Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.
Шабындықтар,
Егістіктер,
Тоғайлар.
Төбелердің төбесінде - көк айдар.
Ақ сағыммен араласып, аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Бір тынбайды шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры,
Бәрі таныс - кісінеген құлыны
Ін аузында шаңқылдаған суыры.
Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!
- «Туған жер» ұғымы
- Туған жерді елестету
- Туған жер таныс өлке, аймақ, маң, анау жер, құрбылар, құрбы жан, бұлт, тау, жол, шаң, шабындық, егістік, тоғай, төбе, сағым, шегіртке шырылы, шилердің сыбыры, кісінеген құлын, суыр, айналайын, атамекен, ақ мекен, қазақ, тәтті екен.
- «Туған жер» лексика семантикалық тобы: өлке, аймақ, маң, жер, атамекен, мекен,
- Тқұрбылар, құрбы жан, қазақ;
- «Табиғат құбылыстары» атаулары лексика семантикалық тобы: бұлт, тау, жол, шаң, шабындық, егістік, тоғай, төбе, сағым, шегіртке, шырыл, ши, сыбыр, кісінеген, құлын, суыр, жел, ін;
- «Сүйсіну, таңдану» мәнді сөздердің лексика семантикалық тобы: айналайын, ақ, тәтті екен.
Достарыңызбен бөлісу: |