Мұндай пікірлер көпшіліктің көкейінен шығатындығы даусыз. Абай
атамыз
айтқандай, «сөз түзелді» енді ісімізде оңға басатын шығар.
Бюллетеннің алғашқы нөмерінің шығуын пайдалана отырып, өзімнің
қазақ терминдеріне, терминтанымға байланысты көптен бері ойымда
жүрген 4-5 пікірім бар еді, соларды сіздермен бөліссем деп едім.
Оның біріншісі – Мемтерминкомның жаңа терминдерді бекітуіне
байланысты.
Терминкомның жаңа құрамының терминдерді бекітуі,
бұрын бұрыс
бекітілген терминдерді қайта қарап, екінші рет бекітуі, сондай-ақ
Достарыңызбен бөлісу: