Вирустарды индикациялау, яғни жұқтыру фактісін спецификалық емес анықтау вирустардың биологиялық қасиеттерін және олардың сезімтал жасушалармен әрекеттесу ерекшеліктерін анықтауға негізделген. Сәйкестендіру вирустың түрін немесе түрін анықтауды білдіреді.
Вирусты идентификациялау – зерттелетін вирустың қасиеттерін жан-жақты зерттеу және оның вирустардың классификациялық топтарының біріне жататынын анықтау, оның бұрын сипатталған вирус түрімен немесе штаммымен абсолютті ұқсастығын белгілеу немесе жаңа түрді немесе штаммды анықтау.
11. Ауадағы патогенді микроорганизмдердің таралу факторлары. Ауаның микробтық ластануының көрсеткіштері және жабық мекемелердегі ауаның санитарлық-бактериологиялық жағдайын бағалаудың микробиологиялық әдістері.
Микробтық тұқымдануды микробтық сан арқылы айқындайды. Микробтық сан – зерттелуші объектінің көлемдік немесе массалық бірлігінде (1мл суда, 1г топырақта,1м3 ауада) табылатын микробтардың жалпы мөлшері.
Санитарлы-көрсеткіш бактериялардың мөлшерін екі көрсеткіш – титр және индекс бойынша бағалайды.
Титр ретінде құрамынан санитарлы-көрсеткіш бактериялар табылатын, зерттелуші материалдың минимальді көлемін немесе массасын қабылдайды;
индекс - 1 л сұйықтықта, 1г тығыз затта, 1м3 ауада болатын санитарлы-көрсеткіш бактерияларды көрсетеді.
Санитарлы-көрсеткіш бактерияларға адамдар мен жылы қанды жануарлардың ішегінде немесе респираторлы жолдарында мекендейтін облигатты микрофлора өкілдері жатады. Оларға мынадай қасиеттер тән;
1) ағзадан үнемі үлкен мөлшерде сыртқы ортаға бөлінеді;
2) басқа мекен ету ортасы болмайды;
3) сыртқы ортада сақталу ұзақтығы ішекте немесе респираторлы жолда паразитті өмір сүруші патогенді бактериялармен бірдей;
4) Ие организмінен тыс қандайда-бір объектідеинтенсивті көбеюге және қасиеттерін өзгертуге қабілетсіз.
Аталған бөлімдер қоршаған ортаның әртүрлі объектілері үшін санитарлы-көрсеткіш болып табылатын бірқатар бактерияларға тән.
Қоршаған ортаның нәжістік ластануына айғақ болар санитарлы-көрсеткіш бактерияларға ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) жатады. Олар Enterobacteriaceae әулиетінің әртүрлі туыстарынан тарайды. ІТТБ дифференциалды-диагностикалық белгілері 8.1.2. кестеде көрсетілген. Қоршаған ортаның қандайда-бір объектісінен немесе тағам өнімдерінен E.coli табылып жатуы, таяуда ғана нәжіспен ластанудың едуәр нақты көрсеткіші бола алады. Enterobacter мен Citrobacter туыстарының бактериялары табылса біршама ертеректегі нәжіспен ластануды меңзейді.
12. Топырақтағы патогенді микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы. Бактериялардың топырақты ластау көрсеткіштері.Топырақта ұзақ уақыт сақталатын патогенді микроорганизмдердің түрлері.
Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т. б. элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді.
Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер ( саңырауқұлақ пен цианобактериа симбиозы ) және қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1 грамда бактерия саны – 10млрд. жасушаға жетеді. Топырақ беткейінде УК сәулелері, құрғақшылық т.б. факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы аз болады.
Микроорганизмдердің көпшілігі 10см қалыңдықтағы топырақтың жоғары қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте мүлдем кездеспейді.Топыраққа патогенді микрооргнанизмдер жануарлардың нәжісі, несеп, ірің, сілекей, қақырық және жұқпалы аурулармен қайтыс болған адамдар арқылы енеді.Топыраққа түскен патогенді микрооргнизмдердің бір бөлігі, спора түзбестен ерте ме кеш пе өледі. (дизентерия, іш, тырысқақ), оба, бруцеллез, туляремия, туберкулез, таяқшалы инфекция қоздырғышының өмір шеңдігі бірнеш ағаттан бірнеше айға созылуы мүмкін.
Әртүрлі топтағы микроорганизмдердің құрамы мен ара қатынасы топырақ түріне, оны өңдеу әдісіне, құрамындағы органикалық заттарға, ылғалдылыққа, климаттық шарттарға және тағы басқа себептерге байланысты болып келеді. Құмды топырақтарда аэробты микроорганизмдер тіршілік етеді, ал сазды, ылғалды (оттегінің кіруі қиын) ол жерде негізінен анаэроты микроорганизмдер тіршілік етеді.
Топырақ микроорганизмдер С көбейе алады, ал термофильдіктер – одан жоғары тампературада. Микроорганизмдер күрделі биоценозда болады, олар өздерінің араларында өсімдіктермен бірге антагонисттикалық және сембиотикалық ара қатынаста сипатталынады. Өсімдіктердің тамыр аймағында бактерия өте көп: олар резосфера деп аталатын интинсивті көбею зонасын және жоғарғы активтілікті түзеді. Топырақтың ризосфералық зонасының микрофлорасы бай, әртүрлі және әртүрдегі өсімдік үшін өзіндік
ерекшелігі болады. Микроорганизмдер өсімдіктердің тамырлық бөліну ара қатынасында дұрыс хемотаксисті болады және олар органикалық қосылыстардың минерализация процесіне қатысады, сонымен қатар өсімдіктерді тез қабылдайтын минералды заттармен, яғни дәрумендермен, ауксиндермен қамтамасыз етеді.
13. Судағы патогенді микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы. Судың бактериялық ластануын бағалау үшін арнайыкөрсеткіштері мен әдістері. Суда ұзақ мерзімде сақталатын патогенді микроорганизмдер түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |