Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Қорытынды. Сонымен гидра сияқты ішек қуыстыларда жасушаішілік асқорыту және



Pdf көрінісі
бет93/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   128
Қорытынды. Сонымен гидра сияқты ішек қуыстыларда жасушаішілік асқорыту және 
ішек қуысы ішіндегі асқорыту болады. 
Ақ сұлама (планария) сияқты құрттар (2-сурет) ауызы арқылы жұтқыншағын айналдырып 
сыртқа шығарады да, қорегіне сұғындырып, оны тұтас жұтады. Қорек ішекте қорытылады. 
Сөйтіп ауыз, жұтқыншақ және ішек ақ сұламаның асқорыту жүйесі болып табылады. 
 


86 
 
2-сурет. Ақ сұламаның (планарияның) құрылысы. 
Ал өздеріңе жақсы таныс шұбалшаңның асқорыту жүйесі күрделі. Оларда ауыз, 
жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын және ішек болады (3-сурет). Ас жемсауда жұмсарады, 
қарында араласады, ішекте қорытылады. 
Кеміргіш бунақденелілер (мысалы, зауза қоңыз) аузындағы төменгі тісшелі жағымен 
жапырақ түйірін аздап ұсақтайды. Бұдан соң өңеш арқылы ас тісшелі қарынға түсіп, сонда 
әбден ұсақталып, араласады. Ішекте қорытылып, сіңеді. 
 
3-сурет. Шұбалшаңның асқорыту, қанайналым, жүйке жүйелері. 
СҰРАҚТАР 
1.  Мөлшері мен тіршіліктегі қызметі жағынан жасушаның ең маңызды органикалық заты: 
2.  Жасуша құрамындағы майлардың мөлшері: 
3.  Көмірсулар жануар жасушасында: 
4.  Ауызы арқылы жұтқыншағын айналдырып сыртқа шығарып, қорегін тұтас жұтатын 
құрттар: 
5.  Атпа жасушалардан, жүйке және аралық жасушалардан түзілетін қабат: 
V ТАРАУ. ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНДА 
АСТЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ 
Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың ауыз 
қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа жылжытып өткізу 
қызметін атқарады. Жем жұтылып, өңеш арқылы қарынға түскенше елеулі өзгеріске 
түспейді. Қарынға түскен соң қарын бездерінен бөлінген сөлдің әсерімен ас біраз 
қорытылып, ас ішекке өтеді. Мұнда ұйқы безінен келетін сөл мен бауырдан келетін өтпен 
араласып ас ақырына дейін қорытылып, ішек қабырғасы арқылы сіңіріледі (1-сурет). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет