Антибиотиктердің таңдамалы әсерінің негіздері. Антибиотиктер (гр. autі — қарсыжәне гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюінтежейтіннемесетоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатынорганикалықзат;
Антисептиктер - микробты жұқпаларды болдырмау және жою үшін қолданылатын препараттар; медицинада, ауыл шаруашылығында, тамақ, құрылыс және тоқыма өнеркәсіптерінде қолданылады.
Дезинфекциялайтын заттар, аз ерітіндіде кең көлемді бактерицидтік әсер беретін химиялық заттар. Заттық мүлікті, бөлмелерді, техниканы және т.б. дезинфекциялау үшін қолданылады. Д.з-дың негізгі топтары: ақуызды ұйытқыш (фенолдар және олардың өнімдері, спирттер, ауыр металл тұздары және т.б.); ақуыздың ісінуіне және еріп кетуіне алып келетіндер (сілтілер, ширек аммоний негіздері және т.б.); тотықтырғыштар (галоидтер,тотықтар және т.б.), сондай-ақ альдегидтер, силикаттар және т.б.
АНТИБИОТИКТАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ: Тар спектрлі антибиотиктер: А) грам оң флораға айрықша әсер ететін заттар: бензилпенициллиндер, жартылай синтетикалық пенициллиназағатұрақты пенициллиндер, цефалоспориндердің 1-ші ұрпағы, макролидтер, линкомицин, ристомицин, фузидин, ванкомицин.
Б) грамтерісфлорағаайрықшаәсерететінзаттар: полимиксиндер, уреидопенииллиндер, монобактамдер.
Кеңспектрліантибиотиктер: - тетрациклиндер, аминогликозиддер, левомицитин, аминопенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер.
16.Микроорганизмдердің дәрілік төзімділігі: негізгі механизмдері, себептері жәнепайда болу, таралу жолдары.
Микроорганизмдердің дәріге төзімділігі - бұл химиялық препараттармен жанасуына қарамастан микроорганизмдердің тіршілік әрекетін, оның ішінде көбеюді сақтау қабілеті.
Дәрілік тұрақтылық-бұл аурудың қоздырғышының дәрілік заттарға ұшыраған кезде өмірлік белсенділігін сақтаудың табиғи немесе алынған қабілеті. Микроорганизмдерде олармен күресу үшін қолданылатын препараттарға төзімділіктің дамуы барлық тірі организмдердің іргелі биологиялық қасиетінің көріністерінің бірі – қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне бейімделу болып табылады.