Байласымды жүзеге асыратын тілдік амал-тәсілдер 02 Сөздердің мағыналық топтарының мәтінтүзімдік қызметі



бет3/10
Дата02.02.2023
өлшемі5,08 Mb.
#64757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мәтін байласымы мен тұтасымы

Есімдіктер
Бұл күйден аманырақ болған есіктің ғана алды.
Бұл-?
Микромәтін
мазмұны
Күшікбайдың басынан соққан боран жаңадан шыққан бейітті қармен көміп, қараушының көзінен тез жасырудың қарекетін істеп жатыр. Иесінің дүниеге келгенін сездіретін ақырғы белгісі — томпиған бейіт аз уақытта жоғалмақ, із бітпек. Таудан аса соққан жел бейіт тұрған төбешіктің басында, әсіресе, қатты ызғырықтанады; бейіттің тау жағынан топырағын ұшырып, екінші жағына жалданған қармен басып жатыр. Аз уақытта бейітті түгелімен қар кемгендей. Кейде себелеп, сырғып өтіп жатқан ұсақ қар өзінің мейрімсіз, ырзасыз, бірақ еркін бір куә екендігін білдіріп тұр.
Бейіттен жарты шақырымдай жерде тұрған екі кішкене қора да бейіт секілді мүләйім пішінделген. Тозығы әбден жетіп, ескіргенін төбесі де сездіреді. Қыры кетіп жұмырланған бұрыш-бұрышында үйіліп қалған қорда топырақ, қораның онсыз да аласа бойын жермен-жексен қылып тұр. Жан-жағына үйілген қар, қыс басынан бір күрелмегендіктен, қораның үстіне шығып, біржолата басып алған. Аз күнде қораны көзден жоғалтуға айналған.
Бұл күйден аманырақ болған есіктің ғана алды. Кішкене тар күресіні бар. Қыстау айналасының әлгідей пішінінің үстіне, теріскей жақ бұрышындағы бір қораның төбесі ортасына түсіп, таудан аса соққан боран әлгі тесіктің үстінде ақ түтектеніп, біресе түтін секілденіп ұйтқып, біресе қиыршықтанған ұсақ қарын ішке себездеп төгіп, қораның ішін толтыруға тырысып жатыр...

Есімдіктер мәтін құрылымында 3 түрлі қызметте жұмсалады:

Есімдіктер мәтін құрылымында 3 түрлі қызметте жұмсалады:


Жеке лексеманың орнына
Бір сөйлемдегі мағынаны білдіру үшін
Сөйлемдер тізбегіндегі мазмұнды білдіру үшін

САН ЕСІМДЕР

САН ЕСІМДЕР


МӘТІНДЕГІ БАЙЛАСЫМ СИПАТЫН АТҚАРАТЫН ТАҒЫ БІР СӨЗДЕР ТОБЫ
Нақтылау
Жинақтау
Өлең тілінің синтаксисін сөз ету үшін үлкен екі топ мәселенің бетін ашып алу қажет болады. Бірінші – поэзия тілінің синтаксистік құрылысы дегеннің өзі қандай мәселелерді қамтиды, екінші – өлең синтаксисіне қатысты қандай факторлар бар. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты: мәселелердің алғашқы тобы келесі топтағылардан шығарылып айқындалады.
(Р. Сыздықова)
ЕКІ ТОП МӘСЕЛЕ
Бірінші, екінші
реттік сан есім
Екеуі
жинақтық сан есім
Бұл
Сілтеу есімдігі
Қарасақау нені керек қылғанын түсінді де, шапшаң тұрып барып, үстелдің үстіне көнелеу боп қалған екі үлкен кітапты әкеп қойды.
Абай бір кітаптың бетін ашып, өзіне керек жерін тапты да, оқымай, сол беттерге қарап шалқиыңқырап, біраз бөгеліп отырып қалды. Көзі бұл беттерден ана жатқан екінші кітапқа да түсе береді.
Бұл екі кітап, бұл ауылдың, бұл өлкенің Абайдан басқа барлық жанына тілі де, мазмұны да ұғымсыз кітаптар. Бір Абайдың ғана көңіліне әрі ұғымды, әрі құрметті боп алған алыс дүние, алыс заманның екі ақынының кітаптары. Ол жатқан — Пушкин мен Лермонтов.
Екеуі де мұның ата-бабасы кешкен өмір соқпағынан мүлде басқаша боп өткен жандар...
Бірақ сол қалпында, осы қыстың ішінде бұл екеуі Абайға біртүрлі жақын сияқтанып, жылы ұшырағандай болды. 
(М. Әуезов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет