Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет43/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

мерейтой/мүшелтой
деген сияқты жарыспалы сөздердің біреуін ғана 
қалдыруы құптарлық іс. Бірақ артық етемін деп тыртық етіп алмау жағын 
ойластырған жөн сияқты. Мәселен, Мемтерминком 2002 жылғы 19 
наурыздағы мәжілісінде бекіткен терминдердің қатарында бұрын 
әкім
деп 
бекіткен терминді 
әкімші
деп, 
әкімиятты – әкімдік
» деп түзепті». Сонда 
халық «
әкімдікке
барамыз», «
әкімшімен
кездестім» деп сөйлей ме? Оның 
үстіне тілімізде баяғыдан бері келе жатқан 
әкім
сөзін жоғалтып алдық. 
Әкім
сөзі дихан деген сияқты «адам», «кісі» деген ұғымды қоса білдіреді. 
Диқанды – 
диқаншы
демейміз ғой. 
Дәл сол сияқты, Терминкомның қазақша 
дәрісхана
деп қалыптасып 
кеткен сөзді кері шегініп
аудитория
деп бекітіп беруі де көкейге қонып 
тұрған жоқ. Терминком мүшелерінің сондағы дәлелі аудитория тек «дәріс 
беретін орын» емес, «жиналған қауым, 
106 


көпшілік» деген де ұғымды береді, - дейді. «Жиналған қауымды» орысша 
аудитория
демей, Терминком мүшелерінің өздері айтып тұрғандай 
қазақша 
қауым, көпшілік
деп, ол аз болса 
әлеумет, қалайық, жамағат
деген сөздердің бірімен атасақ, басымыз ауырмас.
Екіншісі: Терминком 
акт, аудитория, кредит, лицензия
деген сияқты 
батыс еуропаша, орысша сөздерді (терминдерді) бекітіп берумен 
әуестенбей, тек олардың қазақша баламаларын ғана бекітіп отырса деген 
тілегіміз бар. Өйткені әлгіндей сөздердің көбі тілімізде онсыз да сол 
орысша күйінде қолданылып жүр. Оның үстіне «өзі де қашайын деп тұрған 
қоянға тәйт деген соң не сор» демекші, орысша терминдердің қазақша 
баламаларын қолдануға келгенде кежегейлері кейін тартып тұратын 
орысжандыларға ол сөздердің орысша сыңарын бекітіп берсек, олардың 
аспаннан іздегені жерден табылары хақ.
Сондай-ақ Мемтерминкомның 2002 жылы 20 мамырдағы мәжілісінде 
«истец» сөзі 
талапкер
болып бекітіліпті. 
Талапкер
сөзін халық қазір 
абитуриент
сөзінің қазақша баламасы ретінде қолданып жүр. Тәп-тәуір 
қалыптасып қалған жүйені бұзып, ол сөзді енді «истец» сөзінің орнына 
қолдансақ, сөз мағыналарының шатасуы дегеніміз осы емес пе?! Одан гөрі 
«истец» 
қуынушы
деп аударсақ, әрі бір сөз (талапкер) екі түрлі ұғымда 
(абитуриент, истец) қолданылмаған болар еді, әрі бір түбірден тараған 
сөздер жеке-жеке тұлғаланған болар еді. Мәселен, «иск» - 
қуыну
, «истец» - 
қуынушы
, «исковая давность» - 
қуыну мерзімі
, «исковое заявление» - 
қуыну 
арызы
т.б. 
Шынтуайтына келсек, термин жасау, термин бекіту – ұлт мүддесіне 
сай болуы керек. Терминнің жасалуы, қызметі ғылыми мұратынан 
туындауға тиісті. Көпшіліктің айтуына қиын, түсінбейтін шетел сөздері 
кімге керек? Ұлттық терминдер ұлт тілінің негізінде жасалса, ол сол тілдің 
ұлттық тілін дамытады, ұлт өкілдерінің дүние танымын кеңейтеді.
Үшінші ой – синоним терминдерді аударуға байланысты. 
Мамандар «жарыспалы терминдердің ара жігін ажыратып, олардың 
әрқайсысына жеке-жеке терминдік мағына жүктеу керек» дегенді айтады. 
Пікір дұрыс. Ол ойға біз де қосыламыз. Бірақ ол әр уақыт сәтті бола 
бермейтіндігін естеп шығармауымыз керек. 
107 


Айталық, «расход» сөзін - 
шығыс
, «убыток» сөзін - 
шығын
делік. Ал 
«затраты», «издержки» дегендерді қайда қоямыз? 
Орысша шыққан терминологиялық сөздіктерге қарап отырсақ, бірі – 
орыс, екіншісі – шетел сөздері немесе екі сыңары да шетел сөздері болып 
келетін 
лингвистика / языкознание, ртуть / гидраргириум, взгонка / 
сублимация
деген сияқты жарыспалы терминдерді кездестіруге болады. 
Сонда осындайлардың әрқайсысына жеке-жеке қазақша балама іздеп, әуре 
бола береміз бе? 
Біздіңше, мұндай мағыналас терминдерге бір ғана қазақша балама 
тауып (мәселен лингвистика – 
тіл білімі
, языкознание – 
тіл білімі
, ртуть – 
сынап
, гидраргириум – 
сынап
деген сияқты), соларды ғана бекітіп беріп 
отыру керек деп ойлаймыз.
Төртіншісі. Жоғарыда айтқандай біз әдетте шетел сөздерінің бәріне 
қазақша балама табуға (қазақша термин жасауға) тырысамыз. Ата-бабамыз 
жасап кеткен кірме сөздерді қабылдау тәсіліне көңіл аудармаймыз. Олар 
«самовар» дегенді – 
самаурын
, «пуховый» дегенді – 
бөкебай
, «бутылка» 
дегенді – 
бөтелке
деп өзгертіп алған жоқ па?! Біз неге осы тәсілді 
қолданып, «акт» дегенді – 
әкті
, «паспорт» дегенді – 
паспырт
, «артист» 
дегенді – 
әртіс
, «лагерь» дегенді – 
ләгір
, «термин» дегенді – 
термін
деп 
қазақ тілінің дыбыстау заңдылығы бойынша қабылдамаймыз. Бұлай 
қабылдасақ, меніңше, біріншіден, шетел сөздерін өзімізге жақындатамыз 
(барлық кірме сөздер солай), екіншіден, кез келген терминге қазақша 
балама іздеп, әуре болмаймыз. 
Осы жерде айта кететін нәрсе: Бюллетеннің 1-ші нөмеріндегі 
мақалалардың бірінде «шофер» дегенді – 
жолашы, тізгінші
деген 
сөздердің бірімен атаса деген ой қылаң беріп қалады. Олай деп жасанды 
сөз жасамай-ақ «шоферді» – 
шопыр
деп, қазақтың қарапайым сөзімен 
атасақ та жетіп жатқан жоқ па?! 
Бесінші. Терминком шынымен термин жасаумен айналысатын болса, 
бізді 
құқық
(право) деп аталатын терминнен құтқара көрсе екен деген тілек 
айтқымыз келеді. Өйткені ол сөздің айтылуы өте қиын, естілуі де құлаққа 
түрпідей тиеді. Жас баланы «құқық (құбыжық) келеді» деп қорқытып 
тұрған сияқты бір нәрсе. Ауыл ақсақалдары ол сөзді өзгертіп, 
қақы
(сенің 
олай деуге қандай 
қақың
бар?!) деп бекерден-бекер айтып жүрмеген 
сияқты.
108 


Алтыншысы. «Хабаршы» тек Терминкомның шешімдері мен бекіткен 
терминдерінің тізімін ғана емес, оған қоса талас тудырып жүрген 
терминдерге қатысты мамандардың пікірталастары мен пікірсайыстарын 
да беріп отырса.
Мүмкін Терминком аударылуы қиын белгілі бір орысша, латынша 
терминдердің қазақша баламасына бәйгі жариялап отырар. Қалай да 
термин бекітілмес бұрын халық талқысынан өткені абзал болар еді. 
Сәлеммен: филол. ғылым. докторы, 
профессор Байынқол Қалиұлы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет