әсіресе оның терминологиясын саналы түрде бағыттап отыруға болады.
Олай етпей, оны еркіне жіберсек, ол бей-берекет күй кешуі мүмкін. Себебі
тілдің
бай-кедей
болуы
немесе
таза-былғанған
болуы
оның
тұтынушыларына байланысты. Тұтынушылары
шын мәнінде сауатты,
білімді болса, олар өз тілін жете меңгерген болса, онда оның тілі де жүйелі,
дамыған болады. Ал тұтынушылар будан немес адасқан болса, оның тілі де
шатасқан будан болып шыға келеді.
Қазақ терминшілерінің бір жаман әдеті бар. Ол – өздерінің төл
сөздерінен өздері безіп, қазақша термин
жасауға мойындарының жар
бермейтіндігінде. Олар өздеріне түсінікті төл сөздерден термин
жасағаннан гөрі халыққа түсініксіз шетел сөздерінен термин жасағанды,
термин жасағанды емес, даяр терминді сол күйінде,
Алматының
көшесіндегі бөтелке қабылдаушылар секілді соламайымен қабылдай
салғанды қолайлы көреді де тұрады. «Неге олай?» - деп, сұрай қалсаң,
«қазақ сөздері орыс терминдерінің мағынасы дәл бермейді», - деп жауап
береді. Дұрысын айтсақ, бұл қазақша термин жасатпаудың сылтауы ғана.
Шындығында, гәп мағынаны
дәл берген-бермегенде емес, гәп төл
сөздерімізді менсінбеуде, оларды олқы тұтуда, қомсынуда. Баяғы «қолда
бардың кәдірі жоқ», «ауылдағының аузы сасық» дегеннің кері.
Өзіңді
өзекке теуіп, жатты төрге шығаруды әдетке айналдырған. Бодандықтың
сарқыншағы.
Бұл мәселенің басқа бір қыры бар. Ол – өз тіліміздің қыр-сырын
өзіміздің
жете
білмейтіндігімізде,
оның
мән-мағынасы,
күшін,
әлеуеттілігін түсіне алмайтындығымызда. Ал шетел сөздерінің мәнді-
мағыналы, жақсы болып тұрған себебі ол сөздерді
көпшілігіміздің жақсы
білетіндігімізде, жақсы түсінетіндігімізде және жиі пайдаланатынымызда
болып тұр.
Мұндай кемшіліктерді бетке айтып, шындықты дәлелдей бастасаң
олар
ішкі
пиғылын
жасыру
үшін:
«халықаралық
терминдер
аударылмайды», деп екінші жағына жалт береді. Неге аударылмасын?
Аударылғанда қандай! Мысалы:
индикатив
дегеннің орысшасы –
изъявительное
(наклонение), қазақшасы –
ашық рай;
локатив
дегеннің
орысшасы –
местный падеж
, қазақшасы –
жатыс септік; сигнификат
дегеннің орысшасы –
обозначаемое,
қазақшасы –
таңбаланушы;
гомогенный
дегеннің орысшасы –
Достарыңызбен бөлісу: