Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Тыныс алудың мәні және маңызы



Pdf көрінісі
бет95/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   128
Тыныс алудың мәні және маңызы. Астың қорытылуы кезінде органикалық заттардың 
жай заттарға ыдырауы және олардан ағза жасушаларына, ұлпаларына, әр түрлі 
мүшелеріне тән органикалық заттардың қайтадан түзілуі үшін оттегі керек. 
Ағзада үздіксіз жүріп жататын тіршілік процестері өте күрделі құбылыс. Бір заттар түзіліп 
жатса, екіншілері ыдырап жатады. Түзілген заттардың ішінде көп түзіліп немесе сырттан 
келіп ағза үшін қажетсіз, тіпті зиянды боп келетіндері де бар. Мысалы, көмірқышқыл 
газы. Ағзалардың басым көпшілігі оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. 
Осы құбылысты тірі ағзаның тыныс алуы немесе ағзадағы газалмасу дейді. 
Ағзада тынысалу үздіксіз жүреді. Белгілі бір себептен тынысалу тоқтаса, ағза тұншығып, 
тіршілігін тоқтатады. Мұны сендер бастауыш сыныптан білесіңдер, күнделікті өз 
тәжірибелеріңнен де жақсы сезінесіңдер. Адам 1 минутта 15-18 рет тыныс алып, дем 
шығарады. Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын 
ағзаларды аэробты тыныс алатын ағзалар дейді. Ал басқа жануарлардың ішкі 
мүшелерінде тіршілік ететін паразит жануарларды анаэробты, яғни оттегісіз тыныс 
алатын ағзалар дейді. Мұндай ағзаның тыныс алуының негізгі мәні аэробтылардың тыныс 
алуы мәнімен бірдей. Тек ыдырау, синтез процестері оттегінің қатысынсыз жүреді. 
Оттегі ағзаға екі түрлі жағдайда сіңеді. Ауадағы оттегін құрлық жануарлары газ күйінде, 
ал суда тіршілік ететіндердің көпшілігі оттегін суда еріген күйде сіңіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет