Ана тілі,
17 қыркүйек, 1992 ж.
8
ТЕРМИН ЖӘНЕ ТЕРМИНКОМ ЖАЙЫНДА БІРЕР ОЙ
Еліміздегі әлеуметтік жағдайларға, түрлі өзгерістерге байланысты
өмірімізде күн сайын болмасас да, ай сайын жаңа ұғымдар пайда болып,
тілімізде сол ұғымдарды белгілейтін жаңа терминдер туындап жатады.
Солардың біразының қазақша баламалары бар. Мәселен,
достастық
(содружество),
кеден
(таможное),
рәміз
(символ),
ұщақ
(самолет),
мұражай
(музей),
жешелендіру
(приватизация),
ырықтандыру
(либерализация) тағы басқалар. Біраз терминдер, мәселен,
аукцион
,
валюта
,
инновация
,
концерн
,
корпорация
,
консорциум
,
маклер
,
маркетинг
,
менеджер
,
менеджмент
деген сияқтылар орыс тілінде қалай айтылса,
қазақ тілінде де солай айтылып, жазылып жүр. Мұндайлардың енді бір
тобы бірде орысша (ассоциация, брокер, президиум, министр, совет т.б.)
бірде қазақша (қауымдастық, делдал, төралқа, уәзір, кеңес т.б.)
қолданылады.
Терминге, терминологияға қатысты бұл сияқты мәселелердің бәрін
реттеп, жүйелі бір ізге түсіріп, бекітіп, беріп отыратын орган- Қазақстан
Республикаы
Министрлер
Кабинеті
жанындағы
Мемлекеттік
терминология комиссиясы (терминком) екеніне дау жоқ. Бізде ондай
комиссия бар. Ол 1933 жылдан бері қарай жұмыс істеп келе жатыр.
Дұрысын айту керек, бұл комиссия ғылыми терминдерді жасауда, оларды
қалыптастыруда әжептеуір іс тындырды. Соның нәтижесінде тіліміз
көптеген терминдермен толығып, олардың біразы қалыптасып үлгерді.
Кейбіреулері әлі жүйелену үстінде. Неге екенін қайдам, соңғы кезде бұл
комиссияның жұмысы сұйылып кеткен сияқты. Мүмкін ол аталған
комиссия төрағасының жиі ауысуына байланысты болар.
Бұл айтылғандарадың растығына тағы бір дәлел: алғаш термин
жасаумен, оларды бекітуімен және бекітілген терминдердің тілімізде
дұрыс қолданылуын қадағалаумен тікелей айналысқан бұл комиссия
кейіннен тек термин бекітумен ғана шұғылданып кетті де, ал термин жасау
сөздік жасаушы мамандарға ғана қалдырылды. Соның салдары болуы
керек, кейінгі кезедерде терминком бекіткен терминдердің кейбіреулерінде
жүйелік, бірізділік байқалмай жүр. Тіпті олардың арасында кемшіліктер
де, қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Оған көз жеткізу үшін 1990 жылы
«Қазақстан» баспасынан
9
шыққан «Терминдер мен атаулар сөздік» (неге «сөздігі» емес? – Б.Қ.) деп
аталатын кітапша мен Мемлекеттік терминкомның 1990 жылғы мамыр
айындағы міжілісінде бекітілген терминдердің тізіміне (ол тіщім көпшілік
газеттерде басылды) көз салсаңыз жеткілікті.
Аталған кітапшада 1972-1981 жылдары терминком бекіткен
терминдер тізімі берілген. Олардың жалпы саны – 2829 (өздіктің
кіріспесінде олард «үш мыңнан астам» делінген). Бұл санға кейіннен
қосылған, яғни 1990 жылдың мамыр айында бекітілген 79 терминді қоссақ,
барлығы 2908 термин болып шығады. Міне, осы термин сөздерді 100
пайыз деп есептесек, олардың таза қазақша баламалары барлары – 1740
екен. Бұл – терминком бекіткен барлық терминнің 60 пайыздайы қазақша
деген сөз. Терминдерге қазақша балама іздеу тұрғысынан қарағанда бұл,
әрине, жаман көрсеткіш емес.
Дегенмен осы көрсеткішті бұған дейін әр ғылым салалары бойынша
баспадан шыққан барлық терминологиялық сөздіктер бойынша есептеп
көрсек, өкінішке орай, мүлде басқаша нәтиже береді. Онда тілімізде
қолданылып жүрген барлық терминдердің таза қазақша баламалары барлар
тек 20-30 пайыз ғана екен. Қалғандардың барлығы, яғни олардың 70-80
пайызы не таза орысша, не орысша-қазақшасы аралас жүрген құрама
терминдер.
Енді Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен терминдердегі
кейбір кемшіліктерге көңіл аударарлық.
Ондай кемшіліктердің ең үлкен деп – біз терминкомның бұрын
бекіткен терминдерді келесі жолы мүлде басқаша түрде бекіткенін айтқан
болар едік. Мәселен, ол «творчество» деген терминді бұрын «творчество»
және «жасампаздық» деген екі сөзбен бекіткен еді. Кейіннен (1990 ж.)
аталған
қазақша
баламалар
«шығармашылық»
деген
сөзбен
ауыстырылыпты. Терминком «алқа» сөзін бұрын «коллегия» терминнің
баламасы ретінде алса, кейіннен ол сөзді «совет» терминнің бір мағынасы
ретінде тағы бекітті. Сондай-ақ, «жиынтық» сөзі бұрын «совокупность»
терминнің баламасы ретінде бекітідсе, кейіннен ол «комплекс» терминнің
бір мағынасы ретінде ұсынылды (Қазір «комплекс» сөзі
кешен
деген
баламамен беріліп жүр).
Орысша сыңары да, қазақша сыңары да бұрыннан дұрыс қолданылып
жүрген кейбір терминдерге терминкомның басқаша
10
баламалар бекітіп берген кездері де болды. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: |