Бакалавриат



Pdf көрінісі
бет3/73
Дата02.03.2023
өлшемі1,85 Mb.
#71203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

 
 
 
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім» 
тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға 
болмайды. 



ТҮСІНІК ХАТ 
Пəннің мақсаты – білім алушыларға оқыту нəтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, 
білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлі, критериалдық бағалау 
технологиясының моделі жайында түсінік беру. 
Пəннің міндеттері: 
-
білім алушыларға бағалаудың түрлері жəне ұстанымдары жайында мағлұмат 
беру; 
-
бағалау кезеңдері жəне инструменттерін талдата меңгерту; 
-
критериалдық кесте-рубрикаторлары, форматтық бағалау жəне суммалық (ішкі 
жəне сыртқы) бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру; 
-
оқу бағдарламасы жəне оқу жоспарының ( қысқа, орта, ұзақ)түрлері жайында 
ұғымдар қалыптастыру; 
-
портфолионың педагогикалық міндеттері, функциясы мен құрамы жəне оны 
қолданудың білік-дағдыларын игерту.
-
Білім бағдарламасындағы пəннің орны: 
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пəні арнайы пəндер модулінің міндетті 
пəндер компонентіне кіреді. Бұл пəнді меңгеруде студенттер жалпы білім беру жəне 
кəсіби пəндер модулінен оқитын пəндерден игерген білік, дағдыларына сүйенеді.
Пререквизиттер: «Педагогика», «Психология», «Зерттеу əдістері» 
 
Постреквизиттер: «Қазақ тілін оқыту əдістемесі», «Қазақ əдебиетін оқыту 
əдістемесі», «Тəжірибе-1», «Тəжірибе-2», «Тəжірибе-3» 
Пəнді меңгерудің нəтижесіне қойылатын талаптар: 
Пəнді оқыту үрдісі кəсіби құзыреттілікті қалыптастыруға жəне дамытуға 
бағытталған: 
- оқу-тəрбие үдерісін модельдей алады жəне оқыту тəжірибесінде оны жүзеге асыруға 
дайын
- ақпараттарды қабылдау, сақтау, өңдеудің негізгі əдістерін, тəсілдерін жəне құралдарын
қолданады, компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан, оның ішінде ауқымды 
компьютерлік желіні жетік меңгерген
- психикалық жəне психофизиологиялық дамудың жалпы, арнайы (əртүрлі ауытқушылық 
типтері) заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, əртүрлі жастағы адам əрекеті мен мінез-
құлқын реттеу өзгешеліктерін есепке алу құралдарын қолдана алады; 
- əртүрлі жастағы балалардың əрекеті, қарым-қатынасы, дамуының диагностикалық 
əдістерін пайдалануға дайын
- білім берудің əртүрлі деңгейіндегі білім алушыларға арналған бағдарламалардан, оқыту, 
тəрбиелеу жəне дамытудың əртүрлі теорияларынан алған білімдерін қолдануға дайын
- балалардың əралуан əрекет түрлерін ұйымдастыруға дайын
- білімдік ортада субьектілердің бірлескен қызметі мен тұлғааралық өзара əрекеттестікті 
ұйымдастыру əдістерін меңгерген
Пəнді оқыту үрдісі пəндік құзыреттілікті қалыптастыруға жəне дамытуға 
бағытталған: 
- қазақ тілі мен əдебиетінің тұжырымдамалық жəне теориялық негіздерін, оның жалпы 
ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі;
- психологиялық-педагогикалық пəндер бойынша жүйелі білімдерді, оқыту əдістемесін, 
классикалық жəне қазіргі заманауи педагогикалық технологиялар туралы білімді игерген; 



білім алушылардың жетістіктерін қазіргі əдістермен диагностикалауды пайдалануға 
қабілетті
- байқаулар мен тəжірибелер нəтижелерін теориялық тұрғыдан талдау əдістерін 
компьютерлік үлгілеуді қолдануды игереді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет