Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


АЛТЫ  КҮН  БОЙЫ  КӨК  АЛМАНЫҢ  ШЫРЫ-



Pdf көрінісі
бет45/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
АЛТЫ  КҮН  БОЙЫ  КӨК  АЛМАНЫҢ  ШЫРЫ-
НЫН  КҮНІНЕ  1  (БІР)  ЛИТРДЕН  ІШЕСІЗ.  (ұнаса 
бұдан да көп мөлшерде ішуге болады). Алма қышқылы 
запыран тастарын жұмсартып, запыран жүретін арналар-
дан  тастардың  өтуін  жеңілдетеді.  Алманың  қышқылы 
өте тамаша тазалағыш. 
  Кейбір  аса  сезімтал  адамдарда  шырынды  ішкен 
бастапқы  күндері  іші  кеуіп,  тіпті  тышқақтауы  мүмкін. 
Бұл  жағдайда  үлкен  дәретімен  бауырдан  және  өттен 


100
VІI БӨЛІМ
бөлінген запыран шығуы мүмкін (осы кезде үлкен дәрет-
тің түрі сары қоңырқай түстес болады). 
Алма  қышқылының  ферменттік  әсері  запыран 
жүретін  арнаны  кеңейтеді. (Егер  өзіңізді  жайсыз  сезін-
сеңіз, онда алма шырынына су қосып араластырып ішуге 
болады). Шырынды аз-аздап, там-тұмдап күні бойы та-
мақтану  аралығында ішіңіз. (Тамақ ішер алдында, тамақ 
ішкен кезде, тамақ ішкеннен кейін екі сағат уақыт өтпей 
алма шырынын ішпеңіз).
Алма  шырыны  сіздің  күнделікті  ішіп  жүрген  сұй-
ығыңызды  алмастыруға  тиіс  емес.  Бұл  оған  қосымша 
толықтыру. (Ескерту: Негізі табиғи шырын ішуге тыры-
сыңыз. Жоқ болса концентраттан дайындалғаны да жа-
рай береді).
Алма қышқылы тісіңізді бүлдірмес үшін, тісіңізді та-
залап  содамен күніне бірнеше қайтара шайыңыз. (Егер 
сізде  алма  шырынына  аллергия  болса,  онда  оны  алма-
стыратын жайттқа жүгініңіз. Осы тақырыптың соңында 
«Мүмкін  болатын  шырғалаңдар»  атты  тарауда  айтыла-
ды).
1.  ТАМАҚ МӘЗІРІНЕ ҰСЫНЫСТАР:
«Адам баласы жаратылғанда өлімнің 99 себебі бірге 
жаратылған.  Егер  осыдан  сақтанып  өмір  сүрсең  ғана 
кәрілікке жетесің». 
Пайгамбарымыз Мухаммед (с.г.с.) 
Емге  дайындық  аптасында  6  күн  суық  тамақ  пен 
тоңазытқыштан алынған сұйық ішпеңіз. Сіз бүйрегіңізді 


101
салқындатып  алсаңыз  тазалануға  бөгет  жасайды.  Ішіп 
жеміңіздің бәрі де бөлмеңіздің температурасынан төмен 
болмасын.  Бауырыңызды  толықтай  тазалау  үшін  апта 
бойы мал өнімдерінің тағамдары – ет, сүт, кілегей, сары 
май,  айран,  ірімшік,  құрт,  сүзбе  т.б.  және  қуырған  та-
мақтарды ішіп жемеңіз. Қалған жеміс-жидектерді, дән-
ді дақылдар өнімдерін қалыптағыдай жей беріңіз. Бірақ, 
тым қомағайланбай тартына жеңіз.
2.  ТАЗАЛАНУҒА ЫҢҒАЙЛЫ УАҚЫТ:
Ең  бастысы  тазалануды  демалыс  күні  өткізіңіз.  Се-
бебі,  ешқайда  асықпай  толық  демалуға  уақытыңыз  бо-
лады.  Тазалануға  барлық  кезең  қолайлы,  дегенмен  де 
жаңа ай туғаннан кейін бастасаңыз тіптен тамаша бола-
ды.  Бауырдағы  тастарды  түсіріп  тазалайтын  алдын  ала 
алты күндік дайындықты жаңа ай туарға 6-7 күн қалған-
да бастаңыз.
3.  ЕГЕР  СІЗ  ДӘРІ-ДӘРМЕК  ҚОЛДАНЫП  ЖҮР-
СЕҢІЗ
Тазалану  барысында  қандай  болмасын  дәрілерден, 
витаминдерден, биологиялық қарқынды тамақ қоспала-
рынан бас тартыңыз. Бауырға қосымша салмақ салудың 
қажеті жоқ. Бұл тазалануға бөгет жасауы мүмкін.
4.  ТАЗАЛАНУҒА  ДЕЙІН  ДЕ,  ТАЗАЛАНҒАННАН 
КЕЙІН ДЕ ІШЕГІҢІЗДІ ЖУЫҢЫЗ
Уақтылы үлкен дәретке отыруыңыз, сіздің ішегіңіздің 
ішінде  қатып  қалған  немесе  кептеліп  қалған  қоқыр-
соқыр  қалдықтардың  жоқтығына  кепіл  бола  алмайды. 
Тік ішекті алдын ала сумен жуып шайу, бауырды таза-


102
VІI БӨЛІМ
лау  барысында  жеңілдік  әкеледі.  Тазалану  барысында 
шыққан қоқыс-қалдықтардың ішек жолдарымен жоғары 
көтеріліп кетпеуінің, жүрегіңіздің айнымауының, өзіңізді 
жайсыз сезінбеуіңіздің алдын алады. Ағзаңыздың (орга-
низм) тастардан тазалануын тездетеді. 
Тік  ішекті  тазалаудың  жолы  –  мамандандырылған 
жуу. (профессиональная гидротерапия). 
Екінші жолы әр түрлі клизмалар қою. 
Үшінші ең төте әрі тиімді жолы – сұйықты өте көп 
мөлшерде ішіп, ішіңді сарылдатып өткізу  (Магний суль-
фаты, ағылшын тұзын кішкентай қасықпен алып, бір ста-
кан жылы суға ерітіп, таңерең ерте ішіңіз). Біраздан кей-
ін  ішіңіз  сарылдап  ағып,  10-12  метр  ішек  жолдарыңыз 
толық тазаланады. 
5.  ДАЙЫНДЫҚТЫҢ  СОҢҒЫ  АЛТЫНШЫ  КҮНІ 
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Егер таңертең қарныңыз ашып тұрса жеңіл ғана та-
мақтаныңыз.  Ыстық  ботқа:  күріш,  қарақұмық,  тары. 
Сұлы  ботқасы  болса  тіптен  керемет.  Тәтті  жемеңіз. 
Қант, тәтті тоқаштар, қандай болмасын майлардың түрі 
(өсімдік  майы  да),  ет,  ірімшік,  макарон  өнімдері,  жұ-
мыртқа, жаңғақ, суық тамақ, сүт, май, құрт, кілегей, нан 
(нанды кептіріп барып 1-2 тілім сухарь жеуге болады), 
белок өнімдерін т.б. 
Жемістерді  жеп,  шырынын  ішуге  болады.  Түскі  та-
маққа  екі  жеміспен  күріштен  ботқа  жеңіз.  Бұл  ережені 
сақтамасаңыз бауырыңыз тазаланып, тасы түсіп жатқан 
кезде сізге ауыр болады. Қиналасыз. 


103
САҒАТ  14-ТЕН  КЕЙІН  АУЗЫҢЫЗҒА  НӘР  САЛ-
МАҢЫЗ. Ешнәрсе ішіп жемеңіз. Тек таза су ғана ішуге 
болады. Әйтпесе бауырыңыздағы тастар түспей қояды! 
Бауырыңызды толық тазалап, тастарын түсіргіңіз келсе 
төменгі нұсқауларды мұқият сақтап, көрсеткен  сағатын-
да істеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет