4
Дәріс №1. Тәрбие үдерісі - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Жоспары:
1. Тәрбие - мәдени-тарихи феномен
2. Тәрбие - педагогикалық ғылымдардың категориясы
3. Тәрбие үдерісінің мәні. Тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Тәрбие оның мақсаты мен міндеттері, өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік
беру.
Глоссарий:
Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды
мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үдерісі.
Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік
тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Т.з. оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ
жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай
туғызады.
Гуманистік - адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау
Достарыңызбен бөлісу: