Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет46/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64
однородный,
112 


қазақшасы – 
біртекті/біркелкі
, - деп, тағы да дәлелдей бастайсың. 
Қарсыласымыз енді бастапқы пікірін өзгерте қойып: «Халықаралық 
терминдерді аударуға болмайды. Сондай заң бар», - деп үшінші жағына 
жантая кетеді. Бірақ ол заң қашан шықты, кім шығарды, кім үшін 
шығарды? – деген сұрақтарға берер жауабы жоқ. Оған әйтеуір қазақша 
терминдер жасалынбаса болғаны. Сылтау дегеннің оншақтысын ойлап 
табудан ұялмайды.
Айтқан сылтауларымен келтірген дәлелдеріне тиянақты пікір айтып, 
қазақша термин жасаудың дұрыс екендігін теориялық тұрғыдан да, 
тәжірибелік тұрғыдан да дәлелдеп берсең, қазақша терминнің жаулары 
сонда да берілмей: «Орысша терминдер тілімізге әбден қалыптасып 
кеткен. Қалыптасқан орысша терминдерді қазақшаға ауыстыру және 
олардың қазақша баламасын жасау – әдеби тілді бүлдіру болып 
табылады», - деп, төртінші жағына қисаяды.
Ұлттық терминдер сол ұлттың өкілдеріне түсінікті, қолданушыларына 
ыңғайлы болу керектігіне ешкім таласа қоймас деп ойлаймын. Егер мен 
сіздерден: 
антье,
гелокоид,
дит, изоэдр, квантиль, моноид, нат, подера, 
ранг
(бәрі де математика терминдері) деген терминдерді білеміздер ме? – 
деп сұраған болсам, сіздер, әрине, егер мамандықтарыңыз математика 
болмаса бірден жауап бере қоймаған болар едіңіздер. Ал 
азайғыш, көпжақ, 
нөл, нөмір, сұлба, сызба, теңдік, үшбұрыш, шама
(бұлар да математика 
терминдері) дегендерді ше? – деп сұрай қалсам, оған оң жауап 
қайтаратындықтарыңызға күмәнім жоқ. Бар гәп терминдердің түсінікті-
түсініксіздігінде. Егер терминдер қазақша жасалған болса, онда олар 
түсінікті болған болар еді. Олай болса, термин жасаған екенбіз, оның 
қазақша болу жағын, халыққа түсінікті болу жағын көбірек ескергендігіміз 
жөн болар еді.
Термин жасау дегенді көптеген адамдар орыс тіліндегі терминдерді 
қазақшаға аудару деп түсінеді. Бұл – қате түсінік. Оның қате болатын 
себебі: аудару – термин жасаудың бір ғана тәсілі. Термин жасаудың 
аударудан басқа да толып жатқан амалдары бар. Солардың бірі – жаңадан 
сөз жасау (Ол туралы біз бұған дейінгі мақалаларымыздың бірінде жан-
жақты айтқан болатынбыз). 
113 


Біз қызығы: термин жасаушылардың көпшілігі – термин жасап, 
бастарын ауыртқысы келмейді. Ал алда-жалда термин жасай қалса, әбден 
жауыр болған тәсіл – баяғы уәжді (мотивті) тәсілмен: не түбірге жұрнақ 
жалғау арқылы термин жасайды (туынды сөз), не екі түбірді бір-біріне 
қосу, біріктіру арқылы термин жасайды (біріккен сөз) немесе екі сөзді 
тіркестіру арқылы термин жасайды (тіркесті сөз).
Термин жасаудың тиісті тәселдерінің бірі – уәжсіз тәсілмен термин 
жасау. Мұны көпшілік терминшілер біле де бермеуі мүмкін. Сондықтан 
болар, кейбіреулер уәжсіз тәсілмен термин жасай қалса (мәселен, 
мәнбі
– 
факт, 
ләтір
– парафин, 
тініке
– никель, 
ысырат
– траектория т.б. деген 
сияқты), олардың төбе шаштары тік тұрып, «мынау не деген сұмдық», 
«қазақта ондай сөздер жоқ» деген сөздерді желеу етіп, жаңа терминдерді 
қалыптастырып жіберудің орнына оны жөргегінде жатқанда-ақ 
тұншықтырып құртады. 
Осы жерде айтар кетер мәселе: термин әуелі жасалынады, содан кейін 
барып ол қолданысқа түседі. Жасалынған термин айтуға жеңіл, тілдік 
заңдылықтарға сай келіп, көпшіліктің көңілінен шығып жатса, термин сол 
тілде қабылданып кетеді. Олай болмаған жағдайда термин тілге 
қабылданбай, тек төлиелік сөз болып қалып қояды (Мұндайлардың 
кейбіреулері төлиенің беделімен сөздіктерге еніп кетуі де ғажап емес. 
Бірақ сөздікке енген – тілге енеді деген сөз емес).
Біздің осы жерде айтып тұрған әңгімеміздің түп негізі бір-ақ нәрсеге 
келіп тіркеледі. Ол – қазақша термин жасау мәселесі. Шындығына 
жүгінсек, біз қазақша термин жасап жүргеніміз жоқ. Жасасақ та, оны 
қалыптастыруға күш салмаймыз. «Қазақ тілінің терминологиялық 
сөздіктеріне», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктеріне» қарап 
көріңіздерші, олар орысша немесе еуропалық терминдерден аяқ алып 
жүргісіз. Ол аз болғандай, осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан 
Рсепубликасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік терминологиялық 
комиссиясы «қазақшаға аударуға болмайды» деген ишарамен 
акт, акция, 
аудитория, абсолют, аванс, банкрот, банк, бюджет, депозит, кредит, 
инвестиция, лицензия, лизинг, операция, сертификат, фильм
деген сияқты 
біраз шет жұрттық сөздерді осы жерде көрсетілгендей етіп бекітіп беріпті.
Жарайды-ақ, бұларды солай бекітіп берді делік. Ал, бекітілмеген 
атауларды (терминдерді) қалай пайдаланып жүрміз? 
114 


«Капуста» деген орыс сөзінің өз тілімізде 
қырыққабат
деген қазақша 
аты бола тұрса да, оны күнделікті тұрмыста да, оқулықтар мен сөздіктерде 
де «капуста» деп қолданамыз. Орысша «памидор» сөзінің 
қызамық, 
алжұмыр
деген бір емес, екі бірдей қазақша аты бола тұра оны да 
«памидор» деп атаймыз, солай деп жазамыз. 
Мемлекеттік тілге деген қамқорлық қайда? Ұлтжандылық қайда? Өз 
сөздеріміз тұрғанда басқа тіл сөздерін неге соламайымен, ешбір өзгеріссіз 
ала береміз? Қысқасы, қойылар сұрақ көп. Бірақ оған жауап іздеп, 
бастарын қатырып жүрген қазақ жоқ. 
Біздің оймызша, әр ұлт өз терминдерін өздері жасап алулары керек. 
Жасағанда да біреудің даяр терминдерін сол күйінде ала салмай, оны өз 
тіліміздің негізінде жасауымыз қажет. 
Ұлттық тіл негізінде термин жасау – мәселенің бір жағы ғана. Оның 
екінші жағы бар. Ол – жасалған сол ұлттық терминдерді қолданысқа 
түсіру, қалыптастыру. Сөйтіп оны бойға сіңіру. 
Бұл ретте БАҚ пен сөздіктердің, оқулықтар мен оқу құралдарының 
рөлі зор екендігін баса айтқымыз келеді. Егер шындығын айтар болсақ, 
жаңадан жасалған қазақша терминдердің ары қарай қалыптасып кетуі де, 
болмаса бордай тозып, құрып кетуі де БАҚ-тың қолында. Өйткені 
халықтың қолына алып күнделікті оқитына да, жаңалық күтері де – БАҚ. 
Халықтың білім-тәрбие, үлгі-өнеге алары да – БАҚ. Егер БАҚ қазақша 
терминдерді (сөздерді) қолданса, халық сол қазақша терминдерді жаттап 
алады. Ал ол орысша терминдерді қолданса, халықтың аузы сол орысша 
терминдерді айтуға икемделеді. 
Осы жылдың (2003) 18 шілдесіндегі нөмерінде «Егемен Қазақстан» 
газеті «Омбудсмен – біз үшін жаңа ұғым» деген тақырыпта мақала 
жариялады. Газет атып отырған 
омбудсмен
сөзі – «адам құқықтары 
жөніндегі уәкіл» дегенді білдіреді. Ол – швед сөзі. Оны ағылшын, латын 
тілдерінде «медиатор» (посредник) деп айтады. Бір ғана ұғымды Еуропа 
тілдері өздерінше атаған екен, қазақтар да оны өз тілінде «дақа» деген 
уәжсіз сөзбен атауларына әбден болар еді ғой. Егер бұл уәжсіз сөз ұнамаса, 
әлгі ұғымды «арагер», «жәрдемгер» деген уәжді сөздердің бірімен атасын. 
Қалай да өз тілімізде сөз жасап, соны қалыптастырып жібергенге не 
жетсін. 
115 


«Жас алаш» газетінің 124 нөмірінде (16 қазан, 2003 жыл, 2-бет) 
«қарапайым мұғалім ұсынған дисконттық жүйенің дүбірі» деген 
тақырыпта мақала басылды. Осындағы 
дисконт 
деген – ағылшын тілінде 
«жеңілдік» деген сөз екен. Өздерін «ұлтымыздың патриоттарымыз» деп 
жүрген газет ұжымы 
дисконт 
сөзінің орына «оңайлық» немесе «жеңілдік» 
сөздерінің бірін қолданса, ол сөз қазақша қалыптасып кеткен болар еді.
БАҚ-та кездесетін мұндай сөздер жетіп артыларлық. Мәселе, ондай 
мысалдарды көптен келтіруде емес, жаңа ұғымға ат беруші қазақ 
зиялыларының ұстанымсыздықтарында (ойсыздығы немесе намыссыздығы 
десем де болар еді) болып отыр.
Қорыта келе айтарымыз: біріншіден, халқаралық термин шапанын 
жамылып жүрген орысша терминдерді (орыс тілі арқылы келген еуропа 
терминдерін) аударма немесе оның орнына «қазақша термин жасамай, сол 
күйінде алу керек» деген пікір қазақ тілінің терминдерін байыту емес, 
қайта керісінше мемлекеттік тіл болып табылатын – қазақ тілінің басына 
су құю деген сөз; мемлекеттік тілді жанбай жатып сөндіру деген сөз.
Екіншіден, термин шын мәнінде – ғылыми ойдың жаршысы, ғылыми 
сананың көрінісі. Егер тіл мен ой бірлікте дейтін дүниауи (материалистік) 
қағиданы теріс демейтін болсақ, терминдердің қазақша жасалуы 
ойымызды да өсіреді, тіліміз бен ғылымымызды да дамытады. Ал шетел 
терминдері болса, олар шетел тілін, соған сәйкес шетел ғылымын 
дамытады.
Осы мәселе қазақ азаматтарының есінде болса екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет