Ішек қуыстылардашын мәнісіндегі жүйке жүйесі жоқ. Жүйке жасушалары бір-бірімен
тармақталған өсінділер арқылы жанасып, жүйке торын ғана құрайды. Гидраның жүйке
торының бір тарамдары қозуды қабылдайтын жасушаларға, екіншілер жиырылғыш
жасушаларға барады. Гидраның сырттан болатын әсерге жауабы тітіркендіргіштің әсер
ету күшіне байланысты. Бір қармалауышына инемен әлсіз ғана түртіп әсер етсе, сол
қармалауышы ғана жиырылады. Тек қаттырақ шаншып, әсер етсе ғана барлық
қармалауыштары денесі жиырылып, домаланып қалады (1-сурет).