Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет19/50
Дата28.12.2016
өлшемі5,13 Mb.
#662
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50

 
Литература
1.  Владимирова Т.Н. Дидактическая концепция профессиональной подготовки журналистов 
в высшей школе России. Диссертация на соискание ученой степени доктора педагогических наук. 
– М., 2015. – 481 с. 
2.  Кириллова Н.Б. Медиакультура: от модерна к постмодерну. – М., 2005. – 448 с. 
3.  Барлыбаева  С.,  Рахимжанова  Г.  Новые медиа  в мире  и  Казахстане. Учебное пособие.  – 
Алматы: «Қазақ университеті», 2013. – 139 с. 
4.  Назарбаев Н.А. План нации - 100 шагов по реализации пяти институциональных реформ. 
- А., 2016. 
5.  Дистанционное и виртуальное обучение. - 2012. № 2.  
6.  Бондаренко  Е.  А. Формирование  медиакультуры  учащихся  // Образовательные  техноло-
гии XXI  века:  информационная  культура  и  медиаобразование /  Под  ред.  С.  И.  Гудилиной,  К.  М. 
Тихомировой, Д. Т. Рудаковой. М.: Изд-во Рос.академии образования, 2010. - С.29-34. 
 
 
 
 
 
 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
98 
 
УДК 321.01 
 
АКАДЕМИК М.ҚОЗЫБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Панияз  Т.П.  -  ҚМПИ,  саясаттану  магистрі,  әлем  тарихы  және  қоғамдық  пәндер 
кафедрасының аға оқытушысы 
Амантаева  Айгүл  Бақытжанқызы  ҚМПИ,  ф.ғ.к.,  әлем  тарихы  және  қоғамдық  пәндер 
кафедрасының аға оқытушысы 
 
Мақалада  академик  М.Қозыбаев  еңбектерінде  айтылған  қазақ  тарихының  ақтаңдақ 
беттеріндегі  көкейтесті, терең  мазмұнды  мемлекеттілік  мәселелері  сөз  болады.  Сонымен  бірге 
мемлекеттіліктің  қалыпты  дамуының  мәнді  факторларының  бірі  халықтың  саяси-ұлттық, 
тарихи-дүниетанымдық  мәдениетін  қалыптастыру  мәселелері қамтылған. 
Негізгі  ұғымдар:  ұлттық  мүдде,  жалпыұлттық  идея,  дала  демократиясы,тәуелсіздік, 
мемлекеттілік. 
«Мемлекет құру және 
оны нығайту - ұлттық намыс». 
А.Байтұрсынов.                                                                       
 
Биыл мемлекетіміздің тәуелсіздігіне ширек ғасыр толады. Қазақ халқы  қазақ мемлекеттілігі 
жолындағы  күресін  бір  күнде    тоқтатпай,  таңғаларлық  ерлік  пен  өміршеңдік    танытып,    басқа 
өркениеттер жетістігіне қосылу қабілеттілігін көрсетіп келеді. Бүгінгі қазақ мемлекеттілігі - тамыры 
ежелгі  замандарда  жатқан  ұзақ  тарихи  дамудың  жемісі,  ол  қазақ  халқының  топтасуына,  оның 
этникалық  аумағы  мен  тұтастығының  нығаюына,  қазақ  халқының  рухани  және  материалдық 
мәдениетінің  дамуының  негізі.  «Қасым,  Хақназар,  Тәуекел,  Есім,  Тәуке  хандар  тұсында  қазақ  
хандығы  нығаю  және  өрлеу  кезеңдерінен  өткен,  Орталық    Азияда    елеулі    рөл    атқарған 
орталықтанған мемлекет, біртұтас  организм болды» [1,8б]. 
Мемлекеттіліктің  қалыпты  дамуының  мәнді    факторларының  бірі  халықтың  саяси  -  ұлттық, 
тарихи - дүниетанымдық  мәдениетін  қалыптастыру  болып  табылады. 
«Егер  біз    мемлекет    болғымыз  келсе,  өзіміздің    мемлекеттілігімізді  ұзақ  уақытқа  құрғымыз  
келсе,  онда халық  руханиятының  бастауларын  түсінгеніміз  жөн» [2, 273б]. 
Тәуелсіздіктің    таңы  атқан    тұста  Қазақстан    қандай  мемлкет  құрады,    іргелі  ел  болу  үшін  
нендей    міндеттерді  шешу    керек  деген    сұрақтар    барша    қазақстандықтарды    барынша 
толғандырды.    Тоталитарлық    жүйенің    коммунистік    идеологиясы  күйрегеннен  кейін  халық 
санасында    бос  кеңестік   пайда   болды. Осы уақытқа    академик   М.Қозыбаев    бастаған    отандық 
тарихшылардың      алдында  қоғамның      қайта  түлеуі    мен  жаңаруы    үшін  отарлық    санадан 
арылуда,  төл    тарихымыздың    «ақтаңдақтардын»    ашып    саралауда,  Ұлы  мұрат    -    Қазақ 
мемлекеттілігінің    іргетасын  бекіту      мен  қалыптастыруда,  оның    ұлттық  дүниетанымын    тарихи 
тұрғыдан    қайта  жүйелеу    мен  ұлттық  -  мемлекеттік  идеология    қалыптастыруда    асқаралы 
міндеттер  тұрды.  Бұл  тұрғыда  ол  алғаш  рет  Алматыдағы  ғылыми  -  теориялық  конференцияда 
«Егеменді    мемлекет    ретінде  Қаз  КСР-ның    территориялық  тұтастығы    тұғырнамасының 
теориялық  -  методологиялық  аспектілері»  деген    тақырыпта    баяндама  жасады  [3,4б].  Онда 
академик  М.Қозыбаев    тәуелсіздіктің,  дербес    ұлттық    мемлекетті  нығайтудың    өзекті 
проблемалары  мен Қазақстанның ғылыми  тарихын  жасаудың  зәру  мәселелерін  күн  тәртібіне 
қою,  оны  жаңа  тарихи    жағдайға  сәйкес    қайта  бағамдау,    әсіресе  кешегі    тоталитарлық    қоғам 
тұсындағы    идеологиялық    өктемдік  салдарынан    ұлттық  тарихымыздың      өрескел  бұрмалануы,  
сол  себептен    көптеген  белесті  оқиғалар    мен  белгілі      тұлғалардың  тарих  беттерінен  өшіріліп  
ақтаңдақ күйінде  қалуын өзекті  мәселелер  етіп  қойды. 
          Демократиялық    жағдайда  өткен  өмірімізді  ақиқат    обьективті    түрде  түсініп      алумен 
бірге,  белгілі  бір  саяси    мақсаттар  үшін  тарихты  бұрмалаушылықтар    үнемі  кездесіп  отырады. 
Осыны  дұрыс  ұғыну    үшін  қоғамдық  сананы  жаңарту,    адамгершілік,    демократиялық  қоғам  құру 
жолында  тарихи  ақиқатты    айқындау  үшін  азаматтардың    мемлекеттік  -  саяси  бағытын  саналы 
түрде  анықтауда    жоғары  дәрежеде  саяси  мәдениет  қажет.  Осы  саяси    мәдениет    ұлт  тарихын 
ұлылаудан басталуы қажеттігін тарлан тарихшы өз уақытында көріп болжай білді. 
М.Қозыбаев қазақ халқының этногенезі мен арғы - бергі тарихынан бастап,  мемлекеттіліктің  
қалыптасуының  тарихнамалық  мәселері    мен    ұлт-азаттық    көтерілістің  заңдылықтарын, 
шынайылығын  ашуда, отарлық саясат пен империяның өктемдік зұлматтарын, Кеңестік кезеңдегі 
тотаритарлық  жүйенің  үстемдігі  мен  озбырлығын  әшкерлеуде,  ұлт  зиялыларының  тағдыры  мен 
азаттық  күресін  зерттеуде  болашақ  ұрпақ,  ұлт,  мемлекет  үшін  батыл  қадамдарға  барған, 
парасатты көшбасшысы ретінде жарқырай көрінді.  
«Қазақстан  тарихының  «ақтандақтары»  қазақ  халқының  шығу  тегі,  яғни  этногенезінен 
басталады»  деп,  сонау  көне  дәуірлерден  басталатын  ұлт  болып  ұйысу  кезеңдерінен  бастап  

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
99 
 
тарихты  қайта  зерделеуді  ұсынды...  [4,11б].  Ол  өзінің  «Тарихнама  мәселесі  толғандырады»  атты 
мақаласында:  «Биылғы  жыл  ғана  емес  екі  ғасыр  аралығы  тарихқа  мол  жүк  артады.  Тәуелсіздік 
жарықтық  жаңа  сатыға  көтерілді.  У-шу,  той  томалақ  артта  қалды.  Қазіргі  ең  басты  мәселе  -  ел 
болу» деп жазды [5,3б]. 
Егеменді  елде  халық  тарихи  -  мәдени  саналылыққа,  естілікке  ұмтылған  сайын  оның 
дүниетанымдық  сұранысы  кеңейеді, мемлекет  тәуелсіздігін,  тұтастығын,  тұрақтылығын  нығайтуға 
күш  салады.  «Жаңа  заманда    тәуелсіз  мемлекетіміз  қалыптасып  жатқан  кезде  халқымыздың 
шаруалары,  жұмысшылары,  зиялы  қауымы  ұлттық  санаға  әлеуметтік  негіз,  одан  қалды 
республиканы  мекендеген  көп  ұлтты  халықтардың  ұйтқысы  боларлықтай  дәрежеге  көтерілуі  күн 
тәртібінде  тұрған  мәселе.  Ұлттық  мемлекеттте  ұлттық  негіз  болуын  әлем  тарихы  әйгілеген 
шындық » деп жазды ғалым [6,98б]. 
Қазақстандық  қоғамды  топтастыратын,  ел  тұтастығын,  тұрақтылығын  қамтамасыз  ететін 
мәселелерді  дер  кезінде  дөп  басып  айта  алуы  оның  ғұламалығында,  алысты  болжайтын 
көрегендігінде  болса  керек.  Бүгінгі  қазақ  ұлтының  өз  мемлекеттілігін  құрудың  заңды  иесі  болу 
құқығына  ие  болуы  –  қазақ  халқының  жүздеген  жылдардағы  азаттық,  тәуелсіздік  үшін  күресінің 
нәтижесі. Тоталитарлық сана өзінен өзі жойылмақ емес, тамыры тереңде. Халықтың азат саналы, 
озық  ойлы  болуы  оның  рухани  көсемдерінің  іс-әрекеттеріне  тікелей  байланысты  болмақ  .  Бұл 
жолда дарынды  тарихшы,  қоғам  қайраткері  М.Қозыбаевтың  қазақ  мемлекеттілігіне  қатысты  іргелі 
тарихы  зерттеулерінің  соның  ішінде,  әсіресе  ұлт-азаттық  көтеріліс  жөнінде  және  ұлт  көсемдері 
мен  зиялылары  жайлы  еңбектерінің  орны  бөлек.  Ғалым  ұлт  -  азаттық  көтерілістерді  зерттеуде, 
мемлекеттік  құрылысты  жаңаша  танытуда  бас  болып  тарихшылардың  жаңа  буынының  бетін  ұлт 
мүддесіне бұра білді.  
Халық  тарихы  -  сол  халықтың  тұлғалы  перзенттерінің  тарихи  іс-қимылдарының  тарихы. 
Азаттық күрес тарихы - қазақ мемлекеттілігі үшін күрес тарихы, қазақ мемлекетінің рухани жаңару 
тарихы екендігін ашып көрсетті. «Ұлт - азаттық көтерілістің негізгі мақсаты ұлтты езгіден азат ету, 
оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін, дербестілігін қалпына келтіру» [7,20б]. Дарынды 
ғалым,  ғұлама  тарихшы  қазақ  халқының  ұлт  -  азаттық  қозғалысын  топтан  саралап,  сатылар  мен 
белестеге  бөлді.  Азат  ойлы  ұлттық  сананы  қалыптастыруда  ұлт  -  азаттық  қозғалыстың  орны 
ерекше болды.  
Абылай хан, хан Кене, Бұқар жырауға арналған өз зерттеулерінде ұлт - азаттық көтерілістің 
мән  мағынасын,  ерлік  мазмұның,  шынайылығын  ашты.  Абылай  хан  тұсында  шешуші  күш  хан 
билігінде болды және қазақ хандығы монархиялық және аристокритиялық элементтерді біріктірген 
тәуелсіз мемлекет ретінде басқа мемлекеттермен тең дәрежеде саясат жүргізді. Сонынмен бірге, 
мемлекет  басқару  істеріндегі  далалық  демократиялық  билік  жүйесі  ел  ішінде  әлеуметтік  -  саяси 
үйлесімнің  тезірек  орнығуына,  біртұтастық  пен  бірауыздылықтың  шындалуына,  елдік,  ерлік 
сананың қалыптасуына әсер еткендігін: «Сонау Ұлытау мен Көкшетауда, Сайрам мен Түркістанда 
қазақ  сахарасының  киелі  жерлерінде    бүкіл  қазақтық    Құрылтайлар  шақырылып  соғыспен  бітім,  
қоныс  пен  жайылым,  дау  мен  дамай,  басқа  халықтармен  сауда  және  дипломатиялық  қарым-
қатынас мәселелері көп талқысынан өтіп, шешіліп жатты. Бұл жиындарда тайпалардың, жүздердің 
көкейтесті  ой  -  тілектері  барша  халықтық  мүддеге  қабысатын.  Үш  жүз  біртұтас  халық  болып 
қауышып, ынтымақ, бірлік туы астында табысты. Шын мәнінде, осындай барша халықтық жиындар 
сол  заманға  лайық  парламент  болатын.  Абылай  ханның  даналығы  мен  көрегендігі  осы  бір  дала 
демократиясы мен хандық диктатураны бір жүйеге сая білді» деп көрсетті [8,31б]. 
Академик  М.Қозыбаев  сол  заманда  хандық  билік  жүйесі  батырлар  мен  билердің  билігіне 
ұласып, хандық өктемдікті шектей білгендігін әділ атап өтеді. 
Қазақ мемлекеттігі хандар институтының билігі арқылы ғана емес, бұл үрдісті идеологиялық 
тұрғыдан  қамтамасыз  ететін  қазақ  билер  институтының  көмегімен  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы 
саясат  мәселелерін  реттеп  шешуде  маңызды  рөл  атқарғанын  және  оның  құрылымы  мен  тарихи 
даму  үрдісін  сипаттады.  «Хан  жанында  билер  алқасы,  әділқазылар  алқасы,  хан  Кеңесі 
қалыптасты. Басқаша айтқанда осы бір кезеңде дала демократиясы дүрілдеді» [9, 103 б].  
Үш  кемеңгер  ойшылдар  заманында  қалыптаса  бастаған  ұлттық-мемлекеттік  бітім 
болмысымыз  бен  біртұтастығымыздың  үрдісі  кешегі  отаршылдық  кезеңде  де  елдің  елділігінің 
жоғалып  кетуінен  сақтап  қалғандығын,  Бұқар  жырау  мен  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  би  сынды 
қайраткерлердің  дана,  мемлекетшіл,  көреген,  дипломатшыл  қасиеттерін  өз  еңбектерінде  арқау 
етті.  Академик  М.Қозыбаевтың  бүгінгі  тәуелсіз  қазақ  мемлекетін  қалыптастырудың  осы 
кезеңдерінде  саяси  және  құқықтық  -  сот  жүйелерінде    ұлттық,  тарихи  құндылықтарды  ескеру 
қажеттігін  меңзегені болса керек. 
Хан  Кене  бастаған  ұлт  -  азаттық  қозғалыстың  отаршылдыққа  қарсы  шығып,  елдің 
егемендігін,  мемлекеттігін  күн  тәртібіне  қоя  білгендігін:  «Хан  Кене  хандық  билікті  қалпына 
келтіремін  деп  күрес  бастағанда  атасы  Абылай,  әкесі  Қасымның  жолын  қуды.  Ол  қазақ  елінің 
егемендік,  біртұтастық  жолы  болатын.  Ол  Бұқардай  жырауға  сүйенген,  Бөгенбайдай, 
Қабанбайдай,  Баяндай  батырларға  сенген  билік  құрылымының  жолы  болатын.  Ендеше  Кене  хан 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
100 
 
хандық биліктің кеселге ұшырамаған, дала демократиясына негізделген сипаты үшін күресті» деп 
көрсетеді  [10,105б].  Кенесарының  заңды  мұрагер  ретінде  барша  қазақ  жері  мен  тәуелсіздігі  үшін 
жанын  аямай  күрескен,  империяға  қарсы  бар  қажыр  -  қайратын  көрсеткен  қайраткер  дипломат 
екендігін және де Орта Азия өңірінде патша өкіметіне қарсы қозғалыс ашып, бірігудің жолын таба 
алғанын, кешегі кеңестік тарихта күсталанып, әділ бағасын ала алмай келгендігін ашып жазады. 
          Ғалымның  ел  басына  күн  туған  шақта  қазақ  хандарын  тақта  емес,  ұрыс  даласында 
сынға  түскенін, халықтың  ары  мен  намысын  қорғар  қажырлы  қайраткер  екендігін  өз  еңбектерінде 
дәріптеуі,  ақиқатын  ашуы,  ел  санасына,  ұрпақ  жадына  ұлтжандылық  пен  отансүйгіштікті 
қалыптастыруда өшпес өнеге болатындығын болжағанында жатыр. Сонымен қатар, ұлт-азаматтық 
көтеріліс  дүниежүзілік  отаршылыққа  қарсы  бағытталған  көтерілістің  құрамдас  бөлігі  мен  қазақ 
мемлекеттілігін  қорғау  жолындағы  күрестің  қаһармандары,  әлемдік  тарихтың  айтулы  құбылысы 
және  әлемдік  тұлғалардың  қатарында  тұрғандығын  ерекше  атап  өтеді.  «Абылай  хан  тұлғасы 
жалаң,  жадағай  идеологияландырылған  схемаға  симайды.  Ол  өте  алып  та,  тұңғиықтай  терең  де 
тұлға. Оны тудырған оның сол ғажайып қайшылықтарға, қиындықтарға толы заманасы. Оның есімі 
XVIII  ғ.  Еуразиялық  континентте  Орта  Азия  ғана  емес,  барша  әлемдік  тарихқа  өзіндік  құбылыс 
болып  енді»  деп,  өзі  бас  болып  Қазақ  елінің  атақты  тұлғаларына  арналған  мерейтойлар  мен 
басқосуларда сөйлеген сөздерінде де атап айтудан жалыққан емес [11, 32]. 
Бәз  біреулер  айтқандай  айтқандай,  қазақта  мемлекет  басқару  істерінде  демократиялық 
үрдістер  қалыптаспаған  деген  жаңсақ  пікірлерге  ұлт  -  азаттық  көтерілістердің  өн  бойында  негізгі 
бастаушы  күш  халық  демократиясы  болғандығын  айдай  әлемге  мойындатуы  ғалымның  елімізде 
және  өзге  тілдерде  шетелде  басылып  шыққан  еңбектерінде  айқын  көрініс  тапқанын,  ел,  ұлт 
мүддесін  қорғауда  біржақты  жаңсақ,  отаршыл,  шовинистік  пиғылдарға  өз  уақытында  тойтарыс 
беріп  отырғанын  академиктің  «Дербес  мемлекет  құру,  қазақ  халқы  егеменді  ел  болу  –  Абылай 
өмірінің  түп  –  қазығы.  Қазақ  тарихындағы  Абылай  құрған  қазақ  хандығы  мемлекеттік  дәрежеге 
көтерілмеді деу империялық ой - өлшемнің көрінісі болса керек» деген пікірлерінен байқаймыз [12, 
40б].  Бұл  мәселелер  бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстан  жағдайында  да  өз  маңыздылығы  мен  өткірлігін 
ешқашан жоймақ емес. 
Академик М.Қозыбаев ұлт - азаттық көтерілістің қазақ мемлекетін қалыптастырудағы ерекше 
орнын  жинақтама  категория  ретінде  алып,  біріншіден,  жалпы  ұлттық  идеяны,  екіншіден, 
көтерілістердің  мақсаты  –  азат  болу,  тәуелсіздік,  үшіншіден,  көтерілістің  басында  ұлт 
тұлғаларының  тұрғанын  зерттеулерінде  ашып  көрсетті.  Ол  Қазақстан  қоғамының  рухани,  тарихи 
жаңғыруы  тәуелсіздігіміздің  қайнар  бұлағы  егеменді  мемлекеттің  іргетасының  мызғымас  тірегі 
екендігін,  Қазақстандық  қоғамның  идеялық  топтасуы  оны  жарқын  болашаққа  бастайтын  жол  деп 
түсінді.  Сонымен  бірге,  жас  Қазақстан  мемлекетінің  мәдени-идеологиялық  тұжырымдамаларын 
жасауда, халық  тарихы мен  саяси  құрбандарды еске  алу мен  ұрпақтар  сабақтастығына  арналған 
мемлекеттік  шаралардың  басы  -  қасында  академик  М.Қозыбаевтың  тұрғанын  құрметпен  айта 
кеткеніміз жөн. Ғалымның еңбектеріне карап отырып, қазақ халқының этногенезінен бастап, қазақ 
тарихының біртұтас ақиқат тұжырымдамасын жасауға ұмтылғанын, сол арқылы әлемдік тарихтағы 
орын көруге ұмтылғанын аңғарамыз. 
Қазіргі  өркениетті  қоғам  орнатуға  бет  түзеген  кезеңде  жаһанданудың  құшағында  жұтылып 
кетпеу  мен  космополитизм  сияқты  дерттерден  аман  қалу  үшін  ұлттық  діл  мен  тілді,  тарих  пен 
салт-сананы,  отансүйгіштік  пен  мемлекетшілдікті  әспеттеуде,  мәңгілік  ел  болуды  мұрат  тұтқан 
тәуелсіз  Қазақстан  үшін  ғұлама  ғалым,  тарих  тарланы,  академик  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев 
еңбектерінің маңызы зор. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Қазақстан тарихы. II том.-А.-1998.- 8б. 
2.  Н.Назарбаев. «Тарих толқынында».-А.-1999 -273б. 
3.  Оңдасын Әшімов. «Тарлан».//ЕҚ.-2006. 17-қараша. 4б. 
4.  Манаш Қозыбаев. «Ақтаңдақтар ақиқаты» - А.-1992. -11б. 
5.  Қазақ тарихы.-А.-1998.-№2.-3б. 
6.  Манаш Қозыбаев. «Жауды шаптым ту байлап».-А.-1994.-98б. 
7.  Бұл да сонда.-20б. 
8.  Бұл да сонда.-31б. 
9.  Бұл да сонда. -103б. 
10.  Бұл да сонда.-105б. 
11.  Бұл да сонда.-32б. 
12.  Бұл да сонда.-40б. 
 
 
 
 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
101 
 
УДК:82-1:821,512,122 
 
ҚАЗІРГІ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ КЕНЕСАРЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ  
ПЕН КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ 
 
Тулегенова Ш.И. - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті тіл және 
әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы 
Қалиев  Б.Н.  –  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің 
магистранты 
 
Мақалада  қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі  поэмаларындағы  Кенесары  батырдың  тарихи  және 
әдебие  шындығы  баяндалған.  Кенесары  батырлардың  ерлігі,  елге  деген  махаббаты,  ақылдығы, 
жеріне  деген  сүйіспеншілігі  баяндалған.    Тарихи  оқиғалар  жазба  әдебиетімізге  рух  беріп,  құнарлы 
көркем  шығармалар  туды.    Ел  үшін,  жер  үшін  жанын  салып  күрескен  Кенесарының  басынан  кешкен 
қилы  кезеңдердегі  күресі  жайлы  анық  және  нақты  көрсетілген.  Н.Айтұлы  мен  С.Оспановтың 
шығармаларындағы Кенесарының тарихтилығы мен шынайлылығы көрсетілген. 
Негіз сөз: батыр; ер жүрек; қолбасшы; шайқас; жер мәселесі; ақын. 
 
Қоғамдағы  әлеуметтік-саяси  түбірлі  өзгерістердің  ең  алдымен  өнерде  көрініс  табатыны,  бұл 
өзгерістердің  оны соны өзгерістерге, тың ізденістерге бастайтыны ежелден мағлұм жайт. Өйткені, қай-
қай  замандарда, уақытта да өнердің қандай бір түрі  болмасын  өмір шындығынан нәр алады және  сол 
шындықты  танытушы  болады.  Бұл  өнердің  қоғамға  қызмет  етуі  деген  сөз.  Өмір  өзгерістеріне,  уақыт, 
қоғам алға қойып отырған идеал-мұраттарға  қызмет етпеген өнер – өлі.  
Тәуелсіздік  біздің  бәрін  өзгеден  іздеп,  өзгені  өнеге  тұтып  үйренген  құлдық  санамызға  түбірлі 
өзгеріс әкелді. Қазақ та өзге жұрттай іргелі ұлт, оның да өзіндік тарихы, әдет-салты, ерлік, елдік дәстүрі 
бар екеніне көзін ашты. «Өз жақсыңды жаттай таны, жат жанынан түңілсін» дейді. Бұл түсінік санамызға 
төңкерістің  басы  болды.  Тәуелсіздіктің  басты  тағылымы  осы.  Тәуелсіздік  әдебиетке  тың  идеялар  мен 
тақырыптар  әкелді.  «Құпиялардың»  кілтін  берді,  бұрын  жетпіс  жыл  бойына  айтылмай  келген 
«ақтаңдақтар»,  экология,  ұлы  қайраткерлер  өмірінің  азабы  мен  ғажабы,  ұлттың  аза  бастауы  мен  тоза 
бастауының саяси-әлеуметтік, тарихи себеп-салдарын жазу мүмкіндігі толығынан туып отыр. 
Бүгінгі  тәуелсіздігіміздің,  егемендігіміздің  негізі  ата-баба  арманында,  осы  асыл  мұратқа 
ғұмырларын сарп еткен  талай күрескерлер ұрпақтың  тағылымды тағдырларында жатыр десек,  сондай 
жарқын оқиғалар Тәуелсіздік үшін күрес екені даусыз. 
Қазақ  қаламгерлері  тарихи  тақырыпты  тәуелсіздік  мұраттары  рухында  жаңаша    қарастырып, 
жемісті игеріп келеді. Мұның айғағы белгілі ақын, Жамбыл мен Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың  
лауреаты  Несіпбек  Айтұлының  «Ақмола  шайқасы»,  Жамбыл  атындағы  халықаралық  сыйлықтың 
лауреаты Серікбай Оспановтың  «Шеген би», Әубәкір Қайрановтың «Кенесары», Бақыткерей Ысқақтың 
«Жау  жүрек  Жәуке»  т.б.  поэмалары. Бұл шығармаларда  ел  тәуелсіздігі  жолындағы халқымыздың  жан 
қиярлық  күресі  бейнеленеді.    Поэмалардан  бүгінгі  күнгі  қазақстанның  асқақ  мұраты мен бостандықтың 
асқақ рухы айқын сезіледі. 
Азаттық жолында аққан қан, төгілген тер босқа кетпепті. Бостандық таңы атып, егемен ел атандық. 
Терезесі тең, керегесі кең тәуелсіздік ел болып, арайлы күннің астында еркін қыраны қалықтаған аспан 
түсті  байрағымыз  асқақтап  желбіреді.  Күні  кеше  Хан  Кененің  өзегін  өртеген  Қараөткелдің  бойына 
Отанымыздың Ордасы – Астана орнады. Іргесі бекіп, шекарасы шегеленген еліміздің мерейі арта түсті.  
Несіпбек  Айтұлы  осы  тұста  тәуелсіздікті  талмай  толғайтын,  ерлікті  тынбай  жырлайтын  елдіктің 
жампоз жыршысына айналды. 
Тәуелсіздікпен бірге томағасы сыпырылған сұңқардай саңқылдаған ақынның тынысы кеңейді, өрісі 
ұзарды. Абайдың қайғысын шынайы сезініп, Алаш арыстарының асыл мұрасымен жалғасып: 
Аузына аждаһаның жақын бармай, 
Қарасын дұшпанның кім батырғандай? 
Бұрқ етіп көтерілді Кенесары, 
Жанартау жазық жерден атылғандай» [1.21 ],  
- деп жырлаған ақын Отан, ел, жер сияқты қасиетті ұғымдар төңірегінде толғады: 
«Отанның амандығы  - ұлы бақыты, 
Отанның қайғысы да – ұлы қайғы!» [1.25]. 
Ақын «Ақмола шайқасы» поэмасында Жоңғар шапқыншылығы тұсында Ұлт ретінде құрып кетудің 
аз  алдында  қалған  қазақ  халқының  қасіретті  кезеңі    пен  патшалық  империя  зобалаңының  тақсыретін 
жеткізіп, тарихта болған «Ақмола» шайқасын суреттейді. 
Өткенін білмеген елдің  болашағы да бұлыңғыр. Тарихи сана – ұлттық сананы қалыптастырады. 
Осыны  қаперде ұстаған ақын «еңсесін көтере алмай, бабалар рухын өкпелеткен» елдің ұланы ретінде 
тарихпен аяусыз беттеседі, сөйтіп жас ұрпақты өткеннен тағылым алуға шақырады. 
Кінәлап не табамын ол ғасырды, 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
102 
 
Сеземін сырқыраған жамбасымды,- 
деп  жазған  ақынның  мақсаты  өткенді  жазғыру  немесе  оқиғаны  сол  қалпында  жырлап  беру  ғана 
емес. Бұл ретте тарихтың қойнауындағы шындықты іздей отырып, «ұрпаққа ақиқаттың ара-жігін ашып» 
көрсетуді, сол арқылы «ұйқыдағы ар-намысты оятуды» көздеген ақынға «өз-өзімен алысып, кең далаға 
сыймаған қазақтың» өткеніне көз жүгірту де оңайға соқпайды. Ақын сондықтан да кешегіні айта отырып, 
бүгінгіні де қозғайды. Екі заманды бір-бірімен, беттестіре жырлайды.  
Тарих – өткенмен, немесе бүгінмен кектесу үшін емес, шындықпен беттесу үшін қажет. «Қазақтың 
өлісінің  жаманы  жоқ,  тірісінің  жаманнан  аманы  жоқ»  деп  ұлы  Абай  айтқандай,  жауырды  жаба  тоқып, 
бәрін жылы жауып қоюға болмайды. «Тәуелсіздік жолында құрбан болған орыстар да ұлы, оларға қарсы 
қару  кезенгендер  де  жақсы»  деген  түсінік  тарихқа  жүрмейді.  Ащы  да  болса,  ақиқат  қымбат.  Біз  сол 
ақиқатты ашып ала отырып, оның тағылымынан дәріс алуымыз керек. Міне, ақын Несіпбек Айтұлының 
«Ақмола шайқасы» атты тарихи поэмасы да осы мақсатты көздейді. 
«Қазақтың өлісінде бәрі жақсы», 
Дәл басып жаманын кім танымақшы? 
Ашпасаң ара-жігін ажыратып, 
Шындыққа ұрпақ қалай жармақшы? 
Қазақтың атасының бәрі батыр, 
Көбісі беріде емес, арыда тұр. 
Ерлігін Есім ханның еске салып, 
Қасқайып Қасым ханның жолы жатыр. 
Ерлік ұмытылмайды. Несіпбек Айтұлы поэмасы да осы ел есіндегі Ерлерге, ерлікке ескерткіш! 
Халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерімен  тұшынып,  сусындап  өскен,  жыраулар  поэмасын  бойына  терең 
сіңірген арқалы ақын елдік пен ерлікті арқау еткен тарихи тақырыпты, «байтақ жердің бір сүйемін жауға 
бермеген»батырларды көсіле жырлайды. 
Сахарда  хандық  жүйенің  жойылуы  –  қазақты  тәуелсіздігінен  ғана  айырып    қоймай,  оның 
тұтастығына  да  сына  қағатын  сұрқия  саясат  еді.  Осыны  жете  түсінген  Абылайдың  даңқты  ұрпағы 
қыспаққа түскен бөрідей аласұрады. Алайда 
«Құзғынның төнгендігін қайдан білсін, 
Қарғаның кіргеннен соң боққа басы», -  
деп  ақын  жырлағандай,  парықсыздар  мұны  аңғара  алмады.  Ағайынның  алауыздығын  ұтымды 
пайдаланғандар  ақыры  алып  тынды. «Бөліп  ал да, билей бер»  қағидасын  басшылыққа  алған  империя 
Хан Кененің басымен бірге еңсесі түсіп, егілген елдің еркін бірге алды. Бұл ретте. 
«Байрағы бостандықтың көзден тайды, 
Басымен Хан Кененің бірге құлап»,- 
деп  жазған  ақын  поэмада  Ақмола  үшін  арпалысты  суреттей  отырып,  Кенесары  хан  мен  оның 
серіктері Тайжан, Алыпқара, Басықара батырлардың ерлік істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі етеді. 
Тарихи  тақырыпты  қалам  тарту  –  қашанда  қиын.  Өткенге  қиянат  жасамай,  оқиғалар  мен 
тұлғаларға дәл, әділ баға беру үшін көп жағдайда ақынның зерделі зерттеушіге айналуына тура келеді. 
Көркемдік  шеберлікпен  қоса  поэма  сюжетінің  салмақты,  оқиға  ойға  қонымды,  нанымды  әрі  шынайы 
болып шығуы үшін автордың көп тер төгуі керек. 
Несібек  Айтұлының  тынымсыз  ізденгені  бірден  байқалады.  Оны  осы  бір  ғана  тарихи  жырдың 
өзінде  қаншама  батырлардың  аттарын  атап,  реті  келгенде  елді  мекендер  мен  жер-су  атауларына 
түсініктер беріп отырды. Ел арасындағы құйма құлақ шежіре деректермен шебер жымдастыратын ақын 
өлкенің  өткеніне  шолу  жасап,  оқырманды  қолынан  жетелеп  отырды.  Бұл  –  тарихи  шындықты  көркем 
шындыққа ұластырып, екі арасын жымдастыру. 
Несіпбек  Айтұлының  ерлік  пен  тектілікті  арқау  еткен,  қасиетімізді  ұлықтап,  қасиеттерімізді 
құрметтеген бұл поэмасы рухымызды асқақтатып, елдік санамызды орнықтыруға ықпал етері сөзсіз. 
Шығыс  пен  батысты  тел    еміп  өскен  Алаш  арыстары  жиырмасыншы  ғасырдың  басында  қазақ 
әдебиетін  жаңа  белеске  көтерді.  Ұлттық  драматургия  мен  поэзияның  негізін  қалаған  алыптар  шоғыры 
қазақ поэзиясын да мазмұндық һәм көркемдік тұрғыда түрлендіріп,  байыта түсті. Ыбырай, Абай ізімен 
жүрген олар елдік мүддені көздеп, тәуелсіздік пен ел тұтастығын мұрат тұтты. 
Сол  тұстағы  жаңашыл  бағыттағы үлгіні бойына  сіңіріп,  қанатын  кеңге  жая  түскен  Алаш  әдебиеті 
алтын  тамырдан  да  қол  үзбей  ағартушылық  сипатта  өрбіді.  Бұрынғы  жыраулар  миссиясын  қапысыз 
түсінген олар ел тағдыры мен жер тағдырын өлеңнің өзегіне айналдырды. 
Кеңестік  кезеңде  де  қазақ  поэзиясы  жаңа  биіктерді  бағындырды.  Алайда,  ойға  кісен,  тілге  тұсау 
түскен  бұл  жылдары  сынар  жоқ  саясаттың  ыңғайына  жығылған  поэзияның  Ұлттық,  әлеуметтік  сипаты 
бәсең  тарта  бастаған  еді.  Ақын  болудың  «сыздаған  барлық  жараның  аузында  жүру»  екенін  білгендер 
«айтарын айтып кеткен» аға буынның дүбірлі дәуіріне сығалап үңіліп, болашақтан үміт күтті. 
Сол  үміт  ақталды.  Еліміз  егемендік  алғалы  ақындарымыз  еркін  құлаш  сермеп,  кешегі 
ақтаңдақтардың орнын толтыруда. Айтылмаған айтылып, жазылмаған жазылып жатыр. Солардың бірі – 
Кенесары, Наурызбай туралы бүгінгі талап билігіне сай, шындықты айтқан жырлар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет