Байласымды жүзеге асыратын тілдік амал-тәсілдер 02 Сөздердің мағыналық топтарының мәтінтүзімдік қызметі



бет2/10
Дата02.02.2023
өлшемі5,08 Mb.
#64757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мәтін байласымы мен тұтасымы

Мәтіндегі байласымды жүзеге асырушы лексика-грамматикалық амал-тәсілдер – есімдік, тәуелдік жалғау, үстеу, шылау, қыстырма, синоним, антоним, етістіктің бірыңғай шақ тұлғасы, синтаксистік паралельділік, түрлі қайталаулар т.б.


Дейксис – тілдік құралдармен берілетін сілтеме орнына жұмсалып отырған тілдік бірліктің мағынасына немесе қызметіне нұсқайды. Дейксистер мәтіннің алдыңғы бөлігінде қамтылған хабарға нұсқайды (есімдіктер, үстеулер, есімдік пен шылау, есімдік пен мекендік, мезгілдік ұғымды білдіретін сөздер).
Субститут (орынбасар) –
бір сөздің, сөйлемнің не сөйлемдер тізбегінің орнына қолданылып, зат, мекен, мезгіл мағынасында қолданылуы.
Бұл – орынсыз қайталауды болдырмау үшін, тілдік бірліктерді ықшамдап жұмсау үшін қолданылады.
Шегендеуіштерге қыстырма құрылымдар, шылаулар жатады. Шегендеуіштердің жоғарыдағы екеуінен өзіндік ерекшелігі бар. Олар есімдіктер, сан есімдер секілді бір заттың, құбылыстың, мекеннің орнына қолданылмайды.
  • Сөйлем арасындағы байласымды күшейте түседі

Мәтіндегі байласымды жүзеге асырушы лексика-грамматикалық амал-тәсілдер – есімдік, тәуелдік жалғау, үстеу, шылау, қыстырма, синоним, антоним, етістіктің бірыңғай шақ тұлғасы, синтаксистік паралельділік, түрлі қайталаулар т.б.


Байласымды жүзеге асыратын тілдік амал-тәсілдер
«Әні, анау тақыр күзге шейін қурамайтын гүл атқан құлқайырлардың арасында Салтанат жүр. Оның күлгін түсті жұқа көйлегі сол құлқайырлардың гүлімен біте қайнасып кеткен сияқты. Оның өзі де жел тербеген бадана гүлдей еркелеп, бұлаң қаға әндетеді» Д. Исабеков.
  • Эксплицитті
  • 1 және 2- сөйлемдердің арасында іргелес байланыс
  • 1 және 3- сөйлем алшақ байласым
  • «Әні, анау тақыр күзге шейін қурамайтын гүл атқан құлқайырлардың арасында Салтанат жүр. Оның өзі де жел тербеген бадана гүлдей еркелеп, бұлаң қаға әндетеді» 3 сөйлем әрі іргелес, әрі алшақ байланыстарға негізделіп, күрделі бір тұтасымды түзеді.

Есімдіктер субститут, дейксис
  • Жіктеу, сілтеу есімдіктері көп
  • Контекстегі алдыңғы, кейінгі сөйлемдерге назар аудару
  • Орынбасар термині, 1936, Қ. Жұбанов: Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалқы шылаулардың да орындарына жүре беретін түбірлерді айтамыз.
  • «Қазақ тілінің стилистикасы»

Атырау, Жайық бойында оның атын білмейтін адам жоқ. Аруағын әйгілі батырлар мен бейлердей, бес саусағынан күй сорғалаған өнер дүлдүлдері мен семсер тілді ақындардай қастерлейді. Ал ол болса жарты ғасырдай ел билеген атқамінер. Бұрынғы Бөкей Ордасының күнгей бетін алып жатқан, Теңіз бойы мен Еділ жағалауындағы ен байтақ өлке кіретін екі округты кезек билеген әкім. Сүйте тұра, ханның өзіне қасқая қарсы тұрып, ақ патшаның аламанына ақ сойылын ала ұмтылып, шайқас салған атышулы ереуіл аймағы Мақаш атын ерекше ілтипатпен айтады. Бұның сыры неде?
Қолына жармасқан қатал заманға қарамастан халқына еткен қалтқысыз еңбегінде шығар. Адалдық – қай заманда да адалдық қой. Жақсылық – қай заманда да жақсылық қой. Қайта тар замандағы жақсылық пен адалдық нарқы тіптен биік болса керек. Бәлкім, Мақаштың аласармас абыройының сыры да, ең алдымен, осында шығар.
Атқамінер, әкім
Аруағын- оның (имплицитті)
Машинадан түскенда Ыбышты танымай қалдым. Екі күннің ішінде өзі күрт өзгеріп кеткен секілді ме, қалай? Күнге күйіп, май сіңген топырақтай болған қоңырқай жүзіне қан теуіп, қоңқақ мұрны делдие қапты. Басындағы сабан шляпасы мен көк бешпеті сом денесіне жабысып, өзін мүсіндендіре түскен (Д. Исабеков).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет