Əдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері Сабақ жəне оның кезеңдері. Кіріспе сабақ, көркем мəтінмен жұмыс кезеңі, қорытынды
сабақ.
Кіріспе сабақтар. Ерекшеліктері. Сабақ процесіндегі алатын орны. Оларды
ұйымдастыруға қойылатын əдістемелік талаптар. Кіріспе сабақтардың дұрыс
ұйымдастырылуы. Оларға бөлінетін уақыт мөлшері. Кіріспе сабақтарда көркем
шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қатысты мəселелердің ескерілетіні.
Жазушы өмірі мен шығармашылығына шолу, тақырыптарды, монографиялық
тақырыптарды өтуге қатысты кіріспе сабақтар. Көркем мəтінмен жұмыс кезеңі. Бұл
кезеңнің сабақтың кіріспе бөлігімен сабақтастығы. Оқушының мұғалім тапсырмасымен
көркем шығарманы алғаш рет өз бетімен оқуының маңызы. Осы өздік оқудағы алғашқы
қабылдау нəтижелерінің сыныпта көркем мəтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерін
белгілеуге негіз болатыны. Орталау сыныптардағы көркем мəтінмен жүргізілетін
мəнерлеп оқу, мазмұндау, салыстырмалы талдау, т.б. жұмыстар кешені.
Жоғары сыныптарда көркем шығарманы оқып-үйретудің жан-жақты талдау арқылы
меңгерілетіні.
Талдау түрлері. Мұғалім нақты шығарманы талдау түрін əдеби шығарманың көркемдік
табиғатындағы
белгілерге
сүйеніп
айқындайтыны.
Көркем
мəтінді
талдаудың
көптүрлілігі. Оқыту əдістерінің талдау нəтижелерінің мазмұнына қарай белгіленетіні.
Қорытынды сабақтар. Олардың кіріспе сабақтармен, көркем мəтінмен жұмыс
кезеңімен тығыз сабақтастығы. Қорытынды сабақтардың көркем шығарманы талдаудың
шешуші кезеңі екендігі. Алдыңғы сабақтарда берілген əдеби білімнің қорытынды
сабақтарда бекітілетіні. Бекіту сұрақтарының орны.
Жазушы өмірбаянын оқыту. Көркем шығармада жазушының өміртанымы,
көзқарасы, мəдени - рухани деңгейі, эстетикалық мұратының, қаламгерлік қолтаңбасының
көрініп тұратыны. Y-IX сыныптарда жазушы өмірбаяны оқытылып отырған көркем
туындыға қатысты кіріспе əңгіме түрінде өтілетіні. X-XI сыныптарда оның жазушының
өмірі мен шығармашылығы түрінде жан-жақты талданып оқылатыны. Жазушының
қоғамдық, тарихи- əлеуметтік қызметіне қатысты деректерді меңгертудің жолдары.
Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуға арналған əдістемелік
еңбектерге шолу.
Шолу тақырыптарды оқыту. Шолу тақырыптарының белгілі бір кезеңге жататын
əдебиет өкілдерінің шығармашылығын өтуге баспалдақ міндетін атқаратындығы. Оларда
əдебиеттің даму процесі қоғам өмірімен байланыста қарастырылатыны. Шолу
тақырыптарын өтуге қажетті маңызды тарихи-əдеби материалдарды таңдап алудың
өлшемдері мен əдістемесі. Оқылатын тақырыпқа сай қосымша əдебиеттерді
пайдаланудың маңыздылығы.
Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыс формалары.
Жоғарғы сыныптарда шолу тақырыптарын өтуде əдебиеттерді оқыту əдістерін
пайдаланудың тиімді жолдары.
Шолу тақырыптарын оқыту əдістемесі туралы еңбектерге шолу.
Сабақта əдеби-сын мұраларды пайдалану. Жоғары сыныптарда көркем шығарманы
оқытуда əдеби-сын еңбектерін пайдаланудың қажеттігі. Оларды пайдалану тəсілдері.
Əдебиет теориясы мəселелерін оқыту. Көркем шығармадағы əдеби-теориялық
ұғымдардың қолданысы жазушының сөз қолданыс өнерін айқындайтыны. Əдеби-
теориялық ұғымдарды меңгерту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері. Əдеби-теориялық
ұғымдарды танытудың əдіс-тəсілдері. Ү- ІХ сыныптарда əдебиеттен берілетін теориялық
ұғымдардың көлемі.
75
Əдеби бағыттар. Бұлардың пайда болу, дамуы мен қалыптасуының тарихи
əлеуметтік себептері. Реализм мен романтизм ұғымдарының əдеби шығармадағы көрінісі.
Əдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу.