ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
205
Әлгі жауыз Ткаченко қасына 150 қарулы әскер алып уездің шығыс, солтүстік болыстары: Қараторғай,
Қарақоға, Майқарасу, Сарықопа, Науырзым өңірлерін аралап, халыққа зәбір-запа көрсетіп, әйелдерді
зорлап, халықты көтеруге дем бердің деп 60 адамды тұтқынға алып, қамалға оралып келе жатты.
Талап, тартып алған азық-түліктерін қала орыстарынан жалдап алған арбаға тиеген еді.
Соның ақысын қазақтардан күшпен тартып алған Ткаченконың зорлық, зомбылығына
шыдамаған Аққұм, Тосын, Шұбалаң болысының жаңа ұйымдасып жатқан сарбаздары Торғай
қаласынан 50 шақырым жердегі Татыр көлінде жазалаушы қолының жолын тосқан. Әлсіз қаруланған
сарбаздар мыңнан астам еді. Мұны күтпеген Ткаченко сарбаздарды жаппай атқылай бастаған.
Сарбаздар оқ жетпейтін жерге ойысып, әскерді алыстан қоршап тұрған. Бұл кезде Амангелді батыр
уездің оңтүстігіндегі Сарыторғай, Қайдауыл, Қызыл жыңғыл болыстарында сарбаз ұйымдастырып
жүрген. Көтерілісшілердің «құс қанатты поштасы» - Татырдағы тосқауылды жоспарлағандар мұны
Амангелдіге жеткізген Амангелді сарбаз жинап жүргендіктен әрі Ақмешіттен (Перовск-Қызылорда) 500
солдат шықты деген жалған хабарға алаңдап, тосқауылда қалып, Татырға 700 адамдық қолмен
Қайдауылдық мыңбасы Әлжан (Әлиакбар) Қарабайұлын Татырға көмекке жіберген.
Осы Татырдағы оқиға патша әскерімен сарбаздардың алғашқы бетпе-бет келіп кездесуі еді.
Сарбаздар бұл ұрыста шынықпағандықтан, қатаң әскери тәртіпке түспегенін көрсетті. Бұл өзі Торғайға
шабуыл, Шошқалы, Күйік, Ақшығанақ, Құмкешу соғыстарында да қайталанады. Сарбаздар тек ақырғы
әрі шешулі Доғал шайқасында ғана табандылық пен ерліктің, тәртіпке көнгендіктің үлгісін көрсетіп,
үлкен күшке айналды. Доғалда жау қоршауына түспес үшін сардардың бұйрығымен ғана шегінді.
Осы Татыр қақтығысына жарты айдан кейін көтерілісшілердің Торғайға шабуылы басталды.
Бірақ сарбаздар бұл шабуылды құпия сақтай алмады. Олай ету мүмкін де емес еді. Қамал-қала әбден
бекінді. Өзінің гарнизоны, келген көмек, қаланың орыс тұрғындарынан, шенеуніктерден құралған
халық жасағы қорғанысқа жетерлік елеулі күш еді. Қамалға, дуалмен қоршалған үкімет мекемелерінің
әбден қорғалған құрылыстарынан басып кіру қарусыз сарбаздарға қиын еді.
Қалаға шабуыл жасардан бұрын сарбаз басшылары кеңейтілген әскери кеңес шақырды. Оған
хан кеңесінің мүшелері, мыңбасылар, елдің белді, беделді ақсақалдары қатынасты. Ақылды,
парасатты Әбдіғапар қалаға тікелей шабуыл жасап, сарбаздарды оққа байлаудың қажеті жоқтығын
айтып, өз ойын ортаға салды. Қаланы жан-жақты қоршап, сырттан көмек келтірмей, ішінен ешкімді
шығармай бірер жеті күту керек.
Әскери кеңесте жас алған ұйғарым, уағдаластық бойынша қалаға үш жақтан шабуыл жасалды.
Батыстан Оспан ханның қолы, әскери казарма тұрған солтүстіктен кезінде Кенесары көтерілісінің
мықты батырларының бірі болған Төлек Жәукенің баласы Орманбек бастаған қол, шығыстан
Әбдіғапар, Амангелді бастаған қол шабуылға шықпақ. Сөйтіп, қамал-қала сарбаздардың қоршауына
түгел алынбақ.
Сарбаздардың қалаға шабуыл жасауы түнгі сағат екіден басталған. Торғайдың бас жағынан
өткел жасап қала жақ бетіне шыққан. Әуелі қаланың екі жағындағы қысқа дайындалып қойылған 10
мың шөмеле шөп өртелген. Мықтап қорғанған қалаға басып кіру оңайға түспеген. Қаланы
қорғаушылардың жаудырған оғынан сарбаздар іркіліп қалған. Түс кезінде батыстан көз көрмейтін шаң
боратқан қатты дауыл соғып, сарбаздар қалаға басып кірген.
Батыстан шабуыл жасаған Оспан ханның сарбаздары үйлерге от қойып өртенген. Қала от
жалынға, түтінге оранған. Торғай қаласының үйлері қалың шикі кірпіштен салынған. Үйлердің
карниздері қамыспен көмкеріліп, қалың лай құйылған. Оны өртеу де оңай емес. Ал, шығыстан шабуыл
жасаған қолдың басшылары Әбдіғапар, аманкелді, Әлібилер үйлерге от қойғызбаған. Қарапайым
халық зардап шекпесін деген болар.
Осындай шабуыл мен сарбаздар үкімет мекемелері мен әскери казармадан басқаның бәрін
басып алған. Осы себепті болар, деректер бойынша, Торғай көтерілісінің жарқырай көрінген тұсы -
олардың Торғай қаласына жойқын шабуылы болды [9, 29 б.]. Көтерілісшілер армиясының айбынды
күші «Торғай қаласын басып алу кезінде танылды», - дейді. Жолдыбайұлы Күдері ақынның
«Амангелдінің Торғайды алуы» деген жырында: «Амангелді осылай жыр қылдым Торғайды алғанын»
дейтіні осы себептен болуы керек.
Қалаға сарбаздар жасаған шабуылда жақсы-жаман мылтығы бар мергендер тобы көп қайрат
қылған сияқты. Аттан түсіп, үй-үйді, дуалды паналап атысқан сарбаздар ең болмағанда жаудың үрейін
ұшырды ғой. Ал, Амангелді, Кейкі батырлар дәлдеп атып, көзге ілінгенін оққа байлаған. «Он алтыншы
жыл жайлы шындық» деген мақалада қазақтардың атысы күшейген соң үкімет үйлерін қорғаушылар
қала гарнизонынан көмек сұрағанын жазады.
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау
бірнеше күнге созылды. Қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалау корпусы қалаға
қарай үш бағытта келе жатты. Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалғаны туралы
мәліметтер алған көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, патша әскерлерінің отрядтарына қарсы
қозғалды. 16 қарашада А.Иманов бастаған, жалпы саны 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма
пошта станциясы ауданында подполковник Қатоминнің жазалау отрядына шабуыл жасады.
Көтерілісшілердің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
206
150 километр жерге кетіп, Батпаққара ауданында шоғырланды. Осы жерден 1916 жылғы қарашаның
екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық
жортуылдар жасалды. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Акшығанақта, Доғал
Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Көтерілісшілердің штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы
шайқастар шиеленісті болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысында өрістей түсті.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң
басып-жанышталды. Семей және Ақмола болыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер-жүздігі,
11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет
орындары 17 атқыштар ротасын 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет
және басқаларды әкеп төкті. Алайда жазалаушылар Казакстанның бірқатар аудандарында көтерілісті
Ақпан революциясына дейін баса алмады. Мәселен, Торғай облысында көтеріліс патша өкіметі
құлатылғаннан кейін ғана тоқтатылды.
Көтерілісті басып жаныштау үшін патша өкімет органдары Жетісуға 8750 найзалы мылтығы бар
95 рота, 3900 қылышкері бар 24 жүздік, 16 зеңбірек және 47 пулемет жіберді. Облыста ондаған қазақ
және қырғыз ауылдары жойып жіберілді, бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Патша өкімет
органдары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының
төрттен бірі Қытайға қашып кетуге мәжбүр болды [10, 68 б.].
Ресей либерал-демократиялық қозғалысының өкілдері 1916 жылғы 25 маусымдағы патша
жарлығы шығуының ең басынан-ақ оның заңсыз екенін көрсетіп, егер бұл әділетсіз жарлық жүзеге
асырыла бастаса, халық толқуларының пайда болуын анық екенін ескерткен еді, – деп жазды Манаш
Қозыбаев [11, 166-167 бб.].
Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының мүшесі М.Г.Джафаров трудовиктер
фракциясы сауалының негізгі қағидаларын және оның жетекшісінің сөйлеген сөзін қолдай келіп,
Қазақстан мен Орталық Азия халықтары көтерілісінің негізгі себебі патша өкіметінің отаршылдық
саясаты және барлық деңгейдегі атқарушы өкімет орындарының соған тікелей байланысты іс-қимылы
деп айқын көрсетті. «Жоғары өкімет орындары агенттерінің заңсыз әрекеттеріне қоса, - деді
М.Г.Джафаров, - жергілікті өкімет орындары шексіз озбырлық жасады, бұратаналарды шақыру
туралы жарлық шығару актісінің заңсыздығы да, бұл актіні жүзеге асырудың заңсыздығы да
бұратаналар жөніндегі ғасырлар бойы жасалған және дәстүрлі саясаттың, халықтың өз пікірін де,
оның өмірлік мүдделерін де елемеудің тікелей нәтижесі... Билікті асыра қолдану - орыс өкімет
орындарының бұратаналар жөніндегі саратының принципі» [ 12, 9 б.].
Торғайға шабуылға қанша сарбаз қатынасқаны жайлы әртүрлі пікір айтылып жүр. Бір деректе 8
мың, екіншісінде 12 мың, үшіншісінде 15 мың сарбаз қатысты делінеді. Біздіңше соңғы сан шындыққа
келеді. Өйткені көтерілістің бар күші Торғайды алуға жұмсалды емес пе? Біз жоғарыда 19 бен 31
жастың арасында ғана уезде 12 мың жігіт болды дедік. Қараман Досай шешеннің әйгілі батасында «15
мың қол алдында» дейтіні бар. Торғай қаласын шабуға 13 болыс Торғай түгел қатысқан. Басқа бірде-
бір шайқаста сарбаздар түгел жиналып көрген емес. Бұл шайқасқа көтеріліс басшылары, ақылшы,
кеңесші ақсақалдарының бәрі қатынасқан. Сонау Петроградтан Әліби Жангелдин де келген.
Мақала Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің «Тобыл-Торғай өңірінің фольклоры» ғылыми
гранты жобасы бойынша жазылды.
Әдебиеттер:
1. Сулейменов Б.С. Революционное движения в Казахстане. – Алматы,1977.
2. Мұқанов М.С. Қазақ жерінің тарихы. – Алматы: Атамұра-Қазақстан,1994.
3. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году:
характер,движущие силы, уроки. – Алматы,1996.
4. Сапарғалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане. – Алматы,1966.
5. Тәнекеев С. 1916 жылғы Ереуілтөбе әсерлері. – Алматы,1994.
6. Әлмағамбет Б. Торғайдағы азаттық көтерлісі. – Астана,2000.
7. Қасымбаев Ж. 1916 жылғы июль жарлығы – заңсыздық //Егемен Қазақстан,1996. -10 сәуір.
8. Қозыбаев М. Әмір Әбдіғапар //Қазақ әдебиеті,1994 жыл.– №9. 4 наурыз.
9. Мырзағалиұлы М. 1916-1917 жылдардағы Торғай қазақтарынынң көтерілісі. – Алматы, 2005.
10. Рыскулов Т. Востание казахов и киргизов в 1916 году. –Грозный,1916 год. Сборник
11. документов и материалов. 2 том.– Алматы, 1998.
12. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы,1994.
13. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху
капитализма. – Москва, 1968.
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
207
ОӘЖ: 321.64:2-444:321.74(045)
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА
ЖҮРГІЗІЛГЕН ҰЛТ САЯСАТЫ
Қоскеева Ә.М. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің докторанты, Астана қаласы
Мақалада ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңес үкіметінің қазақ халқына қатысты
Қазақстанда жүргізілген саясаты баяндалады. Ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның
идеологияға қарсы қызметтері айқындалады.
Кілт сөздер: ұлт саясаты, интеллигенция, тіл мәселесі, идеология.
Қазақстанда мейлінше марапатталып, қауырт түрде жүргізіле бастаған лениндік ұлт саясаты
қазақты орыстандыруға бағытталды. Ұлттық құндылықтар кешегі феодализм заманының сарқыншағы
деп жарияланды. Қазақстанды басқаруға Мәскеуден жіберілген саясаткерлер қазақты ұлт ретінде
кемсітті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрімізді қиратуға кірісті, сөйтіп елді социалистік
тұрғыда қайта өзгерте бастады. Оларға жергілікті ұлттан шыққан санасыз мансапқорлар көмектесті.
Партиялық комитеттер ұлттық сезімнен ада жалған белсенділерді жинап, шала-шарпы оқытып, елді
ұлтсыздандыруға өздерінің қолшоқпары етті.
Қазақстанда жүргізілген кеңестік ұлт саясаты жан-жақты қолпашталып, орыстың тілі, әдебиеті
және өнерінің жетістіктері, өзгелерге үлгі-өнегесі мен ықпалы тым әсіреленіп көрсетілді. Ақын-
жазушылардың жеке шығармаларының орыс әдебиетімен үндестігі мадақталды, орыс тіліне
аударылып жариялануы шексіз мақтауға ие болды. Бұл жылдары тез қарқынмен ілгерілеп дами
бастаған ұлтаралық әдеби байланыстар ішінде орыс-қазақ қарым –қатынастары ғана көзге түсіп, өзге
ұлттар әдебиетімен жасалған байланыс алдыңғының көлеңкесі іспетті күй кешті [1, 37 б.].
Алайда ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның өрісі кеңейді. Мұхтар Әуезов, Сәбит
Мұқанов, Ахмет Жұбанов, Шәкен Айманов, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев, Әбілхан Қастеев т.б
соңынан мол шәкірт ерді. Алғаш филиал ретінде құрылған ғылым академиясы іргелі ғылым жасауға
ұйытқы болды. Әл-Фараби, Абай құбылысы зерделене бастады. Білімді қаламгер, сауатты оқырман
өсіп шықты. Әдебиетшілердің санаткерлердің жаңа толқыны өмірге келді. Шенеуніктер мәдениетке
ынтық болды. Белгілі жағдайлармен соғыс жылдары ашылған өнер ошақтары мен оқу орындарында
ұлт интеллигенттері көбейді [2].
Партияның ұлт саясатындағы өктемдігіне наразылығын білдірген басқа да бас көтерулер,
наразылықтар орын ала берді. Мәселен, «Жас тұлпар» ұйымының қызметін, Хасен Қожахметтің
қуғын-сүргінге ұшырауын еске алсақ, жетіп жатыр. Осының бәрін ішіне бүгіп келген Мәскеу 1986
жылдың желтоқсанында өзінің бет пердесін ашып салды [3, 177 б.].
Кеңестік жүйе өзінің өмір сүру барысында ұлттық мәселені шешпеді, сондықтан ол КСРО-ның
ыдырауының басты себебінің бірі болды. Талданып отырған кезеңде билік халықтықтың кез-келген
ұлттық сезіміне, әсіресе мәдениет пен көркем әдебиет саласындағы қазақ авторларының өз тарихын,
тілін, мәдениетін зерттеуге деген ұмтылысына ауыр жауап беріп тұрды. Биліктің ойынша ол
интернационалдық көзқарасқа қарама-қайшы деп есептеді. Сол кездегі патриотизмді айтқан кезде
бірқатар мәселелер туындайды: «кеңестік», «социалистік патриотизм» ұғымдары патриотизмнің
ұлттық-этностық мән-мағынасын ығыстыра бастады. Ұлттық патриотизм туралы әлсін-әлсін айтыла
бастаған астарлы ишаралар онан әрі дамымай қалды [4, 106 б. ].
Осыған байланысты идеологиялық «өңдеу», «ми тазалау» және оқымыстыларды қорқыту
(Кенесары Қасымұлы ханды мадақтауға байланысты бірнеше ғалым-тарихшыларды және
әдебиетшілерді жауапкершілікке тарту, О. Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабын жария түрде айыптау
және т.б.), әдебиет пен өнер, ғылым қайраткерлерінің шығармашылығын қадағалау және саяси
бақылау шараларын атап өтуіміз керек.
Алайда тыйымға қарамастан қазақ ортасында М. Жұмабаевтың, А. Байтұрсыновтың, М.
Шоқайдың, эмигрант-ақындардың публицистикалық еңбектері, шығармалары және өлеңдері құпия
түрде тарады. Қазақ ұлттық мәдениеттің көрнекті туындылары осы идеологиялық өктемдік пен
тоталитарлық жүйенің қатал қысымы жағдайында жасалды.
Белгілі қазақ жазушыларының шығармаларын қазақтар қызыға оқитынына жүйе қызғанышпен
қарады. Мысалы, 1980 жылғы деректерде: «Ә. Әлімжанов, І. Есенберлин, Ә. Нұрпеисов жазған
көптеген шығармаларда тарихи шындық бұрмаланған, көшпелі өмір салты және реакциялық ұлттық
қалдықтар, ұлттық өзімшілдік дәріптелген жергілікті ұлт оқырмандарының арасында үлкен абыройға
ие» [5, 229 б.].
Т.ғ.д., профессор Ж.У. Қыдыралинаның дерегі бойынша сол кездегі арнайы органдардың
құжаттарында «шығармашылық интеллигенция өкілдері тарапынан «Алаш Орда» басшылары
қызметіне қызығушылық байқалады, олардың қызметін қайта қарастыру қажеттігі және алашорда
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
208
жазушыларының кейбір шығармаларын шығару мәселесі көтеріледі, ірі байлар мен феодалдардың
(М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, О. Қарашев, М. Көпеев және т.б.) мүдделері қорғалып,
мадақталады. 1983 жылы «Қазақстанның алғашқы дәрігерлері» атты кітап сатылымнан алынады,
себебі онда «Алаш» партиясының төрт белсенді мүшесі прогресшіл ағартушылар ретінде көрсетіледі»
[5, 229 б.].
Жүйенің идеологиялық «өңдеуіне» қазақ ғалымдарының ғылыми жобалары да ұшыраған. Қазақ
КСР ҒА-ның қызметіне кеңестік жүйе әділетсіз баға берді: «Соңғы 20 жылда қазіргі заманға залал
келтіретін тарихи тақырыптарға ғылыми зерттеулер басым болды». Әкімшіл-әміршіл жүйе халықтың
ұлттық мәдениетіне деген құрмет пен табиғи қызығушылығын былай деп бұрмалады:
«...Монографияларда, кітаптарда ұлттар мен мәдениеттердің жақындасуы мен өзара байытуына,
интернационалдыққа емес, басқа мәдениеттердің, бір ұлттың басқа ұлттан артықшылығын көрсетуге,
қазақ ұлтын мақтау, оның ерекше дарынды ұлт екенін атауға басты екпін берілді. Бұл шығармашылық
интеллигенцияның саяси жетілмеген профессор оқытушылар құрамы мен студенттерде ұлттық
құштарлықтың өсуіне жағдай жасайды. Мысалы, 1968 жылы В.В. Востров пен М.С. Мұқановтың
«Родоплеменной состав и расселение казахов» (Қазақтардың ру-тайпалық құрамы мен орналасуы)
атты кітабының жарыққа шығуы шығармашылық интеллигенцияның, әсіресе студенттік жастардың
үлкен қызығушылығын туғызды, олар шығармашылық одақтарда, жоғары оқу орындарында және
партиялық-кеңестік басшылықтарда «өз» адамдарын белсенді іздей бастады» [5,230 б.].
Сол кезде жарияланған «Қазақстанның ежелгі мәдениеті» (1966), «Қазақтардың көшпелі
қоғамы» (1971), «Ежелгі Отырар» (1972), «Орта жүз қазақтарының этникалық құрамы және
орналасуы» (1974), «Қазақстанның этникалық геногеографиясы» (1982), «Көшпелі қоғам» (1984) атты
кітаптар кеңестік жүйенің идеологиялық сынауына ұшырады.
Әдебиет пен өнер қайраткерлері «социалистік реализм» заңын ұстануға, жүйенің идеологиялық
құндылықтарын дәріптеуге тиіс болған. Жүйе ұлттық идеяларды қатал басып отырды. Алайда рухани
жандану, қазақ мәдениеті мен ғылымындағы, әдебиет өнердегі гүлдену ұлттық сана-сезімнің өсуіне
әсер етті. Музыкада Шәмші Қалдаяқовтың әндері, бірінші қазақ эстрадалық ансамбльдері «Дос-
Мұқасан», «Айгүл» және т.б. шабыттандырды. Әдебиетте – екі тыйым салынған: Олжас
Сүлейменовтың «Аз и Я» және Мұрат Әуезовтың редакциялығымен шыққан «Көшпенділер және
эстетика» кітаптары болды. «Аз и Я» жарық көруге үлгерді, бірінші тиражы оқырмандар қолына тигені
белгілі. Ал «Көшпенділер мен эстетиканың» тиражы бірден «тұтқындалып» жойылды, ал Әуезов
жұмыссыз қалды... [6, 246 б.]
«Қазақфильм» киностудиясының қызметіндегі ұлттық ерекшеліктерді тарихи өткенмен көрсету
тенденциясы жүйенің идеологиялық қоршауына алынды. «Қыз-Жібек», «Атаманның ақыры» және тағы
басқа киноленталар кеңестік идеологтарға ұнамады. Онда олар «тарихи шындықты бұрмалады,
көшпелі өмір салтының күнделікті өмірі көрерменге керемет етіп көрсету элементтері бар, нәтижесінде
қазақтардың революцияға дейінгі өмірі еркін, бай және ауқатты болып көрінеді» деген.
Өмірге Ж. Нәжімеденов пен Ш. Қалдаяқовтың, кейін мемлекеттік әнұранға айналған «Менің
Қазақстаным» әні, Ж. Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы, І. Есенберлин мен Ә. Кекілбаевтың
романдары, басқа да шығармалар келді, олар ұлттық патриотизм идеясын ел санасына сіңірді. Ал
ұлттық идеяның әдебиетте, ұлт санасына терең ұялауы Желтоқсан көтерілісіне рухани дайындық
болды.
Қазақ халқының рухани-интеллектуалдық элитасы ұлт мүддесін қорғауда табандылық танытты.
Ұлттық идеяға адал қазақ шығармашылық зиялы қауымы кеңестік империялық режим тұсында да
халықтың мәдениетін және дәстүрін сақтауға күш-қайратын жұмсап, өзінің ізгілікке толы әрекетімен
ұлттық сана-сезімді өрге сүйреді.
Кеңестік тәртіп тұсында саяси, мәдени және діни талапты сыртқа шығаруға талпыныс ұлт
қозғалыстарынан көрініс тапты. Интеллигенцияға тән орасан зор мәдени және интеллектуалдық
әлеует олардың белсенді әрекеті арқасында КСРО-дағы ұлт қозғалысының қозғаушысы және
лидеріне айналуына негіз болып қаланды. Ұлттық қозғалыстардағы интеллигенцияның белсенді серігі
оқушы жастар еді.
Қазақстанда зиялы қауымның «Жылымық» кезіндегі белсенділігі ең бастысы ұлттық-рухани
мұраға және ұлттық мәдениетті жандандыру мәселелеріне қатысты болатын. 60-шы жылдардың
ортасында
және
80-шы
жылдардың
бірінші
жартысында
зиялы
қауымнан
құралатын
оппозицияшылдықтың белгілі бір белсенділігі байқалады – ол өз кезегінде Орталықтағы зиялы
қауымнан құралатын оппозицияшылдықтан бастау алатын көрініс еді.
1960-шы жылдардың ортасында Кремльдағы биліктің ауысуы тағы да ортада этностық элиталар
мен зиялылар қауымының белсенділік танытып кетуіне ықпал етті. Алайда осыған дейінгі кезеңге
қарағанда 1960-шы жылдары билік пен қоғам арасындағы «өркениетті», күштемеу сипатындағы
нысандары басым болатын. Ұлттық мәдениет пен тілді, халықтардың дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарын қолдауға бағытталған қозғалыстар асқан белсенділік таныта бастады. Зиялылар
қауымының зор мәдени және интеллектуалдық әлеуеті және де зиялы қауымның ұлттық мүдделерді
қорғауға және ұлттық мүдделердің жанашыры болуға деген талпыныс зиялылар қауымына ұлттық
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
209
қозғалыстардың көшбасшысы мен басшысына айналуға мүмкіндік туғызды. Зиялылар қауымымен
қоса ұлттық қозғалыстарға оқып жүрген жастар да белсенді қатыса бастады.
Дәстүрлі салттар мен әдет-ғұрыптардың, діни мерекелердің орнына кеңес үкіметі жаңа кеңестік
әдет-ғұрыптарды, өмір мен тұрмыстың коммунисттік қалыптарын (некелерді, нәрестелерді салтанатты
жағдайда тіркеу, комсомолдың салтанатты үйлену тойларын өткізу, алғашқы төлқұжаттарды тапсыру,
Кеңес Армиясына шығарып салу, жұмысшылар табына қабылдау және т.б.) енгізуге тырысты. Жаңа
кеңестік биліктің көзқарасына сай келетін әдет-ғұрыптар, салт-жораларды билік діни сезімдермен
күресудің пәрменді құралдарының бірі ретінде пайдаланған [7].
Қазақ ұлттық өзіндік сананың дамып, арта түскендігінің айқын мысалы — 1986 жылдың
желтоқсан айындағы қазақ жастарының күшті кеңес империяға қарсы батырлық көтерілісі. Қай
ғасырда болмасын қазақтарды ұлттық егемендікке жету, яғни өзінің тарихи тағдырының қожайыны
болу идеясы жігерлендіретін, себебі қазақтар - ұлттық тәуелсіздікті аңсаған халық. 1986 жылғы
желтоқсанда болған оқиғалар ұлттық идеяның сабақтастығын тағы да бір дәлелдеп, халық
егемендікке жетуге деген талпынысын жоғалтпағандығын көрсетті.
Әкімшіл-әміршіл жүйе кез келген оппозициямен сыйыспайтын мемлекеттік құрылыс.
«Реформалар» мен жаңғыртылу жылдарында пайда болған тоталитаризм кеңес мемлекетінің ішкі
өмірінің тұрақты факторына айналды. Біздің ойымызша , басқаша ойлау ұлттық сана мен көзқарас
тіпті күш қолданылған кезде де жойылмайтынды.
30-жылдардың қуғын-сүргіні, одан кейінгі 2-дүниежүзілік соғыстан кейін ептеп есін жиған халық
Хрущевтік жылымық тұсында еңсесін тіктей бастады. Әсіресе, 1960-жылдары әлемнің көптеген
елдерінде бой көтерген студент жастардың қозғалыстарының ықпалы аз болған жоқ. Дегенмен,
Батыс Еуропадағы жастардың әлеуметтік көтерілістері негізінен тұлғаның өзіне, оның шығармашылық
әлеуетін жүзеге асыруына, табиғи болмысына оралуына, күнделікті күйбең тірліктен босанып, қиялды
шарықтатуға, контрмәдени романтизмге бағытталды. Ал, осы 60-жылдары Мәскеуде оқып жүрген
қазақ жастары «Жас тұлпар» атты қоғамдық-саяси, ұлттық-дәстүрлік бағытта ұйым құрғаны мәлім.
Бұл озық ойлы жастар алыста жүріп, өз елінің жағдайын басқалармен салыстырудан туған көзқа-
растарын бөлісіп, елінің ертеңіне алаңдаушылық білдірді. Кеңестік биліктің қазақ еліне қатысты
саясаты, ұлттық кадрлар, тіл, діл мәселесі төңірегінде бірікті. Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжан,
А.Қадыржанов бастаған сол кездегі студенттер өздерін ұлт мүддесі жолында біріккен рухани
қауымдастық іспетті көрсетті. Бұл Алаш идеяларының өміршеңдігінің бір көрінісі және ХХ ғасыр басы
мен кеңестік билік тұсындағы қазақ интеллигенциясы мен зиялы қауымының арасындағы рух
сабақтастығының дәлелі. 1950-1980 жж. біртұтас «кеңес халқының» құрамындағы қазақстандық ин-
теллигенция қалыптасты, сонымен қатар, интеллигенцияның орыстілді және қазақтілді болып жікке
бөлінуі де дәл осы кезеңнен басталды. Қазақтың орысша білім алған, дүниетанымы мен көзқарасы өз
ұлтының мәдени-рухани тамырынан айрылған космополиттік, кеңестік идеологиямен уланған тобы
мен таза қазақ интеллигенттер, әсіресе, мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы, басым көпшілігі
ауылда туып, уызына жарыған зиялылар тобы арасында көзге көрінбес бір майдан жүріп жатты. Қазір
де айтылып қалатын «менің балаларым (немерелерім) орыс мектебінде оқиды, сондықтан, мен орыс
тілін қолдаймын» деген сияқты пікірлер сол кеңестік менталитеттің, жасанды «ұлттар достығы»
идеясының санаға сіңіп қалған қалдығы. Дегенмен, бұл кезеңде орталықтан таңылған орыстандыру
мен жергілікті жердегі ұлттық үдерістер қатар жүрді, оның бір көрінісі 1980 жылдары атқарушы билікте
ұлттық кадрлардың көбеюі және олардың саяси орталықтан дербестенуге ұмтылуы ақырында этно-
кратияның салтанат құруына алып келді.
Кеңестік кезең мен ХХ ғасыр басындағы интеллигенция арасында параллель жүргізетін болсақ,
алашшылдар ұлт мүддесі үшін сөз бен істің бірлігін көрсетсе, ал, кеңестік кездегі интеллигенцияның
этикалық көзқарасы басқашалау. Бұл кезде де қазақтың шығармашылық интеллигенциясы өзінің
ұлттық рухпен сусындаған туындыларымен ұлтқа қызмет етті. Дегенмен, олардың еркін әрекеттенуіне
коммунистік партияның көреген көзі, зұлым саясаты ерік бере қоймады. Кеңестік билік қазақтың
мүддесін қорғайтын, сол жолда бас біріктіруге қабілетті озық ойлы тұлғалардың алдына тосқауыл
қойды. Жекелеген диссиденттердің көзін жойды. Бірақ, соның өзінде шеңберге сыймай, әділдікті
жақтаған, қара қылды қақ жарып, өзіне зиян екенін біле тұра шындықты айтқан, биліктің теріс ше-
шіміне қарсы тұрған тұлғалар болды. Ар-намысын жоғары ұстап, ешкімге басын имей өткен Бауыржан
Момышұлы генерал шені мен батыр атағын иеленбей қалса да, өзінің бүкіл өмір жолымен, азаматтық
тұлғасымен адами қасиеттің биік үлгісі. Мұндай тұлғалар саяси элита арасында да болмай қалған жоқ,
1950-1960 жылдары Қазақ КСР-інің жоғары басшылығында қызмет атқарып, қазақ мемлекетінің аумақ-
тық тұтастығын сақтап қалуға үлкен еңбек сіңірген Жұмабек Тәшенов «қандай қызметте болса да өз
елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО бас-
шыларының алдында тайсалмай қоятын, жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді»
(С.Нұрмағамбетов). Кеңестік билік тұсында жоғары лауазымды қызметтерінен айрылып, өміріне қауіп
төнетінін біле тұра қазақтың мүддесін, құндылықтарын қорғаған Н. Оңдасынов, Ж. Шаяхметов, І.
Омаров сынды тұлғалар ұлттық саяси элитаның абыройын сақтап қалды. Әсіресе, қазақтың саяси
және рухани элитасының нағыз бет-бейнесін көрсетіп берген Желтоқсан көтерілісі болды. Алаңға
|