Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


БАУЫР ТАЗАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет46/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
БАУЫР ТАЗАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
КЕШКЕ
18.00: Үш таза су құйылған 200 граммдық стакандағы 
суды 1 литрлік банкаға құйыңыз. Сонан кейін үлкен қа-
сықпен  төрт  қасық  ағылшын  тұзын  (магний  сульфаты) 
осы суға қосып ерітіңіз. Осы ерітінді суды төрт стаканға 
бөліп құйыңыз (мөлшері 180 мл). 
Бірінші  стакандағы  ерітіндіні  ішіп  алыңыз.  Кермек 
ащы дәмнен құтылғыңыз келсе, артынан лимон шырыны 
қосылған  суды  аз-аздап  ішіңіз.  Кейбір  адамдар  тұздың 
ащы дәмі білінеуі үшін, ертіндіні түтікше арқылы ішеді.
Ағылшын тұзының басты міндеті – запыран жүретін 
арнаны кеңейту. Осы кеңейген арнамен бауырдан түскен 
тастар  бөгетсіз  сыртқа  үлкен  дәретпен  шығарылып  та-
сталынады.  Сондай-ақ,  бауырды  тазалауға  бөгет  жасап 
тұрған ағзадағы қоқыр-соқыр қалдықтарды шығарады.
20.00:  Екінші  стакандағы  ағылшын  тұзы  ерітілген 
тұнбаны ішіп алыңыз.
21.30:  Егер  осы  уақытқа  дейінгі  24  сағаттың  ара-
лығында сіз үлкен дәретке отырмаған болсаңыз, клизма 
жасап ішіңізді тазалаңыз. 


104
VІI БӨЛІМ
21.45:  Лимон,  апельсинді  мұқият  тазалап  жуыңыз. 
Сізге стаканның 2/3 бөлігіндей ғана шырын қажет. Ли-
моннан не апельсиннен сығып алған шырынды 0,5 ли-
трлік банкаға құйыңыз. Бұған жарты 0,5 стакан оливка 
майын құйыңыз. 
Банканың  қақпағын  тығыздап  жауып:  шырын  мен 
май біркелкі болып араласып кеткенше 20 рет шайқаңыз. 
Осы тұнбаны сағат 22.00-де ішу керек. Бірақ,  дәретха-
наға бару қажет болса, онда бұл шараны 10 минутқа ше-
гере тұруға болады.
22.00:  Төсектің  жанында  түрегеп  тұрыңыз,  отыр-
маңыз! Енді қолыңыздағы апельсин шырыны мен оливко 
майы қосылған тұнбаны бірден ішіп алыңыз. Егер бірден 
жұта алмай қиналсаңыз, жұтым-жұтымның аралығында 
аздап бал жеуіңізге болады. 
  Адамдардың басым бөлігі бұл сұйықты қиналмай 
қылқ еткізеді. Енді 5 минуттың аралығында төсегіңізге 
жата қалыңыз.
БІРДЕН  ТӨСЕГІҢІЗГЕ  ЖАТЫҢЫЗ!  БҰЛ  ТАСТАР-
ДЫҢ  ШЫҒУЫНА  ӨТЕ  МАҢЫЗДЫ.  Шамды  өшіріп, 
шалқаңнан  түсіп  жатыңыз.  Басыңыз  ішіңізден  жоғары 
болуы  тиіс,  сондықтан  бір  немесе  екі  жастық  жаста-
ныңыз. Егер шалқадан жату ыңғайсыз болса, екі тізеңізді 
бауырыңызға тартып, оң қырынан жатыңыз. 
20 МИНУТ ТЫПЫР ЕТПЕЙ ЖАТЫҢЫЗ, ҚОЗҒАЛ-
МАҢЫЗ!  ЖАН  БАЛАСЫМЕН  СӨЙЛЕСУШІ  БОЛ-
МАҢЫЗ!
Барлық  ынта  жігеріңізді,  санаңызды  бауырыңызға 


105
бағыштаңыз. Осы сәтте Сіз запыран жүретін арнамен та-
стардың жылжып келе жатқанын сезуіңіз мүмкін. Ауыр-
сыну болмайды. Себебі, ағылшын тұзының құрамындағы 
магнийдің арқасында запыран жүретін арнаның клапаны 
қақпағы ашық, болбырақ бос болады. 
Осы арнамен тастармен қоса аққан запыран арнаны 
жып-жылмағай етіп майлайды (қолайсыз жағдай, тастар 
қозғалған кезде магниий жеткіліксіз болса ғана байқала-
ды). Ұйықтап қалуға тырысыңыз.
Егер түн жарымында үлкен дәретке шыққыңыз кел-
се барыңыз. Осы сәтте үлкен дәретіңізден тастар шығып 
жатыр ма (жасыл не қоңыр түстес) тексеріңіз. 
Тексеру үшін үлкен дәретке горшокқа не легенге оты-
рыңыз.  Сонда  бауырыңыздан  бөлініп  шыққан  тастар-
ды  санап,  жиып  алып,  сақтай  аласыз.  Әр  тазаланғанда 
шыққан тастарды санап, күні мен айын, жылын жазып 
қойыңыз  Бұл  өзіңіз  үшін  қажет.  Тастар  шыққан  сайын 
денсаулығыңыз жақсарып, ауруыңыздың себебін тауып, 
талдауға болады.
Түн ортасында не таң ата жүрегіңіз айнуы мүмкін. Се-
бебі, бауырдан, өттен қуылып шыққан тастар мен улар – 
сіз ішкен май мен шырынның қоспасын қайта асқазанға 
айдайды. Таңертең жүрегіңіздің айнығаны басылады.
ТАҢЕРТЕҢ
6.00–6.30:  Ояна  салысымен  сағат  6-дан  кейін  ағыл-
шын тұзы қосылған үшінші тұнбаны ішіңіз. (Егер шөлдеп 
тұрсаңыз алдын-ала бір стакан жылы су ішуге болады). 
Демалыңыз,  рухани  кітап  оқыңыз,  ұюмен  (медитация) 


106
VІI БӨЛІМ
шұғылданыңыз. Тік жүріп. Тік тұруға тырысыңыз. Егер 
ұйқы қысып бара жатса, амал жоқ жатыңыз. Адамдардың 
басым бөлігі осы кезде өздерін өте жеңіл, жақсы сезініп 
жеңіл жаттығулар жасайды.
8.00–8.30: Соңғы төртінші стакан 3/4 тұнбаны ішіңіз 
(ағылшын тұзы қосылған су). 
10.00–10.30: Бір стакан жеміс шырынын ішіңіз. Жар-
ты  сағаттан  кейін  1-2  жеміс  жеңіз.  Тағы  бір  сағаттан 
кейін жеңіл түскі тамақ ішіңіз. Кешке таман немесе ер-
теңгісін қалыпты жағдайыңызға келесіз, денсаулығыңы-
здың жақсара бастағанын сезесіз. Бірнеше күн тамаққа 
қомағайланбаңыз.  Ұмытпаңыз,  сіздің  бауырыңыз  бен 
өтіңіз жанама әсері жоқ өте күрделі операциядан өтті. 
ҚАНДАЙ НӘТИЖЕЛЕР КҮТУГЕ БОЛАДЫ?
Бауырыңыз  бен  өтіңізді  тазалап  болғаннан  соң,  үл-
кен дәретіңізден байқайтыныңыз: бастапқыда тастар мен 
тамақ қалдықтары шығады, соңынан тастар мен су ғана 
шығады. Тастардың көпшілігінің түстері жасылдау суға 
батпайды. Себебі,  запыран (желчной)  қышқылы – хо-
латтан құралады. Тастар әр түрлі түсте және пішінде бо-
лады. 
Жаңадан  құралғандары  –  ақ  түстес,  ең  ескілері  – 
қара түстес. Кейбіреулерінің көлемі тарыдай, енді біре-
улерінің диаметірі 2-3 см. Қоңыр және ақ түске де назар 
салыңыз.  Үлкендері суға батып кетеді. Олар кальций – 
фосфор қышқылымен қосылғандағы – фосфаттан пайда 
болғандар.  Бұларда салыстырмалы түрде холестерин аз, 
есесіне  улы  ауыр  қалдықтар  көп.  Барлық  жасыл  және 


107
сарғыштау  өңдес  тастар  алма  қышқылының  әсерінен 
жұмсақ болады.
Сіз үлкен дәретіңізден ақ не қоңыр түстес көбік бай-
қауыңыз  мүмкін.  Бұлар  ұсақ  арналарды  зақымдайтын, 
өткір жақтаулары бар холестериннің миллиондаған қиы-
ршық кристалдары. Бұлардан да құтылған абзал. 
Мөлшермен  болса  да  өзіңізден  бөлініп  шыққан  та-
старды  санаңыз.  Арқаңыздың  ауруынан,  аллергиядан, 
т.б. аурулардан біржола құтылу үшін бауырыңыздағы та-
стардан толық тазалауыңыз шарт. 
Бұл үшін аралығы екі апта не бір айда – алты рет таза-
лануыңыз қажет (екі аптадан жиі емес). Егер бауырыңы-
зды жартылай ғана тазалап, ұзақ уақыт бойы тазалама-
саңыз (үш ай не одан ұзақ) Сізге бастапқыдан да ауыр, 
мүшкіл халге ұшырауыңыз мүмкін.
Бірінші тазаланудан кейін-ақ бауырыңыз жақсы жұ-
мыс  істей  бастайды.  Денсаулығыңыз  бірнеше  сағаттан 
кейін  күрт  жақсарып  кетуі  мүмкін.  Ауруыңыз  бәсең-
деп, өзіңізге күш-қуат құйылып, ойларыңыз мөлдірлене 
бастайды.
Бірнеше  күннен  кейін  бауырыңыздың  артына  жи-
налған  тастар  алдыға  жылжып,  осы  мүшенің  запыран 
ағатын екі арнасына бағыт алады. Осы кезеңде бастапқы 
кездегідей  ыңғайсыз  жағдай  болуы  мүмкін.  Осы  сәтте 
сіздің түңіліп кетуіңіз мүмкін. Бірақ, бұл әлі бауыр та-
стардан толық тазаланбағанының дәлелі. Келесі тастар-
дың топтамасы шығуға дайын. 
Бауырдағы ұсақ тастар жіңішке арналармен жылжып 


108
VІI БӨЛІМ
келгенде,  үлкен  тастар  бірігіп  қомақты  кесекке  ай-
ланғанда  бұрынғы  бас  ауруыңыз,  арқаңыздың  ауруы, 
құлағыңыздың  шыңылы,  асқазаныңыз,  ішіңіздің  кебуі, 
кінәмшылдығыңыз, ашушаңдығыңыз т.б. толып жатқан 
келеңсіздіктер бас көтереді.
Егер  кезекті  тазалануда  тастар  түспесе  онда  бауы-
рыңыз толық тазаланғаны.  Қалыпты жағдайда бұл 6–8 
рет тазаланғаннан кейін байқалады. Бауыр тасқа толып 
кеткен жағдайда 10–12 рет тазалану қажет, сонда ғана ба-
уырыңыздағы тастардан толық арыласыз.
Толық тазаланып болғаннан кейін алты ай сайын бір 
рет жуып-шайып тұру шарт. Әрбір тазалану – бауырды 
жиналып, қорланып қалған улардан тазалайды. 
Ескерту: Қатты ауырып жүрсеңіз, тіпті кәдімгі тымау 
тисе  де  бауырыңызды  тазалаушы  болмаңыз!  Егер  ауы-
руыңыз созылмалы болса, бауырды тазалау – таптырмай-
тын ем!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Бауырды тазалау – денсаулықты қалпына келтіретін 
әрі  көп  қаражат  тілемейтін  және  сауатсыз  дәрігердің, 
бақсы-балгердің  көмегін  қажет  етпейтін  бірден-бір  қа-
уіпсіз сенімді әдіс.
Егер  жоғарыда  жазылған  нұсқауларды  мүлтіксіз 
сақтасаңыз,  ешқандай  қауіп-қатер  жоқ.  Бірақта,  келесі 
нұсқауларға  ерекше  көңіл  аударыңыз.  Кейбір  пенделер 
бауырды тазалауды интернет арқылы немесе таныстары 
арқылы  шала-пұла  түсініп,  тазаланғаннан  соң  келеңсіз 
жағдайларға ұрынып жатады. Олардың ойынша бауыр-


109
дағы тастарды түсірсем болды, атша шауып кетемін дей-
ді. 
Тазалану барысында кейбір тастар тоқ ішекте тоқтап 
қалуы мүмкін. Бұл тастарды тезірек ішекті жуып түсіру 
қажет. Бұны тазаланып болған соң 2-3 күннің аралығын-
да істеу керек. Егер тастар тоқ ішекте ұзақ жатып қал-
са, онда инфекция, бас ауруы, ашушаңдық, іш кебу, адам 
жақтырмау т.б. толып жатқан кеселдердің себебі болады. 
Бұл тастар бүкіл ағзаны улайды. Егер сумен арнайы 
тазалайтын орындар жоқ болса онда ең тиімдісі 1 стакан 
жылы суға 1 үлкен қасық ағылшын тұзын салып таңаер-
тең ішіп алыңыз. Сонда күні бойы ішіңіз сарылдап өтіп, 
ішегіңіз  толық  тазаланатын  болады.  Тастар  түгелдей 
түсіп қалады.
ІШЕК ПЕН БҮЙРЕКТІ ТАЗАЛАУДЫҢ МАҢЫЗ-
ДЫЛЫҒЫ
Бауырдағы тастарды түсіру керемет нәтиже берсе де, 
бұл тазалауды алдымен ішек пен бүйректі тазалап алып 
барып  кірісу  шарт.  Ішекті  тазалағандағы  мақсатымыз 
–  бауырдан  шыққан  тастар  ішекте  тұрып  қалмас  үшін 
жасалады. Бүйректерді тазалағандағы мақсатымыз – ба-
уырдан шыққан улар, шығару жүйесінің мүшелерін зо-
рықтырып жібермеу үшін жасалады.  
Егер  бүйрегіңізде,  қуығыңызда  шырғалаң  жоқ  бол-
са онда бүйрегіңізді тазаламай бірден ІШЕК – БАУЫР 
– ІШЕК кезегімен тазалана беруіңізге болады. Сонда да, 
екі  бүйрегіңізді  жуып-шайыңыз,  тазалаңыз  (бұған  кей-
інірек  тоқталамын.  Автор).  2-3  рет  бауырыңызды  таза-


110
VІI БӨЛІМ
лағаннан кейін бүйректеріңізді тазалаңыз немесе бір қо-
рап бүйрек шәйін ішіңіз. 
Ішегі  дұрыс  шығармайтын  немесе  жиі-жиі  бітеліп 
(запор) қалатын адамдар бауырын тазаламас бұрын іше-
гін алдын-ала 2-3 қайтара жуып-шайып алсын. Тағы қай-
талаймын, бауырды тазалауға 3 күн қалғанда ішегіңізді 
жуып-шайып  толықтай  тазалаңыз.  Әйтпесе,  бауыр  мен 
өттен шыққан тастар тоқ ішекте тұрып қалулары мүмкін. 
МҮМКІН БОЛАТЫН ШЫРҒАЛАҢДАР:
1.  АЛМА ҚЫШҚЫЛЫНА АЛЛЕРГИЯ
Белгілі бір себептермен алма қышқылын жақтырма-
саңыз  онда ВЕРЕБЕЙНИК (GOLD COIN GRASS) неме-
се  ВОЗДУШКА  (БУПЛЕРУМ)  шөптерінің  тұнбасымен 
алмастыруға  болады.  Бұл  шөптер  дәріханаларда  және 
интернет дүкендерде сатылады.
  Алма  қышқылы  тастарды  жұмсартып,  запыран-
ның  қалдықтарын  жақсы  ерітеді.  Жоғарыда  айтылған 
шөп тұнбалары да осындай қасиеттерге ие. Бұл шөп тұн-
басын таңертеңмен аш қарынға тамақ ішерге 30 минут 
қалғанда үлкен қасықпен ішіңіз. Күніне 1 рет. Бауырды 
тазалар алдында 8-9 күн ұдайы ішіңіз.
2.  СІЗ  ӨТІҢІЗДІ  АЛЫП  ТАСТАҒАНСЫЗ  БА?    НЕ 
БОЛМАСА  ӨТІҢІЗДЕГІ  ТАСТАРДАН  ЗАПА  ШЕГІП 
ЖҮРСІЗ БЕ?
Егер өтіңізде тас толып тұрса немесе өтіңізді алды-
рып тастаған болсаңыз ВЕРЕБЕЙНИК шөбінің тұнбасын 
бауырды тазалау алдында 2-3 апта ішіңіз. (Бұған дайын 


111
250 мл тұнбаның 1 қорабы кетеді).
3.  КІМГЕ  АЛМА  ШЫРЫНЫН  ІШУГЕ  БОЛМАЙ-
ДЫ?
Сусамыр  –  қант  диабеті,  гипогликемия,  кандидоз, 
асқазанының  жарасы  барларға,  рак  ауруларына  алма 
шырынын ішуге болмайды. Бұл жағдайда олар алма шы-
рынын  –  ұнтақ    не  капсула  түрінде  шығарылған  алма 
қышқылымен (яблочная кислота) алмастыра алады. Дай-
ындық 6 күнге созылады. 
Әр  күні  2  стакан  жылы  суға  ертілген  1500-2000  мг 
алма  қышқылын  дайындайсыз.  Бұл  тұнбаны  аз-аздап 
ұрттап күні бойы ішесіз. Келесі тазаланғанда ВЕРЕБЕЙ-
НИК шөбінің тұнбасын ішіп көріңіз. Қайсы жақсы, соны 
таңдайсыз. Алма қышқылы (магний т.б. қоспалар қосыл-
маған) арзан, барлық дәріханаларда сатылады.
4.  ТАЗАЛАНҒАННАН  КЕЙІН  БАСТЫҢ  АУРУЫ, 
ЖҮРЕКТІҢ АЙНУЫ
Бұл  нұсқауды  толық  сақтамағаннан  болады.  Кейбір 
жағдайларда тазаланып болғаннан кейін де тастар шыға 
береді. Осы тастардан бөлінген улар қанға араласып кетіп 
келеңсіздік туғызады. Бұл жағдайда 7 күн үзбей жарты 
стакан алма шырынын таңғы асқа жарты сағат қалғанда 
ішіп тұрыңыз. Ішегіңізді тағы толықтай тазалаңыз. 
5.  ТАЗАЛАНУ  БАРЫСЫНДА  ӨЗІҢІЗДІ  ЖАМАН 
СЕЗІНУІҢІЗ
Егер  барлық  нұсқауларды  мүлтіксіз  сақтап,  сонда 
да  тазалану  барысында  өзіңізді  жаман  сезінсеңіз  шұрқ 


112
VІI БӨЛІМ
етпеңіз.  Сирек  жағдайларда  тазаланғаннан  кейін  құса 
бастайсыз. Осы сәтте өтіңіз запыран мен тастарды сон-
дай күшпен лақтырады, ішкен майыңыз бен шырыныңыз 
ішекпен жоғары өрлеп асқазанға түседі. Осы сәтте жүрек 
айниды. Бірақ, тастардың шығып жатқанын сезесіз. Бұл 
сәтте еш жеріңіз ауырмайды, тек жеңіл толғақ келгендей 
болады.
Бұндай жағдай сізбен болса шыдаңыз. Бір түнгі жай-
сыздықты өтіңді сылып алып тастаған оперпциямен са-
лыстыруға келе ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет