Алғашқы қауымдағы тәрбие
Қоғамның
даму сатылары
Тәрбиенің сипаты
Қызмет түрлері,
мазмұны
Руға дейінгі қауым
Жалпыға бірдей,
ұжымдық, табиғи
Еңбек: жеуге келетін өсімдіктерді жинау, балық
аулау, аң аулау, ошақты ұстау, араласу, салт –
дәстүрлерді үйрету, инициациялар (сынақтар)
Рулық қауым
Ұжымдық –
топтық,
ұйымдасқан
Жұмыс түрлерін ер балалар мен қыз балалар
арасында бөлу, еңбек процесінде оқыту,
жануарларды ұстау, жер өңдеу, қолөнершілік,
алғашқы жазуға үйрету, үлгі бойынша оқыту,
діни табыну ережелерімен танысу, тәрбиені
қызметтің айрықша түрі ретінде қарастыру,
алғашқы «жастар үйлері»
Алғашқы
қоғамның ыдырау
кезеңі
Ұйымдасқан, жеке
- топтық
Ой жұмысы мен қара жұмысты бөлу.
Отбасылық тәрбие, еңбекке баулу, тәртіптің
нормалары мен ережелерін, діни рәсімдерді
меңгеру, әскери тәрбие. «Жастар үйлерінде»
оқу мен жазуды (пиктография) үйрету.
Қоғамда қандай өзгерістер болса, тәрбиеге де сол өзгерістер әсер етіп отырған.
Француз утопистері Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Сен-Симон (1760-1825), Д.Дидро (1713-1784)
балаға жан-жақты білім, тәрбие беріп, сол қоғамды өзгертпекші болған. Бірақ одан ешқандай
нәтиже шықпады. Себебі бүкіл адам баласының сана-сезімі қоғаммен, қоршаған ортамен
бірге қалыптасады. Сондықтан жеке адам тек қоғамда, қоғамның тарихи, ұлттық, таптық
және бүкіл адам баласына тән ерекшеліктеріне сәйкес дамиды. Қоғам адамды байытады,
адам қоғамды байытады.
Жалпы тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде алып қарайтын болсақ:
Біріншіден, тәрбие - мәңгілік ұғым. Ол тек адам баласына тән. Тәрбие жер бетінде
адам баласымен бірге өмір сүреді.
Екіншіден, тәрбие жас ұрпақтардың өмірге бейімделіп, қарттардың орнын басып,
өндірісті дамыту, қажеттілігінен туындайды. Сол үшін жас ұрпақты тәрбиелейді, өмір
тәжірибесіне үйретеді, араластырады, қарым-қатынас іс-әрекетті меңгертеді, тарихи
кезеңдерге сай дамытады.
Үшіншіден, тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде қоғамдық сана-сезіммен де тығыз
байланысты. Себебі жеке адамның сана-сезімі қоғамдық сана-сезім арқылы қалыптасады.
Төртіншіден, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан қоғам өзінің тарихи кезеңдерін
басынан өткізе отырып, тәрбиені де, тарихи кезеңдерге сай қалыптастырады.
Бесіншіден, тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде ұлттық тәрбиеден бастау алады. Ұлт-
отбасынан кейінгі қауымдастық.
6
Алтыншыдан, тәрбиенің қоғамдық құбылыс ретінде тағы бір қыры - ол жалпы адам
баласына тән қасиеттерді қалыптастыру. Ұлттық тәрбие арқылы балаға жалпы адам
баласына ортақ жақсы қасиеттерді дарыту. Қиянат жасамау, өтірік айтпау, адам болу, арды
сақтау, кішіпейілділік, әдептілік, еңбекшілдік, үлкенді сыйлау, сәбиді және әйел баласын
құрметтеу, ата-анаға деген мейірім, т.б. сияқты қасиеттерді жас ұрпаққа үйретіп
қалыптастыру. Тәрбие ежелгі дәуірден философиялық, психологиялық, педагогикалық
теориялардың негізгі арқауы болған. Ежелгі ойшылдар Сократ, Платон тәрбиелеудің мәні,
қоғамдық құрылымы мен тәрбиенің қатынасы сияқты аса маңызды педагогикалық ұғымдарға
анықтама берген ғұламалар. Сократтың пікірінше, тәрбие өзін - өзі тану, мінез – құлықтарды
жетілдіру. Платон тәрбиені ақыл – ойын, еркін және сезімін дамыту, балалар ата –анасы
алдында ешбір міндетсіз, еркін, ал ата – ана оларға білім мен тәрбие беруге міндетті. «Ұлды
тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»
деп тұжырымдаған.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты тарихи -
әлеуметтік процесс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс-тіршілікке,
қоғамдық өндірісті қызметке, процеске араласуына, шығармашылық пен рухани мәдени
игіліктерді игеруіне, адамдық болмыстың негізін игеріп, жеке тұлға ретінде дамып, азамат
ретінде қалыптасып жетілуіне негіз болады.
Тәрбие ұғымына бірнеше анықтама берілген: Н.И.Болдыревтің «Мектептегі тәрбие
жұмысының әдістемесі» оқулығында «Тәрбие – тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бір
мақсатқа бағытталған және өзара байланысты іс – әрекеті, осы жұмыс процесіндегі қарым –
қатынасы, жеке адамды және ұжымды қалыптастырудағы ықпалы» делінген.
Қысқа педагогикалық сөздікте «Тәрбие – жас ұрпаққа қоғамдық–тарихи тәжірибені
диалектикалық–материалдық көзқарасты, жоғарғы моралды, терең идеяны, қоғамдық
белсенділікті, шығармашылық қатынасты, жоғары еңбек мәдениетін және тәртіпті жеткізу
жолдары» деп көрсетіледі.
«Насихатшылардың қысқаша педагогикалық» сөздігінде «Тәрбие – адамдарды
еңбекке тағы да басқа көптеген қоғамдағы пайдалы іс–әрекетке дайындаушы, көптеген
әлеуметтік функцияларды орындайтын объективті заңды процесс» деп тәрбиені іс–әрекет
емес процесс ретінде қарастырған.
1995 жылы қабылданған «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды
тәрбиелеу тұжырымдамасында» тәрбиенің мақсат – міндеттері айқын берілген:
«Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі
қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын,
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру»
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері
қалыптасқан, адамды тәрбиелеу.
Тәрбиенің міндеттері:
- озық педагогикалық-психологиялық ойларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, қазақ ұлтының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдеті, ғұрпы арқылы жас
жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру;
- жалпы және кәсіби білім беретін пәндердің тәрбиелік мазмұнын күшейту, тәлім-
тәрбиені көздеген қосымша арнайы пәндерді, курстарды, факультативтерді оқуларды енгізу;
- Балалар мен жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой
қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру, өмірлік мақсат-мүдесін айқындауға,
жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу;
Қазақстан Республикасы өз алдына дербес, тәуелсіз ел қатарына қосылған соң, ұрпақ
тәрбиесінде жаңа мақсат - міндеттер туындады, олар Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңының 8-бабында жазылған.
7
1. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2. Білім беру жүйесінің басым міндеттері жеке адамның шығармашылық, рухани және
дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін байыту.
3. Адамзаттық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,
Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
4. Республиканың қоғамдық - саяси экономикалық және мәдени өміріне қатысу
қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын
қалыптастыру.
5. Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен
республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет –ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы
16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім
беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасындағы ең өзекті мәселе - тәрбие беру міндеттерін
шешудегі тәрбие үдерісіндегі барлық субъектілердің, яғни тәрбие саласымен айналысатын
педагог мамандардың іс – қимылдарын келістіру болып табылады».
Тәрбие тұжырымдамасында тәрбиенің 12 бағыты нақтыланған, жаңа мазмұнда
енгізілген бағыттары «Өзін-өзі тану мен өзін – өзі дамыту» қажеттілігін қалыптастыру,
«Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру», «Коммуникативті мәдениетті
қалыптастыру» және «Интеллектуальды мәдениетті дамыту» жаңадан енгізілген жұмыс
бағыттары бойынша тәрбие үдерісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін зерделеу,
зерттеу, анықтау және кең тарату сынды жұмыстар жетілдірілуі қажет етеді.
Тәрбие үдерісі - тәрбиеші мен тәрбиеленушінің белгілі мақсатқа жетуге бағытталған
өзара байланысты іс-әрекеті.
Тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның сыртқы әсерлерді іштей қайта қорыта білуі маңызды
орын алады. Адам қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасқа түсіп, өзінің белсенділігін
көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырады.
А.С. Макаренко «Бала айнала қоршаған ортамен шексіз қарым-қатынасқа түседі,
дамиды, баланың дене күші артып, адамгершілік қасиеті жақсарады. Жылдар өткен сайын
баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы маңызды бола бастайды, қарым-қатынас даму
мен тәрбиеге ықпал етеді» - деген.
Жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен байланысы – бұл тәрбие
процесінің заңы. Ал даму - тәрбие нәтижесі.
Тәрбие үдерісінде адамның сана – сезіміне, ерік – жігеріне, мінез – құлқына, мақсатты
әсер ету арқылы оның санаткерлік деңгейі дамытылады.
А.С. Макаренко: «Тәрбие логикасы, оқу логикасын қайталамайды, тәрбиенің өзіндік
мазмұны, принциптері, әдістері бар», - деді.
Тәрбие үдерісінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс, өйткені қоғамның материалдық жағдайының өсуі,
идеологияның өзгеруімен байланысты. Тәрбиенің мақсат - міндеттері, мазмұны мен оны
ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады.
Тәрбие мақсатты үдеріс.Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай
белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға
болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен
әрқашанда тығыз болады.
Тәрбие – көп факторлы үдеріс, ол тек мектепте ғана емес, отбасында, мектептен тыс
мекемелерде, қоғамдық орындарда іске асырылады.
8
Тәрбие үдерісі - ұзақ әрі күрделі үдеріс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ
дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің
ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу үдерісімен жалғасып отырады.
Тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға
болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері,
дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы
факторлардың да әсері мол.
Тәрбие-көп жақты үдеріс. Жас өспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамның пайдалы
еңбекке әзірлеу үдерісі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен
жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Тәрбие үдерісі – екі жақты,белсенді үдеріс.
Оқушылар міндетті түрде өзін - өзі тәрбиелеуі қажет, баланың ішкі белсенділігін ояту
керек.Өзін - өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің
деңгейімен анықталады. К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесі:
1. Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге
2. Сөзде және қылықтардағы турашылдық
3. Әрекетті жан – жақты ойластыру
4. Батылдылық
5. Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпай
6. Санасыз уақыт өткізбеу
7. Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану
8. Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру
9. Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау
Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы тұлғаның мінез – құлқындағы кемшіліктері мен
әрекетіндегі сәтсіздіктерді үнемі сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын
іздестіруді көздейді.
Тәрбие үдерісінде балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтары ескерілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |