Бакалавриат



Pdf көрінісі
бет9/73
Дата02.03.2023
өлшемі1,85 Mb.
#71203
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

Бағалау үдерісі 
Бағалау үдерісі. Мұғалімнің бағалаудағы рөлі: мұғалім тəлімгер ретінде, мұғалім 
жетекші ретінде, мұғалім есепке алу маманы ретінде, мұғалім баяндамашы ретінде.
Пікірлер парағы: бағалаудың негізгі сипаттамасы, сабақ беру жолдары, үлгілер, оқытуға 
ықпал ету. Оқытуды бағалау стратегиялары. Өзара бағалау жəне өзін-өзі бағалау.Баға 
қою жөніндегі кері байланыс.Бағалар жөнінде түсініктеме беру үшін
жасалатын қадамдар: Бірінші қадам: жетістік критерийлері туралы айту. Екінші қадам: 
бастапқы жоспар дайындау. Үшінші қадам: жетістікті анықтау. Төртінші 
қадам:алдағы жұмыстарды жақсарту үшін мақсатты анықтау. Бесінші қадам:берілген
түсініктемеге қатысты оқушының ойлануы мен жауабы. Алтыншы қадам: деңгейлерін 
анықтау жəне оқушыларға жұмыстарын қайтару. Жазбаша жұмыстарды топтық бағалау. 
Оқушы портфолиосы 
«Портфолио» əдісі жəне оның шығу тарихы.
20 ғасырдың 80-90 жылдары АҚШ-та, содан кейін Еуропа, Жапония жəне басқа да 
елдерде портфолио əдісі оқытуда, яғни студенттердің жеке оқу жетістіктерін бағалау əдісі 
ретінде қолданыла бастауы.
Портфолио - мұғалімнің тапсырмалары бойынша студенттің бір немесе бірнеше 
əдістердің аясында оқыту əрекетін жүйелейтін тақырыптық материалдар жинағы.
Портфолио –- жүйелі, тұрақты процедуралық жұмыс болып табылатындығы. 
Портфолионың білім алушыға өздігінен білім алуға жəне өз кəсіби қызметінің
оқудың, зерттеу нəтижелерінің сапасын бағалауға мүмкіндік беретіндігі. Портфолио əдісі 
ақпараттық 
технологиялардың 
дамуы 
негізінде, 
оның 
ішінде 
компьютерлік 
бағдарламалармен оқуды басқару кезіндегі рөлі.
«Портфолио» əдісі - оқытудың ең нəтижелі əдісі. Портфолио – оқушының тоқсан 
немесе оқу жылы жасаған жұмыстары жəне жетістіктерінің айғағы мен дəлелі.


12 
Портфолио – оқушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін 
жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін анықтауы, оқу процесінің 
оқушы үшін қандай нəтиже беретіндігін көрсетіп, оқушылармен кері байланыс құру тəсілі 
болып табылатындығы. 
Портфолионың қызметтері: жинақтаушы – оқушылардың жұмыстарының жиынтығы;үлгі 
(модель) – оқушының жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы; ой-толғаныс 
пен шығармашылық тудырушы.
Портфолио үшін ең басты мəселелер – есеп беру (дəлелдер келтіру) жəне ой-толғаныс 
(рефлексия). Портфолионың екі түрі: өсу портфолиосы (мұнда оқушының жеке тұлғалық 
жəне кəсіби дамуы көрсетілетіндігі) жəне нəтижелер портфолиосы (жыл бойы қол 
жеткізген ең елеулі нəтижелер).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет