Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет41/50
Дата28.12.2016
өлшемі5,13 Mb.
#662
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
200 
 
ескеру. 
-  Өзіндік  жұмыс  мәселелерін  шешуде  білім  алушылaрдың  жеке  ерекшеліктерін  ашуға,  ой 
қaбілеттерін  дамытуға  жaғдайлар  жасaу.  Мұның  өзі  өзіндік  жұмысын  ұйымдaстыру  үлгісін  жүзеге 
aсырумен  тікелей  байланысты.  Нәтижесінде  өздігінен  жұмыс  жасау,  өз  бетінше  білім  алу,  өз  кәсіби 
әрекетінде ғылыми ізденіс жасау іскерлігі мен дағдысы, аналиткалық ойлауы қалыптасқан, өз әрекетін 
басқaра  алaтын,  өз  жұмысының  нәтижесінде  өзіндік  бaқылау  жасaйтын  білім  алушының 
шығaрмашылық тұлғaсы қалыптасaды[6]. 
Зерттеу мәселесін теориялық тaлдау мен педaгогикалық тәжірибелерді зерттеудің нәтижесінде, 
жоғaры  оқу  орындaрында  өзіндік  жұмыстaр  арқылы    білім  алушылaрдың  тұлғалы дaмуы  мен  өзін-өзі 
ұйымдaстыру негізінде пәнді оқыту мақсaты, мaзмұны, оқу біліктерін қaлыптастыру технологиясы мен 
қағидaларына  сүйене  отырып,  күтілетін  нәтижеге  жетуді  және  болжaған  болжaмымызды  орындaуды 
қамтамaсыз  ететін  сыртқы  тaлаптардың  жүйелі  және  кешенді  түрде  орындaлуы  біз  ұсынып  отырғaн 
үш педагогикaлық шaрттар арқылы  жүзеге асaды: 
1  білім  алушылардың  тұлғaлы  дамуы  мен  өзін-өзі  ұйымдастыруға    өзіндік  жұмыс  түрлерін 
қолдануға  педагогикалық  басшылық  жасауға  байланысты  -  білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстарын 
aнықтау  және  оның  құрылымын,  ерекшеліктерін  басшылыққа  aла  отырып  жоспaрлау,  ұйымдaстыру, 
өзіндік тапсырмaлар жүйесін жасaу, ӨЖ-ын бaқылау, бағалау, жетілдіруді; 
2  білім  алушылардың  тұлғалы  дамуы  мен  өзін-өзі  ұйымдастыруға  қажетті  өзіндік  жұмыстарын 
қолдануда  студенттердің  белсенділігін  дaмыту  -  оқу  материалын  логикалық  тұрғыдaн  түсіне  aлуды, 
жинaқталған  мәліметтерді  талдай  білуді,  берілген  тапсырмaны  өз  бетінше  орындай  алуды  және 
өзіндік жұмыстарға белсенді түрде қaтысуы; 
3  білім  алушылардың  тұлғалы  дамуы  мен  өзін-өзі  ұйымдастырудағы  өзіндік  жұмыстарын 
технологияландырып  жетілдіру  -  кейс  технологиясы  арқылы  білім  алушылaрдың  танымдық  қызметін 
қaлыптастыруды,  өзіндік  жұмыстың  тиімді  (интерактивті,  тест,  ойын,  креaтивтік,  көрнекілік)  әдіс-
тәсілдерін меңгеру мен оны тәжірибеде қолдaнуды, уaқыт шығынын дұрыс жоспарлaуды қaмтиды. 
Бірінші  шарт  ретінде  ұсынылып  отырғaн  -  білім  алушылардың  тұлғалы  дамуы  мен  өзін-өзі 
ұйымдастыруға    өзіндік  жұмыс  түрлерін  қолдануға  педагогикaлық  бaсшылық  жасау  бұл  оқытушының 
оқу  тәрбиелік  міндеттерді,  онымен  қоса  білім  алушылардың  бaрлық  салaдағы  өзіндік  жұмыстaрын 
жоспaрлау, ұйымдастыру, ынтaландыру мен басқару жүйесін тaбысты орындау болып табылады. ӨЖ-
қа  педагогикалық  бaсшылық  жасау  пәндерді  оқып-үйренгенде,  білім  алушыларды  ғылыми-зерттеу 
жұмыстaрына  тартқaнда,  білім  алушылардың  түрлі  танымдық  тапсырмаларды  орындaғанында, 
педагогикaлық  прaктика  кезінде  және  білім  алушылардың  танымдық  немесе  шығармaшылық 
қызметіне,  өз  бетімен  жұмыс  істеуі  мен  белсенділігіне  ықпaл  ететін  реферaттар  жазғaнда  жүзеге 
асырылады.  Әр  пәнге  арнaлған  өзіндік  жұмыстaр  білім  алушылардың  өз  күштеріне  сенімділігін  және 
жауaпкершілігін  арттырып,  өзіндік  бaға  беру  қaбілетін  қалыптастырaды.  Өзіндік  жұмысқа  бaсшылық 
жасaуды бaрлық курс студенттері, әсіресе, төменгі курс (I-II курс) білім алушылары қaжет етеді. Білім 
алушылардың  оқудaғы  табысы  бірінші  кезекте  оқытушылaрға  және  ЖОО  өміріне  тез  бейімделуге 
тәуелді  болaды.  Бірінші  курс  білім  алушыларының  ЖОО  жағдайына  бейімделуі  кафедра 
оқытушыларына  үлкен  жауапкершілік  жүктейді,  атап  айтқaнда,    педагогикалық  және  психологиялық 
пәндерді оқып-үйрену кезеңінде осы мәселеге баса нaзар аудaру керек. 
Төменгі  курс  білім  алушылары  кафедра  оқытушылaрымен  дәрістерде,  семинарларда,  
прaктикалық  және  зертханалық  сабақтaрда,  педaгогикалық  практикaда,  әсіресе  өзіндік  жұмыстaрды 
орындaуда  тығыз  байлaныста  болaды.  Оқытушы  әдебиеттермен  жұмыс  жасaу,  конспектілеу,  күн 
режімін  құру  және  өз  бетімен  жұмыс  істеуді  көрнекі  түрде  көрсетіп  түсіндіру  сияқты  бaрлық  жұмыс 
түрлеріне бaсшылық етуі керек. 
Бұл  шартты  жүзеге  асыруда  біз  "Эссе",  "Екі  жақты  күнделік",  "Венн  диаграмма"  өзіндік  жұмыс 
түрлерін қолдануын оңтайлы деп санаймыз. 
Аталған  өзіндік  жұмыс  түрлері  білім  алушылардың  оқуға  және  пәнге  деген  қызығушылықтарын 
арттырумен қатар, тұлғалы дамуымен өзін-өзі ұйымдастыруына әкеп соқтырады. 
Сонымен,  бірінші  шартты  жүзеге  асыруда  қолданылатын  өзіндік  жұмыс  түрлері  әрбір  білім 
алушының ауқымды, сапалы білім алуын қамтамасыз етіп, төменгідей жетістіктерге қол жеткізеді: 
- пәнге деген қызығушылығы артады; 
- жеке және топпен жұмыс жасауға икемділігі қалыптасады; 
- сөйлеуқорымолаяды; 
- өзжұмысынсауаттытүрдеталдайды, бағалайды; 
- оқытушы мен білімалушыныңарасындатығызбайланысорнайды; 
- кәсібибілімдібойынасіңіргентұлғаретіндеқалыптасуынаайрықшаықпалынтигізеді. 
Ал  екінші  шaрты  –  білім  алушылaрдың  тұлғaлы  дамуы  мен  өзін-өзі  ұйымдaстыруға  қажетті 
өзіндік жұмыстaрын қолдaнуда студенттердің белсенділігін дaмыту. 
Білім алушылардың өзіндік жұмыстaғы белсенділігін aрттыру үшін оқытушы бірінші орынғa білім 
мен  іс-әрекет  тәсілдерін  жaндандыруда  интеллектуaлдық  белсенділік,  шығaрмaшылық  ойлaуды 
туғызaтын ахуaлдарды арнaйы ұйымдaстыруы керек. 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
201 
 
Жоғары  айтылған  мәселелерге  сәйкес  біз  екінші  шартты  жүзеге  арттыруда  "Логикалық  сызба", 
"Кластер",  "Баяндама"  өзіндік  жұмыс  түрлерін  қолдауды  жөн  көрдік.  Бұл  өзіндік  жұмыс  түрлерінің 
орындау  нәтижесінде  білім  алушы  таңдаған  ӨЖ  арқылы  ойын  тереңдетеді,  өзіндік  санасы,  тұлғалық 
және кәсіби Мен - тұжырымы, рефлексивті позициясы қалыптасады. 
Ал үшінші шартымыз - білім aлушылардың тұлғалы дамуы мен өзін-өзі ұйымдастырудағы өзіндік 
жұмыстарын  технологияландырып  жетілдіру  болып  табылaды.  Біз  жаңa  технология  ретінде  кейс 
технологиясын  қолдануды  жөн  көрдік.  Бұл  шартты  жүзеге  асыру  үшін  біз  білім  алушыларға  пән 
бойынша  "Тест"  сұрақтарын  құрастыру,  "Мультимедиялық  презентация"  жасау,  "Кесте"  ӨЖ  түрлерін 
орындап өз кейстеріне жинауды дұрыс деп санадық. 
Білім  алушылар  тест  сұрақтарын  құрастыру  және  кесте  ӨЖ  түрлерін  орындай  келе  өздерінің 
ойларын  ұштай  келе,  оқулықпен  жұмыс  жасауды,  сұрақтардың  негізгісін  таңдауды  үйренеді  және 
ізденіс қасиеттерін дамыта алады. Ал презентация жасау арқылы білім алушылар компьютердің қыр-
сырын  түсіне  келе,  өзінің  жұмысын  дұрыс  ұйымдастыруды,  ғаламтор  желісін  жақсы  меңгеруге  қол 
жеткізеді. 
Қорыта  келе,  біз  бұл  мақалада  оқыту  үдерісінде  өзіндік  жұмыстaр  aрқылы  білім  алушылардың 
тұлғалы дамуы  мен  өзін-өзі  ұйымдастырудың  және  оқу  білік,  білімдерінің  aрттырудың педагогикaлық 
шaрттарын қарастырдық. 
Олaй болатын болса, ғылыми негіздегі ұйымдaстырылған білім алушылардың өздік жұмысы мен 
оқу-тaнымдық  әрекеттерін  басқaру  жұмысы  олардың  санaлы  белсенділігін,  жоғaры  оқу-кәсіби 
мотивaциясын, оқу процесінің сапасын қамтaмасыз етеді. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Европейская система кредитов (ЕСПК). – Алматы: Қазақуниверситеті, 2003. – 56 б. 
2.  Алдамұратов  Ә.Ж.  Жалпы  психология. – Алматы, 1996. – 214 б. 
3.  Құрманалина  Ш.Х.,  Мұқанова Б.Ж.,  Ғалымова Ә.У.,  Ильясова  Р.К. Педагогика. – Астана:  
(оқулық) Фомеант, 2007. - 651 б. 
4.  Бапаева М.Қ. Жоғарымектептепсихологиялықбілім беру процесінжетілдіру. Оқуқұралы. – Ал-
маты, 2006. -176 б. 
5.  Г.К.Нығметжанова.  Студенттердің  өздік  жұмысын  тиімді  ұйымдастыру,  Педагогика  журналы 
№7-2008-15б. 
 
 
 
Торғай көтерілісінің 100-жылдығына арналған 
ӘОЖ 94 (574) 
 
ЕРКІН РУХТЫ АҢСАҒАН ТОРҒАЙ ДАЛАСЫ 
 
Шаукенов Ж.А. -  т.ғ.к., А. Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті, 
философия  кафедрасының  аға  оқытушысы 
 
Бұл  мақалада  автор  1916  жылғы  көтеріліс  қазақ  халқының  сан  ғасырлық,  ұлт-азаттық 
қозғалысының  тарихында  ерекше  орын  алғанын  көрсетеді.Көтеріліс  отаршылдыққа  қарсы  және 
империализмге қарсы бағытта болды.1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық 
аймақтарын  әр  түрлі  дәрежеде  қамтып,  бүкіл  қазақтық  сипат  алды.  Амангелді  ИмановТорғай, 
Қостанай,  Ырғыз,  Ақтөбе  уездерінің,  ішінара  Сырдария,  Ақмола  және  Семей  болыстарының 
көтеріліске шыққан қазақтарының басын біріктірді. 
Түйін  сөздер:  Амангелді  Иманов,  Торғай,  болыс,  1916  жылғы  көтеріліс,  империализм, 
отаршылдық, аймақтар. 
 
1916 жылғы шілденің аяғы мен тамыздың басында Қазақстан кескілескен қақтығыстардың айқас 
алаңына айналды. Ең жақсы ұйымдастырылған әрі ұзаққа созылған қозғалыс Торғай даласында қанат 
жайды.  Оны  Иман  батырдың  (Кенесарының  жақын  серігі)  немересі  Аманкелді  Үдербайұлы  Иманов 
бастады [1, 38 б.]. 
Азаттыққа  жету  жолындағы  талпыныс  талабы  қазақтарға  тым  қымбатқа  түсті.  Жұрттың 
қаруланып,  топтар  құра  бастағанын,  енді  көтерілістің  болмай  қоймайтынын  көрген  Амангелді,  Кейкі 
және басқа батырлар тікелей кірісті. Ел аралап, жұртты ашық түрде көтеріліске шақырды [2, 67 б.]. 
Бұл  кезде  қамал-қала  Торғайдың  батысындағы  болыстар  да  осындай  дүрбелеңде  еді.  Тосын 
болысының  көтерілісшілері  Шақшақ  Жәнібек  Тарханның  ұрпағы  Шолақұлы  Оспанның  бастауымен 
майданның  қара  жұмысына  тізімін  болыстан  тартып  алып,  жойып  жіберді.  Солтүстіктегі  Наурызым 
болыстарында да жауынгер жасақтар құрылды. Көтерілісшілер дүргіліп қана қоймай жауынгерлік іске 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
202 
 
кірісті.  Жергілікті  өкімет  орындарына  бағынудан  бас  тартып  көтеріліс  басшыларының  пікірін,  әмірін 
орындауға көшті. 
Сөйтіп  солтүстікте  Наурызым  ормандарынан,  Орқаш,  Бестау,  Суықбұлақ  өңірлерінен 
оңтүстіктегі  Ұлытау  сілемдеріне,  Қарақұм  шағылдарына,  батыста  Ырғыз  Есілдің  су  айырық 
қыраттарына  дейін  созылған  ұлан  ғайыр  жері  бар  Торғай  уезінде  көтеріліс  оты  лаулады.  Көтеріліс 
стихиялы түрде, бытыраңқы түрде басталғанымен бірте-бірте ұйымдасқан күшке айнала бастады. 
Бұл  арада  қазақ  даласындағы  қоғамдық  ой-пікір  екіге  жарылғанын  айта  кеткен  жөн.  Қазақ 
зиялылары бастаған Алаш қозғалысы қарусыз халық қырылып қалады деген шын жанашырлық оймен 
қарулы  көтеріліске  шықпауды,  майданның  қара  жұмысына  адам  беруді  ұсынды.  Көтеріліске  шығып 
қырғын  тауып  күйзелумен  адам  беріп,  қиындық  көрудің  арасы  жер  мен  көктей  екендігін  дәлелдеді. 
Адам беруді әртүрлі сылтаулармен кешіктіре беруге, сөйтіп қарусыз қарсылық көрсетуге шақырады. 
Бұл көтеріліске қарсылық емес, халыққа қамқорлық болатын. Егер қару-құралы сай болса қазақ 
зиялылары  Алаш  туын  көтеріп,  көпті  өздері  бастап  шығудан  тайынбаған  болар  еді.  Сондықтан  қазақ 
оқығандары  көтеріліске  үзілді-кесілді  қарсы  болды  деу  қиянат.  Өзге  жерде  солардың  айтқанындай 
болды.  Халық  қырғын  тапты,  тоналды.  Ресейдің  әлеуметтік-саяси  хал-ахуалынан  хабардар  зиялы 
қауым патша өкіметінің ғұмыры шектеулі екендігін де есепке алып отырған болу керек. Және біз қазір 
ғана біліп отырған патшалық Думанның бір топ депутаттары маусым жарлығын заңсыз деп тапқанын 
олар кезінде біліп отырған [1, 3 б.]. 
Ал  патша  өкіметіне  жаны  қас  большевиктер  болса бірден  көтерілісті  қолдайды.  Мысалы,  қазақ 
большевигі  Әліби  Жангелдиннің  көтеріліс  басталарда  Торғайға  келуі  осыны  дәлелдейді. 
Көтерілісшілер Торғай қаласына шабуыл жасар алдында Әліби тағы келіп, осы беттен таймаңдар деп 
қуат берген. Жасырын жүргендіктен оның келуі жария етілмеген. 
Торғай  большевиктері  Хакім  Төкеұлы  және  басқалары  көтерілісшілер  жағында  болды. 
Көтерілісшілер  қаланы  тастап  шыққаннан  кейін  іргедегі  Төке  ауылы  Торғайдан  100  шақырым 
қашықтағы Алакөл қопасына қыс ішінде қоныс аударуға мәжбүр болды. 
Көтеріліске шығып, қарусыз халықтың қырылып қалуынан қорыққан майданның қара жұмысына 
адам  беріп,  бүлініп-жарылмауды  жанын  сала  үгіттеген  қазақ  зиялыларының  үні  ол  кезде  халыққа 
толық  жетті  деу  қиын.  Ол  кездегі  ақпарат  құралдары  шектеулі,  тіпті  аз.  Қазақ  зиялыларының 
жанашырлық  жанайғайын  халық  ести  алмады.  Қазақ  басылымдарының  таралымы  ол  кезде  өте  аз 
болатын. Жаңалықтар елге біреуден біреуге «ұзынқұлақ» арқылы еміс-еміс, кейде бұрыс, кейде дұрыс 
жетіп  жататын.  Сондықтан  зиялылардың  жанашырлығын  халық  тыңдамады  деу  қиянат,  кінә  тағумен 
барабар. 
Қиян  шеттегі  әр  ауылға  барып,  ұлан-ғайыр  қазақ  даласын  шарлап,  түсінік  жүргізуге  қазақ 
зиялыларының  көп  қызметкері  де,  мүмкіндігі  де  жоқ  еді.  Олардың  шырылдаған  жанайғайы  патша 
жарлығына  көніп,  әскерге  адам  беріңдер  деген  сыңаржақ  мағынада  ғана  жетті  деуге  болады.  Ел 
ішіндегі болыстар, билер, байлар, атқа мінерлермен үкіметке қызмет етушілер оның мағынасын толық 
жеткізуге,  ұғындыруға  ынталы  емес  еді.  Қайта  өз  бастарын  қиыншылықтан  аман  сақтап,  халықтың 
мүшкіл  халінен  пайда  табуға  құштар  болатын.  Қорыта  айтқанда  қауымның  жанашырлық  жанайғайы 
халыққа жетпеді. 
Бұдан  бұрынғы  Кенесары  аталары  сияқты  1916  жылғы  Торғай  көтерілісшілері  де  өз  жерінің 
ұлан-ғайыр  кеңдігін  стратегиялық,  тактикалық  мақсаттарға  жақсы  пайдалана  білген  [3,  20  б.]. 
Әбдіғапардың  әу  бастан-ақ  қаша  ұрыс  салып,  патша  құлағанша  шыдап  бағамын  дегені  осыны 
дәлелдейді. Ресейдің ішкі жағдайынан хабардар көтеріліс басшылары мұны белгілі бір негізге сүйеніп 
айтқан.  Шешуі  маңызды  болған  Доғал  шайқасы  алдында  Әбдіғапар,  Амангелді  сарбаздар  бекінетін 
орын  іздеп  Ұлытауға  адамдар  аттандырған.  Патша  әскері  келеді  деген  жолдарда  сол  жақтағы 
болыстардың  сарбаздары  қарсы  қойылған.  Бұл  негізгі  күштерді  топтау  үшін,  бір  жерге  жинау  үшін 
керек еді. Сарбаздардың бірқатар шайқастарға Үрпек, Батпаққараға топтана аттануының да осындай 
маңызы бар. Ал батыс пен солтүстіктегі болыстар мыңдықтарының жауды ел шетінде тосқауыл жасап, 
оның жүрегін шайлықтырып, негізгі күштен бұрын шайқасқа шығуы да осындай ерекше маңыз алады. 
Жазалаушыларды  алдынан  да,  артынан  да  соққы болатынын  сездіріп,  үрейін  алып,  дегбірін  кетіреді 
[2, 56 б.]. 
Шақшақ  Жәнібек  батырдың  ұрпағы  Оспан  Шолақұлы  басқарған  арғын  хандығы  Әбдіғапар 
хандығынан  гөрі  жағрапиялық  қолайсыз  жағдайда  еді.  Ол  Орынбор,  Орскіге  жақындау,  одан  келетін 
жазалаушы  қосынның  жолы  үстінде  болды  да,  Әбдіғапар  сияқты  еркін  қимылдай  алмады.  Ырғыз, 
Торғай  бекіністерінде  орналасқан  патша  әскері  оған  мұрша  бермеді.  Шамасы  бұл  хандық  қазақтың 
ежелгі  үш  жүзге  бөлініп,  бір  хандық  құрғаны  сияқты  болуы  мүмкін.  Өйткені  олардың  арасында 
бақталас,  араздық  болды  деп  айтылмайды.  Оспан  қолының  Торғайдағы  қоршаудан  бұрын  шегініп 
кетуі  амалсыздық.  Ортаны  Торғай  қамалы  бөліп  жатқандықтан  да  соғыс  ісін  жүргізу,  қорғану  үшін 
осылай  бір-бірімен  келісе  отырып,  соғысу  тиімді  болған  сияқты.  Ақшығанақ  шайқасы  патша  әскерін 
Торғайға өткізбеу жолындағы қимыл болған [4, 126 б.]. 
Жазалаушылар  алғашқы  шайқасты  Арғын  бөлімшесіне  қарсы  бастайды,  Арғын  бөлімшесінің 
тас-талқаны  шықты.  Арғын  ханы  жауға  өзі  берілді.  Оны  және  оның  сыбайластарын  тұтқынға  алып, 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
203 
 
Торғайға  әкетті.  Арғын  ханы  почтадан  Торғай  бойындағы  тартып  алған  ақшаны  уезд  бастығына 
қайтарып берді. 
Осындағы  «бөлімшесі»  деген  сөзге  назар  аударайықшы.  Мұның  өзі  Торғай  көтерілісінің 
тұтастығын, бір қолбасшыға бағыныштылығын дәлелдейді [5, 36 б.]. 
Міне 
сөйтіп 
көтерілісшілердің айла-шарғысы, ұйымдық шеберлігі арқасында Оспан хандығы алғашқы соққыларды 
қабылдап,  жеңіліс  тапқанымен  оның  Торғайдың  шығысындағы  негізгі  күштері  сақталып  қалды. 
Көтеріліс  жалғаса  түсті.  Торғайдың  батысы  мен  солтүстік  батысындағы  мыңдықтар  негізгі  шайқас 
болатын Доғал, Үрпек бойына қарай бет түзеп, ол маңдағы сарбаздар қатарын толықтыра түсті. 
Қалай  дегенде  де  Оспанхан  бастаған  сарбаздар  өзінің  тарихи  миссиясын  орындап  шықты. 
Бақайшағына дейін қаруланған патша әскеріне тосқауыл болып, жаудың жолын бөгеді. Сарбаздардың 
шығыс бөлімінің шешуші шайқасқа әзірленуіне уақыт ұтты. Торғай көтерілісінің жеңісіне жанымен де, 
қанымен де айтарлықтай үлес қосты. 
Көтерілісшілер  жауды  ел  ортасына  жібермеуді  қатты  ойластырған.  Соның  бірі  тарихқа  белгілі 
Күйік, Шошқалы қақтығысы. Торғай бекінісі мен сарбаздардың негізгі күші жиналатын жер Батпаққара, 
Үрпек  қоныстарынан  100-150  шақырым  солтүстіктегі  Қызбел  таудың  шығыс  етегінде  орналасқан  бұл 
қамысты  үлкен  қопалар  сарбаздардың  бой  тасалап,  жауға  көрінбей  тосқауыл  қоюына,  маневр 
жасауына  өте  қолайлы.  Көтерілісшілер  сонау  жүздеген  шақырым  жердегі  Қайдауыл,  Қызыл  Жыңғыл, 
Аққұм,  Шұбалаң  Сарықопа,  Сарыторғай  болыстарынан  және  басқа  мойны  қашық  жерлерден  қыс 
ішінде,  аққар,  көк  мұзда  осында  жетіп,  жауға  тойтарыс  беріп,  кері  қайырды.  Бұл  жолы  Амангелді 
бастаған  сарбаздардың  іріктелген  алғашқы  тобы  жау  жолына  тосқауылға  шықты.  Ұрыс  сәтсіз 
аяқталғандай болса кейініректе негізгі қол көмекке аттануға әзір тұрды деп көрсетеді [6, 66 б.]. 
Көтерілісшілер  өздеріне  қосылмаған,  бейтараптық  ұстаған  немесе  іштей  де  болса  қарсылық 
еткендерге  зәбір-запа  жасамаған.  Оларды  халық  дүмпуінің  мысымен  басып,  бейтарап  ұстаған.  Бұл 
сарбаздардың  тылын  қамтамасыз  етіп,  барлау  жұмыстарын  жүргізуіне  жан-жақты хабардар  болуына 
пайдасын  тигізді.  Сондықтан  да  болар  сарбаздар  ондай  ауылдарға  тиіспеген,  тіпті  көтерілісті 
қолдамаған,  бірақ  қарсы  әрекет  жасамаған  ауылдарға  да  тиіспеген.  Алайда  шешуші  Доғал  шайқасы 
кезінде  осындай  бейтараптық  танытып,  немесе  тілектестік  білдіріп  жүргендердің  арасынан  үкімет 
жағына шығып, Торғайға қашып барып, паналағандар шықты. Олар мұнымен де қоймай үкімет әскерін 
көтерілісшілерге қарсы бастап келді. 
Осындай  іс  әрекеттері  үшін  Қарабас  Бекболат  батыр  бастаған  200  сарбаз  Аққұм  болысының 
байы – Атабайдың Сүйіннің ауылын шауып, 300 жылқысын айдап әкеткен. Ал, Кейкі батыр Сарықопа 
болысы  -  Өтеулі  мен  оның  песірі  Нұрханды  кездестіріп,  песірді  атып  өлтірген.  Өтеуліні  үй  иесі 
Тілеуберген ақсақал арашалап алып, Әбдіғапарға жеткізіп салған. Сонымен бірге Қараторғай болысы 
Шыли Смайылдың Мұханбетжаны мен Сатыбалдыұлы Мырза ишанның ауылдары шабуылып, үйлері 
өртелген.  Бірақ  –  бұл-айтқандар  сарбаздар  тарапынан  болған  қарақшылық  әрекет  емес  еді. 
Аналардың қысастығына істелген қысастық болатын. Міне осындай дұрыс әрі ұтымды саясаттың, ішкі 
дипломатиялық  шеберліктің  арқасында  отарлаушы  үкімет  қазақты  бір-біріне  қарсы  айдап  сала 
алмады.  Көтеріліске  қарсы  болған  болыстар,  патша  шенеуніктері  халықтың  бірлігімен,  қаһарынан 
қорқып,  бой  тасалауға  мәжбүр  болды. Шынын  айтқанда  олардың  ел ішінде  арқа  сүйер  тірегі болмай 
қалды. 
Тарихи  деректерде,  ел  аузындағы  әңгімелерде  де  көтерілісшілерге  қарсы  шыққан  қазақ 
қосындары  болды  деп  айтылмайды.  Ал,  Кенесары-Наурызбай  бастаған  көтеріліс  кезінде  оған  қарсы 
күрескен  аға  сұлтандардың,  ру  басылардың  (аға  сұлтан  Қоңырқұлжа,  рубасы  Жаппас  Жаңғабыл  би 
және т.б.) қосындары болғанын білеміз. Бұл арада шығыстың шағын халықтарына өктемдік етіп, әбден 
дандайсыған патша үкіметінің өз күшіне сенгендігі де бар болуы ықтимал. Мұның сыртында 19 бен 31 
және  41  жас  аралығындағы  жігіттерді  майдан  қара  жұмысына  алу  жарлығы  қарсы  қосындар  құру 
мүмкіндігінен  айырған  еді. Екіншіден үкіметке  болысқандарды  әскерден  алып  қаламыз деген  кепілдік 
болған жоқ. Болғанмен оған халық қаһары жол бермес еді. 
Сонымен бірге маусым жарлығы (халықта үйен жарлығы) құпия әзірленіп, бір күнде жай оғындай 
ойламаған  жерден  лап  ете  түсті.  Осы  тездіктің  өзі  Торғай  жұртын  ә  дегенде  мәңгіртіп  тастағанмен 
түптеп  келгенде  абдырата  алмады.  Торғай  көтерілісі  ұйымшылдық  пен  табандылықтың  үлгісін 
көрсетті. Патша әскерімен табан тіреп шайқаса да білді. Ешқайда ауа көшпей өз жерінде табан тіреп 
отыра да білді. Торғай көтерілісінің бұл да бір ерекшелігі еді. 
Торғай  көтерілісшілерінің  тактикасындағы  тұтқиылдан  шабуыл  жасау,  жер  ыңғайын  тиімді 
пайдалану, барлаушы топпен құйрық тістесе әскер шетіне араласып кетуге күш салу сияқты тактиканы 
қолдана білу таңқалдырды. 
1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісіне халықтың қандай топтары қатысты? Қандай топтары қарсы 
болды? Әлі күнге шекарасы толық ашылмай келе жатқан күрделі мәселе. Көтерілістің бүкілхалықтық 
сипат алғаны даусыз. Оған қосылушылар басым көпшілік. Бірақ оған қарсы топтар да болмай қалған 
жоқ.  Жоғарыда  айтқанымыздай  қазақтың  көзі  ашық,  оқыған  зиялы  қауымы  қарусыз  халық  қырылып 
қалады,  апатқа  ұшырайды деп  сақтық  етсе,  патша  жарлығына  мойын  ұсынып,  оны  сөзсіз  орындауға 
құлшылық ұрғандар да болмай қалған жоқ. 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
204 
 
Көтеріліс  кезіндегі  Торғай  уезі  13  болыс  елден  құралған,  алты  болыс  Арғын,  алты  болыс 
Қыпшақ, болыс Найман (Қызыл жыңғыл). Он үш болыс елде 17500 үй, 85 мыңдай адам болған. Орта 
есеппен әр болыста 1300 ден астам үй болған. Майдан қара жұмысына алынатын 19 бен 31 жастың 
арасында  12  мың  жігіт  болған.  Көтерілістің  негізгі  құрамы  болып  сарбаздар  сапын  түзеген  осы 
жастағылар. Әр болыста бір мыңбасы, әр ауылнай елде бір жүзбасы сайланған. Бірақ бұл мыңдықты 
дәл сол аталған мөлшерде сарбаз болды дегенді білдірмейді. Ол 500-700 кейде мың сарбазға дейін 
жеткен.  Одан да  көп  болған  реттері  бар. Бәрі  алдағы  шайқастың  көлеміне  қарсыласының  құрамына, 
жер жағдайына, майдан даласының ыңғайына байланысты. 
Көтерілістің негізгі күші қазақтың кедей шаруалары болды дегенге күмән туғызудың қажеті жоқ. 
Өйткені  тұрмыс  тіршілік  жағдайы,  экономикалық  жағдайына  қарағанда  құнарсыз  жерге  тықсырылған, 
саяси-әлеуметтік  теңсіздікке  ұшыраған  халықтың  көпшілігі  тапшы  өмір  сүрді.  Торғай  жеріндегі 
халықтың негізгі кәсібі мал өсіру, аз-мұз суармалы егіншілік болатын. Басқа кәсіпшілік өріс ала қойған 
жоқ.  Ұсталық  өнер,  киіз  басу,  кілем  тоқу,  киім  тігу  т.б.  Осы  негізгі  үш  кәсіп  малшылыққа  қосымша 
болған.  Торғай  жеріндегі мұндай  кәсіптер  жеке  сала  боп  өріс  ала  қойған  жоқ.  Елде  байлар  маңынан 
біреу, орта шаруалар әр ауылда екеу-үшеуден аса қоймаған сияқты. 
Сонымен көтеріліске қазақтың кедей-шаруалары ғана емес, дәулетті, ақыл-парасатты адамдар 
да, атқа мінерлер мен билер де қатынасты. Кейбіреулер қаласын, қаламасын ел дүмпуінмен билікте 
қала алмайтын еді [7]. 
Көтеріліс кезінде ислам дінінің халықты ұйымшылдыққа, бірлікке шақыруда елеулі роль атқарған 
айта  кеткен  жөн.  Ғасырлар  бойы  Ресейдің  жаулап  алып,  ислам  дініндегі  халықтарды  шоқындыруға 
күш  салған  христиан  дініне  елеулі  төтеп  беріп,  олардың  дінін,  тілін,  әдет-ғұрпын  сақтауға  лайықты 
үлес  қосқан,  ислам  діні  көтеріліс  кезінде  де  белсенділік  танытты.  Олардың  таңдаулы  өкілдері  халық 
жағында болды. Кейбіреулері жан сақтау үшін сырттай патша саясатын қолдағандай сыңай танытып, 
жазалаушы қосындар келгенде өздерін көрсетті. 
«1916»  деген  белгілі  мақаласында  Міржақып  Дулатов  Орынбордың  генерал-губернаторы 
Эверсман Торғайға келіп, ел жақсыларынан адам беруді сұрағанда болыстар мен шенеуніктер төмен 
қарап  үндемей  отырып  қалды.  Халықтың  адам  бермейміз  дегенін  қолдамады  деп  жазған  жоқ  па, 
тарихи  деректерде.  Торғайдағы  Тосынның  болысы  Оспан  Шолақұлы  бастаған  көтерілісшілерге 
майдан  жұмысына  алынатындардың  тізімін  үстел  үстіне  қойып,  өздерің  келіп  ал  дейтіні  бар  ғой. 
Бермеске  шарасы  жоқ,  дүрліккен  халықтан  қорыққаннан  істеген  амал.  Қолдан  беруге  үкіметтен, 
бермеуге  көтерілісшілерден  қорқып,  тартып  әкеттіге  саймақ  айла.  Қайдауыл  болысы  Сейткерей 
Бектасов  жоғары  үкіметке  көтерілісшілердің  әрбір  қимылын  жеткізіп  отырған,  көтерілісшілерді 
«Әбдіғапардың  қарақшылары»  деп  атағанын  тарих  жақсы  біледі.  Демек  патша  шенеуніктері  мен 
жағымпаз  болыстар  үкімет  сойылын  соққан.  Бірақ  олар  халықтың  қаһар-қарсылығына  кедергі  бола 
алмады. Екі жүзді жалтақ саясат ұстады. 
Көтерілістің (әсіресе Торғайдағы) ұйымшыл тегеурінді болғанына қарамастан ол бүкіл қазақ елі 
көлемінде  бір  орталыққа,  бір  басшылыққа  біріге  алмады.  Бытыраңқы  болды.  Бұған  шетсіз-шексіз 
кеңдігімен  қоса  қазақ  жерінің  Еділ,  Жайықтан  –  Ертіске,  одан  Алтайға,  Жетісуды  түстігімен  қоршай 
Сыр бойына, онан әрі Каспийге дейін қамалдарымен, қалаларымен, орыс селендерімен құрсауланып 
тасталуы  да  себеп  болды  десек  қателеспейміз.  Сонымен  бірге  осы  құрсаудың  ішкі  өңірлері  де 
қамалдармен  қалаларға,  орыс  қоныстанушыларының  селендеріне  толы  болатын.  Кенесарыны 
Оңтүстікке кетуге мәжбүр еткен осы қамалдар мен қоныстар кейін тіпті көбейіп, күшейіп он алтыншы 
жылғы көтерілісте де өзінің салыну мақсатын ақтап шықты. 
Саяси-әлеуметтік  хал-ахуалдың  сыртында  осындай  табиғи  себептер  де  көтерілістің 
бытырыңқылдығына  әсер  етті.  Әр  губерния,  әр  уезд  көтерілісті  өз  жерінен  шығармай  басып 
жаныштайтындай  күшке  ие  болды.  Мұның  сыртында  ішкі  Ресейден  ағылып  келіп  жатқан 
қоныстанушылар  да  әскерге  қосымша  күш  еді,  жергілікті  үкімет  оларды  да  қаруландырды.  Жалпы 
көтеріліс орыс үстемдігіне қарсы болды дегенмен Торғай жерінде орыс селендері жоқ болатын. Азғана 
шенеуніктер  мен  әскери  қызметкерлер  Торғай  қаласында  тұратын.  Сондықтанда  Торғай  көтерілісі 
кезінде екі халықтың қақтығысы болған жоқ. 
Отарлаушы  үкімет  Торғай  жеріне  де  қоныс  аударушылар  әкелуге  күш  салған.  Орынбордан 
Торғайға  темір  жол  тарту  идеясы  да,  тіпті  нақты  жоспары,  жобасы  да  болған  сияқты.  Бұған  бірінші 
дүниежүзілік соғыстың басталып кетуі кедергі болды деседі. Сонымен бірге орыс қоныстанушыларын 
әкелуге  қазақтың  көзі  ашық  зиялы  қауым  наразылық  білдірген.  Бұған  Бақытжан  Қаратаевтың  беретін 
жер  жоқ,  өзімізге  де  жетпей  жатыр  деп,  Думада  жар  салуы,  Әліби  Жангелдиннің  Қостанай  уезіндегі 
құнарлы  жерлерден  Торғай  қазақтарына  қоныс  беру  керек  деуі  дәлел  бола  алады.  Ал,  Данабике 
Қаралдина  өз  әкесі  Байқадамның  Торғайда  орыс  қоныстанушыларын  әкелуге  қарсы  болып,  ақыры 
болдырмағанын жазады [8]. 
Патша  жарлығы  шыққанға  дейін  Торғай  қамалында  бір  жүздік  қана  әскер  болатын.  Ел  дүрлігу 
басталғаннан  кейін  Орынбордан  және  басқа  қалалардан    Торғай  бекінісін  нығайтуға  300  солдат 
жіберілді.  Қаланың  -  орыс  тұрғындары, шенеуніктер  қаруландырды.  Күштің  осылай  бес  есе  көбеюіне 
байланысты  уез  әкімшілігі  енді  ашық  қимылға  көшіп,  ереуілдеген  елді  жазалау  әрекеттеріне  көшті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет